Орта ғасырлардағы ислам философиясы — презентация
logo
Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Жоспар:
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
  • Орта ғасырлардағы ислам философиясы
1/13

Первый слайд презентации: Орта ғасырлардағы ислам философиясы

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар:

Ислам философиясына жалпы сипаттама; Ислам философиясының көрнекті өкілдері Жоспар:

Изображение слайда

Слайд 3

Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты. Бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді.

Изображение слайда

Слайд 4

Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Орта ғасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеалогияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының дамуына, қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді.

Изображение слайда

Слайд 5

Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет хантикварлы мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ислам философиясы. дін, құқық (фикї) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Ислам философиясының айрықша ерекшелігі – оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық философия дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі болды.

Изображение слайда

Слайд 6

Ислам философиясының негізін қалаған ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы“ атанған әл-Кинди (800 – 879ж ) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар деген ойларымен, Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болды

Изображение слайда

Слайд 7

Ал ислам философиясының көрнекті өкілі "Шығыстың Аристотелі" атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Түркі оқымыстылары Әбунасыр есімінің соңына кейде "әт-түрки" деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі. Ол логика, әуез (музыка), астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист.

Изображение слайда

Слайд 8

Жүсіп Баласағұни XI ғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі. Толық аты — Жүсіп Хас Хажиб Баласағүни. Ғалым өзінің атақты дастаны “Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегімен белгілі. Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіп Баласағүни ғылымның табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб, парсы тілі білімі сияқты салаларымен де айналысқан. Оның басты көңіл бөлген мәселесі — мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінің еңбегінде: "Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл — біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы", — деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады.

Изображение слайда

Слайд 9

Махмұд Қашқари — түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі. Ол Жүсіптің замандасы. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз, ғалымдар оның атақты шығармасы "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") Бұл "жинақ" "орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы" деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек.Ойшыл көптеген шығармаларын араб тілінде жазған.

Изображение слайда

Слайд 10

Ахмеи Йасауи халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен ортағасырлық ақын, философ, дін уағыздаушы. Оның қаламынан туған көлемді шығарманың бірі — “ Диуани хикмет" — "Даналық кітабы". Ол оғыз-қыпшақ тілінде жазылған. Бұл еңбектің бізге жеткені XV— XVІ ғасырлардағы көшірмелері, түпнұсқасы сақталмаған. Оның бұл шығармасы — діни сопылық еңбек.

Изображение слайда

Слайд 11

“ Диуани хикмет" — діни сопылық еңбек. Жалпы, сопылық құран мен шариғатты толық мойындайды. Сопылық, өнеге, ұстамдарға халықтық жоғары мораль, адамның ішкі, сыртқы тазалығы Аллаға сана арқылы ғана емес, өзінің шынайы тіршілігі арқылы құлшылық ету, қызықшылдыққа, байлыққа құмар болмау сияқты қағидалар тән. Сопылық өзінің осындай қарапайым, бұқара халықтың көңіліне жақындығымен ел арасында жақсы қолдау тапты, сөйтіп ислам дінінің бұқара халықтың арасына таралуына оң әсер етті. Ахмет Йасауидің өлеңмен жазылған "Даналық кітабындағы" жеңіл және түсінікті тілмен әсерлі жеткізілген осы қағидалар орта ғасырлардағы түркі халықтарының діни дүниетанымының, моралінің қалыптасуына үлкен әсері болды.

Изображение слайда

Слайд 12

Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалым. Түркі халықтарының ортақ мақтанышы, тұңғыш тарихшысы. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орталық Азия елдерін зерттеушілердің көбі оған жүгінеді. Түркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеуші еуропалы ғылымдардың қай-қайсысы да Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегіне соқпай кете алмайды. Оның басты еңбегі — әлемге әйгілі "Тарихи Рашиди" шығармасы парсы тілінде жазылып, дүние жүзіне таралған.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Орта ғасырлардағы ислам философиясы

Қадырғали Жалайыри - Жалайыр тайпасынан шыққан ортағасырлық ғұламалардың тағы біреуі әрі бірегейі. Ол казіргі Рязань ерінде орналасқан аралық мемлекет Қасым хандығында тұрған кезде өзінің атақты еңбегі "Жамиғ Ат-Тауарихты " ("Жылнамалар жинағы") жазды. Ол оны 1602 жылы аяқтаған. "Жылнамада" Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, алшын, т.б. секілді түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды.

Изображение слайда

Похожие презентации