Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация — презентация
logo
Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көздің көру қызметі:
  • Жарық сезу
  • Шеткі немесе түнгі көру
  • Шеткі көруді анықтау тәсілдері:
  • Орталық көру немесе күндізгі көру
  • Түсті сезу
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Бинокулярлы к өру – екі көзбен көру. Оның қалыптасу шарттары:
  • Бинокулярлы көруді анықтау тәсілдері:
  • Бинокулярлы көрудің бұзылу түрлері:
  • Физиологиялық оптика
  • Көздің оптикалық жүйесіндегі сәулелер бағыты
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Рефракция
  • Рефракция – көздің оптикалық жүйесінде жарықтың сыну қабілеті, диоптримен анықталады.
  • Клиникалық рефракция:
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Алыстан анық көру нүктесінің орналасуы:
  • Эмметропия
  • Миопия
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Үдемелі миопия
  • Үдемелі миопияның белгілері:
  • Миопияның асқынулары
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Гиперметропия
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Аккомадация
  • Аккомодация актісіне 2 негізгі факторлар қатысады.
  • Аккомодацияда көзде келесі өзгерістер болады:
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
  • Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.
1/43

Первый слайд презентации

Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация.

Изображение слайда

Көру анализаторлары 5 көру қызметін жүзеге асырады. жарықты сезу шеткі, түнгі көру орталық немесе күндізгі көру түсті көру бинокулярлы көру

Изображение слайда

Слайд 3: Жарық сезу

Введите текст Жарық сезу Көру анализаторының жарықты қабылдау қабілеті. Жарықты сезу – көру ағзасының филогенезінің қарапайым қызметі. Жарыққа жоғары сезімтал таяқшалардың қызметімен қамтамасыз етіледі.Таяқша жарыққа өте сезімтал, төменгі жарық энергиясымен қозады (ымырта, қараңғыда). Жарықсезгіштік тітіркендіру табалдырығымен (минимальды жарық ағымын қабылдау) және ажырату табалдырығымен (жарықтанудағы минимальды айырмашылықты ажырату) сипатталады.

Изображение слайда

Слайд 4: Шеткі немесе түнгі көру

Введите текст Шеткі немесе түнгі көру Түнгі көру мен ымыртта көру адамдарда шеткі көрумен қамтамасыз етіледі және ол кеңістікте еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Көзді қозғалтпай бірқалыпта ұстау жағдайында кеңістіктегі көру көлемін анықтау. Торлы қабаттың таяқшалар орналасқан перифериялық бөлігі арқылы жүзеге асырылады.

Изображение слайда

Слайд 5: Шеткі көруді анықтау тәсілдері:

Введите текст Шеткі көруді анықтау тәсілдері: Периметрия (көру аймағының шекарасын анықтау, көру аймағы ішіндегі өзгерістерді анықтау) Кампиметрия (көру аймағының орта бөлігіндегі, яғни сары дақ пен көру нервісі дискісіндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді ) Бақылау тәсілі (көп жағдайда төсек тартып жатқан науқастардың көру аймағын жорамалдауға мүмкіндік береді) Адаптометрия (адам көзінің жарыққа немесе қараңғыға бейімделуі

Изображение слайда

Введите текст Орталық көру немесе күндізгі көру Құтышалармен жүзеге асырылады және көздің жоғары көру өткірлігімен сипатталады Көру өткірлігі – бір – бірінен минималды қашықтықты орналасқан екі нүктенің бір минутқа тең бұрышта көру қабілеті

Изображение слайда

Слайд 7: Түсті сезу

Введите текст Түсті сезу Ломоносов теориясы бойынша табиғатта негізгі үш түс бар : қызыл, жасыл, көк. Ұзын толқын – қызыл Орта толқын – жасыл Қысқы толқын – көк Олар бірге тітіркенетін болса - ақ түс, тітіркену біркелкі болмаса - қара түс.

Изображение слайда

Слайд 8

Введите текст Түсті көру Рабкиннің полихроматикалық кестесімен анықталады кестеге үш түсті (қызыл, жасыл, көк) 3 қасиетімен ажыратуға принципі салынған. Олар реңі,қоюлығы, ашықтығы (жарықтығы). Қалыпты адамның түсті қабылдауы бұзылмаса қалыпта үш хромаат.Түрлі патологиялық жағдайларда түсті көру бұзылады. Протопия – қызыл түсті толық қабылдамау. Дейтеранопия – жасыл түсті толық қабылдамау Тританопия – көк түсті толық қабылдамау. Түсті қабылдаудың әлсіреуі: протаномолия, дейтераномалия, тританомалия.

Изображение слайда

Слайд 9

Введите текст Дихромазия – екі түсті ғана қабылдау, монохромазия – бір түсті ғана қабылдау. Іштен туа пайда болған өзгерістер жиі 2 жақты, жиі ерлерде көк және жасыл түстерге жүре пайда болған өзгерістер. Жүре пайда болған өзгерісетер тор қабық ауруларында, нерв ауруларында, онж ауруларында іштен туа пайда болған өзгерістерге қарағанда жүре пайда болғандар ауру барысында және емнің нәтижесінде өзгереді. Оған жататындар : Эритропсия – айналаны қызыл түсте көру, катарактаны алғаннан кейін. Цианопси я – айналаны көк түсте көру, себебі сол. Ксантопсия айналаны сары түсте көру акрихин немесе никотин қышқылымен уланғанда. Хлоропсия – айналаны көк түсте көру, хлормен уланғанда. Түсті көрудің бұзылуын нақтылы анықтау үшін аномалоскопия тәсілі қолданылады, ол арнайы аппаратта анықталады.

Изображение слайда

Слайд 10: Бинокулярлы к өру – екі көзбен көру. Оның қалыптасу шарттары:

Введите текст Бинокулярлы к өру – екі көзбен көру. Оның қалыптасу шарттары: Ең нашар көретін көздің көру өткірлігі 0,3 дптр. төмен болмау керек Көз алмасы көз ұясында орталықта орналасуы керек Тор қабықта түс сезудің бейнесі анық болуы керек Екі көзден тор қабыққа түсетін бейне екі көздің бірдей аймағына түсуі керек Тор қабық пен ми қыртысы арасында қалыпты байланыс сақталуы керек

Изображение слайда

Введите текст Бинокулярлы көруді анықтау тәсілдері: Төрт нүктелі түсті сынама Қарапайым сынама: Соколов сынамасы Бізбен сынама Қаламмен сынама Саусақ кесіндісі

Изображение слайда

Слайд 12: Бинокулярлы көрудің бұзылу түрлері:

Монокулярлы – бір көзбен көру Бір уақытта көру – екі көзбен кезек көру Бұларға көздің ауытқуларында қылилыққа әкеледі. Бинокулярлық көрудің бұзылуын неғұрлым ерте кездесе 3-4 жастан соғұрлым емнің нәтижесі де жоғары. Көру қызметтері адам өмірінде мамандық таңдауда, еңбек және әскери экспертиза да маңызды.

Изображение слайда

Введите текст Физиологиялық оптика Көз фотоаппарат тәрізді күрделі оптикалық жүйе. Көздің оптикалық орталарына жататындар: қасаң қабық, алдыңғы камераның ылғалы, көз бұршағы және шыны тәрізді дене. Қасаң қабықтың және көз бұршағының алдыңғы және артқы бетінде жарық сынады. Көзге түсетін жарық сындыру орталарынан өтеді. Оның нәтижесінде оптикалық жүйенің фокусында қараған заттың айқын, бірақ төңкерілген бейнесі пайда болады. Күрделі оптикалық жүйеде басты оптикалық осьті, басты фокусты, басты жазықтықты және басты фокус арақашықтығын ажыратады.

Изображение слайда

Слайд 14: Көздің оптикалық жүйесіндегі сәулелер бағыты

Введите текст Көздің оптикалық жүйесіндегі сәулелер бағыты F1 –алдыңғы фокус, F2 -артқы фокус, H1 -бірінші басты нүкте, H2 -екінші басты нүкте, K1 -бірінші тораптық нүкте, K2 -екінші тораптық нүкте, F1-F2 -көздің оптикалық бөлігі, G1-G2 -көздің көру бөлігі.

Изображение слайда

Слайд 15

Введите текст Басты жазықтықтан бас фокуске дейінгі аралық оптикалық жүйенің фокус аралығы (F) деп аталады. Фокус аралығы жүйенің оптикалық күшін сипаттайды. Жүйе сәулелерді қаншама күшті сындырса, оның фокус аралығы соншама қысқа болады. Шынының оптикалық күшін өлшеу үшін диоптрия ( дптр ) деп аталатын фокус қашықтығына кері өлшемді қолданады.

Изображение слайда

Слайд 16

Введите текст Бір диоптрия деп фокус қашықтығы 1метрге тең шыны күшін қабылдайды. Шынының фокус қашықтығын (F) біле тұра оның сындыру күшін, немесе рефракциясын ( Д ) формула бойынша анықтауға болады: 1D = 1 м / F ( м)

Изображение слайда

Слайд 17

Көздің рефракциясын, яғни сындыру күшін біле тұрып, оның фокус арақашықтығын анықтауға болады. Мысалы, 5,0 Д күші бар линзаның фокус арқашықтығы 20 см тең. Неғұрлым фокус арақашықтығы ұзын болса, соғұрлым шынының сындыру күші әлсіз. Керісінше, неғұрлым линзаның сындыру күші үлкен, соғұрлым фокус арақашықтығы қысқа.

Изображение слайда

Слайд 18: Рефракция

Введите текст Рефракция Рефракция­ «сындыру» дегенді білдіреді. Рефракцияның физикалық және клиникалық түрлерін ажыратады. Бұл қасиетке табиғатта ие орталарға жататындар: ­су,мұз,ауа,шыны және т.б. Көзде ондай орталарға қасаң қабық,көз бұршағы,шыны тәрізді дене, алдыңғы камераның ылғалы жатады. Ересек адамдардың көзінің жарықты сындыру күші­ 60,0Д, ал жаңа туған нәрестелерде ­80,0Д. Физикалық рефракция сындыру күшімен және фокус арақашықтығымен сипатталады.

Изображение слайда

Слайд 19: Рефракция – көздің оптикалық жүйесінде жарықтың сыну қабілеті, диоптримен анықталады

Введите текст Рефракция – көздің оптикалық жүйесінде жарықтың сыну қабілеті, диоптримен анықталады. Клиникалық рефракция – басты фокустың торлы қабыққа қатысты орналасуы Физикалық рефракция – оптикалық жүйеде жарықтың сыну қабілетін сипаттайтын физикалық шама

Изображение слайда

Слайд 20: Клиникалық рефракция:

Введите текст Клиникалық рефракция: Сәйкес рефракция – эмметропия Сәйкес емес рефракция – Аметропия Миопия Гиперметропия Астигматизм

Изображение слайда

Слайд 21

Введите текст Эмметропия – алыстан және жақыннан жақсы көру. Миопия – көздің жарық сындыру күші күшті, фокус арақашықтығы қысқа. Алыстан жақсы көреді, жақыннан нашар. Гиперметропия – рефракция әлсіз, фокус арақашықтығы ұзын. Алыстан анық көру нүктесі жоқ.

Изображение слайда

Слайд 22: Алыстан анық көру нүктесінің орналасуы:

Введите текст Алыстан анық көру нүктесінің орналасуы:

Изображение слайда

Слайд 23: Эмметропия

Введите текст Эмметропия Эмметропиясы бар көзде оптикалық жүйесінің жарықты сындыру күші мен оның фокус арақашықтығы сол көздің ұзындығына сәйкес болады. Соның салдарынан параллель сәулелердің (яғни, көзден шексіздікте орналасқан заттардан шыққан сәулелер) басты фокусы (заттардың бейнесі) тор қабықта орналасады. Алыстан анық көру нүктесі ( көзден максимальды қашықтықта орналасқан заттар және аккомадацияның тыныштығы жағдайында анық көрінетін заттар) эмметропта шексіздікте орналасады, яғни ондай көз алыстан және жақыннан жақсы көреді. Көз әйнегі қажет емес.

Изображение слайда

Слайд 24: Миопия

Введите текст Миопия Жарықты сындыру күші эмметроппен салыстырғанда күшті, ендеше фокус арақашықтығы кіші,ал көздің ұзындығы эмметроптан үлкен.Соның салдарынан параллель сәулелердің басты фокусы тор қабықтың алдына орналасады. Басты фокуста сынғаннан кейін, тор қабыққа алыстағы заттардың айқын емес суретін беретін шашыранды сәуелер жетеді. Олар заттың айқын емес суретін береді. Ендеше, миоптар алыстан нашар көреді.

Изображение слайда

Слайд 25

Введите текст Миопия шашыранды сфералық шынылармен түзетіледі-concav(-). Сфералық шынылардың цилиндрлі (астигматизмді түзететің ) шынылардан айырмашылығы­ - бұл шынылар кез­келген меридианда бірдей күшпен және не шашыранды немесе жинағыш шыны ретінде сындырады.

Изображение слайда

Слайд 26

Введите текст Миопияның 3дәрежесін ажыратады: әлсіз ­ 3,0Д дейін, орташа­ 3,0Д дан 6,0Д дейін, жоғары 6,0Д дан жоғары. Әлсіз дәрежесінде көз әйнегі тек алысқса ғана тағайындалады,жақыннан көз әйнегі қажет емес.Орташа және жоғары дәрежелерінде ­ 2 жұп көз әйнегі тағайындалады.Алысқа тағайындалғаннан жақынға көз әйнегі 2,5-3,0Д кем тағайындалады.

Изображение слайда

Слайд 27: Үдемелі миопия

Введите текст Үдемелі миопия Үдемелі миопия -көздің ұзаруына байланысты алыстан көруінің нашарлауы (көз әйнегінің өзгеруін талап етеді), көз түбіндегі морфологиялық өзгерістер (миопиялық конус, артқы стафилома, тор қабықтың тесілуі, сырылуы, ондағы дистрофиялық өзгерістер,тор қабыққа,шыны тәрізді денеге және т.б.қан құйылу). Үдемелі процесс кез ­келген жаста болуы мүмкін, жиі мектеп жасындағы балаларда. Миопияның үдеуін қадағалау мақсатымен жылына бір рет толық офтальмологиялық тексеруден өту қажет.

Изображение слайда

Слайд 28: Үдемелі миопияның белгілері:

Введите текст Үдемелі миопияның белгілері: 1.Жылына визометриялық көру өткірлігінің түзетумен 0,5-­ке дейін және одан да төмендеуі 2.Скиаскопиялық рефракция жылына 1,0Д артса, 3.Эхобиометриялық көздің сагитальды мөлшерінің жасына сәйкес шамадан 2 мм ұзаруы 4.Офтальмоскопиялық-көз түбінде миопиялық өзгерістердің үдеуі.

Изображение слайда

Слайд 29: Миопияның асқынулары

Введите текст Миопияның асқынулары Көз бұршағының бұлдырлануы ( асқынған катарата ) Шыны тәрізді дененің деструкциясы Шыны тәрізді дененің жарғағының ажырауы Торлы қабық пен хориоидеяның әр түрлі дистрофиясы ( көз түбінің өзгерістері ).

Изображение слайда

Слайд 30

Введите текст Көз түбінің өзгерістері көру нервісінің аймағынан басталады. Бастапқы сатыда миопиялық конус пайда болады- көру нерві дискісінің маңайында орақ тәріздес ақ сызық, бұл осы маңайдағы торлы қабық пен хориоидеяның дистрофиясымен негізделген.

Изображение слайда

Слайд 31

Введите текст Дистрофияның аймағы біртіндеп кеңейеді және көру нерві дискісінің айналасын толық қоршайды, осының нәтижесінде артқы жалған стафилома дамиды. Ауыр жағдайда ақ қабық созылып, артқы стафилома түзіледі.

Изображение слайда

Слайд 32

Введите текст Көз алмасының созылуы нәтижесінде тамырлар зақымдалып торлы қабық пен шыны тәрізді денеге қан құйылулар болуы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 33

Введите текст Нәтижесінде шыны тәрізді дененің бұлдырлануы байқалады, хориоретинальді дистрофиялық ошақтар түзіледі ( мысалы, Фукс дағы )

Изображение слайда

Слайд 34

Введите текст Көз алмасы өлшемінің ұлғаюы тісше сызығы аймағында торлы қабықтың перифериялық аймағының жұқаруына әкеледі, соның нәтижесінде торлы қабықтың шеткері дистрофиясы дамиды, бұндай жағдай көбіне торлы қабықтың үзілуіне және ажырауына алып келеді.

Изображение слайда

Слайд 35: Гиперметропия

Введите текст Гиперметропия Бұл әлсіз рефракция, эмметроппен салыстырғанда жарықты сындыру күші аз, ал фокус арақашықтығы ұзын,көздің ұзындығы эмметроптан кіші. Соның салдарынан басты фокус тор қабықтың артына шоғырланған. Тор қабыққа басты фокуста сынғаннан кейін жинағыш сәулелер түсер еді, бірақ табиғатта ондай сәулелер жоқ. Алыстағы заттардың анық бейнесі(басты фокус) тор қабықта орналаспағандықтан, оның артында орналасқандықтан гиперметроп алыстан нашар көреді.

Изображение слайда

Слайд 36

Введите текст Гиперметропия сфералық жинағыш шынылармен түзетіледі. Ең жоғары көру өткірлігін беретін шыны таңдалады,сол шыны гиперметропияның дәрежесін көрсетеді.Фокусты тор қабыққа көшіретіндіктен ол эмметропқа айналады да,алыстан жақсы көре бастайды.Толық түзету тек ересектерге көрсетілген.

Изображение слайда

Слайд 37

Введите текст Гиперметропияның 3 дәрежесін ажыратады: әлсіз­ 2-3,0Д дейін, орташа-3,0Д дан 6,0Д, ал 6,0Д жоғары. Әлсіз гиперметропияда балаларға көз әйнегі тағайындалмайды.Балада қылилық болса,шағымдары болса, үнемі киюге көз әйнегі тағайындалады.;

Изображение слайда

Слайд 38

Введите текст Бір көзде рефракцияның екі түрінің немесе бір рефракцияның әртүрлі дәрежесінің үйлесуін астигматизм деп атайды. Астигматизмді көздерде ең күшті және ең әлсіз сындыру күштеріне ие перпендикуляр беттерді басты меридиандар деп атайды.

Изображение слайда

Слайд 39: Аккомадация

Введите текст Аккомадация Аккомодация – көздің рефракциясын өзгерту қабілеті, яғни көзден түрлі қашықтықта орналасқан заттарды анық көру қабілеті. Бұл рефракция динамикалық рефракция. Статикалық рефракцияда аккомодацияның тыныштығы жағдайында тор қабыққа заттардың бейнесі бейнеленеді.

Изображение слайда

Слайд 40: Аккомодация актісіне 2 негізгі факторлар қатысады

Введите текст Аккомодация актісіне 2 негізгі факторлар қатысады. Бұл – кірпікті бұлшық етінің жиырылуы және көз бұршағының сындыру күшінің өзгеруі. Кірпікті бұлшық ет жиырылғанда, кірпікті дененің байламдары босайды. Көз бұлшығының капсуласының керілуі азаяды, көз бұршағы оның арқасында дөңестігін ұлғайтады, яғни көз бұршағының жарықты сындыру күші ұлғаяды.

Изображение слайда

Слайд 41: Аккомодацияда көзде келесі өзгерістер болады:

Введите текст Аккомодацияда көзде келесі өзгерістер болады: Қарашықтың тарылуы Көз бұршағының дөңестігінің ұлғаюы, әсіресе алдыңғы бетінің Көз бұршағының алдыңғы бетінің камераға қарай ығысуы, сондықтан алдыңғы камераның ортасында тереңдігі кішірейеді. Алдыңғы камера шет жағында кішірейеді, себебі шатыраш қабаттың шеткі бөлігі ығысады. Көз бұршағы 0,25 –0,3 мм төмен түседі. Көз қозғалтқанда көз бұршағының әлсіз дірілдеуі байқалады. Көз бұршағы төмен түседі

Изображение слайда

Слайд 42

Введите текст Адамның жасы ұлғайғанда аккомадацияға көздің қабілеті азаяды.Ол көз бұршағының биохимиялық құрамының өзгеруіне байланысты. Көз бұршағының ядросында склероздан тығыздық пайда болады. Соның салдарынан көз бұршағы эластикалық қасиетінен айырылады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Көру функциялары. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация

Введите текст Сол себепті цилиарлы бұлшық ет максимальды жиырылғанда және цилиарлы байламдар жазылғанда көз бұршағы өз формасын жеңіл өзгерте алмайды. Ендеше, жақын заттарға қарағанда көзде жарықты сындыру қабілеті азаяды. Осылай пресбиопия, немесе кәрілік көру дамиды. Пресбиопияда 40 жаста5ы эмметроп қ а +1,0Д қажет. Әр бір 5 жыл сайын +0,5Д қосылып отырады

Изображение слайда

Похожие презентации