Мәдениет және өркениет — презентация
logo
Мәдениет және өркениет
  • Мәдениет және өркениет
  • Мәдениет
  • Мәдениет және өркениет
  • Мәдениет және өркениет
  • Мәдениет және өркениет
  • Өркениет
  • Мәдениет және өркениет
1/7

Первый слайд презентации: Мәдениет және өркениет

Орындаған:Мамырбаев Нартай Тобы:ТЭк21-2 Тексерген :Саргизова Гульзада

Изображение слайда

Слайд 2: Мәдениет

Мәдениет  – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Изображение слайда

Слайд 3

Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке (культураға) төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмекен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.); б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).

Изображение слайда

Слайд 4

Мәдениет   ұғымы   тарихи   қалыптасудың   ұзақ  даму  жолынан   өтті, оны  алғашқы   рет   ғылыми   тұрғыдан   анықтауға   ұмтылған   философтар   болды.XVIII ғасырға дейін, яғни ағартушылық дәуіріне дейін, басты құндылықадам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін “ мәдениет ” сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланылды.

Изображение слайда

Слайд 5

Мәдениеттер тілдесуі – мәдениеттер қақтығысы кезінде ортақ тіл табысу. Мәдениеттерді бір біріне қарсы қоюда ең кеңінен тарағаны Батыс пен Шығыс мәдениеттерін бір - біріне қарсы қою. Еуропоцентризм теориясына сенсек, мәдениет тек Еуропада бастау алған. Панафриканизм немесе афроцентризм негрлер мәдениетін асқақтатпақ болады. Шығысцентризм Шығыс, мысалы, Үндістан, мәдениетін ардақтап, оныңдіні мен философиясына басқа коңіл бөледі.

Изображение слайда

Слайд 6: Өркениет

Өркениет  (лат.  сіvіlіs  – азаматтық ) –  қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды   “ варварлықтар ”   деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша   “ Өркениет ”   азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Мәдениет және өркениет

Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни  “тарихи өркениеттер”  (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді

Изображение слайда

Похожие презентации