Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері — презентация
logo
Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Көтерілістің шығу себептері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Көтерілістің жетекшісі және оның қозғаушы күштері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Ұлт-азаттық қозғалысының ақырғы кезеңі
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
  • Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері
1/19

Первый слайд презентации

Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері

Изображение слайда

Слайд 2

Ұлт-Азаттық Қозғалыс  -  ұлттық  тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес. Бұл қозғалыстар орта ғасырлардан бастау алады. Орта ғасырларда халықтар мен ұлттық топтар жат жерлік езгіге қарсы күресіп, өздерінің өмір сүріп, даму құқықтарын қорғады. Ұлт-азаттық қозғалыс —  отар  елдерге тән тарихи  құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты  мақсаты  — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс  — отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.

Изображение слайда

Слайд 3

Оның басты мақсаты — ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру. Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз — отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі. XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық жолындағы күресі — Отан қорғау мақсатын көздеді. Елдің бір бөлігі жау қолында қалған жағдайда оны азат ету ісі жалпыұлттық міндетке айналды. Отан соғысы мен ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты ортақ — елдің мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау. Сондықтан бұл ұғымдар бір-біріне жақын, мазмұны жағынан өзара астасып жатыр. Дегенмен ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұны тереңірек. Ұлт-азаттық күрес қоғам өмірінің барлық салаларымен байланыста дамиды. Мұндай байланыстылық тек саясат пен экономикадан ғана байқалып қана қоймай, қоғамның мәдени-рухани жағын да қамтиды. Ұлт-азаттық қозғалыс — бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні. Демек, ұлт-азаттық қозғалыстар туралы жан-жақты шынайы тарихи контексте оқып-үйренуіміз қажет.

Изображение слайда

Слайд 4

Изображение слайда

Слайд 5: Көтерілістің шығу себептері

Е. Пугачев  бастаған  шаруалар көтерілісі  басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз  қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді. Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды. Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді. Екіншіден,  Орал  қазақ әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі  «әскери іздестірулер»  тоқтатылмады. Үшіншіден,  Нұралы ханның  және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады. Мәселен, Нұралы хан  Орынбордан  жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды. Көтерілістің шығу себептері

Изображение слайда

Слайд 6

Изображение слайда

Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші күздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің  байбақты руынан  шыққан ірі тұлға болатын.. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ  «Бала би»  атанған болатын. Сырым Датұлының дене күші де зор еді. Жеке өз басының ерлігі мен қайыспас қайсар батырлығы, ерекше ерік күші таңғалдыратын. Өз замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың  екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі  Д.Ч. Бульжер  былай деп жазды:  «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады». Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі,  старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе  Ресеймен  шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі  Айшуақ сұлтанның  ұлы  Жантөре  болды. Көтерілісшілердің  қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды. Көтерілістің жетекшісі және оның қозғаушы күштері

Изображение слайда

Слайд 8

Изображение слайда

1797  жылдың көктемінде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім ханды өлтіреді. Бұған жауап ретінде  патша  үкіметі қазақ даласына жазалаушы отрядтар жіберді. Бірақ олар көтерілісшілерді кездестіре алмады. Кіші жүзде хан тағына талас басталды. Игельстром Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды ұсынды. Сөйтіп 1797 жылдың тамыз айынан бастап Хан кеңесі жұмыс істей бастады. Отаршыл өкімет билігі қартайып қаусап отыріан  Айшуақ сұлтанның   кандидатурасын  қолдады. Бірақ сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектері дәстүрлі халық жиынын өткізбей-ақ  Қаратай сұлтанды  хан сайлауға асықты. Мұның өзі сұлтандардың Хан кеңесіне деген қарсылығын білдіруі еді. Өйткені Хан кеңесінде старшындардың ықпалы күшті болып шығатын еді. Сырым Датүлы Хан кеңесінің құрамына сайланбай қалды да,  Сырдария  өзені бойына көшіп кетті. Онда ол Әлімұлы  старшындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесінің алдына Кіші жүздегі жағдайды жақсарту жөнінде мәселе қойды. Сырым батыр руаралық барымтаны және Орал қазақтарымен қақтығысты тоқтатуға күш салды. 1797 жылы  Айшуақ сұлтан  хан болып сайланды. Бұл кандидатураны сұлтандар да, ру старшындары да қолдады. Хан жасы жетіп қартайған адам еді. Ол қазақтардың арасында бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кіші жүздегі сұлтандар мен ру старшындарының өзара татуласуы Сырым Датұлын өзінің төңірегіне ру старшындарын бұрынғысынша топтастыру, сұлтандарға және патша әкімшілігіне қарсы күресін жалғастыра беру мүмкіндігінен айырды. Сырым батыр Хиуа хандығына көшіп кетті. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым Датұлы кейбір мәліметтерге қарағанда  1802  жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқан көрінеді Ұлт-азаттық қозғалысының ақырғы кезеңі

Изображение слайда

Слайд 10

Исатай мен Махамбет бастаған ұлт - азаттық көтеріліс Көтерілістің негізгі себептері Исатай мен Махамбет бастаған ұлт - азаттық көтеріліс Көтерілістің негізгі себептері

Изображение слайда

Слайд 11

Изображение слайда

Слайд 12

Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс өзінің қоғаушы күші тұрғысынан шаруалар көтерілісі болды, сондықтан оның бағыты көп жағынан алдын-ала айқындалған еді. Көтерілістің бір текті еместігі, стихиялылығы, едәуір дережеде бір аумақта шектелінді, нақты бағдарламасының жоқтығы, ұйымшылдығының жеткіліксіздігі оның жеңіліске ұшырауының негізгі себептері болды. Бірақ оның күшті жақтары аз емес-ті. Көтерілісшілер байлардың, хан төңірегіндегілердің қанаушылығына қарсы, патшалық Ресейдің Кіші жүздегі отаршылдық саясатына қарсы күресті.

Изображение слайда

Слайд 13

Изображение слайда

Слайд 14

Изображение слайда

Слайд 15

Изображение слайда

Слайд 16

Көтерілістің қозғаушы күштері Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты: 1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. 2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу. Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты.

Изображение слайда

Слайд 17

Изображение слайда

Слайд 18

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақтардың ұлт - азаттық көтерілістері

Изображение слайда

Похожие презентации