Слайд 3
Психиатрия ( психе – жан, иатрия - емдеу) – психикалық аурулардың көріністерін, этиологиясын және патогенезін, ауру ағымының заңдылықтарын, мүмкін болатын асқынуларын, емдік шараларың және реабилитациясын қарастыратын ғылым.
Слайд 4: Психиатрия басқа да ғылыми пәндермен тығыз байланыста :
философия (біріншілік материя) психология (қалыпты және патологиялық психика, қарым-қатынас; логика заңдылықтары және оның патологиялық психикаға енуі;олигофрения және т.б.) медициналық пәндер (терапия, нервтік аурулар және т.б.)
Слайд 5
Психиатрия- жалпы медицина бөлігі болып табылады және психиатрияның басқа бағыттары : соматикалық аурулардағы психикалық бұзылыстарды ( соматопсихиатрия ) және соматикалық аурулардың психикалық себептерінің пайда болуын ( психосоматика ) қарастырады.
Слайд 6: психикалық бұзылулардың үш дәрежесі
Психотикалық жағдай (психоз) мінездемеленеді көрсетілген бұзылыстарының біреуімен (сана сезімінің алжасуы, сандырақ идеялары, галлюцинациялар) және өз жағдайын сын ретінде бағаламауымен. Психотикалық емес (шекаралық) психикалық бұзылулар мінездемеленеді эмоциональды және ерік-қозғалыстық өзгерулері мен, бірақ науқастар сын ретінде бұзылуларды бағалайды. Дефектілі-органикалық бұзылулар мінездемелінеді интеллектуальдік өзгерістермен, бұл ес, назар және ойлау сфералары.
Слайд 7: Психиатрияның тарихи дамуы
1. Ежелгі кезең - ерте заманнан эллиндік медицинаның пайда болуына дейін. Бұл кезең науқастың ақаулы іс-әрекеттерінің примитивті-теологиялық түсінігін қарастырған. Жан аурулары бар науқастарға ешқандай медициналық көмек ұйымдастырылмаған.
Слайд 8: Ерте гректік-римдік медицина
2. Ерте гректік-римдік медицина – шартты түрде 6-7 ғасыр біздің эрамызға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде жан ауруы бар науқастарға көмек көрсетуге ынталана бастаған. Психикалық бұзылыстарды теологиялық тенденциядан тыс түсінуге алғашқы қадамдар жасалған. Гиппократ (460-370 гг до н.э.): меланхолия, мания, френия, эпилепсия. Психикалық бұзылыстардын гуморальдік теориясы. Сонымен қатар психикалық өзгерістері бар науқастарға көмек ұйымдастыру орындары қарастырылған.
Слайд 9
Авиценна (980—1037 б.э.) «Медицина канондарында " психикалық бұзылыстарға әкелетін екі фактор: қ емақылдылық пен махаббат туралы айтады. Ол сонымен бірге адамдардың жануарға ұқсап, солардың істерін қайталау түріндегі ұстаманы сипаттады. Тағы да Авиценна дәрігердің психикалық науқаспен сөйлесу кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы жазды.
Слайд 10: Психиатрияның тарихи дамуы
3. Орта ғасыр кезеңі (инквизиция). Науқастарға деген көзқарас қарама-қайшы, психикалық бұзылулар «сайтандар әсерінен» деп санау, қоғамда оларға деген жеккөрініштілік, инк в изиция алаңда өрте ген болатын. Психиатрияның тарихи дамуы
Слайд 11
Бірақ бұл кезеңде Парцельс дәрітерапияны ұсынды. Шығыс медицинасы жақсы дамыды. Жан ауру бар науқастарға арналған алғашқы госпиталь ашылған (Багдад госпиталі).
Слайд 12: Қайта өрлеу кезеңінен бері
Леанардо Да Винчи ми анатомиясын және Микеланжело екеуі психикалық науқастардың мимикаларын суреттейді. Феликс Платтер (1537-1614) : бірінші психикалық аурулардын жіктелуі. Психикалық аурулардын себептерін екіге бөлу: ішкі және сыртқы. У.Харвей кардиоцентірлік теориясын ұсынады.
Слайд 14: Психиатрияның тарихи дамуы
4. 18 және 19 ғасырдың басы – психиатрияның медицинаға ену кезеңі. Жан ауруы бар науқастарды қинамау принципі талқыланды. Психиатриялық көмек үшін ауруханаларын салу, онда зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Слайд 15
Франсуа Пинель (1745-1826) реформасы : науқастарды түрмеден шығарып; оларды ауру ретінде санау.
Слайд 18
А. Бейль (1882): үдемелі параличтін клиникасын қарастыру. Ж. Эскироль (1838): ремиссия және интермиссия ұғымдары, иллюзия мен галлюцинциялар арасындағы айырмашылығы ; Н.Нойман (1814-1884): бірінғай психоз концепциясы. Е.Морель (1859): дегенерация теориясы
Слайд 20
В.Гризингер (1845) – психикалық аурулар бұл мидың ауруы. Француз психиатрлары Морель (1809-1873) мен Маньян (1835-1909) психикалық аурулардың шығуындағы тұқым қуалаушылықтын ролін зерттеуге негіз қалады. К.Кальбаум (1828-1899) – нозологиялық бірліктерге бөлуге әрекет жасады, кататонияның сүреттемесін берді. Е.Блейлер (1911): шизофрения ;
Слайд 21
1779 жыл – Петербургта бірінші психиатриялық госпиталь ашылды. 1809 жыл - Мәскуде Преображеский психиатриялық аурухана ашылды. И.М.Балинский (1827-1902) – Петербургтін медико-хирургиялық академиясында 1857ж. психиатрия курсын оқи бастады.
Слайд 22
И.П. Мержеевский (1838-1908) балалардың психикалық ауруларын зерттеуде әрі Ресейдегі психикалық ауру балаларға жәрдем ұйымдастыруда алғашқы қадамдар жасады. С.С. Корсаков (1854-1900) – Мәскеуде 1887ж. психиатрия курсын оқи бастады. Полиневритикалық алкогольдік психоз – «корсаков психозы».
Слайд 23
Эмиль Крепелин (1856-1926) – психикалық бұзылыстардың нозологиялық жіктелуін құрастыру. Невроз және психоневроз шекаралық жағдайларын зерттей отырып «кіші психиатрия» терминін енгізген. Э.Крепелин Мюнхен клиникасы
Слайд 24
1917 жылы J.W. Wager-Jauregg үдемелі паралич кеінде маляриотерапия қолданғаны үшін Нобель премисын алды. И.Павлов шартты рефлекстер мен патологиялық ойлаудың арасыдағы байланысты айтады. F. Kallman (1938) егіздердегі аурулардың ұқсастығына қарап шизофренияның генетикалық теориясын ұсынады.
Слайд 25
G. Delay және P. Deniker 1952 жылы бірінші синтезделген нейролептик хлорпромазинді ашады, осыдан бастап психофармокология эрасы басталады.
Слайд 26
6. Психиатрияның жаңа талапқа сай даму кезеңі – психиатриялық көмектің ауруханадан тыс кеңеюі, психикалық бұзылыстардың психосоматикалық және әлеуметтік аспектілерін қарастырумен сипаталады. Осы кезеңде З.Фрейдтің «ессіздік» теориясы және «психофармокологиялық революция» ( антипсихотикалық препараттар аминазин) жайлы зерттеулері негізгі орын алады, психоздардын шок терапия әдістері (ИКТ, ЭСТ).
Слайд 27
Осы ғасырда психикалық ауруларды емдеу тәжірібесінде биологиялық және дәрімен емдеу әдістері қолданылды. 1917 жылы – маляриотерапия. 1930 жылы – депрессияны коразолмен емдеу. 1936 жылы – лоботомия және лейкотомия операциялары. 1937 жылы – инсулин терапия. 1953 жылы – психоздарды резерпинмен және хлорпромазинмен емдеу.
Слайд 28: Қазақстандағы психиатрия дамуы тарихы
ХІХ ғасырда – алғашқы ауруханалар: 1861 ж. – Оралда, Жымпитыда 1893 ж. – Омбыда 1896 ж. – Семей мен Верныйда 1907 ж. – Перовскийде, Ақмолада 1935 ж. – Алматы медициналық институтында тұнғыш рет психиатрия кафедрасы ашылды.
Слайд 31: Кәзіргі замандағы психиатрияның негізгі тараулары
Балалар, жасөспірімдер және гериатриялық психиатрия қарастырады жас шамасына байланысты психикалық бұзылулардың ерекшеліктерін. Наркология бұл алкоголизм, нашақорлық және токсикоманияның диагностикасын, емін және алдан алуын зерттейтін пән. Соттық психиатрия сот-психиатриялық сараптаманың және ортаға қауіпті іс-әрекеттердін алдын алуының негізгі қағидаларын іске асырады. Әлеуметтік психиатрия назар аударады психикалық ауруларға алып келетін түрлі әлеуметтік факторларға.
Слайд 32
Психотерапия науқастарды түрлі психотерапиялық әдіс әсерлері мен емдейді. Сексопатология сексульді бұзылулардын емі мен алдын алуын қарастырады және жүргізеді. Әскери психиатрия әскедегі адамдарда психикалық бұзылулардың ерекшеліктерін қарайды. Экологиялық психиатрия экологиялық апаттар кезінде психикалық өзгерістерді қарайды.
Слайд 33: Психиатриялық көмекті ұйымдастыру
Аурудың алдын алуына, ерте анықталуына, психикалық ауруларды емдеуге, науқастардың жағдайын жүйелік бақылауға, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған ауруханадан тыс және стационарлық психиатриялық мекемелер жүйесі құрылды.
Слайд 34: Ауруханадан тыс психиатриялық көмек
психоневрологиялық диспансер, диспансерлік бөлім, психиатриялық кабинет, күндізгі стационар. Психоневрологиялық диспансер орталық психикалық науқастарға көмек көрсететін орын болып табылады.
Слайд 35
Психоневрологиялық диспансер – бұл емдік-профилактикалық мекеме, ол психикалық ауруларды: ерте анықтауға, науқастарды бақылауға, емдік көмек көрсетуге, науқастардың еңбек-әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сонымен қатар ауруды зерттеп, оның себептерін анықтауға, аурулардың алдын алуына, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге арналған.
Слайд 36
Диспансер психоздармен ауыратын, шекаралық жағдайлардағы, бас миы органикалық зақымдалған және басқа да психикалық бұзылыстары бар науқастарға ауруханадан тыс көмек көрсетеді. Қалалық психоневрологиялық диспансер құрылымына ересек адамдар мен балаларға арналған бөлек учаскелік психиятриялық кабинеттер қызмет етеді.
Слайд 37
Күндізгі стационар – ауруханадан тыс психиатриялық көмек беретін аралық мекеме, ол амбулаториялық еммен бірге ауруханалық стационардағы толық көлемдегі ем. Күндізгі стационарлар психоневрологиялық диспансерлер мен диспансерлік бөлімдерде ұйымдастырылады. Міндеттері : белсенді терапияны қажет ететін психикалық науқастарды емдеу, стационардан шыққан науқастарды емін жалғастыру, әлеуметтік-еңбектік реабилитация жүргізу.
Слайд 38: Стационарлық көмек
Психиатриялық аурухана бұл психиатриялық көмек көрсететін негізгі медициналық мекеме. Оның міндеттері: - психикалық науқастардың диагностикасы және тексеруі, - биологиялық емнің барлық түрлерін қолдану, - психотерапиялық емді қолдану, - әлеуметтік-еңбектік реабилитация, - еңбектік сараптама, - әскер қатарына жарамдылықты анықтау сараптамасы, - соттық-психиатриялық сараптама.
Слайд 39
Психиатриялық ауруханаға жатқызу жедел психиатриялық көмек ( еріксіз госпитализация – өзі-өзіне және қоршаған ортаға қауіптілік), кейде жалпы соматикалық ауруханаларының дәрігерлері бағыттама бойынша жатқызады. Бағыттамада науқастың психикалық жағдайы, анамнездік мәліметтер, болжам диагнозы және госпитализация мақсаты қысқаша жазылу керек.
Психиатриялық тәжірибеде келесі зерттеу әдістері орын алады: 1) Әнгімелесу; 2) Клиникалық диагностика; 3) Параклиникалық зерттеу.
Слайд 41
Әнгімелесу– психиатриялық зерттеудің негізгі әдісі болып табылады. Субьективті (аурудың өзін); Обьективті (туыстары мен таныстары арқылы) бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Слайд 42: Клиникалық диагностика
Клиникалық әдіс психикалық аурулардың диагностикасында маңызды орынды алады, ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді: симптомдар квалификациясы және анықталуы олардың байланысы, синдромдар квалификациясы синдромдардын жетілу динамикасының бағасы алдын ала диагноз қою дифференциальдік диагностика жіктелу бойынша диагноз қою.
Слайд 43: Диагностиканың параклиникалық әдістері
Инструментальдік және лабароторлық диагностика. Диагностиканың тәжірибелік-психологиялық әдістері. Компьютерлік диагностика.
Слайд 44
Психологиялық зерттеу Он сөзді есте сақтау. Бұл нұсқау қысқа мерзімде,ұзақ мерзімде және өндірілген,өндірігмеген есте сақтауға қолданылады.Науқасқа он сөз беріледі, яғни бұл сөздер арасында байланыс болмауы тиіс.(тау, ине, гул, мысық, сағат, шарап, пальто, кітап, терезе, ара, темір). Содан кейін қайта оқылады.Қалыпты жағдайда 4-5 рет оқығаннан кейін 10 сөз дұрыс болады.
Слайд 45
Ассоциативті есте сақтау пробасы. Науқасқа 10-дана жеңіл жатталатын сөздер ұсынылады. Дәрігер бірінші сөзді айтады, науқас екіншісін айтуға тиіс. Мысалы: алма-алмұрт, өзен-көл, кеш-таңертең, аға-іні, кітап-дәптер, көгершін-қарға т.б. Пиктограмма – науқасқа 10-15 белгілі-бір тұжырымдама ой айтылады ( Көңілді мереке,Керең кемпір,Ашуланшақ мұғалім,Ауру, Айрылу,Даму, Қашу,Қиын жұмыс). Кейін науқас осы тұжырымдарды суретке бейнелеуі тиіс. 40-60 минут өткеннен кейін сол суреттерін өзіне кайта ұсынып берілген тұжырымдарды есіне түсіреді.
Слайд 46: Ұғымдар шығару « артық» сөзді, қалған сөздерді анықтап немесе біріктіріп айтуы керек
Виталий, Сергей, Федор, Иванов, Павел. Сүт, кілегей, ірімшік, ет, қаймақ. Қаусаған, кәрі, тозған, ескі, кішкентай. Тез, жылдам, асығу, біртіндеп, шапшаң. Терең, биік, жарық, аласа, ұсақ. Қайын, қарағай, ағаш, емен, шырша. Жылы, жарық, көк, ашық, күңгірт. Сәтсіздік, құлау, күйзеліске ұшырау, тынышсыздану, сәтсіздікке ұшырау. Минута, секунда, сағат, кеш, тәулік. Тонау, ұрлау, жер сілкінісі, өртеу, шабуыл. Ұғымдар шығару « артық» сөзді, қалған сөздерді анықтап немесе біріктіріп айтуы керек
Слайд 47
Позитронды-эмиссионды томография КТ, МРТ Клиникалық және биохимиялық зерттеулер (қан анализі, зәр анализі, қан және зәрдегі амин қышқылдардың және органикалық қышқылдардың дәрежесі) Цитогенетикалық (кариотиптілік) Молекулярлы-генетикалық
Слайд 48: Психикалық ауруларға әкелетін негізгі факторлар:
Экзогенді: Жұқпалы аурулар (тұмау, тонзилит, сепсис, сүзек, ревматизм, бруцеллез, энцефалиттер, менингоэнцефалиттер т.б.). Бас ми жар ақаттары (мидың әр түрлі жарақаттары, соғып алу, шайқалу, жаралану мен жарылыс толқынынан зақымдану). Психикалық жарақ аттар (күйзеліс жағдайлары, әлеуметтік факторлар (жанжалдар, тұрмыстық және жанұялық ұайымдар, жақын адамды жоғалту т.б. өте күшті эмоциялар). Уланулар (алкогольмен улану, нашақорлық, токсикомания, дәрімен улану, өндірістік улар). Физикалық фактор (температура (гипертермия, гипотермия), радиация, климат, географиялық орналасу, метеорологиялық өзгерістер т.б.).
Слайд 49: Психикалық ауруларға әкелетін негізгі факторлар:
Эндогенді : Тұқымқуалаушылық. Мидың органикалық ауру лары ( бас миы қан айналысының бұзылуымен өтетін аурулар, ісіктер, дегенеративтік аурулар). Әр түрлі соматикалық аурулар (асқазан-ішек жолы аурулары, өкпе, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары). Эндокринді бездердін функциясының бұзылыстары (қалқанша безі, ұйқы безі, бүйрек үсті бездері). Жастық физиологиялық өзгерістер. Жыныс факторы. Психофизиологиялық конституция ерекшіліктері. Зат айналым бұзылыстары.
Слайд 50: Психикалық аурулар сараптамасы үшке бөлінеді
< Сот сараптамасы < Еңбек сараптамасы < Әскери сараптамасы
Слайд 51
Соттық сараптама дегеніміз сотқа тартылған адамның ақыл - есінің дұрыс немесе дұрыс еместігін дәлелдеу.Сараптама комиссиясында үш психиатрдан кем болмау керек. Медициналық критерийді 4 топқа бөлеміз: 1- топ.Созылмалы психикалық бұзылыстар. 2- топ.Уақытша психикалық бұзылыстар. 3- топ.Туа біткен және жүре пайда болған ақыл - естің төмендеуімен жүретің психикалық бұзылыстар. 4- топ. Басқа аурудың әсерінен болатын психикалық бұзылыстар.
Слайд 52: Еңбек сараптамасы дегеніміз психикалық ауытқулары бар адамдардың еңбекке жарамдылығын бағалау
1- топқа өзін күте алмайтын және біреудің қарауында болатын науқастарды жатқызамыз. 2- топқа айқын түрде психоорганикалық төмендеумен,анық сандырақпен және галлюцинаторлы бұзылыспен жүретін бірақта терапияға резистентілігі бар науқастарды жатқызамыз. 3- топқа анық емес психикалық бұзылысы бар бірақ мамандығы бойынша жұмыс істей алатын науқастарды жатқызамыз.
Слайд 53: Әскери сараптама әскерге жарамдылығын анықтайды. 8 топқа бөлінеді:
Мидың органикалық зақымдалғаннан кейінгі психикалық және психикалық емес психологиялық бұзылыстар. Эндогендік психоз. Симптоматикалық психоз және басқа экзогенді психикалық бұзылыстар. Реактивті психоз және невротикалық бұзылыстар. Тұлғалық бұзылыстар. Созылмалы алкоголизм,наркомания және токсикомания. Ақыл - ойдың қалуы. Эпилепсия.
Слайд 54: Әрбір топ өзіндік топқа бөлінеді:
А - әскерге жарамды. Б - шамалы шектеулермен әскерге жарамды. В - шектелген,бірақ әскерге жарамды. Г - шектелген,бірақ әскерге жарамсыз. Д - әскерге мүлдем жарамайды.
Слайд 55: Қазіргі замандағы психиатрияның дәлелді медицина тұрғысынан маңызды проблемалары
Дәлелді медицина – бұл клиникалық тәжірибеде пайдалығы дәлелденген ғана әдістерді қолдану. Дәлелдердің түрлері: Зерттеулік дәлелдер Ғылыми корытындылау Шаралардың нәтижелілігі Қауіп-қатерлі ықпалдар мен нәтижелер арасында ара-байланыс Клиникалық дәлелдер Емнің нәтижелілігін талдау
Слайд 56
Дәлелді медицина тұрғысында ең салмақты болып саналады Кокран кітапханасының жүйеленген шолуы. А) Дәлелдері сенімді, рандомизирленген клиникалық зерттеулер (РКИ) немесе ұлкен жүйеленген талдау (мета-анализа) РКИ. В) Дәлелдері жартылай, бір ғана жүйеленген талдау арқылы қортындыланған. С) Дәлелдер бықыланбаған зерттеулерден немесе клиникалық жағдай суреттемесінен. D) Нәтижелері бірінғай емес. Е) Дәлелдері теріс.