Первый слайд презентации: ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР. ЖАЙ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЗАТТАР
Слайд 4: Оқу мақсаттары :
7.1.2.2 - әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу; 7.1.2.3 - элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу; 7.1.2.4 - заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
Слайд 5: Химиялық элементтер
Химиялық элементтер атомдардың тек бір түрінен құралады. Сондықтан олар таза заттарға жатады. Мысалы, темір металы тек темір атомдарынан тұрады. Сол сияқты оттек газы тек оттек атомдарынан құралады. Элементтер атауы символдармен белгіленеді. Мысалы, алтын Au, оттек О, кальций Ca, т.б. Барлық химиялық элементтер периодтық кестеде орналасқан. Қазіргі уақытта жалпы химиялық элементтер саны 118. Олардың ішінде 94 элемент табиғи, 24-і синтетикалық. Химиялық элементтер металл және бейметалл болып жіктеледі.
Слайд 6: Химиялық элементтің қасиеттері
Басқа заттарға бөлінбейді. Негізгі құрам бөлігі атомнан тұрады. Өзара қосылып қосылыстар түзеді.
Слайд 7: Металдың қасиеттері
Электр тоғын жақсы өткізеді. Бөлме температурасында қатты күйде (сынаптан басқа) кездеседі. Металдық жылтыр түске ие. Металдарды жаншып, жұқа қаңылтыр жасауға болады. Металдарды созып, сым жасауға болады. Алтыннан жасалған барыс түріндегі төсбелгі, Есік қорғаны
Слайд 8: Бейметалдың қасиеттері
Электр тоғын өткізбейді (графиттен басқа). Қатты, сұйық, газ тәрізді күйде кездеседі. Күңгірт түсті келеді. Морт сынғыш қасиетке ие. Бейметалдардан сым созу мүмкін емес. Зертханалық таза күкірт кесектері
Слайд 9: Таза заттар
Күнделікті өмірде қоспа және ластанған заттармен жиі кездесеміз. Бұл ұғымдарды жеке-жеке талдап көрейік. Таза зат және ластанған зат, таза зат пен қоспа. Таза зат – құрамында бөгде зат болмаған қосылыс. Оған дистилденген суды, таза газды жатқызуға болады. Айналамызда 100% таза заттарды табу өте қиын. Ал, ластанған заттардың құрамында бізге қажеті жоқ бөгде қоспалар болады. Мысалы, мұнай қалдықтарымен ластанған теңіз суы, улы газдар араласқан ауа, т.б. Медицинада, дәрі-дәрмек өндірісінде, металлургияда таза заттарды алу және қолдану маңызды.
Слайд 10: Таза заттар
Таза заттар жай және күрделі болып бөлінеді. Жай заттар тек бір химиялық элемент атомдарынан тұрады ( H 2, O 2, Cl 2, P 4, Fe, Cu, Au, т.б.). Қазіргі уақытта бір химиялық элемент атомдарынан құралған 500-ге жуық жай зат белгілі. Ал, күрделі заттар (химиялық қосылыс) бірнеше химиялық элемент атомдарынан құралады ( H 2 O, NH 3, NaCl, CO 2, SiO 2, C 2 H 6 O, т.б)
Слайд 12: Зертте!
Қадыр Мырза Әлидің «Менделеев кестесі» өлеңін оқып, өлеңде қандай химиялық элементтер туралы айтылғанын көрсетіңіз.
Последний слайд презентации: ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР. ЖАЙ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЗАТТАР: Бекіту тапсырмалары
Қазіргі периодтық жүйеде қанша элемент бар? Мына элементтердің таңбаларын жаз: сутегі, натрий, хром, фосфор, бром, аргон, қорғасын және уран. Тірі организмдер үшін қандай химиялық элементтер маңызды? Мыналарды элементтер мен қосылыстарға жіктеңіз: құм, сутегі асқын тотығы, оттегі, озон, қорғасын, азот газы, ас содасы, күміс, ас тұзы, алтын, глюкоза, қант, ауа, графит, антифриз. Мыс металының бес физикалық қасиетін жаз.