Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі — презентация
logo
Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
  • Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
  • Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
  • Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
  • Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
  • Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
  • Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
  • Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
  • Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
  • Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • Назарларыңызға рахмет!
1/11

Орындаған: Балтабай Аяжан Қабылдаған:Таирова Бағила Топ: Мемлекеттік және жергілікті басқару 2 курс

Изображение слайда

Слайд 2

Изображение слайда

Слайд 3

Прагматизм( pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.Біз прагматизм туралы көп айтамыз және бұл мемлекетіміздің экономикалық табысы үшін өте маңызды мәселе. Шынымен де қарапайым шындық. Бұл әрбір адамға белгілі. Егер сен ақылмен емес, эмоцияға бағынсаң, өмір баспалдағыңды жоспарламай, орындалмас арман және үмітпен өмір сүрсең – жетістік болмайды.

Изображение слайда

Слайд 4

Президент Назарбаев бұл туралы өзінің мақаласында жақсы түсіндіреді. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президенттің пікірінше, нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі. Өкінішке қарай, бізде кез-келген адам өзін прагматик деп атай алмайды.

Изображение слайда

Слайд 5

Несиені қалай төлейтінімізді білмей, мақсатсыз алу, қымбат көлік міну немесе дүркіретіп тойын жасауға құмармыз. Ал шын мәнісінде, не тұрақты жұмысымыз, не бизнес, не нақты өмірлік жоспар жоқ – бұл жағдай таныс па?

Изображение слайда

Слайд 6

Бұл бізді ұятқа қалдыратын мәселе ғана емес, біздің дамуымызды тежейтін негізгі мәселе. Нақты прагматикалық әдістердің болмауы барлық деңгейде байқалады емес пе? Бізде өндіріске немесе заманауи инфрақұрылымның дамуына емес, керісінше ешкімге керексіз, пайдасыз дүниелерге ақша жұмсағанды тәуір көретіндер бар. Прагматизмнің жетіспеушілігі, нақты есептеу мен барлық жағдайларды жоспарлау арқылы жеке адамдар да, тұтас алғанда да ұлт көздеген мақсаттарына жете алмайды.

Изображение слайда

Слайд 7

Нәтиже – үмітсіздік, қарыздар мен ресурстардың бекерге жұмсалуы. Ал негізі бәрін басқаша жасауға да болар еді... «Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады. Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес», - дейді Мемлекет басшысы. Президент радикалды идеологиялардың ғасыры өткендігін және барлық адамдарға жоспардан тыс күтпеген қауіп төндіргендігін атап өтті. Біздің елімізге нақты жоспарлар мен бәсекеге қабілеттілік қажет. «Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады», - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Изображение слайда

Слайд 8

Адам тек қана материалдық өмірдегі қиындықтарды жеңу қажеттілігінің шеңберінде ғана ойлайды. Идеяның құндылығы практикалық пайдалы болу дәрежесіне қарай анықталады деген ойлар айтты. Прагматизмнің кейінірек туындаған бір саласы инструментализмде : ақыл мен интеллект ( логикалық, этикалық ж.т.б формалар ) өзгеріп тұратын жағдайға бейімделудің құралы деп түсініледі. Идея, пікір, ой – шындықты анықтаудың, қайшылықтарды шешудің де құралы болуы тиіс. Мұнда нақтылық, тиімділік, пайдалылық, өнімділік және т.б. басты құндылықтарға айнала отырып, ол – білім беру мен мәдениетке кең таралуы қажет екендігі ұсынылады. Мәселен, мектеп адамның өмірге дайындығы емес, білім алушы жасөспірімді сол өмірге енгізудің және практикалық пайдалы нәтижелерді бастан өткізу баспалдағы болып табылатын нақ сол өмірдің өзі.

Изображение слайда

Слайд 9

Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды».Шынымен де, бұл жайлы ойлау, әсіресе бір күндік өмірімен ғана өмір сүретін адам үшін пайдалы болар еді. Сенің жетістігің- сенің қолыңда, бірақ оған жету үшін «мимен жұмыс жасау керек». Қарапайым ғана шындық жеке адам мен тұтастай мемлекет үшін де маңызды болмақ...

Изображение слайда

1.Қазақстан энциклопедиясы, VII- том 2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. 3. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2011.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі: Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации