PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills — презентация
logo
PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • Мысалды өз беттерімен талдауға арналған «Топтық тергеу» әдісі
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • «Мәтіндік граффити» (әңгімеге қатысты ұғымдарды тауып бояу)
  • «Мәтіндік граффити» ( әңгімеге қатысты ұғымдарды тауып бояу )
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
  • Рефлексия
  • PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills
1/18

Первый слайд презентации

PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills дағдыларын дамыту

Изображение слайда

Слайд 2

Soft skills дағдылары Көптеген зерттеулер көрсеткендей, мансапта өсу үшін кәсіби білім мен дағдылар ғана емес, сонымен қатар адамның қосымша психологиялық аспектілері де маңызды. Адамдардың осы аспектілері жақсы дамыған болса, кәсіби салада да, жеке салада да табысты болады. Яғни бұл soft skills туралы. Өмірдегі сәттілік осыған тікелей байланысты. Soft skills дегеніміз не ? Soft skills ағылшын тілінен икемді дағдылар деп аударылады. Анықтама бойынша оларды кәсіби емес, өмірлік білімге жатқызады. Икемді дағдылар адамның жұмыс әрекетімен тікелей байланысты болмаса да, бұл оған өнімділікті жоғарылатуға және берілген тапсырмаларды табысты орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер икемді дағдылары бар адамдарды жұмысқа алуға дайын. Сондай -ақ икемді дағдыларды өлшеу қиын, бірақ олардың көпшілігі талғампаз адамға бір қарағанда көрінеді. Сізді одан сайын қызықтыру үшін, айталық, көптеген адамдар туғаннан бастап иткемді дағдыларға ие және олар үшін мұндай дағдылар өте табиғи болып көрінеді. Ал басқа адамдар соны дамытуға көп күш салады, бірақ табысқа жете бермейді. Икемді дағдылар - бұл басқа адамдармен үйлесімді және тиімді қарым -қатынас жасауға мүмкіндік беретін адамның жеке қасиеттері. Табыстың сыры осында екені белгілі болды.

Изображение слайда

Слайд 3

Soft skills деген не? Soft skills (« икемді» дағдылар) — мамандандырылмаған, бірақ өмір мен мансап жолында маңызды рөл атқаратын дағдылар жиынтығы. Яғни, бір саламен шектеліп қалмайды. Олар субъективті және өлшеуге келмейді. Soft skills дағдыларына мына әрекеттер жатады : Кешенді тапсырмаларды шеше алуы; Сыни ойлай алуы; Шығармашылықпен ойлауы; Адамдарды басқара алуы; Командамен жұмыс істей алуы; Басқа адамдардың эмоциясы мен өзінің эмоциясын анықтап, оларды басқара алуы; Өз ой пікірін айтуы және пайымдап, шешімдер шығара алуы; Ортаға бейімделуі; Келісім жүргізе алуы; Бір тапсырмадан екіншісіне тез ауыса алуы.

Изображение слайда

Слайд 4

Оқу сауаттылығы бойынша Soft skills дағдыларын қалыптастыру әрекетінің бірі-мазмұндау Мазмұндау дағдысын қалай қалыптастыруға болады? Сыныпты А және Б тобы етіп бөлу керек. А тобындағы оқушыларға және Б тобындағы оқушыларға да жарты бет мәтін береміз. Оларға осыны оқып шығуды тапсырамыз. Барлық оқушы өз мәтінін оқып жатыр, яғни оқылым дағдысы жүріп жатыр. 5 минут уақыттан соң А тобындағы оқушылар оқып, түсінгенін Б тобындағы оқушыларға мазмұндап береді. Айтылым және тыңдалым дағдысы жүріп жатыр. 5 минут өткен соң, керісінше Б тобындағы оқушылар өз оқығандарын А тобындағы оқушыларға айтып береді. Барлық оқушылар жарты бет мәтінді оқиды және оны серіктесіне айтып береді. Осы әрекетті бір сағат көлемінде 3 рет қайталайтын болсақ, оқушыларда өз сөзімен баяндау дағдысы қалыптаса бастайды. Осы мазмұндау дағдысы барлық оқушыда толық қалыптасып болған соң, келесі сұрақ қою немесе өзге де дағдыларды қалыптастырумен айналысуға болады.

Изображение слайда

Слайд 5

« Жамандыққа жақсылық» (Ы.Алтынсарин ) (1 мәтін ) Қызылбас патшасының, Абдулла деген уәзірі бар еді. Соның заманында жұрт бұзылып, бір күн уәзір патшаға келе жатқанда халық қамап: - «Дегенімізді істе, істемесең өлтіреміз» дейді, ішінде бір батырырағы уәзірді сақалынан алып жұлыпты. Уәзір ашуланбады, бұлардан шыққан соң патшаға барып, жұрттың тілегін беріңіз деп өтініп тілегенін патшадан алып берді және өзінің көрген жамандығы үшін ешкімге жаза бермеңіз дейді. Ертеңіне уәзірге бір саудагер келіп: - Тақсыр, кеше сізді ренжітіп сақалыңыздан жұлған кісіні айтайын деп келдім, ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жазасын беріңіз, - деді. Бұл сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды. Нағым: « Менің кешегі ісімді біреу айтып қойған екен» деп, қорыққанынан үрейі кетіп, келе сала уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір Нағымды жерден көтеріп алып айтты дейді: Мен сені жазалау үшін шақырмадым, бірақ, көршің саудагер жақсы кісі емес екен, сенің білместігіңді маған келіп айтты, екінші рет ол көршіңнен сақтанып жүр, соны айтайын деп шақырып едім, енді аман бол! - деп үйіне кіріп кетіпті.

Изображение слайда

Слайд 6

«СҰРАҚТАР БОЙЫНША ТАЛДАУ» әдісі Тыңдаушылар немесе оқушылар «Кім» «Неге?», «Не ?», « Қашан?», «Қалай?» болып, 5 топқа бөлініп, ұсынылған материалды талдайды. 1-топ «Кім?» тобы: - ************************************************************************? 2-топ «Неге?» тобы: -************************************************************************? 3-топ «Не?» тобының сұрақтары: - ***********************************************************************? 4-топ «Қашан?» тобы: - *************************************************************************? 5-топ Қалай» тобы: - *************************************************************************? Соңында балалар өз сұрақтарына жауап іздеп, қорғау кезінде қаралмаған сұрақ қалмайды. Барлық сұрақ қарастырылады. Тақырып ашылады.

Изображение слайда

Слайд 7

«СҰРАҚТАР БОЙЫНША ТАЛДАУ» әдісі Тыңдаушылар немесе оқушылар «Кім» «Неге?», «Не?», «Қашан?», «Қалай?» болып, 5 топқа бөлініп ұсынылған материалды талдайды. 1-топ «Кім?» тобы: - Қызылбас патшасының уәзірі кім? 2-топ «Неге?» тобы: - Сақалы жұлынған уәзір неге ашуланбады? 3-топ «Не?» тобының сұрақтары: - Ертеңіне саудагер уәзірге не айтуға барды? 4-топ «Қашан?» тобы: - Уәзір Нағымды қашан шақыртып алды? 5-топ Қалай» тобы: - Уәзірді көрген Нағым өзін қалай ұстады? Соңында балалар өз сұрақтарына жауап іздеп, қорғау кезінде қаралмаған сұрақ қалмайды. Барлық сұрақ қарастырылады. Тақырып ашылады.

Изображение слайда

Слайд 8

« 6 Неліктен?» әдісі Әңгіме бойынша неліктен ? с ұрағымен басталатын 6 сұрақ құрастыр.

Изображение слайда

Слайд 9

« 6 Неліктен?» немесе «Кубизм» әдісі 1. Неліктен уәзірдің сақалы жұлынды ? 2. Неліктен саудагер уәзірге келді? 3. Неліктен халық тынышталды? 4. Неліктен Нағым уәзірдің аяғына жығылды? 5. Неліктен уәзір Нағымды жазаламады? 6. Неліктен адамдар бір-біріне сатқындық жасайды?

Изображение слайда

Слайд 10

Топтық жұмыс Әңгімедегі оқиғалар Сіздің көзқарасыңыз « Дегенімізді істе, істемесең өлтіреміз » Тақсыр, кеше сізді ренжітіп сақалыңыздан жұлған кісіні айтайын деп келдім. Ол көршіңнен сақтанып жүргендей екенсің.

Изображение слайда

• Қатысушыларды бес топқа бөлеміз. • Әр топқа тапсырмалар беріледі. 1- топ. Баяндап берушілер. Олардың тапсырмасы: әңгімені оқып, мазмұнын өз көзқарастарын қосып баяндау. 2-топ. Зерттеушілер. Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру, мәтіннен антоним, синоним сөздерді табу. 3- топ. Сұрақ құрастырушылар. Әңгімені оқып, проблемалық сұрақтар дайындайды. 4- топ. Сілтеме табушылар. Әңгіме мазмұнына сәйке мақал- мәтелдер, афоризмдер, қанатты сөздер тауып сәйкестігін дәлелдейді. 5- топ. Дәнекерлер. Әңгіме оқиғасын бүгінгі өмірмен байланыстырып, жазылым тапсырмасын (комментарий) орындайды.

Изображение слайда

Слайд 12

саудагер ж ұрт Қызылбас көрші уәзір сақал үй аяқ «ГЛОССАРИЙ» СТРАТЕГИЯСЫ Оқушыларға арналған тапсырма: «Жамандыққа жақсылық» мәтінінде кездесетін сөздерді таңдап, бұлардың бір-біріне қандай қатысы бар екенін айтыңыздар.

Изображение слайда

Слайд 13: Мәтіндік граффити» (әңгімеге қатысты ұғымдарды тауып бояу)

Жанры Авторы Шығарма атауы Идеясы 1 кейіпкер Проза Ыбырай Әншілер Сатқындық, опасыздық Көрші Поэзия Абай Жаманды ққа жақсылық Жалған өнер Екі кісі Лирика М.Мақатаев Надандық Ақынның жай-күйі Саудагер 2 кейіпкер Диалог Кейіпкерлерге мінездеме Оқиғаның өрбуі Қорытынды Көрші «Сен иткен неғылған дәулет? » Дауысы жоқ болса да ән салғыш ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жазасын беріңіз Ол көршіңнен сақтанып жүр, соны айтайын деп шақырып едім, енді аман бол! Халық Емделуге, асқа да бір келуші ек Кез келген уақытта сатқындық жасауға бейім, опасыз адам Екеуінің де аузы –мұрны қан болды Мен емдеп, ақы алып олжа таппас едім, - деді. Дәрігер Тақсыр, кеше сізді ренжітіп сақалыңыздан жұлған кісіні айтайын деп келдім. Оқыған адам, аздап мысқылы бар Құлағын басып жалынды Төрт бүктеліп төсекте жатып қалдым, Қаным менің қайтадан көтеріліп

Изображение слайда

Слайд 14: Мәтіндік граффити» ( әңгімеге қатысты ұғымдарды тауып бояу )

Жанры Авторы Шығарма атауы Идеясы 1 кейіпкер Проза Ыбырай Әншілер Сатқындық, опасыздық Көрші Поэзия Абай Жаманды ққа жақсылық Жалған өнер Екі кісі Лирика М.Мақатаев Надандық Ақынның жай-күйі Саудагер 2 кейіпкер Диалог Кейіпкерлерге мінездеме Оқиғаның өрбуі Қорытынды Көрші «Сен иткен неғылған дәулет? » Дауысы жоқ болса да ән салғыш ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жазасын беріңіз Ол көршіңнен сақтанып жүр, соны айтайын деп шақырып едім, енді аман бол! халық Емделуге, асқа да бір келуші ек Кез келген уақытта сатқындық жасауға бейім, опасыз адам Екеуінің де аузы –мұрны қан болды Мен емдеп, ақы алып олжа таппас едім, - деді. Дәрігер Тақсыр, кеше сізді ренжітіп сақалыңыздан жұлған кісіні айтайын деп келдім. Оқыған адам, аздап мысқылы бар Құлағын басып жалынды Төрт бүктеліп төсекте жатып қалдым, Қаным менің қайтадан көтеріліп

Изображение слайда

Слайд 15

Өз ой пікірін айтуы және пайымдап, шешімдер шығара алу дағдысы Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңі (2 мәтін) « Боулинг» әдісі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, өзіндік пікірін білдіру. Орындалу шарты: Боулинг бөтелкесіне сұрақтар жасырылады. Әр топтан бір оқушы шығып,допты лақтыру арқылы сол бөтелкеден сұрақты алып, жауап береді. Өзіндік пікірін білдіреді. Ұсынылатын сұрақтар: 1.Бұқар жырау кім? 2.Тілек, тілек тілеу, тілекші болу, тілегіне жету деген ұғымдарды қалай түсінесің? 3.Тілек өлеңіне Бұқар жырау «Он бір тілек тілеңіз» деп неге атаған? 4.Өлеңдегі бір Аллаға жазу, қаза болу, тіліне ері, олжа болу, қол келу, тұлдану, тақтан таяу тіркестерінің мағынасын ашып, түсіндіріп бер? 5. «Тілек» өлеңінде жырау көтерген басты тақырыптарды санамалап айтайық. 6.Осы заманда Бұқар жырау көтерген мәселелер бар ма? Қалай ойлайсың? 7.Өлең жолдарынан теңеуді тап. 8.Өлең жолынан эпитетті тап. 9.Өлең жолынана тұрақты тіркестерді тап.

Изображение слайда

Слайд 16

Шығармашылықпен ойлау дағдысы «Кесте» әдісі арқылы өлеңді салыстыра отырып, шынайы өмірмен байланыстыру. Тапсырма. «Тілек» өлеңін негізге ала отырып, өз ойларымен аяқтап жазу. Орындалу шарты: «Тілек» өлеңінің бастапқы бірінші шумағы беріледі. Бесінші тілек тілеңіз деген шумақтан бастап, оқушылар өздері өз ойларымен аяқтайды. Аяқтаған соң Бұқар жыраудың тілегімен «Кесте» әдісі арқылы оқушылардың аяқтаған тілектерін кестеде ұқсастығын және айырмашылығын салыстырып, көңіл күйді анықтайды. Бірінші тілек тілеңіз: Бір Аллаға жазбасқа Екінші тілек тілеңіз: Ең шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа Үшінші тілек тілеңіз: Үшкілсіз көйлек кимеске, Төртінші тілек тілеңіз: Төрде төсек тартып жатпасқа. Бесінші тілек тілеңіз: .............................................. Алтыншы тілек тілеңіз: .............................................. Жетінші тілек тілеңіз: ............................................. Сегізінші тілек тілеңіз: ............................................ Тоғызыншы тілек тілеңіз: ............................................. Оныншы тілек тілеңіз: .............................................. Он бірінші тілек тілеңіз: .............................................

Изображение слайда

Слайд 17: Рефлексия

«Түсіндім, нені?-----------------» Білдім, нені? ----------------------» КБ: Сұрағым (тілегім, ұсынысым) бар: ----------------------------------

Изображение слайда

Последний слайд презентации: PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың soft skills

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Изображение слайда

Похожие презентации