Первый слайд презентации: Роботтар адам өмірінде”
9 «А» сынып Тагабеков Нурберген Сапарбай Нурбол Алматы облысы Іле ауданы №40 орта мектеп МКМ
Слайд 2
“Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым” ӘБУ НАСЫР ӘЛ ФАРАБИ
М індеттер:
Слайд 6: 1500 жылы Леонардо да Винчи механикалық арыстан жасайды. Оны көрген Франция королі «Милан орнынан қозғалды, тырнақтары бар темір кеуде Францияның елтаңбасы болады» деді. Адам тәрізді алғашқы қолданыстағы роботты 1737жылы француз өнертапқшы Жолк де Ваконсон құрды. XIX ғасырдың аяғында Ресей инженері Чебышев Пафнутий стопоход тетігін ойлап тапқан. 1940 жылы электрондық өнеркәсіпте компьютер арқылы басқарылатын роботтар пайда болды. Осыдан кейін-ақ адамдар қауіпті әрі қиын жұмыстардан құтыла бастады. 1962 жылы “Юнимейт” атты робот пайдаланылды. Ол “Дженерал моторс” автомобиль зауытында көліктердің ауыр бөлшектерін дайындау, ауыстыру жұмыстарымен шұғылданды. 1993 жылы “Dante” сегізаяқты жүретін робот құрастырылды. Sony AIBO Ит-робы ERS-11 моделінде ойын- сауықтарда пайдалану үшін ұсынылды. Робот екі ондық моторлы аяқ, басын қозғалысқа түсіріп, алға-артқа жүре алатын еді
Слайд 7: Қазақстанның технологиялық дамуы өзіне байланысты болып келеді. Робот жасаушылардың Қазақстанға қызығуы үшін Қазақстанда жыл сайын 5 мыңнан астам робот сатып алынып және орнатылуы қажет ( Ресейде қолданылатын жалпы роботтар санымен салыстырғанда ). Сондай–ақ Қазақстанда аз көңіл бөлінетін стандартты емес роботтарға сұраныс болу кере. Мысалы : бұл роботтар автоматтандырылған жай құрылыс кешені бола алады, яғни бұлар адамның қатысуынсыз құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін жасай алатын болады. Роботтарды жасаудағы мақсат – адамға ауыр, қажытатын, денсаулығына зиян, қызмет түрлерін солардың міндетіне беру болып табылады. Қазақстанға пайдалы қазбалар өндіретін өндірістік роботтар қажет. Тағы бір мәселе ол, ластанған және реактивті қалдықпен жұмыс істейтін роботтар қажет
Терезе жуғыш робот
Слайд 8
Роботтарды қолданатын салалар Медицина Өндіріс Зертту саласы Әскери сала Білім саласы Тұрмыста
Слайд 9
Киото университеті. 2018 жылы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ бір қатар студенттері «Электроника бойынша жазғы мектеп» бағдарламасының аясында Жапон елі Киото қаласына барды. Киото университеті - Жапония Киото қаласында орналасқан ең маңызды ұлттық оқу орындарының бірі. Қытай, Франция, Англия және Қазақстан студенттері осы университетте роботтар құрастыратын жэне зерттейтін “ ARDUINO ”бағдарлама c ымен танысып, өздері робот құрастырған. Сол c туденттердің қатарында біздің жерлесіміз Жумадилов Рахымжан. Боралдай кенті Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектептің түлегі. Қазіргі таңда аль Фараби атындағы ҚазҰУ плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының магистранты, «Ашық түрдегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхана» лаборанты. Жапон профессоры Такахаши Жумадилов Р. білімпаздығына риза болып сертификатпен марапаттады. Мектеп оқушыларының роботтарға деген қызығушылығын арттыру үшін бұл зерттеушілердің ойлап тапқан ойын тренажеры маңызды рөл атқарады.
Слайд 11
Сауалнама Сұрақтар мен жауаптар Оқушылар Роботтарды жақсы көресізбе? Ия 1 7 Жоқ 8 Сіз олардың қалай құрылғанын білесіз бе? Ия 10 Жоқ 15 Роботтар туралы кітаптар, фильмдер білесіз бе? Жоқ 12 Ия ( атап беріңіз ) Роботтар туралы кітаптар 0 Роботтар туралы кино 13 Роботтарды қай жерде қолдануға болады деп ойлайсыз? Тұрмыстық жағдайда 5 Өндірісте 7 Медицинада 9 Білім саласында 3 Әскери салада 9 Ғылымда 11 Сіз қандай роботпен таныссыз? Робот шаңсорғыш 8 Робот ойыншықтары 7 Жауап беруге қиналамын 10 Оқушылардың сауалнамасының нәтижелері Сауалнама нәтижесі бойынша келесі жайыттар анықталды: барлық оқушылар біледі бұл өмірде біздің көмекшілеріміз роботтар екенін. Олардың адам өмірінде әр түрлі орын алатынын. Алайда, оқушылардың көпшілігі роботтарды тек өндірісте ғана қолданады деп ойлайды. «Сіз қандай роботпен таныссыз?» - деген сұраққа көпшілігі тек ойыншықтардың басқару пультіндегі, үй техникасы (микроволновка, кір жуу машинасы және т. б.). туралы айтты. Бір қатар балалар роботтарды қолдану үшін арнайы бағдарламалардың және датчиктердің болу керектігін атады. Сұралған адамдардың 24 - і роботтардың негізгі мақсаты – бұл адамдарға көмек көрсету деп санайды, ал тек 1 адам ғана роботтар адамдарды қорғайды деп санайды. Алайда «Робот адамды ауыстыра ала ма?» деген сұраққа балалар нақты жауап беруге қиналды. Оқушылар заманауи әлемде роботтарды қажет ететініне сенеді, олар күрделі тапсырмаларды жеңуге көмектеседі, олар бізді қызықтырады және біздің өмірімізге қуаныш әкеледі деп санайды. Балалардың көбі роботты қалай жасау керектігін білмейді. Сыныптастар роботтар туралы, негізінен кинофильмдер мен мультфильмдер арқылы біледі, бірақ көптеген танымал роботтарды есіне түсіре алмады. Шын мәнінде, егер ойын саласында қолдансақ онда роботтар адамдардың белгілі бір ролін орындай алады, ал шинайы өмір де робот адамды ауыстыра алмайды, себебі адам тіршілік иесі, күрделі тірі организм, ойлауға қабілетті, басынан әр түрлі сезімдерді өткереді: махаббат, қуаныш, қайғы, жауапкершілік және т. б.
Слайд 12
Қорытынды Қазіргі уақытта дүние жүзінде 1 миллионнан астам робот пайдаланылуда. 2005 жылы 850 мың робот пайдаланылған; оның ішінде 450 мың робот Азия мемлекеттеріне (380 мың Жапонияда, Малайзия 50 мың, және т.б. мемлекеттерде), 270 мың робот Еуропа елдерінде, 120 мың АҚШ-та және т.б. мемлекеттерде роботтар қолданылады. Жылына 100 мың робот іске қосылады. Қазақстанның экономикалық дамуын талқылауында, инновациялық дамуына практикалық роботтандыру сөзі өте аз қолданылады. Қазіргі Қазақстанның проблемаларында роботтарды құрастыру, роботтарды шығару, роботтарды пайдалану сұрақтары қозғалмайды. Елбасымыздың инновациялық даму және дамыған 50 елдін қатарына ену жолдауына қарамастан, робототехника Қазақстанда баяу дамуда. Қазақстанда роботтардың басым бөлігі өндірістік роботтар. Атап айтқанда машина жасау саласында, кітап шығару, текстил өндіру, кондитер өнімдерін шығару, сусындар шығару саласында және т.с.с. салаларда өндірістік роботтар кенінен қолданылады Сауалнама көрсеткендей, біз күн сайын бетпе-бет түрлі роботтардың нұсқаларымен кездесеміз, бірақ ойланбаймыз олардың маңызы және құрылысы туралы. Олар көптеген пайдасын әкеледі. Өйткені, біздің жеке мүмкіндіктеріміз шектеулі, ал ақылды машина — робот — көптеген міндеттерді адамға қарағанда жақсы атқарады. Біздер келесі тұжырымға келдік: кәзіргі таңда роботтардың көмегісіз адамның өмірі мүмкін емес. Бірақ робот адамды толық алмастыра алмайды. Адам ақыл мен сезім иесі, адам робот емес!