Слайд 2
Картотека № 1 Қырауды бақылау. Мақсаты : балаларға қыраудың қалай болатынын түсіндіру. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады. Көркем сөз. Тазартып бар кір шаңнан, Қыс өнерін бастады. Терезеге қыраудан, Сурет салып тастады. Қимылды ойын : « Суыққойлар » Мақсаты : қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу. Еңбек : бір біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету. Жеке жұмыс : тәжірибе жасау : мұз бу су ( заттың бір түрден басқа түрге айналуы ) Жорамал : Ағашқа қырау түссе, аяз болады. Тұман болса, күн жылынады. Жұмбақ : Қанат сияқты ақ, Ұлпа боп жерде жатады.
Слайд 3
Картотека № 2 « Қарды бақылау » Мақсаты : Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айту. Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді. Ойлау қабілетін дамыту. Тақпақ : Аппақ көше, бар дала, Аппақ ой мен қыраттар. Ақ шатырлы қар қала, Ақ жамылып тұр бақтар. Ойын : « Қардан түрлі бейнелер жасау ». Мақсаты : Ойынға қызығушылығын арттыру. Еңбек : Ағаштар түбіне қар үю. Мақсаты : Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, үйілген қардың маңызы туралы түсінік беру. Жеке жұмыс : « Қыс қызығы»тақырыбында әңгіме құрату. Мақсаты : Сөздік қорын дамыту, ойын жүйелеп жеткізе білуге үйрету. Қимылды ойын : « Үйсіз қалған қоян » Мақсаты : ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру.
Слайд 4
Картотека № 3 «Суық торғайды бақылау» Мақсаты : Қыс мезгілінде барлық құстардың жылы жаққа ұшып кететінін, ал суықторғайдың бізде мекендеп қалатынын, ол қандай аяз болса да тоңбайтыны сол себепті суықторғай деп атағанын түсіндіріп көрсету. Еңбек: Қар күреу. Мақсаты : Қардың жерге қалың түскенін айтып, қарды күрекпен күреу арқылы жол жасап, күректі калай ұстау керектігін үйрету. Жеке жұмыс: Торғай,торғай,тоқылдақ Жерден дәнді шұқып -ап Бөтекесі бұлтиып, Шиқ-шиқ етіп отырмақ. Мақсаты : Балаларға тақпақ үйрете отырып тіл байлықтарын молайтып,сөздік қорларын дамыту. Жұмбақ : Отта жанбайды Суда батпайды. ( Мұз Қимылды ойын : « Суыққойлар » Мақсаты : қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу.
Слайд 5
Картотека № 4 Бұршақты бақылау Мақсаты: Бұршақ, домалақ ақ түсті болатыны туралы түсінік беру. Қимылдық ойын: «Торғайлар». Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Тез шешім қабылдауға үйрету. Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю. Мақсаты: Үйілген қардың маңызын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа үйрету. Жеке жұмыс: Қысқа байланысты жұмбақтар жаттату. Қыста ғана болады Ұстасаң қолың тоңады. (Қар ). Көркем сөз : Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ, Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап, Шаңғы теуіп жарысамыз желменен, Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап. Мұзафар Әлімбаев Мақсаты : Тілдік қорын дамыту, ойлау қабілетін арттыру. Балаға грамматикалық дұрыс сөйлеу үлгілері беру.
Слайд 6
Картотека № 5 Қар жауып тұрған құбылысты бақылау. Мақсаты : балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптас-тырып, толықтыра түсу. Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді ? Көркем сөз : Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды, Үсті – басы ақ қырау түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Еңбек : құстар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу. Мақсаты : қыстаған құстарға, хайуанаттарға қамқоршы болуға тәрбиелеу. Қимылды ойын : « Ақ қоян » Мақсаты : балаларды ептілікке баулу. Жеке жұмыс : бір құстың лабиринттен шығу жолы туралы ертегіні ойластыру.
Слайд 7
Картотека № 6 «Аязды бақылау» Мақсаты : Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен қолымыздың тоңатынын, үсіріп жіберуі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап, мойын орауыш тағатынымызды түсіндіру. Еңбек: Ауладағы қарды күреу. Мақсаты : Балаларды еңбек сүйгіштікке, бірлесіп жұмыс жасауға үлкенге көмек беруді үйрету. Күректі дұрыс ұстауға үйрету. Қимылдық ойын: «Сырғанақ тебу». Мақсаты : Балаларды ұйымшыл тату ойнауға, шанамен ойнауға шақыру, таудан төмен сырғанау әдісін үйрету. Жеке жұмыс: Жұмбақ. Терезеге қонады, Әсем ою ояды. (Аяз ). Мамықтай ұлпа, Қанттай ақ. Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады. Мақсаты : Жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Слайд 8
Картотека № 7 Қыстап қалатын құстарды бақылау. Мақсаты: Қыстап қалатын құстардың түрлерімен таныстыру, қыстап қалатын құстар туралы мағлұмат беру, «олар үшін қыс та, аяз да қатер емес,аштық қатер»деген ұғымды қалыптастырып,қамқорлықпен қарауға үйрету. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың бойындағы зейінділік, сезімталдық қабілеттерін дамыту. Еңбек: Құстарға жем шашу. Мақсаты: Қыста құстарға аштықтың қатерлігін түсіндіре отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Жылы жаққа ұшпайтын Біздің жақта қыстайтын Құстар жүрсе жуықта, Жем шашуды ұмытпа! Мақсаты : Тақпақ жаттата отырып, мағынасын түсіндіру. балалардың сөздік қорларының белсенділігін арттыру,
Слайд 9
Картотека № 8 Адамдардың қысқы еңбегі. Мақсаты : Қысқы еңбекпен таныстыру барысында үлкендердің еңбегін түсіндіру, еңбекке ынтасын тудыру. Тақпақ: Қыстыгүні таңертең, Ерте оянып жас бала. «Қар» деп сыртқа қарайды, Көңіл бөлмей басқаға. Қимылды ойын: «Ақ қоян». Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Еңбек: Ауладағы қарды тазалау. Мақсаты: Балаларды еңбекке ынтасын арттыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Жазда таудың басында Қыста аяқ астында, Балмұздақтан аумаған Бұл не тағы расында? (Қар) Мақсаты: Балаларға жұмбақ жасыра отырып, жылдам шешім таба білуге, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Слайд 10
Картотека № 9 Шыршаны бақылау. Мақсаты: Шыршаның тікенекті, оның қысы-жазы бір түсте болтынын көрсете түсіндіру. Тікен-тікен тік пісте Қысы-жазы бір түсте. (Шырша) Қимылды ойын : « Аңшы мен қояндар » Мақсаты : жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру. Еңбек: Ауладағы шырша түптеріне қар үю. Мақсаты: Үйілген қардың көктемде еріп, суға айналатындығын, шыршаның ылғалды жағдайда жақсы өсетіндігі туралы айтып, түсіндіру. Жеке жұмыс: Дана нұр,қала нұр. Құтты болсын Жаңа жыл! Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр. Мақсаты: Жаңа жыл кеші шыршасыз өтпейтіні туралы түсіндіру.
Слайд 11
Картотека № 10 Бақылау: Мұзды бақылау. Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде өзендер мен көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру. Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу. Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауларын қадағалау. Жеке жұмыс: Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату. Жаңа жыл,жаңа жыл, Жаңа жылда-жаңа нұр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр. Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді қатесіз дұрыс айтуға үйрету. Қим ойын : «Тышқан мен мысық». Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім қабылдауға үйрету.
Слайд 12
Картотека № 11 Боранды бақылау. Мақсаты : Боран ұйтқып соққан желдің салдарынан, қыс мезгілінде болатын құбылыс екендігін көрсете түсіндіру. Жұмбақ: Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желеді, Ауызы жоқ ұлиды. (Боран). Қимылдық ойын: «Байқап қал». Мақсаты: Байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Жеке жұмыс: «Мен сыпайы баламын». Мақсаты: Айналаңдағы адамдарға ілтипатпен қарау. Қиналған кезде көмектес, сөйлескенде сыпайы бол. Айғайлама, сөзді бұзба, басқаларды тыңдай біл, қоғамдық орындарда даурықпа! Осы ережелерді сақтай отырып балаларды сыпайыгершілікке, адамгершілікке баулу. Еңбек: «Таза жолдар». Мақсаты : Ауладағы жолды қардан тазалау. Еңбекқорлыққа баулу. Көркем сөз : Бір топ бала сырғанап, Барады әне жарысып. Қалды артта қыр қалып. Іздерінен қар ұшып
Слайд 13
Картотека № 12 Бұлтты бақылау. Мақсаты: Қыста аспанды сұрғылт бұлт басады, бұлттың салдарынан қар жауады т.б. түсіндіру. Еңбек : Көшедегі қар инаушы машиналардың жұмысын бақылау. Мақсаты : Қар тазалаушы машиналардың адам үшін пайдасының зор екендігін айту.Еңбекті дәріптей білуге үйрету. Жеке жұмыс: Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ, Ұстаған қолдарында таяғы жоқ. Күніне талай жерге кетер кезіп, Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт) Мақсаты : Балаларға бұлт туралы түсінік қалыптастыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту. Қимылдық ойын: «Мені қуып жет». Мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету. Денені ширату арқылы денсаулықты нығайту Көркем сөз Далада қандай тамаша, Ақ мамыққа оранған. Ақ дастархан жапқандай, Көз тоймайды қарасаң .
Слайд 14
Картотека № 13 Күнді бақылау. Мақсаты : Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі. Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру. Еңбек: «Қыс қызығы». Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. ( Күн ) Көркем сөз: Далада қандай тамаша, Ақ мамыққа оранған. Ақ дастархан жапқандай, Көз тоймайды қарасаң. Мақсаты : Балаларға жұмбақ, тақпақ жаттата отырып, тіл байлықтарын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру. Қимылды ойын: «Айгөлек». Мақсаты : Денені шынықтыру, шапшандыққа, ептілікке баулу.
Слайд 15
Серуен №14 Транспортты бақылау. Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін толықтыруды жалғастыру. Оларды тануға, айырып атауға үйрету.Соның ішінде автобусты бақылату және олардың әртүрлі болатынын көрсету. Жол жүру ережелерін де қайталату. Қимылды ойын : « Аңшы мен қояндар » Мақсаты : жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру. Жеке жұмыс. Балаларға автобустағы мәдениеттілікті үйрету. Еңбек. Алаңды жинау. Тазалыққа дағдыландыру. Көркем сөз: Жылыстайды даламның Ақ түнекті бораны. Түйіп алып қабағын, Басып қалды қораны.
Слайд 16
Серуен № 15 Қысқы ауа-райын бақылау. Мақсаты : Қыстағы ауа райы салқынды, боранды, аязды болатынын. Бүгінгі ауа-райын айтыңдаршы. Балалар қысқы күннің ерекшеліктерін айту. Қимылды ойындар: «Тондырамын». Шанамен екі-екіден сырғанаймыз. Көркем сөз : Бір топ бала сырғанап, Барады әне жарысып. Қалды артта қыр қалып. Іздерінен қар ұшып Жеке жұмыс: Қыстың үш айын үйрету, ерекшеліктерін түсіндіру. Сұрақ-жауап. Балалардың қыс мезгілі өз ойларын айтуы Еңбек. Күрекпен қарды жинау, аула сыпырушы атаның еңбегін құрметеуге тәрбиелеу. Тақпақ жаттау. Ертеңгісін байқадым, Жердің беті ақ қырау. Дәл маржан деп айтамын, Төгілуге шақ тұр- ау
Слайд 17
Картотека № 16 Қарғаны бақылау. Мақсаты: Қарғаның дене пішіні, түсі және қалай дыбыстайтынын бақылай отырып, барлық құстарға ортақ қасиеттерді айырып, оларға қамқор болуға үйрету. Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю. Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа,ұқыптылыққа баулу. Үйілген қардың маңызын түсіндіру. Жеке жұмыс: Мынау қарға, қарғалар. Жерде жүріп жорғалар. Тамақ тапса қарқылдап, Таппаса ұшар жалпылдап. Мақсаты: Тақпақ жаттату арқылы балалардың сөздік қорларын байытып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойын: «Қыстап қалған құстар». Мақсаты: Қыстап қалған құстарды және қыстамайтын құстарды атай білуге, олардың айырмашылықтарын айыра білуге үйрету.
Слайд 18
Картотека № 17 Адамдардың қысқы киімін бақылау. Мақсаты: Қысқы киім үлгісімен таныстыру. Атауларын дұрыс айтуға үйрету. Еңбек: Қар тазалаушы машинаның еңбегін бақылау. Мақсаты: Жұмыстың бәрі жақсы екендігін айту. « Еңбек түбі-береке»сөзінің мағынасын түсіндіру, еңбексүйгіштікке баулу. Жеке жұмыс : Тамаша, тамаша, Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса. Мақсаты: Өлеңді жаттату арқылы сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілетін арттыру. Қимылды ойын: Ұстап ал! Мақсаты : балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
Слайд 19
Картотека № 18 Мұздақты бақылау. Мақсаты: Мұздақтың пайда болу жолын түсіндіру, мұздақтан абай болып жүруге үйрету. Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю. Мақсаты: Еңбекқорлыққа үйрету. Жалқаулықтан аулақ болуға шақыру. Жеке жұмыс: Жұмбақ жатттату “Отқа жанбас, Суға батпас” (мұз ) Көркем сөз : Есік алды тайғанақ жата берсін. Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ, Шыға беріп жалтақтай, Ұшып түсті қалпақтай. Мақсаты : Мұз туралы түсінік беру. Жұмбақ, тақпақ жаттату арқылы сөздік қорын молату. Есте сақтау қабілетін дамыту. Қимылды ойын : « Айлакер түлкі » Мақсаты : оңды – солды жалтырап жүгіруге жаттығу.
Слайд 20
Картотека № 19 Өсімдіктердің қысқы тіршілігін бақылау. Мақсаты: Қыста өсімдіктердің өсуінің тоқталатынын, ағаш қабығы оларды суықтан сақтайтыны жөнінде түсінік беру. Еңбек: Ағаштардың түбіне қар үю. Мақсаты:Үйілген қардың пайдасын түсіндіру. Көктемде қар еріп суға айналатындығын, су өсімдіктерге қорек болатындығын айту. Жеке жұмыс: Т.Елеусізұлы. «Қысқы қарағай». Қысқы аязға қарамай, Көгеріп тұр қарағай. Сол секілді төзімді Болсам деймін өзімді. Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілетін дамыту. Қимылдық ойын: «Тасымалдау ойыны». Мақсаты: Топтасып, тату ойнауға шақыру. Ептілікке баулу.
Последний слайд презентации: ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ АРНАЛҒАН СЕРУЕН КАРТОТЕКАСЫ
Картотека № 20 Боранды бақылау. Мақсаты: Боран ұйтқып соққан желдің салдарынан, қыс мезгілінде болатын құбылыс екендігін көрсете түсіндіру. Жұмбақ: Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желеді, Ауызы жоқ ұлиды. (Боран ) Қимылдық ойын: «Ұстап қал» Мақсаты: Байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Жеке жұмыс: «Мен сыпайы баламын». Мақсаты: Айналаңдағы адамдарға ілтипатпен қарау. Қиналған кезде көмектес, сөйлескенде сыпайы бол. Айғайлама, сөзді бұзба, басқаларды тыңдай біл, қоғамдық орындарда даурықпа! Осы ережелерді сақтай отырып балаларды сыпайыгершілікке, адамгершілікке баулу. Еңбек : «Таза жолдар». Мақсаты: Ауладағы жолды қардан тазалау. Еңбекқорлыққа баулу.