Слайд 2
Қарапайым идея: егер оқыту тәжірибеңізді жетілдірмек болсаңыз, оның оқушыларға ықпалын қадағалау үшін әріптестеріңізбен бірігуден артық не бар?!
Слайд 3
Шығу тарихы Сабақты зерттеу ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда пайда болған. Бұл тәсіл Макота Йошиданың Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жасаған таныстырылымынан кейін, 2007 жылдан бастап Жапониядан тыс жерлерде танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. М. Йошида бұл жетістік Сабақты зерттеу тәсілінің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады (МАН, 2-деңгей).
Слайд 4: Сабақты зерттеудің бірінші циклі
Бірінші СЗ-ны бірлесіп жоспарлау Бірінші СЗ-ны өткізу/ қадағалау Оқушылар- мен сұхбаттасу 1- СЗ-ны талқылау және 2-СЗ-ны жоспарлау Сабақты зерттеудің бірінші циклі Сабақты зерттеудің екінші циклі 2- СЗ-ны талқылау және үшінші СЗ-ны жоспарлау Оқушылар- мен сұхбаттасу Екінші СЗ-ны өткізу/ қадағалау Екінші СЗ-ны бірлесіп жоспарлау Сабақты зерттеудің үшінші циклі Үшінші СЗ-ны бірлесіп жоспарлау Үшінші СЗ-ны өткізу/ қадағалау Оқушылар- мен сұхбаттасу Үшінші СЗ- ны талқылау және ортақ қорытынды жасау Енгізілуге тиісті өзгерістерді анықтау үшін СЗ тобының бірінші отырысы Өз қорытынды/ нәтижелеріңізді жазыңыз, ашық зерттеу жүргізіңіз 1- сурет. Сабақты зерттеу циклдері
Слайд 5
1-кесте. Сабақты зерттеу үдерісінің бір циклінің жалпы кестесі (Lewis, Hurd, 2011). 1. Сабақты зерттеу тобын құру (бір немесе екі кездесу) Сабақты зерттеу тобына мүшелерді тарту. Сабақты зерттеу туралы ортақ пікір қалыптастыру. Жоғары сапалы кәсіби білім туралы ойларымен бөлісіп, топ ережесін жасауда соларға сүйену. Топ нормаларын белгілеу. Нақты мерзім белгілеп, кездесу кестесін жасау. 2. Топ қарастыратын мәселені анықтау (бір немесе екі кездесу) Мұғалімнің оқушыларға қатысты әзірлеген ұзақ мерзімді жоспарында қамтылған зерттеу тақырыбын (басты мақсат) келісу. Егер зерттеу жүргізуші маманның міндеті мектепішілік шараларды қамтитын болса, зерттеу тақырыбы ретінде жалпымектептік мәселені белгілеген дұрыс. Пәндік саланы таңдау (мысалы, жаратылыстану пәндері, әлеуметтік ғылымдар); егер бұл алдын ала белгіленбеген болса. Қадағаланатын сабақтың нақты тақырыбы мен бөлімін анықтауды бастау. 3. Тақырыпты зерделеу және зерттеу сабағын жоспарлау (3-тен 8-ге дейін кездесу) Зерттеу сабағы үшін таңдап алынған тақырыпқа қатысты оқу бағдарламасын, бұған дейін өткізілген сабақтар мен зерттеулерді зерделеу, мүмкін болса, осы салада тәжірибелі адамдардан кеңес алу. Егер сізге оқушының ойлау үдерісі туралы қосымша ақпарат қажет болса, ондай ақпаратты жинау үшін зерттеу сабағының алдында «лас сабақ» өткізе алады («лас сабақ» дегеніміз арнайы жоспарланбаған сабақ). Зерттеу сабағын жоспарлау, сабақ пен тақырып бойынша белгіленген нақты жоспармен қатар, ұзақ мерзімді жоспардың қамтылуын назарда ұстау қажет. Егжей-тегжейлі сабақ жоспарын жазу. Сабақ жоспары оқушылардың ойлау үдерісін болжауға, дерек жинауға көмектеседі, сабақтың неліктен дәл осылай құрылымдалып жоспарланғанын негіздеуге және туындаған сұрақтарыңыз бен байқаған/аңғарған мәселелеріңізді жазып алуға мүмкіндік береді. Сабақ жоспарының бір бөлігі ретінде қандай дерек жиналуы керектігі көрсетілетін дерек жинау жоспарын әзірлеңіз. 4. Зерттеу сабағын өткізу және талқылау (бір сабақ, сабақ өткен күні немесе көп кешіктірмей кездесу өткізу; сабақ тағы бір рет өткізілген болса, талқылауды қайталау) Жоспарланған деректерді жинау. Құрылымдалған күн тәртібіне сәйкес сабақтан кейінгі талқы өткізіледі. Бұл кездесуге үйлестіруші мен хатшы тағайындалады. Пікірталас барысында зерттеу сабағында жиналған деректерге назар аударылады. (Қаласаңыз, сабақты қайта қарап, топтың басқа мүшесіне қайта қаралған жоспармен басқа сыныпқа тағы бір сабақ өткізуге болады). 5. Рефлексия және алдағы қадамдарды жоспарлау (бір немесе екі кездесу) Зерттеуден алған білімді бекіту: не үйрендің, не түйдің (пән мазмұнына, оқушының ойлау үдерісіне, оқытуға қатысты және басқа да салаларда). Таныстырылым немесе жазбаша жұмыс ретінде жинақтап, түйіндеу. Осы сабақты зерттеу үдерісінде ненің тиімді болғанын және алдағы уақытта нені өзгерту қажеттігін талқылау. 6. Сабақты зерттеу тәжірибесі – мұғалім мамандығын игеруге көмектесетін маңызды жұмыс. Іске сәт!
Слайд 6
2-кесте. Сабақты зерттеу тобын құруға арналған әдіс-тәсілдер (Lewis, Hurd, 2011) ӘДІС-ТӘСІЛ РЕСУРС Хабардарлықты арттыру, еріктілерді тарту Бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытатындарды анықтау мақсатында әріптестермен бірге Сабақты зерттеу туралы мақала немесе кітап оқу, бейнежазба көру Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан топтың құрамын өзгерту Сіздің ауданыңызда немесе өңірде жұмыс істеп жатқан топ Сабақты зерттеу тобына бастама бола алады: • Оқу бағдарламасы бойынша, стандарт бойынша немесе бағалау бойынша жұмыс топтары. Соларда айтылған идеяларды басқалар да көруі үшін зерттеу сабағында жүзеге асыруға болады. • Тәлімгер, коуч немесе пән саласындағы маман. Зерттеу сабағында солар айтқан үздік тәжірибе туралы ойларды іске асыруға, таратуға немесе тексеруге болады. Сабақты зерттеу тәсілін енгізу үшін ағымдағы жұмысты өзгерту Гранд бөлінетін жұмыстар. Бәлкім гранд бөлуші зерттеу сабағын дәстүрлі қорытынды есеппен емес, ашық зерттеу сабағы түрінде аяқтауды қалар. Көпшілік алдында өтетін зерттеу сабағы жауапкершілікті арттырумен қатар, грант арқылы қаржыландырылатын жұмыс туралы хабар таратуға көмектеседі. Кәсіби даму кредиті. Мұғалімдерді жеке курстар мен түрлі конференцияларға жібере бергенше, Сабақты зерттеу топтарына арнап факультатив ұйымдастырса қалай болмақ? Оқу бағдарламасын іске асыру сапасына шолу, мектепті дамыту жоспары т.б. Сабақты зерттеу мақсат белгілеу, оқытуды жетілдіру және оқушылардың үлгерімін бағалау жұмыстарын құрылымдауға көмектеседі. Бақылау нысандарына шолу жасау. Қадағалау жүргізуге шақырылған мұғалімдер қолданыстағы талаптардың орнына, зерттеу сабағын өткізудің басқа нұсқасын ұсына алады ( мысалы, сабақты директордың қадағалауы ). Жергілікті одақтар мен пән бойынша әдістемелік бірлестіктерді тарту Мұғалім одақтары мен белгілі бір пән қауымдастықтары Сабақты зерттеуді енгізе бастаған пионер болатын (мысалы, Dubin, 2009). Сабақты зерттеу тобын немесе қоғамдастығын құру үшін ғылыми мұражай, педагогикалық институт немесе өзге де мекемелермен әріптестік орнатуға болады. Қолдау көрсетуші мектепті табу Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан немесе құру жоспарланған магнит мектеп немесе кәсіби даму мектебі жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі ретінде Сабақты зерттеу тәсілін қамтуы мүмкін. Жақтастарыңды жина Бірнеше әріптесіңмен бірге жұмыс істей отырып, шағын ғана Сабақты зерттеу тобынан бастаңыз. Ол жерде сіздер бірлесіп Сабақты зерттеу тәсілін қолдану жолдарын үйрене аласыздар. Кейіннен тобыңыз пайдалы ақпаратпен бөлісе бастағанда, қызығушылық танытушылар да, қолдау көрсетушілер де табылып жатады. Ғаламтордан іздеу Қазіргі кезде интернет желісінде Сабақты зерттеу топтары туралы ақпарат бар. Сіз Сабақты зерттеу қоғамдастықтарымен байланыс орната отырып, сіздің қызығушылық білдіретін салаңыз бойынша ізденетін адамдарды таба аласыз.
Слайд 7
Топ ережесін жазып, көзге көрінетін жерге іліп қойған дұрыс Зерттеу тақырыбын келісу Сабақты зерттеу тобы құрылған соң олар өздерінің алдағы уақытта қандай тақырыпты зерделейтіндерін шешіп алуға тиіс. Бұл мұғалім тәжірибесінде кездесетін оқуға немесе оқытуға, оқушы мінез-құлқына, оқушыны оқуға ынталандыруға қатысты қиындықтар, оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу, жаңа оқу бағдарламасын іске асыру, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмысты ұйымдастыру немесе өзге де мәселе болуы мүмкін. Айталық, мінсіз оқушы мен шынайы оқушыға тән қасиеттер арасындағы алшақтықты анықтау немесе мектептің қолданыстағы даму жоспарында көзделген мақсаттарға қол жеткізу бағытындағы жұмыс. Зерттеу сұрағын қарастырған кезде жалпы мақсаттардан нақты, өзекті мәселелерге көше отырып, зерттеуге болатын салаларды іріктеу үшін миға шабуыл жүргізу пайдалы болмақ. Зерттеу сұрағы мынадай мәселелерді қамтуы мүмкін (Cohen, Manion, Morrison, 2011):
Слайд 8
Болжау; Түсіну; Ашу (жаңалық ашу мағынасында); Себеп-салдарын талдау; Тексеру; «Не?» «Егер... болса, не болады?» «Кім?»; «Қашан?»; «Қайда?»; • «Неге?»; «Қалай?»; Түсіндіру; Сипаттау; Байланыс (мысалы, айнымалылар, адамдар, іс-шаралар арасындағы); Салыстыру; Үдерістер; Факторлар; Бағамдау; Функция немесе мақсат; Белгілі бір нәтижеге қалай қол жеткізуге болады; Бірнәрсенің түрлері; Құрамы мен сапасы; Бірнәрсенің сатылары; Бірнәрсені істеу жолдары; Бірнәрсеге қол жеткізу жолдары; Бірнәрсенің құрылымы; Бірнәрсенің баламалары; Бірнәрсені дамыту немесе жетілдіру жолдары.
Слайд 9
Сабақты зерттеу бір мезгілде 4 деңгейдегі мақсатты көздейді (Lewis, 2002): 1- деңгей: Сабаққа қатысты мақсаттар : Тізбектелген сабақтар топтамасы тетіктерінің қағидаттарын білуге ынталы болу. Мектеп маңайындағы кәсіпорындар мен мекемелерді білу. Шеңбердің ұзындығы диаметрден шамамен үш есе үлкен екенін зерттеу. 2- деңгей: Тақырыпқа қатысты мақсаттар : Салмағы бір объектіні иінтіректің көмегімен көтеру үшін қажетті күш объектінің қандай биіктікте болуына және жұмсалатын күшке байланысты өзгеріп тұратынын түсіну. Жергілікті қоғам және өзінің ондағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру. Шеңбердің ауданын және шеңбердің ауданының тік төртбұрыштың ауданына қатынасын қалай есептеу керектігін түсіну. 3- деңгей: Жалпы пәнге қатысты мақсаттар : Математика пәні бойынша жаңа есептерді шығару үшін бұған дейінгі білімін белсенді қолдану. Ғылыми дағдыларды дамыту, айталық, бес сезім мүшесін пайдалану, тұжырымдарды растау үшін дәлелдерді пайдалану. 4- деңгей: Оқушыларды дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттары : Оқушы ретінде бастама жасау. Құлшыныспен оқу. Достықты құрметтеу. Басқалармен бірлесіп жұмыс істеу.
Слайд 10
Оқу бағдарламасын, бұған дейінгі сабақтар мен зерттеулерді зерделеу Өз тәжірибесін зерттеуші мұғалімдер жаңа бірдеңе ойлап шығармай, өз істерін бұған дейін өткізілген сабақтарға негіздей отырып құрса, Сабақты зерттеу үдерісі анағұрлым тиімді болмақ. Бұл үдерісті Сабақты зерттеу тәсілінің отаны Жапонияда «Кьёзай кенкю» (Kyouzai kenkyuu) деп атайды, яғни оқыту материалдарын зерттеу. Бұл зерттеу сабағын жоспарлаудың ажырамас бөліктерінің бірі болып табылады. Дәстүрлі ғылыми зерттеуде бұны әдебиетке шолу жасаумен салыстыруға болар. Қазіргі кезде өз еліміздің, сондай-ақ басқа ел мұғалімдерінің тәжірибесін көрсететін ресурстар жетерлік. Айталық мұғалімдер басқа мектеп мұғалімдері өткізген зерттеу сабақтарының материалдары мен бейнежазбаларын қарастыра алады. Біліктілікті арттыру мекемелерімен қатар, мектептердің өздерінде де бұндай материалдар жинақталған. Сонымен қатар, Сабақты зерттеу тәсілі туралы кітаптар, әдістемелік құралдар мен зерттеу нәтижелері жарияланған есептерді зерделеген дұрыс. Бұл ресурстар мұғалімдер үшін бастапқы нүкте рөлін атқара алады, олардан көп нәрсе үйренуге болады. Алайда оларды көшірмелеудің қажеті жоқ. Басқалардың сабақтарын негізге ала отырып, соларға еліктей отырып, мұғалімдер өзінің оқыту стилін қалыптастыру қажет. Осы сатыда зерттеу тобына тәжірибелі адамдардан кеңес сұрап, сыншы достың көмегіне жүгінуге болады. Сырт адамның бағамдаушы кері байланысы мұғалімдерге өз жұмысы туралы анық көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Егер сабақты зерттеу тобы оқушының санасында жүріп жататын ойлау үдерісі туралы немесе оқушының сабақтағы іс-әрекеті мен мінез-құлқы және т.б. туралы қосымша ақпарат қажет деп санаса, бұндай ақпаратты «лас сабақтың» көмегімен ала алады. Зерттеу сабағының алдында өткізілетін «лас сабақтың» мақсаты қандай? Зерттеу сабағы барысында тапсырмаларды, қолданылатын әдіс-тәсілдерді қалай саралау қажеттігін анықтауға көмектесетін бастапқы дерек жинау үшін «лас сабақ» өткізіп, қадағалауға болады.
Слайд 11
Сабақты бірлесіп жоспарлау Зерттеу сабағының жоспарын барынша мұқият, егжей-тегжейлі әзірлеу ұсынылады. Жапония тәжірибесінде оқуға жетекшілік ету жоспары қолданылады. К.Льюистің айтуынша, оқуға жетекшілік ету жоспары сабақты өткізу, қадағалау және талқылауды бағыттайды және де Сабақты зерттеу барысында туындайтын мәселелерді тіркеп отыруды көздейді. Оның күнделікті қолданылатын сабақ жоспарына қарағанда, функциясы анағұрлым кеңірек. Себебі оқуға жетекшілік ету жоспары – кешенді, оны бір-бірінің ішінде тұратын үш шеңбер ретінде қарастыруға болады: бірінші ішкі шеңберде – зерттеу сабағының жоспары, оның сыртындағы шеңберде – тараудың жоспары, ал осының бәрін қоршап тұрған ең сыртқы шеңберде оқыту жоспары (2-сурет) (Lewis, 2002). О қ у ғ а ж е т е к ш і л і к е т у ж о с п а р ы Т а р а у д ы ң ж о с п а р ы Зерттеу сабағының жоспары
Слайд 12
Сабақты жоспарлау барысында зерттеу тобының мүшелері төмендегі мәселелерді назарда ұстағаны дұрыс: Оқушылар қазіргі кезде бұл тақырып бойынша не біледі? Осы тарауды өтіп болғанда олардың нені біліп, түсінгенін көздейміз? Оқушыларға бірінші тармақтан екінші тармаққа жетуге көмектесетін тізбектелген сабақтар топтамасы қандай болуы керек? Әр тақырыпты және әр сабақты әсерлі әрі қызықты ету жолдары қандай? Бұл тақырыптың ішіндегі қай сабақ зерттеу сабағы ретінде таңдалып алынады? Бұл сабақты бастамай тұрғанда оқушылар нені білуі керек, яғни олардың бұл сабақтың алдындағы білімі қандай болу керек? Бұл сабақ барысында оқушылар не үйренеді? Бұны үйрену үшін оқушылар қандай жаттығу орындау керек? Оқушылар жаттығуларды қалай орындап, сұрақтарға қалай жауап береді (болжау)? Қандай проблема туындап, қандай түсінбестік орын алуы мүмкін және мұғалімдер оны қалай шеше алады? Оқушылардың білімді, дағдыны игергені туралы, ынтасы мен мінез-құлқы туралы қандай дерек жинап, оларды қалай талқылау керек? Бұл үшін дерек жинаудың қандай әдістерін қолдануға болады?
Слайд 13
Бақылаудағы оқушыларды белгілеу Алдымен зерттеу сабағы қай сыныпта өтетінін анықтап алған дұрыс. Содан соң зерттеу сабағы барысында қадағаланатын оқушылар таңдалады. Олардың санына қойылатын нақты талап жоқ. Зерттеу мақсатының негізінде қадағаланатын оқушылар санын сабақты зерттеу тобы өздері белгілейді. Айталық, белгілі бір дағдының дамуын, қалыптасуын анықтау көзделсе, оқушылардың осы дағдыны меңгеру деңгейіне қарай, яғни бұл дағдыларды жоғары деңгейде, орта деңгейде және төмен деңгейде меңгерген оқушылар қадағаланады. Ал Сабақты зерттеудің негізгі мақсаты оқуда белгілі бір қажеттіліктері бар балаларда дағдылардың қалыптасуын зерттеу болса, мысалы белгілі бір сырқатқа шалдыққан балалардың оқылым дағдыларын зерттеу болса, осында 2-3 баланы қадағалауға болады. Сабақты қадағалаушы мұғалімдер өзара кім қадағаланатын оқушылардың қайсысын назарға алатынын келісіп алады. Барлығы екі оқушыны қадағалап, үшінші оқушы назардан тыс қалмағанына сенімді болу қажет (Дадли, 2013). Сабақты зерттеу мұғалімді бағамдауға емес, оқушының ойлауы мен оқуын зерттеуге бағытталған (Lewis, 2011)
Слайд 14
Зерттеу сабағын өткізу/ қадағалау Сабақты зерттеу бірлесіп жоспарланатындықтан, ол топтың бірлескен меншігі болып табылады. Бұл қадағалаушылардың мұғалімге емес, бақылаудағы оқушыға (оқушыларға) көп көңіл бөлу керектігін білдіреді. Олар әрбір қадағалауды бақылаудағы бір оқушыға негіздей отырып бастауға тырысып, кейіннен бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық сыныптың қамтылуына ұмтылу керек (Дадли, 2013). Зерттеу сабағын қадағалаудан мұғалімдер көп тәжірибе алады. Бұл мұғалімдердің қадағалау дағдыларын шыңдаумен қатар, оларға оқу үдерісін ішінен тануға, оқушылардың санасында жүріп жататын ойлау үдерісін таныпбілуге мүмкіндік береді. Себебі күнделікті сабақ барысында мұғалімдер көп істі қатарынан алып жүретін болғандықтан, оқушыларды бұлай терең зерттеуге мүмкіндік бола бермейді. Мұғалімдер зерттеу сабағын қадағалау барысында өздері күтпеген көптеген нәрселерді аңғаруы мүмкін. Оқушылардың «ойлары» мен айтқан сөздерін мұқият зерделей отырып, мұғалімдер олардың ұғымды, құбылысты қаншалықты түсінгені немесе қате түсінгені туралы, оқушылардың тапсырманы орындауға қанша уақыт жұмсайтыны және қанша уақыт бос отыратыны туралы, оқушыларға табысқа жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін факторлар туралы терең түсінік ала алады.
Слайд 15
Сабақты өткізетін мұғалімнің міндеті Зерттеу сабағын өткізуші мұғалім бірлесіп әзірлеген сабақ жоспарына сүйенеді. Мұғалім оқушыларға бақылаушы мұғалімдерді таныстыра алады, алайда сабақ барысында ол әріптестерімен қарым-қатынас жасамауға тиіс. Күнделікті сабақ кезінде көптеген мұғалімдер оқушылардың қажеттіліктеріне қарай сабақтарына өзгеріс енгізіп жатады. Зерттеу сабағы кезінде де аздаған өзгеріссіз болмайтыны түсінікті, алайда барлық болжамды өзгерістерді сабақты жоспарлау кезеңінде қарастырып, жазып қойған дұрыс. Егер мұғалім қомақты өзгеріс енгізетін болса, сабақты қадағалаушы мұғалімдер бұны қадағалауға қауқарсыз болып, бұл жағдайда жиналған деректердің құндылығы төмен болмақ. Қадағалаушы мұғалімдердің міндеті Сабақ кезінде басы артық әңгімені азайту қажет. Сабақтың қалай басталып, қалай жүргенін және қорытындысында не болғанын түсіну үшін бүкіл сабақ бойы сыныпта болған дұрыс. Оқушыларға тақтадағы немесе мұғалімнің басқа жерлерге жазған жазбаларын немесе көрнекі материалдарын көруге кедергі келтіруге болмайды. Оқушылармен қарым-қатынасты барынша азайту керек. Оқушыға бірнәрсені үйретуден немесе оларға көмек көрсетуден аулақ болу керек. Оқушының санасында жүріп жатқан ойлау үдерістерін түсіну мақсатында ғана және басқаларға кедергі келтірместен кейде аздап қарым-қатынас жасауға болады.
Слайд 16
Зерттеу тобының мүшелері әдетте өздерін қызықтыратын нақты мәселелерге қатысты деректерді жинайды, мысалы: қадағаланатын оқушылардың сабаққа араласу белсенділігі; мұғалімнің шағын топтармен әрекеттестігі (кейін мұғалім өзінің қандай шара қабылдағанын және оған оқушының реакциясын зерттей алуы үшін); оқушылардың қойған сұрақтары; мұғалімнің қойған сұрақтары; оқушының өтіліп жатқан тақырыпқа берген түсініктемесі, әдетте тақырып өтіліп басталғанда және біткен соң сұралады; өз ойларын ерікті түрде білдіру үшін қол көтерген ұлдар мен қыздардың саны; оқушылар басқа сыныптасының пікірі негізінде өз ойын өрбітуі немесе өз пікірін білдіргенде басқа оқушының айтқанына сілтеме жасауы; оқушылардың эмоциялары (бет-әлпетінің өзгеруі, дыбыспен білдіруі, дене қимылдары т.б.); проблеманы шешу жолдары туралы оқушының бастамалары. Олардың көздері жанып тұрды ма?
Слайд 17
1- сабақты талқылау және 2-сабақты жоспарлау Зерттеу сабағын қадағалау барысында жинаған деректерін ортаға салу және де қатысы жоқ деректерді таратуды болдырмас үшін зерттеуге қатысқан барлық адамдар жиналып, сабақты талқылайды. Топтық пікірталасты зерттеу сабағын жүргізген мұғалімге осы міндетті өзіне алып, басқаларға сабақты қадағалауға мүмкіндік бергені үшін, зерттеу тобының қалған мүшелеріне сабақты дайындап, оны зерттеуге атсалысқаны үшін алғыс білдіруден бастаған дұрыс. Содан кейін алдағы сағатта немен айналысатындары тармақ-тармақ бойынша қысқаша түсіндіріледі. Бірінші болып сабақ берген мұғалім сөз алады және де басқалардан бұрын сабақта болған қиындықтар туралы айтып өтеді. Талқылау барысында мұғалімдер айтылып кеткен нәрселерді сынамауға тиіс (Lewis, 2002). Топтағы бір адам маңызды ескертпе жасаған сайын топтың әрбір мүшесінен осы мәселеге қатысты ойын білдіруді сұрап отыру қажет. Сабақта көрген-естігеннің санадағы ізі суып қалмай тұрғанда зерттеу сабағын мүмкіндігінше сол сабақ өткен күні, ондай мүмкіндік болмаса мейлінше жақын күндері талқылаған дұрыс. Пікірталас барысында оқушылар оқу мақсатына жетті ме, сабақты қалай жетілдіруге болады және бұл тәжірибеден қандай сабақ алуға болады деген мәселелерге назар аударылады. Нақты айтар болсақ, оқушы санасының қалай өзгергенін бағамдау үшін сабақтағы «сыни» сәттерге назар аудара алады; жауап бере алмаған оқушының жауабын жақсы жауап берген оқушының жауабымен салыстыру арқылы оқушылардың білімді игерудегі қарама-қарсы екі шегін зерделей алады; оқушылардың жауаптары мен әрекеттері арасындағы сапалық айырмашылықты талдауға арналған сызба әзірлей алады; қадағалау барысында қолданылған бақылау парақтарының нәтижелерін жинақтап, қорыта алады; оқушының білімді игеруіне қалайша ықпал еткенін анықтау мақсатында сабақта қолданылған жаттығулардың ретін зерделей алады.
Слайд 18
Сабақтан кейінгі талқыны төменде ұсынылған жолдармен ұйымдастыруға болады, бірақ оны істеу жолы бұл тізіммен шектелмейді: Егер бір мұғалім өзекті болып табылатын проблемалардың бірін көтерсе, содан бастау: «Х әріптесіміз маңызды мәселені көтеріп отыр, соны талқылап алайық». Сабақтың нақты бір бөлігінің ықпалы туралы пікірталасты бастау үшін жоспарда осы бөлімге қатысты жазылған бағамдау шараларын немесе бағалауға арналған сұрақтарды пайдалану. Егер бір адам арыз айтса, басқаларға оны жақтап немесе даттап өз пікірін ұсынып, оны деректермен қуаттауға шақыру. Сабақта уақыт қалай пайдаланылғанын талқылауға шақыру. Оқушыларға жеткілікті уақыт беріле ме? Мүмкін тым көп уақыт берілген шығар? Нақты деректермен дәлелдеуін сұрау. Сабақтың мақсатына назар аудару. Қолда бар деректерге қарап сабақ жоспары тұрғысынан және ұзақ мерзімді жоспар тұрғысынан оқушының қаншалықты алға жылжығаны туралы болжам жасай аламыз ба? Оқушылардың тақырыпты меңгергені туралы деректеріміз бар ма? Егер оқушылар біз үйреткіміз келген нәрселерді меңгермеген болса, неліктен бұлай болды? Алдағы уақытта оқушылардың қандай қажеттіліктерін қанағаттандыруымыз керек? Мезгіл-мезгіл аралық қорытынды жасап, содан кейін келесі мәселеге көшіп отырған орынды. Мысалы, «Осылайша, _______ қатысты ортақ пікірге келдік. Ал ________ туралы не дейсіздер?» Сабақты бағамдау. Бұны бірталай деректерді ортаға салып, талқылағаннан кейін пікірталастың соңына қарай орындаған тиімді. Зерттеу сұрағына жауап алынғаны/алынбағанын зерделеу. Осы сабақ арқылы зерттеу сұрағымызға жауап алынды ма? Ісіміз қаншалықты табысты болды? (Сабақ қаншалықты табысты өтті деген тұрғыдан емес, зерттеу сұрағына қаншалықты толыққанды жау- ап алынғаны тұрғысынан оның табыстылығын зерделеу). Неліктен табысты болды немесе табысты болмаса, неліктен табысты болмады? Алдағы сабақтарға қатысты қандай ойлары бар?
Слайд 19
Есеп жазу және зерттеу нәтижелерін таныстыру Зерттеудің алғашқы циклін жоспарламас бұрын мұғалімдерге алдағы уақытта осы сабақты зерттеу үдерісінің барысында атқарылған іс-шаралар мен оның нәтижесін әріптестеріне таныстыратынын ескерту қажет. Соның негізінде олар үдеріс барысында қажетті материал жинауға назар аударады. Бұл соңғы қадамда сабақты зерттеу тобының мүшелері осы зерттеуден қандай сабақ алғанын қарастырып, өз білімдерін жаңартып, басқа адамдармен бөлісуге болатын негізгі қорытынды тұжырымдарын анықтайды. Олар өз зерттеуінің нәтижелерін PowerPoint форматындағы таныстырылым түрінде ұсынып, онда сабақ жоспарын, қолданылған материалдарды, бейнежазба немесе фотосуреттерді көрсету арқылы өздері енгізген жаңа тәжірибемен таныстыра алады. Зерттеу нәтижелерін көпшілік назарына ұсынудың тағы бір жолы – қорытындыны мақала ретінде ресімдеп, баспасөз бетінде жариялау. Бұл жағдайда оны анағұрлым көп адам оқып танысып, қажетіне жарата алады. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері бойынша коучинг сабақтарын өткізіп немесе мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық семинар-конференцияларда көптің талқысына ұсынуға болады және т.б. Сабақты зерттеу тобы әзірлеген, бейімдеген немесе жетілдірген оқыту әдістемесін толық ұғынуға көмектесу мақсатында Сабақты зерттеу тобына басқа мұғалімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік беру маңызды. Себебі бұл жағдайда мұғалімдер әдетте пайдаланғанымен, ол туралы ешқашан айтып жатпайтын жасырын (санасындағы) білімін ашық көрсете алады. Басқаларға түсіндіру арқылы мұғалімдер өздерінің қаншалықты білетінін түсініп, сөйтіп білімін одан әрі жетілдіруге мол мүмкіндік алады (Дадли, 2013).
Слайд 20
Зерттеу сабағына дайындалуға арналған тексеру парағы Сабаққа шамамен бір ай қалғанда Сабақтың қай күні өтетінін нақты шешіңіз. Тоқетер пікірін айтатын тəлімгер шақырыңыз. Сабақтан кейінгі талқылауға қатысатын «пікірталас төрағасын» (модераторын) таңдаңыз. Сабақты зерттеу үдерісінің нəтижелерін жариялайсыз ба, əлде жоқ па екенін шешіңіз. Сабаққа 1 апта қалғанда «Қателіктерді» тексеру үшін жəне тақтада жоспар құру үшін сабақты жоспарлау тобымен модельдеңіз. Сабақ жоспарын тəлімгерге жіберіңіз (соңғы нұсқасы болмаса да). «Кəмпит» жоспарлаңыз жəне барлығын шақырыңыз! (Орынды мұғалім таңдайды.) Сабақтан кейінгі талқылау кезінде ескертпелерді жазып отыратын жауапты тұлғаны белгілеңіз – басқа топтың мүшесінен көмек сұраңыз.
Слайд 21
1-3 күн қалғанда Қадағалаушылар сіздің ұсыныстарыңызды алдын ала оқи алуы үшін оларға оны электронды поштамен жіберіңіз/таратыңыз. Сабақ материалдарын дайындаңыз (үлестірме материал, керекті заттар, постерлер). Қадағалаушыларға арналған үлестірме материалды дайындаңыз: парақтың бір жағына ғана басылған сабақ жоспарының соңғы нұсқасы (сонда адамдар ол қағаздың екінші жағын ескертпелерін жазуға пайдалана алады) ; - оқушыларға арналған үлестірме материалдың көшірмелері (қағаз үнемдеу үшін қысқартуға болады) ; отыратын орындардың сызбасы. Сабақ өтетін күні Əкелетін заттар Түрегеліп тұрған кезде ескертпе жазу ыңғайлы болуы үшін қадағалаушыларға арналған папка-планшет + қалам/қарындаш. Сабақ барысында Назарға ілінгендердің барлығын жаза беріңіз! Оқушылардың жазғанын, оқушылардың пікірлерін, эмоцияларын жазыңыз. Ескертпелеріңізді сабақ жоспарының немесе отыратын орындар сызбасының артына немесе таза параққа жаза аласыз. Тəжірибе жинақтаған соң LessonNote (iPad-қа арналған) қолданып көріңіз. Оқушылармен байланысқа түспеңіз. Ешқандай əңгімеге жол бермеңіз, өйткені бұл оқушылардың көңілін бөлуі мүмкін. Мұғалімнің жолына кедергі болмаңыз.
Слайд 22
Сабақтан кейінгі талқылау Кəсіби əңгіме. «Сауалнама емес» - жай ғана есеп-қисап емес – талқылау, пікірталас. Мақсаттары: Сабақ мақсаты жəне мектеп тақырыбы тұрғысынан бұл сабақтың оқушылардың ойлауына, мінез-құлқына жəне эмоцияларына қалай əсер еткенін көрсету. Болашақ сабақтарда қарастырып, шешуді қажет ететін қате түсініктерді жəне оларды шешу жолдарын анықтау. Зерттеу тақырыбын ашуға көмектесетін идея тудыру. Басты тұлғалар: Пікірталас төрағасы (əдетте СЗ жүргізетін тəжірибелі практик-маман; басқа топтың мүшесі болуы мүмкін) ; Тəлімгер; Хаттама жүргізетін адамдар. Хаттама: Алғашқы болып пікірін мұғалім білдіреді: жоспарланғанмен салыстырғанда сабақ қалай өтті? Мұғалім нені байқады? Мұғалім жоспардан айтарлықтай ауытқыған болса, оның себебі неде жəне нəтижесі қандай? Мұғалім талқылағысы келген басқа да сұрақтар туындады ма? Жоспарлау тобының мүшелеріне ескертпелерін қосып, сұрақ қоюды ұсынуға болады. Төраға пікірталас тақырыбын белгілеп, бүкіл топты пікірталасқа шақырып жұмылдырады. Қадағалаушылар пікірлерін деректермен растауы тиіс. Соңында өз пікірін білдіру үшін тəлімгерге үздіксіз 20-30 минут беріледі. Сабақтан кейін Кəмпит!
Слайд 23
Қорытынды рефлексия (сабақ өткеннен кейін бір аптаның ішінде) Хаттама жүргізетін адамдардың жазған ескертпелерін жинап алыңыз. Зерттеу сабағынан жəне сабақтан кейінгі пікірталастан түйген-үйренгеніңіз жөнінде үш абзацта немесе соған шамалас бірлескен рефлексия жазыңыз. Сабақ жоспарына қорытынды рефлексияны тіркеңіз. Зерттеуіңіздің нəтижесімен жəне одан алған сабақтарыңызбен мектептегі əріптестеріңізбен бөлісіңіз, мысалы, бір беттік ақпараттық бюллетень арқылы (фотосурет қосқан тартымды болмақ!).
Слайд 24
Сабақты зерттеу үдерісінің тақыбырын таңдау Сыныбыңыздағы оқушылар туралы ойланыңыз. Үміттеріңіз: 5 жылдан кейін бұл оқушыларыңыздың бойында қандай қасиеттердің болғанын қалайсыз? Шынайы ахуал: Олардың қазіргі жағдайын тізімдеп жазыңыз. Ақаулықтар: Ойыңыздағы мен шынайы жағдайды салыстырыңыз. Бəрінен бұрын қандай ақаулықтарды жойғыңыз келеді? Зерттеу тақырыбы: (ұзақ мерзімді мақсат) Оқушының қандай қасиеттерін дамытқыңыз келетінін жазыңыз. Мысалы: Оқушылардың алға ілгерілеуіне көмектесетін тұғырлы академиялық дағдылар жəне адам құқықтары туралы терең түсінік. Зерттеуіңіздің тақырыбы:
Слайд 25
5 үлестірме материал Мектептің білімдік мақсаты Мінсіз оқушы бейнесі Оқушылардың шынайы ахуалы ЗЕРТТЕУ СҰРАҒЫН ТҰЖЫРЫМДАУ КАРТАСЫ ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ Мінсіз оқушы бейнесі ( сынып бойынша жіктелген топтан ) Орташа деңгей Жоғары деңгей Зерттеу сұрағы Төмен деңгей
Слайд 26
Қадағалаушының сұрақтары Ескертпелер Мақсат нақты тұжырымдалған ба? Жоспарланған жаттығулар мақсатқа қол жеткізуде тиімді болды ма ? Сабақ барысы үйлесімді болды ма ж ə не бұл оқушылардың тақырыпты түсінуіне көмектесті ме ? Сабақ мақсатына жетуде жаттығулар мен материалдар пайдалы болды ма ? Сыныптағы пікірталастар оқушыларға тақырыпты түсінуге көмектесті ме ? Сабақта қарастырылған тақырып оқушылардың түсінік деңгейіне сəйкес келді ме ? Оқушылар сабақ тақырыбын түсіну үшін өз біліміне жүгінді ме ? Мұғалімнің сұрақтары оқушыларды ойлануға жетелеп, соған ықпал етті ме ? Оқушылардың айтқан ойлары мен идеялары ескеріліп, мұғалім оларды сабақ барысында қолданды ма ? Сабақты қорытындылағанда оқушылардың ойлары мен пікірлеріне сілтеме жасалды ма ? Сабақтың қорытындысы мен сабақтың мақсаты үндесе ме ? Оқушының осы сабақта алған білімі мен меңгерген дағдыларын мұғалім қалай бекіте алады ?
Слайд 27
Мұғалімнің аты : Орталық : Курс коды: Тыңдаушылар саны – Тіркелген: Осы сабаққа қатысып отырған: Қатыспаған: Топтың нөмірі Курс: Сабақтың ұзақтығы: Қадағалаудың ұзақтығы: Қадағалау күні: Сабақ түрі : Мұғалімнің көмекшісі / техникалық мамандар Бөлме № Жаттығу түрі : Жоғарыдағылардың аттары ( егер ондайлар болса ): ҚАДАҒАЛАУШЫНЫҢ ПІКІРІ Үлгерім көрсеткіші Сынып 1. Кіріспе, оқу мақсаттары мен күтілетін н ə тижелер * 2. Оқудың құрылымы мен қарқыны* 3. Бағалау тəсілдері* 4. Оқу əдістері* 5. Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау ж ə не қанағаттандыру / саралау * 6. Инклюзивті оқыту тəсілдері* 7. Мұғалімнің оқыту стилі мен қарым - қатынас жасау стилі * 8. Мұғалімнің білімі* 9. Оқуға шолу, қайталау, қорытындылау * 10. Жетістіктер* 11. Оқуды басқару 12. Оқуға қатысу ж ə не жауап беру * 13. Сабаққа қатысу ( келу ) ж ə не кешікпеу 14. Өмірлік дағдылар – жалпы дағдылар ( негізгі дағдылар ) – анықталған 15. Оқу ортасы 16. Денсаулық жəне қауіпсіздік 17. Жұмыс тəртібі 18. Сабақ жоспары Толық құрылымдалған қадағалау есебінің нысаны
Слайд 28
* - белгіленген санаттар білім беру бағдарламасының барлық салаларына қатысты. Сондықтан 1- сынып бойынша толық ақпарат алу үшін бұл кем дегенде 2- сынып болуы керек. Оқушылардың пікірлері (кем дегенде 3): Сынып : Екінші рет қадағалау жүргізу қажет ( егер 4- сынып болса ) Жалпы түсініктемелер : Қадағалаушының түсініктемелері :
Слайд 29
Бақылаудағы 1оқушы Бақылаудағы 2оқушы Бақылаудағы 3оқушы Оқушы қаншалықты алға ілгеріледі ? Бұл жеткілікті ме ? Сыныптағы басқа оқушылар ше ? Осы көрсеткішті олардан да көруге бола ма ? Қай ə діс оларға дамуға көмектесті немесе кедергі жасады ? ( мүмкін екеуі де болған шығар ) Қандай күтпеген жағдайлар орын алды ? Ə рбір оқушыға оқуын жақсартып, алға ілгерілеуге көмектесу үшін келесі жолы оқыту ə дісінің қай аспектісін ( лерін ) түзетуге болады ? Келесі жолы қандай əдіс-тəсілдерді қолданып көрмекшісіз?
Последний слайд презентации: САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ LESSON STUDY
Тізбектелген сабақтарды талдау 1-сұрақ: Оқушылар шын мəнінде немен айланысты? Бір қарағанда бұл сұрақ қарапайым болып көрінеді; сабақта ұқыптылық танытқан кез келген адам не болып жатқанын дəл түсіне алады деп ойлаймыз. Əйтсе де, сұрақ мұғалімнің ниетіне де қатысты. Қадағалаушылар өздері оқу үдерісінде көргісі келетінді көре алады ма? Оқушылар не істеу керек болса, соны істейді ме? Екі немесе үш жан-жақты қадағалаудан соң мұғалімнің оқу жоспары (жоспарлар, үміттер, ниеттер) мен оқушының оқу жоспары (шын мəнінде болып жатқан жайт) арасында ара-қатынастың айтарлықтай қарапайым еместігі жиі байқалып жатады. Мұғалімнің түсініктемесі оқушының нұсқасымен сəйкес келе ме? Мұғалім оқушының не көріп, бастан өткеретінін түсіне ала ма? 2- сұрақ : Балалар нені үйренді ? Бұл сұрақтың жауабы кез келген мұғалімді өзін қолайсыз сезінуге м ə жбүр етед і. Біз оқушыларымыздың нені үйренетініне сенімді бола аламыз ба ? « Оқушы нені үйрене алады ?- деп үлкен сенімділікпен сұрақ қоя аламыз ба ?. Бұл үдерісте алдын ала жоспарланған ж ə не де алдын ала жоспарланбаған оқыту ə дістері болады, себебі мұғалім оқушының нені оқып жүргенін толық бақылай алмайды. « Мен қандай д ə лел іздеймін ?», « Оқушының берілген материалды оқып - үйренгенін қалай біле аламын ?». « Бұл неге ұқсайтын болады ?» деген жаңа сұрақтар қоя отырып мұғалімдер қадағалау жүргізе алады. Қадағалаудың кезекті раундынан соң жаңа сұрақтар туындайды. Егер оқыту дəлелдері табылмаса, мұның себебі оқушылардың өзінің білімі туралы пікір білдіре алмауынан емес пе? Оқушының өзінің нені үйренгенін дəлелдеуіне қанша мүмкіндігі бар? Қалай, қашан жəне қайда олар өз білімдерін пайдаға асыра алады? 3-сұрақ: Бұл қаншалықты маңызды жəне қажет? Басында бұл «қалай» деген сұраққа жауап сияқты көрінеді, бірақ одан əрі зерттей келе «неліктен» деген бірнеше сұрақтың құрылатыны байқалады. Бірінші жауап қандай болса да, оқыту неліктен тұрарлық немесе керісінше болды деп сұрау керек. Жəне неліктен бұл пайым жасалды? Неге бұл оқыту бағаланады, не пайдасыз деп саналады? Оқушының білім алуы туралы неліктен деген сұрақтарды қоя отырып, негізгі пайымдар мен құндылықтардың барлық түрлері айқындалады. 4-сұрақ: Үлкендер, сіздер не істеп жүрсіздер? Бір қарағанда бұл сұрақ қарапайым сияқты: бұл жерде əңгіме адамдар мен заттар туралы, нақты зат есімдер туралы жəне оларға не істелгені туралы болып отыр. Одан əрі анағұрлым күрделі сұрақтар туындай бастайды. Сіз нені жасамай, не айтпай қалдырмақшысыз? Оқушылар арасында сіз кіммен сөйлесе алмайсыз? Сіздің істегеніңіз жəне оқушының істегені арасында қандай байланыс бар? Сіздің алдағы əрекетеріңізді не жəне кім шешеді? Таңдау кез келген уақытта жасалуы мүмкін. Оқушы əрекеттері сіздің таңдауыңызды өзгерте ала ма? Немесе сіздің əрекетіңіз оларды өзгерте ала ма? Жəне бұл кімнің сыныбы? 5-сұрақ: Сіз не үйрендіңіз? Мұғалімдер өздеріне соңғы сұрақтарды қоя бастағанда оларда белгілі бір бинокулярлық көзқарас қалыптасады. Олар өз əрекеттері туралы, өздері жұмыс істейтін оқушылар туралы көп нəрсе білді. Сондай-ақ олар баға туралы да бірдеңе білді. Егер мұғалімдер өз жұмыстарын барынша ұқыпты зерделесе, олар тек айқын мақсат пен болып жатқан жайттардың салдарын көре алады. Олар оқиғаларға, оқиғалар мəніне қарайды, жəне енді не болып жатқанын көрумен қатар, оның себебін де көре алады. 6-сұрақ: Сіз одан əрі не істемекшісіз? Одан əрі не жасалуы мүмкін? Цикл қайтадан басталады: қадағалау, сипаттау, талдау, ойлау. Зерттеу жəне ойлау бұл тармақтың негізгі тұстары болып табылады.