Первый слайд презентации: Сабақ тақырыбы:
Қазақстан тарихы тарихы 6-сынып Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шегараларының нығаюы. Зерттеу сұрағы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?
Слайд 2
Бүгінгі сабақта: Тәуекелдің Бұхара және Ташкент аймағындағы билеушілермен қарым-қатынастарының ерекшеліктерін білесіз; Тәуекел ханның қазақ жерін бір орталыққа біріктіру жолындағы қызметінің маңыздылығын түсінесіз.
Слайд 3
Хақназар мен оның ұлдарының өлiмiнен кейiн ақсүйек қауымының құрылтайында Жәнiбектiң немересi Шығай сұлтан 1580 жылы хан болып сайланды. Шығай хан.
Слайд 4
Шығай хан туралы толық деректердi Қадырғали Жалаири келтiредi. Ол Шығай хан мен оның батырлығы туралы аңыз «қазiрге дейiн халық жадында сақталғандығын» жазады.
Слайд 5
Қазақ жерлерін біріктіруге зор еңбек сіңірген қазақ хандары арасында Тәуекел ханның орны ерекше. Тәуекелдің қолбасы және қайраткер ретінде қалыптасуына оның әкесі Шығай хан көп еңбек сіңірді. Ол XVI ғасырдың 70-жылдарынан бастап үлкен ұлы Тәуекел мен Есімді қолбасылыққа, соғыс өнеріне және ел басқару ісіне баулыды.
Слайд 6
Тәуекелдің қолбасы және қайраткер ретінде қалыптасуына оның әкесі Шығай хан көп еңбек сіңірді. үлкен ұлы Тәуекел Ол XVI ғасырдың 70-жылдарынан бастап ұлы Есімді қолбасшылыққа, соғыс өнеріне және ел басқару ісіне баулыды
Слайд 7
Ұлы Далаға қайтып оралған Тәуекел ханның мұндай қадамға баруының себебi: ол Абдаллахтың ықпалында қалса, өз халқының тәуелсiз билеушiсi бола алмайтын еді. Баба сұлтанмен соғыстың аяқталуына байланысты бұхарлықтар мен қазақтардың ортақ жауы жойылған еді. қазақ сұлтандары ендi Абдаллахты одақтас емес, Сырдария бойындағы қалаларды иелену жолындағы бәсекелес ретiнде көрдi
Слайд 8
Ұлды Далаға келген соң мұнда оны жошылық қазақ сұлтандары қуана қарсы алып, 1582 жылы ресми түрде хан көтерді. https://surak.baribar.kz/423339/
Слайд 9
Қысқа мерзімде Тәуекел батыстағы ноғайлармен ынтымақтастықты реттеді. Олардың Ұлытау аймағына дейін көшіп жүрулеріне рұқсат беріп, оларға өз адамын билеуші етіп бекітті. Шығыстағы қалмақтармен де келісім жасап, оларға да өзінің бауырын билеуші етіп тағайындады. Бұл маңызды! https://vk.com/wall-2118939_38492
Слайд 10
Тәуекелдің әскері қатарында ноғайлар қалмақтар Алайда көптеген қазақ рулары Ташкент маңында және Сыр бойында шайбандық билеушілерге тәуелділікте қалған еді. Олардың рубасылары және ислам дінін насихаттаушы сопылар Тәуекелді хан ретінде қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеумен болды Оларды шайбандық өзбектерден азат етудің жолы Мәуереннахрды және Түркістанды бағындыру еді. Осы бағыттағы алғашқы әрекетті Тәуекел 1586 жылы жасады
Слайд 11
Сырдария бойы аймағы үшiн күрес. Сыр бойындағы және Мәуереннахрдағы қалаларды қазақтарга қайтару мүмкіндігі Тәуекел ханға 1597 жылға қарай туды. https://el.kz/news/archive/aza-_khandy-yny-_syr_boyynda-y_-alalar_-shin_k-resi_/
Слайд 12
Сырдария бойы аймағы үшiн күрес. Бұхара ханы Абдаллахқа жалғыз ұлы қарсы шыға бастады. Осыны пайдаланып қалу үшін қалың ескермен Тәуекел хан Ташкентті басып алуға аттанды. Абдаллах оган қарсы жасақ аттандырды. Шайқас Ташкент пен Самарқандтың арасындағы жерде болды. Бұл соғыста Абдаллахтың сүлтандары күйрей жеңіліп, Бұхараға қайтып кетті. Тәуекелге қарсы қалың әскер жинамақшы болған Абдаллах 1598 жылдың наурыз айында аяқастынан ауырып қайтыс болды. Тәуекел хан Мәуереннахрды басып алу үшін қалың қолмен аттанады. Ол алғаш Түркістан аймағын, одан әрі Ташкент арқылы Самарқандты бағындыруға бел буды. Тәуекел Самарқандта 20 мың әскермен інісі Есім сұлтанды қалдырып, 70 мың қолмен Бұхараны бағындыруға аттанды Алай да Бұхара түбіндегі шайқаста ол ауыр жараланып, әскерімен Ташкентке шегінуге мәжбүр болды. Осында Тәуекел хан көп кешікпей көз жұмды. Тәуекел ханның қазақ жерін бір орталыққа біріктіру жолындағы қажырлы қызметін оның туған інісі Есім хан жалғастырды.
Слайд 13
Тәуекел хан талантты қолбасшы және iскер дипломат ретiнде Орталық Азияға кеңiнен танылды. Замандастарының айтуынша, ол сонымен бiрге батырлығы, талантты қолбасшылығы, өзiн-өзi ұстай бiлу өнегесiмен ерекше көзге түсті. Абдаллах ханның сарай тарихшысы Тәуекел туралы: «ержүректiгi мен батылдығы және ерлiгi жағынан ол Дештi Қыпшақта даңққа бөлендi» деп жазды.
Слайд 14
1 -тапсырма Тәуекел сұлтан Бұхара билеушісі Абдаллах ханның қасында жүріп Ұлы далаға қайта оралуының себептерін көрсетіңіз
Слайд 15
Жауабы: Бiрiншiден, ол Абдаллахтың ықпалында қалса, өз халқының тәуелсiз билеушiсi бола алмайтын еді. Екiншiден, Баба сұлтанмен соғыстың аяқталуына байланысты бұхарлықтар мен қазақтардың ортақ жауы жойылған еді. Үшiншiден, қазақ сұлтандары ендi Абдаллахты одақтас емес, Сырдария бойындағы қалаларды иелену жолындағы бәсекелес ретiнде көрдi.
Слайд 16
2-тапсырма Жылдар мен оқиғаларды сәйкестендіріңіз Жылдар Оқиғалар 1580 жылы Тәуекел Сайрамға дейін барып, Шарапхана маңында Ташкент әскерін талқандады. 1582 жылы Жәнiбектiң немересi Шығай сұлтан хан болып сайланды. 1586 жылы Ұлы далада Тәуекелді жошылық қазақ сұлтандары қуана қарсы алып, ресми түрде хан көтерді.
Слайд 17
Жауабы: Жылдар Оқиғалар 1580 жылы Жәнiбектiң немересi Шығай сұлтан хан болып сайланды. 1582 жылы Ұлы далада Тәуекелді жошылық қазақ сұлтандары қуана қарсы алып, ресми түрде хан көтерді. 1586 жылы Тәуекел Сайрамға дейін барып, Шарапхана маңында Ташкент әскерін талқандады.
Слайд 18
Тәуекел ханның қазақ жерлерін біріктіру жолындағы қызметінің маңызы қандай? 3-Тапсырма
Слайд 19
Тәуекел хан талантты қолбасшы және iскер дипломат ретiнде Орталық Азияға кеңiнен танылды. Замандастарының айтуынша, ол сонымен бiрге батырлығы, талантты қолбасшылығы, өзiн-өзi ұстай бiлу өнегесiмен ерекше көзге түсті. Тәуекел ханның қазақ жерін бір орталыққа біріктіру жолындағы қажырлы қызметін жоғары бағалауға болады. Жауабы: