5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау — презентация
logo
5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау.
  • Дәрістің мақсаты - қазіргі таңда Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттік жағдайын анықтау және оны арттырудың тиімді жолдарын қарастыру. Сонымен қатар, осы
  • 1.  Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • Бәсекенің түрлері.[1]
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • Бәсекеге   кабілеттілікті бағалаудың негізгі   критерийлері :
  • 2. Қазақстан аймақтарының бәсекелестік жағдайы
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 3.Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар:
  • Қайтарымсыз негізде мемлекетт i к нег i зде субсидиялар бөлу ;
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
  • Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда   келесідей   ұсыны старды   ұсынуға болады :
  • 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
1/41

Изображение слайда

Олар : Бәсекен i ң мән i мен түрлер i, оның экономикадағы орнын талдау ; Рынок құрылымына байланысты бәсекен i ң ерекшел i ктер i н айқындау ; Қазақстан Республикасындағы бәсекел i к ортаның қалыптасуы мен даму мәселелер i н және оны шешу жолдарын қарастыру. Бәсеке қаб i леттілітк арттыру және индустриялы-инновациялы экономика жүйес i н құрудың нег i зг i бағыттарын қарастыру. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Изображение слайда

Слайд 3: 1.  Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні

Бәсеке (Состязание; contention ) —  ортақ   ресурсты пайдаланудағы   жүйелердің немесе программалардың өзара   таласушылығы ; қандай жұмыс   бекетінің   арнаға қатынас   құра алатынын анықтауға   мүмкіндік   беретін үстаным.Бәсеке дегеніміз, бір   жағынан, іс-қимыл   жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп   отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы   жағдайына   ие болу үшін, пайданы   мол  алу   үшін тауар   өндірушілердің бір-бірімен   күресі. Екінші жағынан, ол нарық   субъектілерінің   өнімді өндіру мен оны  өткізудегі және капиталды   қолдану   сферасындағы ара  қатынастары. Форма  жағынан   бәсеке ұйымдастырудың нормалары  мен  ережелерінің, мемлекеттік   және жеке құрылымдардың   директивалары   мен  іс-қимыл   әдістерінің   жүйесі.

Изображение слайда

Слайд 4

Бәсекені экономикалық процесс  ретінде   шаруашылық жүргізуші   субъектердің белгілі   әрекеттерінің   жиынтығының   түрі деп   тануға болады. Осы  әрекеттер   экономикалық цикл ретінде   жинақталады. Осыған бірте-бірте   жүріп   отыратын төменде   аталған   ұдайы   өндірістік процестер   жатады : өндіріс   және еңбек   ұжымдарының   материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру ; өндірісті   ұйымдастыру, оны  шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау   және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау   мекемелерінің   бір-біріне әсер етуі ; бәсекеге төзімді   өнім өндіру ; өнімді сату. Бұл   үшін оның саны анықталады, өткізілетін   орны мен  уақыты белгіленеді ; пайда   есебінен инвестициялық қор   жасау   және оны  өндірісті   кеңейту   үшін пайдалану. Өнімнің  « өмір   сүру циклі » бәсекелік   күрес   дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің  « өмір   сүру цикліне » оның шығарыла бастауынан өндірілуі   тоқтағанша жүріп   отыратын мерзімі, « өмірі »  жатады. Бұл  цикл төрт фазадан   тұрады:жаңа өнімді игеріп, өндіріске   енгізіп   орналастыру. Бұл   арада   сату көлемі көп   емес, шығарылған өнімнің   бағасы жоғары болады ; өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс   өседі, жоғары баға сақталады ; кемелдену. Өндіріс   көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс   толық   қанағаттанады, өндіріс   қарқыны   бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды ; ескіру. Бұл   фазада сұраныс   төменгі   шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің   басым   көбінің   өндірілуі   тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.

Изображение слайда

Бәсеке  - нарықтық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі формада болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ол сала ішіндегі ( біртектес тауарлар арасында ) және сала аралық ( әр түрлі салалар тауарлары арасында ) бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады. Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.

Изображение слайда

Слайд 6

Картель - шығарылып   отырған   өнім мен  өткізу рыногын   бөлу туралы келісім   квотасы (саны). Синдикат - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру   мақсатымен бірігу. Трест -  монополияға   енетін фирмалардың   меншік өндіріс   және өнімді өткізуге байланысты бірігуін айқындайды. Концерн - қаржы   орталығы бір, бірақ   жалпы   технологиясы кіріккен әр түрлі  фирма, салалардың ұйымдық   формалары   кіретін  монополия. Конгломерат - басты   фирманың қызмет өрісімен өндірістік және технологиялық   байланысы   жоқ   ірі   корпорациялардың салаға кіруіне   негізделген бірлестік. Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген ( жетілмеген бәсеке рыногы ) сипатта дамытады.

Изображение слайда

Слайд 7

Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарықты атайды. Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді : монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия.

Изображение слайда

Слайд 8: Бәсекеге   кабілеттілікті бағалаудың негізгі   критерийлері :

• өнімнің   жаңалық   дәрежесі ; • өндірілу сапасы ; • өнім туралы ақпаратты   тарату үшін материалдық   базасының   болуы ; • өткізуді ынталандыру   бойынша   шаралар ; өткізу динамикасы ; • өнімнің   нарықтық талаптарына   ыңғайлану   мүмкіндігі ; • қаржылық жағдайы.

Изображение слайда

Қазіргі Қазақстан-өзінің жан-жақты   дамуына   қажетті   көптеген мүмкіндіктері   бар, экономикалық тұрғыдан алғанда   болашағы   зор   егеменді ел. Мұнда   қазіргі   уақытта   шаруашылық салаларының кез келген дамыған елге тән барлық үш тобы – мемлекетаралық маңызы бар маманданған салалар, сондай – ақ қосалқы және қызмет көрсететін салалар дамыған. Олардың шығарған өнімдері, негізінен, өз ауданының мұқтаждарын өтеуге және ең алдымен мамандандырылған салаларды жетілдіруге және одан әрі дамытуға бағытталған.

Изображение слайда

Слайд 10

Экономиканың   өсіп, көліктің осы  заманғы   түрлерінің пайда   болуына   байланысты Қазақстанда   өзінің аумақтық еңбек   бөлінісі дамыды. Бұл   оның кейбір бөліктеріндегі шаруашылықтарда   революцияға   дейін-ақ байқала   бастаған, кейін   аумақтық еңбек   бөлінісін   күшейтіп, бірте-бірте   республикаішілік бес- Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік   және Оңтүстік экономикалық ауданның қалыптасуына себепші   болды.

Изображение слайда

Слайд 11

Бұл   аудандардың   әрқайсысының шаруашылықтарындағы   жергілікті   ауданішілік   маңызы бар  салалар   әдетте республикалық   және республикааралық маңызы бар  салалармен ұштасқан, олардың   әрқайсысының республиканың   бүкіл   халық   шаруашылығын серпінді әрі   кешенді   дамытуды қамтамасыз ететін ауданішілік   және ауданаралық   экономикалық байланыстары қалыптасқан :

Изображение слайда

Слайд 12

Солтүстік экономикалық аймағына Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары кіреді. Орталық Қазақстан экономикалық аймағына Қарағанды облысы кіреді. Батыс Қазақстан экономикалық аймағына Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кіреді. Шығыс Қазақстан экономикалық аймағына Шығыс Қазақстан облысы кіреді. Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары кіреді.

Изображение слайда

Слайд 13

Экономикалық аудандар Жер аумағы  (%) Халқы   (%) Халық тығыздығы 1 км  2 Шығыс Қазақстан 10,2 10,8 6,3 Оңтүстік Қазақстан 26,2 37,9 8,7 Орталық Қазақстан 15,9 11,4 4,3 Солтүстік Қазақстан 20,9 27,2 7,8 Батыс Қазақстан 26,8 12,7 2,8 Кесте 1. Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының жер аумағы мен халқы   (% есебімен).*

Изображение слайда

Слайд 14

Облыс, облыс орталығы Терсы, мың  км 2 Халық саны  мың адам Өндірістің негізгі салалры 1 Алматы қаласы 0,3 1131 Машина жасау, жеңіл, тамақ Солтүстік Қазақстан 1 Қостанай обл. Қостанай 196,0 1017,7 Темір рудасын өндіру, электромеханикалық, асбест, жеңіл, тамақ 2 С. Қазақстан обл Петропавл 98,0 725,98 Машина жасау 4 Павлодар обл. Павлодар 124,8 806,9 Көмір, энергетика, түсті металлургия, мұнай химия, машина жасау, жеңіл, тамақ. 5 Ақмола обл. Көкшетау 146,1 836,27 Ауыл шаруашылық, машина жасау, химия өңдеу салалары Батыс Қазақстан 6 Ақтөбе обл. Ақтөбе 300,6 682,5 262,6 Қара металлургия, химия, жеңіл, тамақ 7 Атырау обл. Атырау 118,6 440,28 Мұнай өңдеу, мұнай химия, машина жасау, тамақ. 8 Батыс Қазақстан Орал 151,3 616,8 Машина жасау, жеңіл, тамақ. 9 Маңғыстау обл Ақтау 165,5 314,6 Мұнай, химия Орталық Қазақстан 10 Қарағанды обл Қарағанды 428,0 1816,1 Көмір қара металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ Шығыс Қазақстан 11 Ш. Қазақстан обл. Өскемен 283,3 1531,0 Түсті металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ Оңтүстік  Қазақстан 12 Алматы обл. Талдықорған 224,0 1700,0 Түсті металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ. 13 Жамбыл обл. Тараз 144,3 1056,9 Химия, жеңіл, тамақ 14 О. Қазақстан обл Шымкент 117,3 1978,2 Түсті металлургия, мұнай химия, жеңіл 14 Қызылорда облысы 226.0 596.2 Жеңіл, тамақ Аймақтарға қысқаша сипаттама Кесте 2. Қазақстан аймақтарына сипаттама.*

Изображение слайда

Слайд 15

Солтүстік Қазақстан   аумағында   5 өнеркәсіп торабы қалыптасты : Петропавл өнеркәсіп торабы негізінен тамақ және жеңіл өнеркәсіп бағытына маманданған. Тамақ өнеркәсібінің маңызды салалары – ет-консерві, ұн тарту, май шайқау, ликер- арақ өндіру. Жеңіл өнеркәсіптен балғыры жасау, киіз басу, тігін және аяқ киім салалары дамыған. Барлық ірі кәсіпорындар Петропавлда шоғырланған. Көкшетау және Астана өнеркәсіп тораптарында тамақ және және жеңіл өнеркәсіп дамыған. Сонымен қатар Көкшетау торабында оттегі-тыныс алу аппаратурасы, таразылар, сондай-ақ алтын ( Стептяк қаласында ) өндіріледі. Қостанай өнеркәсіп торабына Қостанай, Рудный, Жітіқара кіреді.  Темір кен орындарын пайдалану негізінде аса ірі Соколов- Сарыбай кен байыту комбинаты салынды. Жітіқарада асбест комбинаты бар. Қостанай торабында тамақ және жеңіл өнеркәсіп, металл өңдеу, кен жабдықтары, темір -бетон бұйымдарын жасайтын кәсіпорындары үшін жабдықтар өндіру дамып келеді. Торғай бокситтері базасында Арқалық өнеркәсіп торабы қалыптасты. Солтүстік Қазақстанның шығысында ірі Павлодар – Екібастұз өнеркәсіп торабы дамуда. Ол Павлодар, Ақсу, Қалқаман, Екібастұз қалалары мен бірнеше қала тектес елді мекендерді қамтиды. Тораптың даму базасы-екібастұз бен Майкүбінің аса мол тас көмір мен қоңыр қоры негізінде. Екібастұздың арзан көмірі негізінде Ақсу МАЭС- ін қоса қамтитын қуатты электр энергетикасы торабы пайда болды. Арзан электр энергиясын пайдалану арқылы ферроқорытпалар, саз балшық және аюминий өндірісі дамуда.

Изображение слайда

Слайд 16

Қарағанды алабының негізгі   міндеті  –  кокстелетін   көмір   өндіру, энергетикалық   көмір   қосалқы   өнім ретінде   шығарылады. Өнеркәсіп   салаларының   дамуына   байланысты электр энергиясына   деген   қажеттілік өсті. Соған   байланысты Екібастұз-Қарағанды   электр жеткізу   желісі (ЭЖЖ) салынды.

Изображение слайда

Слайд 17

Шығыс Қазақстан   –  ірі  полиметалл өнеркәсібі мен  су электр энергиясы   өндірісінің   орталығы. Бұл   ауданда   Қазақстанда   шығарылатын   мырыш, титан  және магнийдің   негізгі   бөлігі, қорғасын, мыс, асыл және сирек   металдардың   көбі өндіріледі. Өнеркәсіп   орындары электр энергиясын Бұқтырма сияқты ірі   электр станцияларынан алады.Жер   қойнауы   байлығының молдығы   жағынан   Кенді   Алтайды   Оралмен   салыстыруға   болады. Жоғарыда аталған   қазба   байлықтардан басқа   Қалба   жотасы мен  Оңтүстік Алтайдағы   қалайы -вольфрам кен   орындарының   маңызы үлкен. Алтай  таулары   орманға  бай. Республикадағы орман   алқабының 40%-дан  астамы Шығыс   Қазақстанда.

Изображение слайда

Слайд 18

Қазіргі заман шарттарында « бәсекеге қабілеттілік » ұғымы тек өнім,сала сияқты дәстүрлі санаттарда емес, мемлекет аймақ және қала сияқты жаңа санаттарда да кеңінен етек жаюда.Аймақтардың бәсеке қабілеттілігі дегеніміз - еңбек өнімділігін жоғарылату және қаржыны тиімді пайдалану арқылы сол аймақтың экономикалық жағдайын,өмір сүру деңгейінің бірқалыпты және жоғары дәрежеде дамуын қамтамасыз ету.Бәсекеге қабілетті әрбір аймақ өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сол елдің әлемдік нарыққа жол алуына жағдай жасайды.

Изображение слайда

Слайд 19

Әр аймаққа біріншіден,қандай фактор немесе қандай сала осы аймақтың бәсекесін арттыруда қабілетті екенін анықтау,екіншіден, осы саланы негізге ала отырып аймақты басқарудың жаңа стратегиялық жүйесін әзірлеу маңызды іс болып табылады. Аймақтың дамуында бірқатар мәселелердің бар екенін атап көрсеткен жөн. Олар : табыстардың аймақтарға әркелкі бөлінуі, күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелердің орын алуы, инфраструктураның әлсізідігі, аймақтардағы климат жағдайы және экономикалық әлеуетінің   әлсіздігі, аудандардың инновациялық белсенділігінің төмендігі. Еліміздің геосаяси жағдайы және оның ресурстық қорлары мен қамтамасыз етілуі, сонымен қатар инвестициялық тартымдылығы маңызды факторлар қатарына жатады. Жалпы алғанда бәсекелестік аймақтар мен олар иемденіп отырған потенциалды толық қолдануға итермелейді.

Изображение слайда

Слайд 20

Халықтың   өмір сүру деңгейін анықтауда   агрегатты   индекс ретіндегі   көрсеткішке   адам капиталының   өсуі де жатады. Аймақтардың   жетістігі   үш аспект бойынша   қарастырылады : ұзақ және салауатты   өмір, білім, лайықты   өмір сүру деңгейі. Халықтың өмір сүру деңгейін анықтауда   мынадай   субиндекстер қолданылады : жан   басына шаққандағы ЖІӨ, халықтың сатып   алу   қабілеті, жұмыссыздық   деңгейі, кедейшілік, халықтың орта тұрмыс деңгейі, халықтың медициналық   көмекпен қамтамасыз етілуі. Осы  критерийлер   бойынша   аймақтар арасындағы жүргізілген   зерттеу   нәтижесінде  Алматы және Астана қалалары алдыңғы   қатарда   болса, Жамбыл облысындағы   халықтың әл-ауқаты қуантарлықтай   емес.

Изображение слайда

Слайд 21

Бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштері Аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін анықтауда келесідей көрсеткіштер қолданылады : еңбек өнімділігі, аймақтың инвестициялық белсенділігі, ауыл шаруашылық және өнеркәсіптің аймақтарда үлестірілуі және адам капиталы. Графикте көріп отырғанымыздай, Атырау облысы, Алматы және Астана қалаларының бәсекелестік жағдайы жоғары, ал Жамбыл облысының бәсекелестік жағдайы төмен.

Изображение слайда

Слайд 22

Инновациялық  даму Аймақ және жеке ел негізінде  де бәсекеге түсе алу   қабілеттілігінің басты   факторлары : аймақтардың   жаһандануы мен  ғылыми-техникалық ілгерілеуіндегі   инновациялық өңдеулер, өнеркәсіптің сыртқа тауар шығара алу мүмкіндігі. Аймақтардың инновациялық дамуын талдауда мыналар есепке алынады : ғылыми зерттеулер, техникалық инновациялар, ақпараттық технологиялар, жоғары және орта деңгейдегі IT мамандар, ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, докторанттар, берілген патенттердің   саны, технологиялардың көлемі, жабық экспорттағы жоғарғы технологиялы өнім еншісі, ұялы байланыстың ену деңгейі және т.б.

Изображение слайда

Слайд 23

Инфраструктуралық даму Инфраструктуралық даму кәсіпорындардағы негізгі   қорлардың болуымен,автомобиль және темір жолдардың беріктілігі тағы да басқа факторлардың есебінен анықталады.Инфраструктуралық дамуды зерттеу нәтижесінде аймақтар арасындағы көрсеткіштердің алшақтығы білінбейді.Бірақ бұл аймақтарды топтарға жіктесек : Алматы және Астана қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары бірінші орында болса, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары екінші орынға ие, ал қалған он аймақтың бәсекеге қабілеттілігі төмен.

Изображение слайда

Слайд 24

Егерде  осы  мәліметер   бойынша   талдасақ, Атырау облысының   ерекше артықшылығы   инновациялық даму индексі. Бірақ  та инфраструктуралық   дамуда және де өнеркәсіптік индексі-халықтың өмір сүру деңгейін көрсетуде бұл облыс ең соңғы орында, яғни маңызды әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Аймақтардың дамуының жалпы   көрсеткіші Алынған мәліметер   көрсеткендей, қаралып отырған аймақтардың көпшілігінің бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмен, яғни ешқандай аймақ өндірісте жоғары нәтиже бермеген. Инновациялық даму деңгейі бойынша Алматы қаласы лидерлік танытса, орта деңгейде : Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары болса, қалған аймақтарда инновациялық даму көрсеткіші 1 балдық шкаланың 0,2 деңгейін көрсетті.

Изображение слайда

Слайд 25

Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның маңызы Қазіргі таңда барынша монополияланған нарықтарға ірі көлемде капитал салуды қажет ететін салалар жатады. Бұл нарыққа әуе тасымалдаулары, телевизиялық бағдарламаларды эфир арқылы трансляциялау, ұлттық спутник байланысы т.б. жатады. 2001 жылы 19 қаңтарда « Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы » Заң қабылданды. Ол еркін бәсекені дамытуға, кәсіпкерлікті өркендетуге, тауар нарығының тиімді әрекет етуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ монополиялық қызметті шектеуге, алдын алуға және реттеуге бағытталды. Мұнда монополияға қарсы реттеу жүйесінің әрекет ету механизміне елеулі мән берілді. Бәсекенің ел экономикасының қаншалықты дамығандығын көрсететін факторлардың бірі екендігі белгілі. Алайда кез келген бәсеке мемлекет тарапынан қорғалуға және қолдау көрсетілуіге тиіс. Бұл ретте әділ бәсекелестікті дамытудың маңызы ерекше. Дегенмен теріс бәсекелестік белгілері де ұшырасып қалып жатады. Осы жағымсыз құбылысты реттеу үшін Қазақстан Республкасында 1998 жылы 9 маусымда « Теріс бәсеке туралы » заң қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республиксының Конституциясына сүйенеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларынан тұрады. Теріс мақсаттағы бәсекеге ықпал етудің тиімділігнін арттыру үшін 2000 жылы 15 желтоқсанда « Қазақстан Республикасының теріс бәсеке туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Заң қабылданды, оның нормалары теріс мақсаттағы бәсекеге айыппұл салу санкцияларын көздейді. Осы аталған номативтік актілердің бәрі де Қазақстанда бәсекені қалыптастыруға және оны бұдан әрі дамытуға жағдай жасауға бағытталғанын байқамау мүмкін емес.

Изображение слайда

Слайд 26

Қазақстан экономикасы   бәсеке пайда   болған күннен бастап бірқатар проблемаларға   душар  бола бастады. Атап айтқанда, отандық   кәсіпкерлер   және олардың   Қазақстанда   жұмыс   істейтін шетелдік қарсы   әріптестері   теріс   мақсаттағы бәсіекеге   ұшырасып отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстанда   мұндай жағымсыз құбылыстың алдын   алуға   бағытталған   нормативтік  база жасалғанымен әлі  де қарқынды жұмыс істей алмай жатыр.[6]

Изображение слайда

Слайд 27: 3.Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

Бүг i нг i таңда Қазақстан Республикасының экономикасына өте қажетт i болып отырған бәсекел i к ортаны ти i мд i қалыатастыру үш i н және оны дамуының мәселелер i н келес i дей шешу жолдары арқылы оң нәтижеге қол жетк i зуге болады. Сонымен, ұлттық экономикамыздың бәсекеге қаб i летт i л i г i н арттыру үш i н келес i шараларды жүзеге асыруымыз керек :

Изображение слайда

Слайд 28

Ұлттық экономиканың бәсекеге қаб i лет i н жоғарлатуды мемлекет өз қызмет i деп алуы керек ; Отандық өнеркәс i птерд i ң арасында өзара бәсекелест i кт i дамытып, олардың әлемд i к деңгейдег i бәсекеге қаб i летт i л i г i н арттыру ; Өнеркәс i п салаларында фирмааралық кооперациялар құру ; Әр түрл i дамыған елдерд i ң компанияларының стратегиялық альянстарына к i руге талпыныс жасау ; Ғылыми-өнд i р i ст i к ресурстарды шоғырландыру арқылы шағын ғылыми-техникалық кластерлер құру, экономикалық ти i мд i қызмет етет i н ғылыми парктер, шағын бизнес инкубаторларын, технополистер мен аймақтық б i рлест i ктер құру ; ҒЗТКЖ- ның әр түрл i субъект i лер i арасындағы қауымдастықты ұйымдастыру ; Тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңарту үш i н несие жүйес i н және лизингт i к қатынастарды дамыту ; Бүк i ләлемд i к Сауда Ұйымына к i ру үш i н өнеркәс i пт i ң жоспарын құру, оның басты мақсаты i шк i және сыртқы нарықтағы қатаң бәсекелест i к күреске басымдылық көрсетуге бей i м i р i өнеркәс i п кәс i порындарын ұйымдастыру ; Қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық стратегияны саналы түрде жүзеге асыру.

Изображение слайда

Слайд 29

Осы Жолдау б i здерд i бәсекеге қаб i летт i экономика жасауға, бәсекеге қаб i летт i ұрпақ өс i руге шақырады. Ел i м i зде отандық өнеркәс i пт i дамыту шараларына нарықтық тет i ктерд i ти i мд i пайдалану мақсатында ресурстарды үнемд i пайдалану, экологиялық проблемаларды шешу, өнд i р i ст i к құрылымды дамыту, өнеркәс i п салаларының құрылымын жет i лд i ру, бәсекеге қаб i летт i жоғары сапалы тауар өнд i ру мүмк i нд i г i бар өңдеу салаларына қолдау көрсету, әлеуметт i к- экономикалық мән i зор және ғылыми перспективасы жоғары салаларды ынталандыру және тағы басқа шараларды i ске асыру алдағы экономикасы тұрақты дамыған, индустриялы және бәсеке қаб i лет i м i з жоғары ел болуымызға т i келей жол ашпақ.[7]

Изображение слайда

Слайд 30

Қазақстан Республикасында   рыноктық экономикада   қандай -да болмасын монополиялық әрекеттерд i өз бет i нше   ж i бермейд i, оны  мемлекет белг i л i б i р  деңгейде әр түрл i шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “ антимонополиялық саясат ” дейд i. Б i зге белг i л i табиғи монополияның туындауы бұл б i р салаға i р i фирманың мамандануы және басқа фирмалардың к i ру i н i ң артық шығындарды алып келу i болып табылады. Б i рақ осы табиғи монополиялар өз i н i ң ерекше қасиеттер i не сүйен i п бағаның жоғары деңгей i н белг i леу i қоғамдық шығындарға алып келед i. Атап айтқанда осы монополист i ң өн i м i н тұтынатын халық зиян шегед i.

Изображение слайда

Слайд 31

Сондықтан монополияларды мемлекет немесе бил i к органдары әр түрл i тәс i лдермен реттеу саясаттарын жүрг i з i п отырады. Яғни, монополиялыны реттеу саясаттарының тәс i лдер i өздер i н i ң қолданылуына, нарыққа әсер ету i не байланысты келес i дей төрт түрге бөл i нед i: - Монополиялы рынокты бәсекелест i к рынокқа алмастыру ; -Монополия жағдайын реттеу ; -Жеке менш i к монополияларды мемлекетт i к кәс i порындарға айналдыру ; - Монополистерге ешқандай әсер етпеу.

Изображение слайда

Слайд 32

Қазіргі   таңда  ел  экономикасы дамуының шешуші факторлары ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ- тағы “Силикон аңғарының ” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

Изображение слайда

Слайд 33

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та – 4 ай, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш - 11 ай.

Изображение слайда

Слайд 34

Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП ( ғылыми-техникалық индустриалды парктер ) айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға “ қолайлы орта” жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. Ол шама 1991жылы –2587 кәс i порын, 1992 ж. –9678 кәс i порын, 1996 ж. –13722 кәс i порын, 2000 ж. –20796 кәс i порын.

Изображение слайда

Слайд 35

Ал Оңтүст i к Корея Республикасының ғылым мен техниканы соңғы 30 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60- жылдарының ортасында қолға алды. 1967 жылы басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын “ Ғылым және технология Министрлігі ” құрылды және “ Ғылым мен техниканы қолдау туралы ” Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланды.

Изображение слайда

Слайд 36

Финляндияға келет i н болсақ бұл ел 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО- ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%- ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет “ Ұлттық инновациялық жүйені ” құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.

Изображение слайда

Слайд 37: ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар:

- Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы ; Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.

Изображение слайда

Слайд 38: Қайтарымсыз негізде мемлекетт i к нег i зде субсидиялар бөлу ;

Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау

Изображение слайда

Слайд 39

- Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.

Изображение слайда

Слайд 40: Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда   келесідей   ұсыны старды   ұсынуға болады :

мемлекет бюджетінен тиімділігі жоғары және технологиялық даму бағдарламаларын, мемлекеттік маңыздылығы бар инновациялық жобаларды, коммерциялық жағынан тиімді инновациялық жобаларды толығымен және үлесті қаржыландыру ; жоғары технологиялық өндіріске   қаражаттарын салатын инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету және оларды ынталандыру ; әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарға ( инновацияларды игерген кезеңде ) жеңілдіктермен несиелер, субсидиялар, субвенциялар беру; ғылыми сыйымдылығы бар құрал-жабдық лизингін және инновациялық өнімді дамыту ; инновациялық жобалар мен оларды іске асырушыларды конкурстық таңдау жүйесін жетілдіру ; экономика саласында шағын, тиімді және тез сатылатын инновациялық жобалардың үлестік салмағын арттыру ; инновациялық сфераға шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту ; заңдық-құқықтық базаға өзгертулер енгізу ; экономикалық ынталандыру жүйесін құру, яғни салықтық, несиелік және   т.б.жеңілдіктер жасау ; ақпаратпен қамтамасыз ету.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: 5 лекция Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау

Аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, біз ел экономикасын көтеріп қана қоймай, әлемдік аренада бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосыламыз. Күшті экономикалық даму, халық әл-ауқатының жоғары деңгейі, саяси тұрақтылық, әлеуметтік деңгейдің тұрақтың дамуы – міне осылар елдің бәсекелестік жағдайын анықтап беретін маңызды фактолар. Бүгінде Қазақстан дұрыс жоспарланған бағыттар нәтижесінде дамудың ақ жолында нық қадам басып келеді.

Изображение слайда

Похожие презентации