Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы н, ұлт қайраткерлері мен ғалымдардың — презентация
logo
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы н, ұлт қайраткерлері мен ғалымдардың
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы н, ұлт қайраткерлері мен ғалымдардың әдістемелік мұрасын талдау ( Ж.Аймауытұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев.
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы н, ұлт қайраткерлері мен ғалымдардың
  • Ә дебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы н, ұлт қайраткерлері мен ғалымдардың
  • Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі.
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы н, ұлт қайраткерлері мен ғалымдардың
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы н, ұлт қайраткерлері мен ғалымдардың
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы н, ұлт қайраткерлері мен ғалымдардың
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы н, ұлт қайраткерлері мен ғалымдардың
  • Пайдаланған әдебиеттер:
  • Назарлары ңызға рақмет !
1/11

Орындаған: Сейтбек Нурай Қабылдаған: Бораш Рыскүл Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Изображение слайда

Слайд 2

« Әдебиет әдістемесі - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын : объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары    кезінде мұғалім мен оқушылардың    өзара қарым-қыатынасы болып табылады,   ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды », - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А тымтай Көшімбаев.

Изображение слайда

Жүсіпбек Аймауытов әдебиетті оқыту әдістемесіне арнап ана тілін оқытуға, жазу мәселесі мен емле жүйесіне байланысты біршама ғылыми мақалалар жариялаған. Ұлттың жазу тілін жетілдіру, жалпы халықтың сауатын көтеру мәселелерін қозғайды. Қазақ баласына хат танытудың өрелі жол ретінде ғылым — жазушы буын әдісін қолдайды. Балаға әуелі 2-3 дауысты дыбысты үйретіп, содан кейін оған дауыссыз дыбысты қосып, буын не бір-екі буыннан тұратын сөздерді құрап, жаздыру, оқыту әдісін ұстану қажеттігін дәлелдейді

Изображение слайда

Слайд 4

Изображение слайда

А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін    жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі    субъектілік қызметін арттыру    міндетіне сай келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан « Тіл жұмсар » атты әдістемелік еңбегінде : «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі - өздігінен алатын... білімнің ұзақ жолы үшін... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа    қарай түзеп отыру », - деп жазған Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі.

Изображение слайда

Слайд 6

А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау - әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының « Баяншы », « Әлиф -ба астары » сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған.

Изображение слайда

Слайд 7

Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі    Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ақынның «Педагогика», (1922), «Ана тілі », (1923), « Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы »(1925), « сауатты бол»(1926), « Ересек шала- сауаттылар программасы »(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» атты ғылыми еңбегін жазады

Изображение слайда

Слайд 8

Informative 1923 жылы М.Жұмабаевтың « Бастауыш мектепте ана тілі » еңбегі жарияланды. Оның бұл еңбегі жан – жақты ойластырылған, сындарлы жүйемен жазылған. Мұнда сол кездегі тарихи жағдайдан туатын міндеттерді қарастырады 1. Бастауыш мектептің міндеті. 2. Еңбек мектебінің міндеті ; 3. Төрт жылдық бастауыш мектеп міндеттері анықталады Ақын зерттеуші ана тілінің мектпете оқытылуына көңіл бөліп, ана тілі сабағының мақсата мен міндеттерін көрсетіп береді. Сондай ақ, оқытудың сабақтан басқа түрлерін де тоқталады. Мағжан Жұмабаев ескі мектеп сипаты мен жаңа мектепті салыстырып, оның ерекшеліктерін сөз етеді.Ескі мектептің жағдайын сынай отырып, жаңа мектептің берерін де терең талдайды. Халық ағарту ісінің озық ойдың жемісі екенін әңгімеге өзек етеді. Өзінің педагогикалық еңбегінде ақын оқушы жүрегіне, ең алдымен, нақты бейне, сурет сала білу керек деп кеңес береді.

Изображение слайда

Слайд 9

e Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің    қамтитын аймағы    мектептегі әдебиет    пәні сабақтары мен әдебметке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының    инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының    оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің    өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде    оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік, имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру    заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі.

Изображение слайда

Слайд 10: Пайдаланған әдебиеттер:

Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер /-Алматы,1998 ж. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж. https://ulagat.com/2020/12/20/ysclid=l9ln1698m91599425

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы н, ұлт қайраткерлері мен ғалымдардың: Назарлары ңызға рақмет !

Изображение слайда

Похожие презентации