Первый слайд презентации
Көз бұршағы ( ens ). Бұл екі жағы да дөңес, мөлдір дене, оның пішіні көздің жақыннан және алыстан көруге аккомодациялануы кезінде өзгеріп тұрады. Көздің мөлдір қабықшасы және шыны тәрізді денемен бірігіп, көз бұршағы негізгі сәуле сындырушы ортаны құрайды. Көз бұршағының қисықтық ради усы 6 мм - ден 10 мм - ге дейін болып, сәуле сындыру көрсеткіші 1,42 құрайды. Көз бұршағы қалыңдығы 11-18 мкм мөлдір капсуламен қапталған. Бұл эпителийдің базальды мембранасы, құрамында коллаген, сулфатталған гли козаминогликандар және т.б. болады. Көз бұршағының алдыңғы қабырғасы біркабатты жазық эпителийден ( epithelium lentis ) тұрады. Экваторға қарай эпи телиоциттер биіктей түседі және көз бұршағының өсінділі аймағын құрайды. Бұл аймақ көз бұршағының алдыңғы және арткы беттері үшін камбиалдық болып табылады. Жаңа эпителиоциттер көз бұршағының талшықтарына fibrae lentis ) айналады. Талшықтарды бір - бірімен ерекше зат желімдеп тұрады, оның сәуле сындыру коэффициенті талшықтармен бірдей болып келеді. Көз бұршағының құрылысының заңдылықтарын және гистофизиологиясын білу, жасанды көз бұршақтарын жасап, клиникалық тәжірибеге олардың ауыстырылып салынуын кеңінен енгізу арқылы, көз бұршағының бұлдырлануынан ( катаракта ) зардап шеккен науқастарды емдеуге мүмкіндік берді. Шыны тәрізді дене ( corpus vitreum ). Бұл көз бұршағы мен торлы қабықшаның арасындағы кеңістікті толтырып тұратын, құрамында 99 % су болатын, желе тәрізді мөлдір зат. Бекітілген препараттарда шыны тәрізді дене торлы құрылым түрінде анықталады. Шеткері аймақтарында ол, ор тасына қарағанда, тығыздау болады. Шыны тәрізді дененің ішімен, көздің эмбрионалдық тамырлы жүйесінің қалдығы болып табылатын канал, торлы қабықшаның бүртікшесінен көз бұршағының артқы бетіне дейін өтеді. Шыны тәрізді дененің құрамында витрейн нәруызы және гиалурон қышқылы, жа сушалардан гиалоциттер, макрофагтар және лимфоциттер табылған. Шыны тәрізді дененің сәулені сындыру көрсеткіші 1,33 тең.