Первый слайд презентации: Қазақстан графика өнері және график суретшілері,шығармашылықтары
Қожағұлова Аружан Қартбаева Бақтыгүл
Слайд 2: Мазмұны
1.Қазақ графика өнері. 2.График суретшілері,шығармашылықтары. 3.Қазақстанның график суретшісі С. Романов пен М. Қисамединовтың туындылары.
Слайд 3: 1. Графика өнері
Графика» - қағаз не қатырма қағазға ( картонға ) қарындаш, қаламуш, көмір, қыл-қалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналармен салынған сурет. Графика гректің « жазамын », « сурет саламын » деген сөзінен шыққан. Сызба өнері – бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері, түрлі жарнамалар мен маркалар жатады. Қағаз бетіне салынған литографиялар, түсті гравюралар, түрлі-түсті қарындаш және қолмен салынған суреттер де графикаға жатады. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер И.Исабаев, Ә.Рахманов, М.Қисаметдинов, А.Смағулов, Б.Табылдиев, К.Баранов, Н.Гаев, В.Гульев, Е.Сидоркин, Т.Ордабеков, Қ.Қаметов, В.Тимофеев, т.б. атауға болады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор.
Слайд 4
Қазір көп ұлтты Қазақстан суретшілері өз республикасын ең айтулы деген көрмелерде сан қырынан көрсетіп жүр. Олардың өзіндік қолтаңбасымен дараланатын үлкенді-кішілі кең тынысы және камералық шығармаларының тақырыбы мен мазмұны халқымыздың, егеменді еліміздің өмірімен тығыз байланысты. Әр түрлі үлгіде орындалған, өзіндік таным-түйсігі сақталған олардың живопистік полотнолары, мүсіндері, графикалық парақтары халқымыздың өмірін, салтын, ерекшелігін, кешегі ерлікке толы жылдар мен бүгінгі ғажайып күндерді бейнелеу өнерінің барлық мүмкіндіктерімен : түр – түсі, орындалу нақышы, пластикалық формасы арқылы шынайы көрсетеді. Біздің өмір алуан қырлы, сан сырлы. Егемендігіміз суретшілердің қиялына қанат бітіреді, шабытына шабыт қосады, сегіз қырлы бір сырлы жайсаң жандар, олардың даңқты істері, күнделікті тіршілігі, мереке тойлары, табыстары мен жаңалықтары, жаңа қалалар мен мәңгі жасайтын таңғажайып табиғат – міне, осының бәрі, яғни шынайы өмірдің кез келген көрінісі, суреткер үшін қызықты тақырып. Республика бейнелеу өнерінің қайраткерлері күнделікті өмірдің әр алуан оқиғаларына мұқият зер сала отырып, өз еңбектерінде Қазақстанның қарышты қадамдарын, оның экономикада, ғылымда, мәдениетте, жаңа адамды тәрбиелеуде жеткен табыстарын шабыттана бейнелеп келеді.
Слайд 5
С.Романовтың « Құрманғазы »; И.Исабаевтың « Халық эпосы»; Б.Табылдиевтың « Батырлар шайқасы »; Ш.Кенжебаевтың « Менің ауылымның адамдары », « Кешкі ән »; Т.Ордабаевтың « Аласапыран », « Жырау »; Ә.Рахмановтың « Соғыс »; М.Қисамеддиновтың « Жер және адамдар » сериясынан т.б. линогравюралық жұмыстар осыған куә.
Графика – бейнелей өнерінің көне түрі. Ежелгі суретшілердің үңгір ішіндегі қабырғаларда қалдырған суреттері көне грек құтыларындағы ою-өрнектер, қайта өрлеу дәуіріндегі көрнекті қылқалам шеберлерінің гравюралары мен суреттері. Соның бәрі тамаша графикалық туындылар болып есептеледі.Бүгінде графика өнері бейнелеу және мүсін өнері сияқты соншалық жан-жақты дамып отыр. Тіпті онсыз біздің өмірді көз алдымызға әкелудің өзі қиын. Кез келген балалар кітабын парақтап қарасақ, мәтіннің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін суреттерді, яғни графикалық шығармаларды көруге болады.График – суретші Ә.Рахмановтың « Соғыс » шығармасында суретші бір ғана түспен соғысқа аттанғалы тұрған қазақ жауынгерін әр қырынан шебер бере білген. Суретте әскери киімдегі батыл, ержүрек бейнелері нақты көрініс тапқан.
Слайд 7
Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада сызықтар, штрихтар,ашық және қара дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады.Салынатынбейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға немесе тасқа бедерленіп, содан қағазға басылады.Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында,кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай,композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі ) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т.б.жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары аралығында қалыптасты.Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындыларымен танымал график суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Ордабеков.
Последний слайд презентации: Қазақстан графика өнері және график суретшілері,шығармашылықтары: 3.Қазақстанның график суретшісі С. Романов пен М. Қисамединовтың туындылары
Қисамединов Мақым Мұстақұлы 1939 – 1982 – график суретші. Оның сурет салу тәсілдері линогравюраны қолдана отырып, қондырғылы және кітап графикасында жұмыс істеді.Диплом жұмысы ретінде. МӘуезовтың «Абай жолы » романына иллюстрациялар топтамасын дүниеге әкелді. Қисамединовтың басты туындыларының бірі – Абай портретінде ақын киізүйдің айқара ашылған сігінен шығып келе жатыр. Иығына шапан жамылған ақын тұлғасы көрнекті, иілген ік жақтаулары ұлттық өрнекпен көмкеріліп, шығарма асқақ сезім мен монументтік қалып береді. Қазақтың кино суретшісі, графигі кескіндемешісі Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келді. Оған 1967 жылы Қазақстан өнерінееңбек сіңірген қайраткер, 1981 жылы Халық суретшісі құрметі атағы берілді.С.Романов жас кезінде балалар үйінде тәрбиеленген. Москва көркем сурет мектебінде оқыған. Суретші С. Романов 50 – 60 жылдар аралығында « Қанатты сыйлық », « Алдар көсе », « Жангелдин отряд», « Найзатас », «Ас беру», « Қырық өтірік », « Құрманғазы » атты кинофильмдеріне декорация жасады. Сонымен қатар осы кинофильмдерге арнап кеіпкер костюмдерінің нобайларын, эскиздерін салды. С. Романов шығармаларында ақын «О. Сүлейменов », «Автопортрет», « Мұхаммед Хайдар Дулати, портретері ерекше орын алады. С. Романов шығармашылығында « Жер туралы декрет», « Бұғаудан босану », « Отан аспан аясында », « Төлектің тор жайлауында », « Бектау аты », «Аврора жаңғырығы », « Құсбегі » картиналары ұлттық калоритімен символдық тілімен ерекшеленіп, суретшінің өзіндік қолтаңбасын айқын танытады.С. Романов « Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен » наградталған.