Первый слайд презентации: Металлургия өндірісі туралы жалпы мәлімет
Слайд 2
Металлургия (грек. metallurgeo – руда өндіремін, металл өңдеймін, metallon - рудник, металл және ergon - жұмыс ) — ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Слайд 3
Металлургиялық процестер: жер қойнауынан қазылып алынған руданы алдын ала өңдеу; кентастардан және басқа материалдардан металды алу процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту; металдар мен қорытпалар өндіру; металдарды термомеханикалық өңдеу; металдарды қысыммен және құймалап өңдеу; металл бұйымдардың бетін әрлеу не қорғау мақсатында басқа металл қабатымен қаптау ; металл бұйымдардың беттеріне басқа металдар мен бейметалдарды диффузиялық енгізу.
Слайд 4
Қазақстан металлургиясы - елдің халық шаруашылығының ірге тасы болып табылады. Іс жүзінде түсті металдар тұтынылмайтын бірде-бір халық шаруашылық саласы жоқ. Қазіргі кезде қара металлургия өнімдері халық шаруашылығының барлық салаларының қажеттеріне пайдаланылады.
Слайд 6
Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала.
Слайд 8
Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық материалдар қажет. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар.