Қазақ ұлттық ыдыстары — презентация
logo
Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Ерте дегі қазақ тұрмысындағы былғары ыдыстар
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Тостаған - шағын ағаш аяқ.
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Күбі - қымыз, шұбат пісетін, май шайқайтын ыдыс.
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
  • Қазақ ұлттық ыдыстары
1/21

Первый слайд презентации: Қазақ ұлттық ыдыстары

Қабылдаған: Ким И.А. Орындағандар: Қомшабай А.С. Дүйсенбаева А.А.

Изображение слайда

Слайд 2

Көшпенді өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс-аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған. Себебі, азық салуға, ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет болды. Ошақтың негізі болған мыс қазан біздің заманымыздан бұрынғы 3-4 ғасырда пайда болған дейді тарихшы ғалымдар.

Изображение слайда

Слайд 3

Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз құюға арналған торсықтың негізінен екі түрі бар. Біріншісі, дөңгелене келіп, ағашпен жиектеліп, терімен қапталады. Қылқа мойынды ұзынша, тығын салатын аузы бар. Екіншісі, айбалта пішінді. Үлкен иіннен жоғары шыққан қошқар мүйізді қос қапталы бар және мойыны ұзын. Торсық тек қымыз құю үшін ғана емес, оны бабында ұстауға да ыңғайлы. Ұзақ сапар кезінде шайқалып, қымыз қашанда бабында сақталады. Ал қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс – саба. Ол тұтас теріден ( екіден бес теріге дейін ) тігіледі. Әрқайсысының өз аты болған, мысалы «бес биенің сабасы », «тай жүзген » деген сияқты. Сондай-ақ түйенің мойын терісінен қымыз ашыту үшін сүйретпе жасаған. Оның емдік қасиеті де бар екен.

Изображение слайда

Слайд 4

Сондықтан, тек сабадан құйып берген. Жылқы және ірі қара терісінен шелек т.б ыдыстар жасаған. Жер суаруға, құдықтан су тартуға қауғаны пайдаланған. Былғары ыдыстар үй тірлігіне қолданумен бірге қазақтардың қайталанбас ұлтты өнер үлгісі ретінде де қарауға болады. Әсіресе торсықтар мен бие сауатын көнектер мұқият өрнектелетін болған. Былғарыға басылған күрделі өрнектер, шеңберлі оюлар, өсімдіктердің мәнерлі нұсқалары домалана келген ыдыстардың сыртына тұтас салынып, жекелеген тұстарда бір-бірімен ғажап үндестік тапқан.

Изображение слайда

Слайд 6

Қазақ халқы адыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, жүннен, киізіден және шұғадан жасаған. Біздің халық тұрмысында ыдыстардың ағаштан жасалған түрлері кеңінен пайдаланылған. Зағыма - түбі таяз үлкен табақ. Сарқым – сусын құятын тұтқалы ыдыс. Тегене - жиектелген тік ыдыс. Табақ - тағам сақтайтын, керсен - ағаш табақтың үлкені.

Изображение слайда

Слайд 7

Ожау - сұйық құюға арналған шөміш.

Изображение слайда

Слайд 8

Изображение слайда

Изображение слайда

Слайд 10

Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз қүюға арналған түрлі торсықтар бар. Ал қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс – саба. Саба тұтас теріден тігіледі.

Изображение слайда

Слайд 11: Күбі - қымыз, шұбат пісетін, май шайқайтын ыдыс

Изображение слайда

Слайд 12

Торсық - сыйымдылығы 3-8 литр болатын қымыз құятын ыдыс. Сүйретпе - қымыз сақтайтын ыдыс. Бөрдек - қымыз ашытатын торсық. Піспек - қымыз пісіретін сапты құрал. Бүйен, қарын - сарымай сақтауға арналған ыдыс. Бұлқыншақ, меске, шанақ - сұйық ас құятын ыдыстар. Көнек - бие саууға арналған шүмекті ыдыс.

Изображение слайда

Слайд 13

Шанаш - тұз сақтайтын тері қапшық. Қыштан жасалынған ыдыстар : Құмыра – ұзын мойынды тұтқалы ыдыс. Көзе - су қүюға арналған шағын ыдыс. Кереңке - сүт құю үшін жасалған құмыра. Халқымыз келген қонаққа қандай ыдыспен ас тартуына ерекше мән берген. Үйде сынық ыдыс-аяқ ұстамаған.

Изображение слайда

Слайд 14

Аяқ – ағаштан жасалған көлемі шұңғыл табақтан кіші, әсем, сырлы ас құятын ыдыс. Аяққап – киізден, былғарыдан істелген, кереге басына ілетін, аяқ сақтайтын ыдыс. Астау – ет салатын, көлемі табақтан үлкен, ұзынша ағаш ыдыс. Бақыраш – су құйып алуға арналған темір ыдыс.

Изображение слайда

Слайд 15

Бүйен – ал бүйенінен жасалған, май сақтауға арналған ыдыс. Жанторсық – жолаушы жанында жүретін, сусын құятын шағын тері ыдыс. Жуаз – май шайқайтын ағаш ыдыс. Зерен – шара тәріздес, беті қақпақты, күміспен, сүйекпен шекетулеген кәделі ағаш ыдыс.

Изображение слайда

Слайд 16

Көзе – қыштан жасалатын, түбі кең, аузы тар сұйық құятын ыдыс. Көнек – теріден қатырып жасалынған, шүмегі бар бие сауатын шелек. Қазан – шойыннан жарты шар үлгісінде құйылған, ұстауға қолайлы, төрт құлағы бар, көлемі әр түрлі, бетінде қақпағы бар тамақ пісіруге арналған ыдыс.

Изображение слайда

Слайд 17

Қарын – бұзаудың, қойдың қарнынан жасалған май сақтайтын ыдыс. Қасық – ағаштан, темірден жасалған сұйық тамақ ішетін ыдыс. Құты – су, сусын құятын шағын ыдыс. Құмыра – қыштан жасалған, сұйық ас құятын ыдыс.

Изображение слайда

Слайд 18

Құманша ( ақ құман ) – шай бұқтыратын шағын ыдыс. Ожау – сұйық құятын сапты ыдыс. Мес – ас құятын, сақтайтын тері ыдыс. Саба – жылқы терісінен тігілетін, қымыз құятын кәделі ыдыс. Самаурын – шай қайнататын ыдыс. Табақ – ет тартатын, кәделі, жиекті ағаш ыдыс.

Изображение слайда

Слайд 19

Шәугім – құманның бір түрі. Шара – ағаштан ойып жасаған қымыз немесе сұйық ас құятын шұңғыл тік жиек ыдыс. Шәйнек – жезден, мыстан жасалған құманның бір түрі. Шөміш – қазаннан ас құятын ыдыс, ожаудың бір түрі. Шанаш – тұз сақтайтын тері қапшық. Шылапшын – қол жуғанда пайдалынылатын ыдыс.

Изображение слайда

Слайд 20

https://ulykbek.wordpress.com/2014/05/12/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B-%D1%85%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D2%AF%D0%B9-%D1%82%D2%B1%D1%80%D0%BC%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0-%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D1%96/

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақ ұлттық ыдыстары

Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации