Первый слайд презентации: Холинергиялы қ заттар
Қурастырған фармакология кафедрасының аға оқытушысы Сатбаева Э.М.
Слайд 2
Холинергиялық синапста қозудың берілуі ацетилхолин медиаторы арқылы жүреді. Холинергиялық нейронның цитоплазмалық мембранасында холин мен ацетилкоэнзим А-дан цитоплазмалық холинацетилаза ферментінің әсерінен өндіріледі. Холинергиялық нерв ұшында қорға жиналады (везикулаға – көпіршік). Импульстың әсерінен көпіршік жарылып ацетилхолин бөлініп, синапстық саңлауға жиналады.
Слайд 3: Холинорецепторлардың түрлері
Слайд 5: М-холинорецепторлардың орналасуы
Ганглийден кейінгі холинергиялық талшықтардың ұшында: ж үректің өткізгіштік жүйесі, көз, сыртқы секреция бездері, тегіс салалы бұлшық ет жасушалары Холинергиялық типтес, постганглионарлық симпатикалық талшықтармен иннервацияланатын тер бездерінің жасушаларында ОЖЖ (ми қыртысында, ретикулярлы фармацияда) М-холинорецепторлардың М1 М2 М3 М4 М5 түрлері бар.
Слайд 6: Н-холинорецепторлардың орналасуы
Симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлерде Сино-каротидті шумақта (ұйқы артериясының бөліну орны) Бүйрек үсті безінің хромофинді жасушаларында Қаңқа бұлшық еттерінде (соңғы пластинкасында) ОЖЖ (нейрогипофизде, Реншоу жасушаларында).
Слайд 7: Холинергиялық заттардың жіктелуі
1. М,Н -холиномиметиктер: Ацетилхолин Карбахолин 2. М,Н-холиноблокаторлар - Циклодол
Слайд 8
3. Антихолинэстеразалық заттар (тікелей емес әсер ететін М,Н-холиномиметиктер): Қайтымды әсер ететін - Прозерин - Физостигмин салицилаты - Галантамин гидробромиді Қайтымсыз әсер ететін - Фосфакол - Армин
Слайд 10
5. М-холиноблокаторлар (атропинтәрізді заттар) Талғамсыз әсер ететін - Атропин сульфаты - Скопаламин гидробромиді - Метацин - Платифиллин гидротартраты Таңдамалы әсер ететін - Пирензепин - Тиотропий бромиді
Слайд 12
7. Н-холиноблокаторлар: Ганглиоблокаторлар Бис төртіншілік аммоний қосылыстар: - Бензогексоний -Пентамин -Гигроний - Арфонад Үшіншілік аминдер: - Пирилен -Пахикарпин гидройодиді
Слайд 13
Кураретәрізді заттар немесе шеткі миорелаксанттар Әсер ету механизм бойынша: 1. Антидеполяризациялық миорелаксанттар пипекуроний, панкуроний, антруксоний, тубокурарин, мелликтин 2. Деполяризациялаушы миорелаксанттар дитилин 3. Аралас әсерлі миорелаксанттар диоксоний
Слайд 14: Ацетилхолиннің әсер ету механизмі
Ацетилхолин постсинапстық мембранадан натрий иондарының өткізгіштігін жоғарылатады. Натрий ионы жасуша ішіне өтеді. Синапстан кейінгі мембранада деполяризация үрдісі, әрекет потенциалы пайда болады. Қозу жүйкеден эффекторлы мүшелерге беріледі.
Слайд 15
М-холинорецепторларды ынталандырғанда : миоз (қарашықтың тарылуы), көзішілік қысым төмендейді, аккомодацияның спазмы Брадикардия; Ішектің, бронхтардың, қуықтың, өт қапшығының, тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусы жоғарылайды, ал қуықтың және ас қорыту жолдарының сфинктерлерінің тонусы төмендейді; Сілекей, ас қорыту, тер бездерінің секрциясы жоғарылайды Ацетилхолиннің әсерлері
Слайд 16: Н-холинорецепторларды ынталандырғанда:
АҚ және ЖЖЖ жоғарылайды Қанқа бұлшық еттеріне импульстың берілуі жақсарады және оның тарылуы жоғарылайды
Слайд 17: Антихолинэстеразалық заттардың әсер ету механизмі
Антихолинестеразалық заттар ацетилхолинэстераза ферментімен байланысып ацетилхолиннің ыдырауына жол бермейді. Бұл ацетилхолиннің синапстық саңлауда жиналуына, әсерінің күшейуіне және ұзаруына әкеледі.
Слайд 18: Антихолинэстеразалық заттардың жіктемесі
Холинэстераза ферментімен байланысуының тұрақтылығына байланысты бөлінеді: 1.Қайтымды әсерлі антихолинэстеразалық заттар Прозерин Физостигмин салицилаты Галантамин гидробромиді 2.Қайтымсыз әсерлі антихолинэстеразалық заттар Фосфакол Армин
глаукома (галантаминнен басқалары); Ішектің және қуықтың операциядан кейінгі атониясы ; миастения, параличтер, парездер, невриттер, полиневриттер; антидеполяризациялық миорелаксанттарды мөлшерден тыс қолданғанда;
Слайд 20: Антихолинэстеразалық заттармен уланғанда көмек көрсету шаралары
М-холиноблокатор – атропин сульфаты холинэстераза реактиваторлары дипироксим және изонитрозин
Слайд 21: М-холиномиметиктер
Пилокарпин, ацеклидин : ас қорыту және бронхиалдық бездердің секрециясын бөлінуін күшейтеді, қарашық тарылады, көз ішілік қысым төмендейді және көз тінінің трофикасын жақсартады. Бронхтың, қуықтың, ішектің өт жолының, жатырдың тонусын жоғарылатады
Слайд 22: М-холиномиметиктердің қолданылуы:
Глаукомада Қуықтың, асқазан-ішек жолының және жатырдың атониясында
Слайд 24: М – холиноблокаторлар
Үшіншілік аминдер : атропин, платифиллин Төртіншілік аммоний қосылыстылары : метацин, атровент, ипротропиум бромиді
Слайд 25: М – холиноблокаторлардың негізгі әсерлері
сілекей, тер, асқазан, бронхиалдық, ұйқы бездерінің секрециясын төмендетеді тахикардия асқазан жолының, тыныс жолының, өт жолының тонусын төмендетеді Мидриаз, көзішілік қысымының жоғарылауы, аккомодацияның параличі
Слайд 26: М – холиноблокаторлардың қолданылуы
асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасында ішек, бауыр және бүйрек шаншуларында (коликасында) бронхиалды демікпеде бронх, асқазан, сілекей бездерінің секрециясн төмендету үшін анестизиологияда премедикация үшін офтальмологияда диагностикалық мақсатта
Слайд 27: М – холиноблокаторлардың жанама әсерлері
ауыз және терінің құрғауы мидриаз, көз қысымының жоғарылауы, аккомодацияның бұзылуы. тахикардия несеп бөлінуі бұзылады іштің қатуы
Слайд 28: Атропинмен уланғанда:
қарашық кеңейеді, жарықтан қорқу тахикардия тері, ауыз құрғауы психоз, сандырақ, галлюцинация байқалады.
Слайд 29: Көмек көрсету шаралары
науқасты қараңғы бөлмеге жатқызу антогонист ретінде антихолинэстеразалық дәрілер қолданылады ( прозерин)
Слайд 31: Никотин
хромофинді жасушалардан адреналиннің босап шығуын жоғарылатады шеткі қан тамырларын тарылтады. жүрек жұмысын аз мөлшерде баяулатады, жоғарғы мөлшерде тахикардия шақырады бронхтардың тегіс салалы еттерінің тонусы жоғарылайды, бронхиалдық бездердің секрециясы күшейеді
Слайд 32
асқазанда тұз қышқылының бөлінуі жоғарылайды, тәбет төмендейді, асқазан және 12-елі ішектің ойық жарасы пайда болады диурез төмендейді, себебі АДГ-ның бөлінуі жоғарылайды. Никотин орташа мөлшерде қаңқалық бұлшық еттерге импульстың берілуін жоғарылатады, ал жоғарғы мөлшерде босаңсытады. Тынысты аз мөлшерде ынталандырады, ал жоғарғы мөлшерде тежейді.
Слайд 33
СТГ, ТТГ секрециясы бұзылады, нәтижесінде өсу, физикалық және жыныстық даму нашарлайды физикалық тәуелділік дамиды, темекінің түтінімен дем алғанда ағзада концерогенді зат –бензпирен түзеді, ол бронхогенді рактың дамуына әкеледі
Слайд 34: Никотинмен уланғанда
Гиперсаливация жүрек айну, құсу, диарея Брадикардия тахикардияға ауысады АҚ жоғарылайды, демікпе, тыныстың тежелуі. Қарашық басында тарылады, содан соң кеңейеді. Көру, есту бұзылады тырысу пайда болады.
Слайд 35: Көмек көрсету шаралары
аналептиктер жасанды тыныс беру Гемосорбция, гемодиализ
Слайд 36: Н-холиномиметиктер
Синокаротидтік шумақтағы Н холинорецепторларды ынталандырады, рефлекторлы сопақша мидың тыныс алу орталығын ынталандырады. Симпатикалық ганглийді және бүйрек үсті безінің хромофинді жасушасын ынталандырады, АҚ жоғарылатады
Слайд 37: Н-холиномиметиктердің қолданылуы:
көмір тотығымен уланғанда Электротравмаларда түншығуда Темекі шегуден айығу үшін – никотин тобының алкалоид препараттары - лобесил ( құрамында лобелин), табекс (құрамында цитизин)
Слайд 38: Н-холиноблокаторлар
Ганглиоблокаторлар Кураретәрізді заттар немесе шеткі әсерлі миорелаксанттар
Слайд 39: Ганглиоблокаторлар
симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлердегі Н-холинорецепторларды тежейтін заттар
Слайд 40: Симпатикалық жүйенің тежелуі:
АҚ төмендейді, өйткені імпульс қан тамырларға түспейді, сондықтан шеткі қан тамырлар кеңейеді. Бүйрек үсті безінің хромофинді тінінің тежелуінен адреналиннің бөлінуі азаяды, рефлекторлы прессорлық реакциялар әлсірейді.
Слайд 41: Парасимпатикалық жүйенің тежелуі:
қарашық кеңейеді, көз ішілік қысым жоғарылайды, аккомодация бұзылады, бронхтар кеңейеді, асқазан ішек жолының мотрикасы төмендейді, бездердің секрециясы тежеледі, қуықтың атониясы пайда болады.
Слайд 42: Г англиоблокаторлардың қолданылуы
Гипертониялық криз Қан қысымының жоғарылауынан пайда болған өкпе және ми ісінуі басқарылатын гипотония Шеткі қан тамырлардың спазмы (эндартерииттер, Рейно ауруы)
Слайд 43: Ганглиоблокаторлардың жанама әсерлері
ортостатикалық коллапс Ішек және қуық атониясы Мидриаз, көрудің нашарлауы (аккомодацияның параличі) ауыз қуысының құрғауы тахикардия
Слайд 44: Кураретәрізді заттар
Әсер ету ұзақтығы бойынша жіктеледі: Қысқа әсерлі – 50-10 мин – дитилин Орташа әсерлі 20-30 мин – атракурий, векуроний. Ұзақ әсер ететінге – тубокурарин, пипекуроний, панкуроний.
Слайд 45: Миопаралитикалық әсер кеңдігі
Бұл дәрілік заттың ең сезімтал еттердің параличін шақыратын мөлшері мен тынысты толық тежейтін мөлшер арасындағы діапазон. Миопаралитикалық әсер кеңдігі қысқа перапараттарға тубокурарин, панкуроний, пипекуроний жатады.
Слайд 46: Антидеполяризациялық миорелаксанттар
қаңқалық бұлшық ет пластинкаларындағы Н холинорецепторларды тежейді. Деполяризацияны болдырмайды. Қолданылады: үлкен операцияларда бұлшық еттерді ұзақ уақытқа босаңсыту үшін Сіреспеде тырысуларды тоқтату үшін
Слайд 47: Деполяризациялық миорелаксанттар
қаңқалық бұлшық ет пластинкаларындағы Н холинорецепторларды ынталандырады, тұрақты деполяризация шақырады. Қолданылуы: Кеңірдек интубациясында қысқа уақытқа миорелаксация тудыру үшін Шығып кеткен буындарды және сүйек сынықтарын қайтадан орналастыруда Бронхоскопияда