Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы — презентация
logo
Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Жоспар: 1. Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар, бағдарламалар 2. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары 3. Кәсіби
  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Альберт Камюдің философиясы туралы естіп көрдіңіз бе ? 1957 жылы Нобель сыйлығының иегері атанған жазушы «Сизиф туралы аңыз » кітабында былай деп айтады : «
  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Есімі тарихта қалған австриялық психоаналитик Виктор Франкл : « Біз өмірге айналадағы жұртты қуанту үшін ғана келдік. Қасыңдағы адамның түріне, жынысына,
  • Өмір мәні туралы қанатты сөздер
  • Әрбір адам өмірге жай келген жоқ. Әрбір адамның өзіндк миссиясы, өмірге тигізетін бір ісі болады. Сол істі жасап, рахатқа бөленген кезде өмір мәні айқын
  • Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары Нарықтық қатынастар дамыған қазіргі кезеңде тұлғаның дамуы, қалыптасуы
  • Прагматизм ( pragma  — іс-әрекет ) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол
  • Кәсіби өзін – өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар Кәсіби өзін – өзі анықтау –  адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы.
  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары Адамның тұлғалық дамуы мен к ə сіби дамуы арақатынасы ə рине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық ж ə не
  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
  • Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы Кәсіби сәйкестілік дағдарысы. Бұны кәсіби таңдау дағдарысы деп те атайды. Алғашқы кәсіби дағдарыс
  • - өз мәртебесі мен жағдайына қанағаттанбаушылық салдары ретіндегі ең нормативтік белсенділік ; - адамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік – экономикалық шарттары
  • Эмоциялық қажу синдромы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің, дін қызметкерлері мен психологтардың, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімшелерінің
  • Кәсіби өсудегі кедергілер, оларды жеңу жолдары Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің
  • Алайда кәсіби өсу барысындағы дағдарыстан шығудың жолдары бар: - Өзіңіздің қорқынышыңызды мойындаңыз және қандай да бір сізге қолайлы түрде - оны қағазда
1/24

Изображение слайда

Слайд 3

Өмір мәні

Изображение слайда

Слайд 4

“ Өмір мәні дегеніміз не?” деген сұрақ біржауапты емес. Өйткені Жер планетасында 7 663 804 918 адам тұратын болса, бұл сұраққа сонша жауап болады. Адамның жан дүниесін терең зерттеген американдық психолог ғалым Джон Уотсон мынадай анық ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры  қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды.  Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа.

Изображение слайда

Слайд 5

XX ғасырларда қайсыбір ойшылдар «өмірдің мағынасы барынша рахат көру», деп жауап берді. Амалын тапсаң азаптан қаш та, жеңіл жолмен бұл өмірдің ләззатын сорып жата бер.  Бұл көзқарасты ғылымда « гедонизм» деп атайды. Гректің « хедоне » «рақат, ләззат» деген сөзінен шыққан. Ең қызығы бұл көзқарас өте өміршең болып шықты. Күні қазіргіге  дейін өмірдің мәнін осылай кері   түсіндіретін саяз адамдар   қоғамда жетіп артылады. ХХ ғасырдың 40-50 жылдарында өмірдің мәні деген мәселе басқа қырынан қайта қаралды. Себебі, жаңа ғасырдың басындағы жұмыссыздық салдары адам санасына   соққы боп тиіп, көп адам   қайғы-қасіретке ұшырайды.   Осы құбылысты дәл байқаған Американдық псхологтар « жексенбілік невроз» деген жаңа диагноз қояды. Психолог мамандарға келіп « біз жұмыс жасағымыз келеді, алайды жұмыс жоқ » деп шағымданған екен.

Изображение слайда

Слайд 6: Альберт Камюдің философиясы туралы естіп көрдіңіз бе ? 1957 жылы Нобель сыйлығының иегері атанған жазушы «Сизиф туралы аңыз » кітабында былай деп айтады : « Төсектен тұрады, автобус, төрт сағаттық жұмыс, тамақ, автобус, төрт сағаттық жұмыс, тамақ, ұйқы, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, көп санды уақыты бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ мәнсіз, мағынасыз жөңкілген қайталанбалы ағын. Бірақ, күндердің бірі оның миында «Не үшін ?» деген сұрақ пайда болады және сол сәттен бастап осының бәрінен таңырқау аралас жалығу басталады. « Басталу », бұл өте маңызды. Зерігу механикалық тұрмыстан басталған соң, сананы түгелдей қозғалысқа түсіреді». Шындығында біркелкі өмір адамды жалықтырып жібереді.  Жалыққан адам санасында неше түрлі ойлар болады. Егер адамдардың белгілі бір мақсаты болмаса, олардың іштері пысады, осылайша қоғамға бүлік әкелушілер пайда болады. Өмірдің мағынасыздығы мен ажалдың шынайылығын түсінген адамның шынайы құндылығы өзін-өзі мерт қылу жолымен ажалды қабылдауда емес, ажалмен күресте. Ажалмен күресу дегенде өлмеудің жолын іздеу емес, арғы дүниеге кеткенше саналы нәрсемен айналысу, мақсат қойып соны орындай білу, қоғамға пайдалы адамгершілік тұрғысынан ақылға қонымды нәрсе жасап кету. Яғни, бұл өмірге келіп, қалай өмір сүруің өзіңе ғана байланысты, абсурдқа толы жалған өмірде көптің бірі болып өткізу немесе абсурдпен күресіп, өз-өзіңе өмірдің мәнін жасап алу, игі істер атқарып, кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдыру

Изображение слайда

Слайд 7

Егер сен бақыттың неден құралатынын іздесең, мәңгі бақытты бола алмайсың. Егер сен адам өмірінің мән-мағынасын іздеуді қоймасаң, онда өмір сүре алмайсың. А. Камю

Изображение слайда

Слайд 8: Есімі тарихта қалған австриялық психоаналитик Виктор Франкл : « Біз өмірге айналадағы жұртты қуанту үшін ғана келдік. Қасыңдағы адамның түріне, жынысына, мәртебесіне, діни сеніміне, әлеуетіне қарамастан оған шаттық сезім сыйлау үшін ғана туылғанбыз», – дейді. В.Франкл дәрігер болып жүргенде мынадай сезімнің соңына түседі. Ол ақша табу үшін байларға ақылы қызмет көрсететін. Ал, түстен кейін жағдайы жоқ кедейлерге тегін қарасады. Яғни, оларды емдегені үшін ақы алмайды. Кедейлер оған риза болып, алғысты жаңбырша жаудырады. Франкл олардан алғыс алған сайын бақытқа бөленетін. Кеудесі шаттыққа толып, бейне бір бұлттың үстінде қалқып жүргендей болады. Қалталы пациенттер оған ақшасын беріп, жай ғана рахметтерін айтқан. Бірақ еңбегіне ақы алған соң жанды балқытып тұратын ләззатты таба алмай өмір сүруге деген ынтығы азаяды. Клиникасының ақшаға тәуелді екенін біліп тұрса да, адамдардан алғыс есту үшін ақысыз қызмет көрсетуге құмартып алады. Жағдайы жоқ мұқтаж жандарға тегін қарасқан сайын оның өмірге құштарлығы арта береді. Осылайша Франкл шыбын жанға толассыз шабыт сыйлайтын шаттық сезімді кеудесінен шығарып алмау үшін барлық адам ұрпағына риясыз қызмет ету керектігін ұғына түседі

Изображение слайда

Слайд 9: Өмір мәні туралы қанатты сөздер

Табысқа жетуге тырыспаңыз, өміріңіздің «мәні» болуға тырысыңыз! Альберт Эйнштейн. Өмір мәні тек бір нәрседе- ол күресу! Антов Чехов Өмір мәні неде? Біреуге қызмет етіп, жақсылық жасауда! Аристотель Өлімнен емес, бос өмірден қорқу керек! Бертольд Брехт Өмір үшін өмір мәнін жоғалтуға болмайды. Децим Ювенал Өмір мәні екіге бөлінеді- ішкі және сыртқы, сыртқы: отбасы, жұмыс, табыс. Ал ішкі түсініксіз және анық емес. Ол барлығында болады. Игорь Губерман

Изображение слайда

Слайд 10: Әрбір адам өмірге жай келген жоқ. Әрбір адамның өзіндк миссиясы, өмірге тигізетін бір ісі болады. Сол істі жасап, рахатқа бөленген кезде өмір мәні айқын анықталады

Өмір және өмір мәні деген ұғымдарды толығымен түсіну үшін адамзатқа сан жетпес жылдар керек. Сондықтан өз ойын өзіңе құнды болып, өмір мәнін өзің ұғын !

Изображение слайда

Слайд 11: Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары Нарықтық қатынастар дамыған қазіргі кезеңде тұлғаның дамуы, қалыптасуы бірінші кезектегі м ə селенің бірі болып отыр. Өскелең ұрпақты т ə рбиелеу ж ə не оқыту тек қана мұғалімдердің педагогикалық шеберлігіне, оқу - материалдық базаның түгелдігі, оқу бағдарламаларының сапасы мен  мазмұнына ғана байланысты емес, сонымен қатар, адамның психикалық қасиеттерінің қалыптасуына да байланысты болмақ. Әсіресе дәл қазіргі сәтте адамдарда кәсіби өсуде, мамандық таңдауда қателіктер көп кетіп жатады. Себебі, өмірдің мәнін көптеген адамдар өзінің сүйікті ісін жасаудан табады. Ал өмірде кәсіби дағдарысқа түсу көп жағдайларда адамдардың өз – өзін жоғалтуымен аяқталады. Елбасымыздың мақаласы нақты осы тақырыпқа арналмағанымен, Қазақстан халқының әлеуетін, психологиялық жағдайын қамтып өтеді. Елбасымыз өзінің « Рухани жаңғыру» атты мақаласын ұсынғанда, ол жерде бәсекелестікке қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы және ұлттық бірлік сияқты қасиеттерге тоқталып өткен болатын. Осы сәтте көптеген адамдардың мамандық таңдауда қателісіп жатуының бір себебі осы қасиеттердің жетіспеуінен де болып жатыр

Изображение слайда

Слайд 12: Прагматизм ( pragma  — іс-әрекет ) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ  Ч.С. Пирс  (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “ прагматизм принципі ” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады. Ұлттық бәсекеге қабілеттілік   - қоғамдық қызметтің барлық салалары бойынша бір елдердің екіншілерінен артықшылықта болуына мүмкіндік беретін факторлардың жиынтығы;  мемлекеттің  сыртқы күйзелістерге бой бермей, тұрақты қалыпта қалу қабілеттілігі.  Сананы ң ашықтығы – қоғамда болып жатқан жаңалықтар мен құбылыстармен таныс болу, ойлар мен әрекеттерге деген еркіндік. Қазіргі заманда өз кәсібінің маманы болам деген адамға тән қабілет боліы табылады. Ұлттық бірлік – қандай да бір мемлекет ішіндегі ынтымақтастықты білдіреді. Жалпы, бірлік деген сөзден бастау алған және соның жалпы халыққа арналып айтылған түрі

Изображение слайда

Слайд 13: Кәсіби өзін – өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар Кәсіби өзін – өзі анықтау –  адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы. Кәсіби өзін – өзі анықтаудың басты ( ізгі ) мақсаты – адамдағы өз даму келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іске асыруға деген іштей дайындықтың бірте – бірте қалыптасуы ( Ізгі мақсат деп аталу себебі бұл мақсатқа қол жеткізу өте сирек кездеседі ). Адам өзі көп жағдайда өзін-өзі кәсіби анықтай алмайды, сондықтан ол кеңесшінің көмегіне жүгінуіне тура келеді. Кеңесші мен клиенттің қатынасы барысында кәсіби өзін – өзі анықтау мәселелерін шешу күрделілігінің мынадай деңгейлері болады : проблема клиент қатысуынсыз шешіледі – клиент пассивті позицияны ұстанып, таңдау субъекті болмайды ; проблема клиентпен бірлесе отырып шешіледі – диалог, өзара әрекет, бірлесе жұмыс істеу ; клиенттің өз проблемаларын өз бетінше шешуге дайындығының бірте – бірте қалыптасуы – клиент нағыз субъектке айналады

Изображение слайда

Слайд 14

Кәсіби өзін – өзі анықтаудың міндеттері А қпаратты-анықтамалық немесе ағартушылық, диагностикалық (өзін – өзі тануға жәрдемдесу ) М оральді – эмоциялық ( таңдауда, шешім қабылдауда көмек көрсету )

Изображение слайда

Слайд 15

Кәсіби өзін – өзі анықтаудың негізгі белгілері Формализация – кәсібилік дипломдарда, сертификаттарда, еңбек кітапшасында, еңбек нәтижелерінде және т. б. көрінеді. Қолайлы жағдайлар – әлеуметтік сұраныс, талапқа сай ұйымдар, құрал – жабдықтар және т. б.

Изображение слайда

Слайд 16

Е. А. Климов кәсіби өзін -өзі анықтаудың екі кезеңін бөліп көрсетті Гностикалық деңгей - с ананы және сана-сезімді қайта құру Адамның әлеуметтік мәртебесінің нақты ( шынайы ) өзгеруі

Изображение слайда

Слайд 17: Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары Адамның тұлғалық дамуы мен к ə сіби дамуы арақатынасы ə рине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық ж ə не рухани м ə дениет заттарына, отбасына ж ə не өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. Сонымен, к ə сіби дамудың негізгі ерекшеліктері - к ə сіби байлықтар приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу. Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы к ə сіпке дайындалу ұғымы, бір жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы ə леуметтік жүйесінің құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар интериоризациясы мінез-құлықтағы ə леуметтік нормативтерді игеру арқылы келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде ж ə не мінез-құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде м ə лімет береді. Индивидті, к ə сіби ж ə не тұлғалық даму темптерінің с ə йкес болуы дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі ж ə не оны жүзеге асыруымен сипатталатын қатынас [1]. Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық ж ə не к ə сіби дамуы оның индивидуалды    өмірінде    өзара    ə рекеттесіп,   к ə сіби    өмір    сценарийінің    кең спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық к ə сіби қалыптасуының ə р кезеңдерінде орналасады. К ə сіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл ). Осы уақыт аралығында өмірлік ж ə не к ə сіби жоспарлар өзгереді, ə леуметтік жағдайлар мен жетекші іс - ə рекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған байланысты к ə сіби   қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері туралы сұрақ пайда болады

Изображение слайда

Слайд 18

Тұлғаның к ə сіби қалыптасу м ə селесін терең зерттеген отандық психологтардың бірі Т.В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс - ə рекеттің орындалу деңгейін кезеңдерді бөлу критерийлері ретінде алды. Ол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті: К ə сіби ниет, (ой) оның пайда болуы мен қалыптасуы ; К ə сіби білім беру ж ə не к ə сіби іс - ə рекетке дайындық; Мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру ж ə не өндірістік ұжымнан өз орнын табу; К ə сіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы

Изображение слайда

Слайд 19

К ə сіби бағдарлану кезеңдері (Е.А. Климов бойынша ) Оптация кезеңі ( 12-17 жас ) – к ə сіби өмірлік жолын саналы түрде таңдауға дайындық К ə сіби дайындық кезеңі (15-23 жас ) – болашақ к ə сіби іс - ə рекет икемділігіне үйрену, қажетті білім алу К ə сіпқойдың даму кезеңі (16-23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін ) – к ə сіби қауымдастықтардағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіне кіру ж ə не іс - ə рекет субьектісінің ə рі қарай дамуы

Изображение слайда

Слайд 20: Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы Кәсіби сәйкестілік дағдарысы. Бұны кәсіби таңдау дағдарысы деп те атайды. Алғашқы кәсіби дағдарыс тіпті кәсіптік білім беру сатысында (университетте, колледжде оқыған кезде) де болуы мүмкін, бұл кәсіби білім мен оқытуға қанағаттанбау, сондай-ақ мектеп пен студенттік өмірге бейімделудегі қиындықтармен байланысты. Жеке академиялық пәндерден қанағаттанбау бар, кәсіби таңдаудың дұрыстығына күмән туады, оқуға деген қызығушылық төмендейді. Студент өз таңдауының дұрыстығын ойластыра бастайды. Жастарда таңдап алынған мамандықты алуды тоқтату (көбінесе таза, сырттай, кейде кездейсоқ) мамандығының күшін жоюды талап етеді. Н.П. Фетискин (1987 ж.) Н. П. Фетискин (1987 ж.) Өз мамандығына қанағаттанбауына байланысты мектепті өз еркімен тастап кеткен (немесе босатылғандардың 50% -ы) немесе мектепке және студенттік өмірге бейімделу қиындықтарына байланысты (20%), Институтта оқуын жалғастырған студенттерге қарағанда, шешуші шешімділіктің (жүйке жүйесінің күшеюі, қозғалыстың мобильділігі, сыртқы теңгерімдегі басымдық) басымырақ типологиялық кешені бар

Изображение слайда

Слайд 21: өз мәртебесі мен жағдайына қанағаттанбаушылық салдары ретіндегі ең нормативтік белсенділік ; - адамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік – экономикалық шарттары : - жұмыс орындарының қысқаруы ; - кәсіпорындардың таратылуы ; - басқа жаққа көшу ; - психофизиологиялық жас өзгерістері : - денсаулықтың нашарлауы ; - жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі ; - жаңа қызметке кірісу ; - кәсіптік әрекетке толық берілу ; - тіршілік әрекетіндегі өзгерістер: -мекен-жайының өзгеруі ; - жұмыстағы үзіліс; - қызметтік роман

Э.Ф.Зеер кәсіптік қалыптасу дағдарыстарының мынадай негізгі факторларын бөліп көрсетті:

Изображение слайда

Слайд 22: Эмоциялық қажу синдромы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің, дін қызметкерлері мен психологтардың, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімшелерінің қызметкерлері мен балалар үйлерінің қызметкерлері, қайырымдылықтың түрлі бағыттарындағы еріктілердің кәсіби «ауруы» болып табылады. Адамдар бұл мамандықтарға жүрек шақыруымен барады, өзгелерге көмектесу қажеттілігін сезінеді, оларға жылулық пен қамқорлық сыйлайды, өмірдің белгілі бір кезеңінде ақыл-ойдың күшеюіне ие болады. Адамдардың ауыртпалығымен ұзақ уақыт бойы үнемі байланыста болған адамдар эмоционалдық күйіп кеткенін біледі. Бұл сіз үнемі басқаларға көп ақыл-ой күшін беру керек болғанда, соңғы қиындықтар сіздің проблемаларыңыз үшін көрінбейді және сізде махаббат пен жылулықтың өзіңіздің «резервуарыңызды» толтыруға ешқандай орын жоқ

Изображение слайда

Слайд 23: Кәсіби өсудегі кедергілер, оларды жеңу жолдары Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет. Бірақ адам уақыт өте келе кәсіби дағдарысқа түсіп, бір орында тұрып қалуы мүмкін. Бұған мынандай жағдайлар себеп бола алады : - өзгерістен қорқу, жайлылық аймағынан шыға алмау ; -ештеңе шықпайды деп санау ; -жаңа жұмысты бастау барысында өзінің алдыңғы жұмысындағы статусын жоғалтып алудан қорқу ; -адамдардың ойлары мен белгісіздіктен қорқу

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы: Алайда кәсіби өсу барысындағы дағдарыстан шығудың жолдары бар: - Өзіңіздің қорқынышыңызды мойындаңыз және қандай да бір сізге қолайлы түрде - оны қағазда сипаттаңыз, жазба құралында қорқыныш сипаттамасын жазыңыз; - Қорқыныштың «көзіне қарау» және оқиғалардың дамуының ең жағымсыз сценарийін қайта қарау, шығындар шынымен де қайғылы және түзетілмейтіндей ме? Мұндай жағдай орын алса, не істейсіз? Тіпті ең қорқыныштысы, бірінші кезекте, шешім әрдайым табылатына сеніңіз; - Қажетті өзгертулерге қарай кем дегенде 3 шағын әрекеттер жасап отырыңыз. Қарапайым болып көрінгенімен, олар қорқынышыңызды азайта бастайды. -Өз талантын бағалау жұмыс тәжірибенде жетістікке жетіге септігін тигізеді

Изображение слайда

Похожие презентации