Слайд 3: Қалыптастырушы бағалау
Сабақтың мақсаты : Бағалаудың негізгі тәсілдерін түсіну. Оқыту мен сыныпта оқудың ҚБ қалай байланысатынын қарастыру. Сабақта ҚБ ұйымдастыру формаларын білу. Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар таңдау. Тапсырмаға дескриптор құрастыруды үйрену. Тиімді кері байланыстың не екенін түсіну. ҚБ тәжірибесін мұғалімдерге қалай таратуға болатынын ойластыру. Қалыптастырушы бағалау
Слайд 4
Күтілетін нәтижелер Тапсырма : сабақтан күтетін нәтижелеріңізді жазыңыздар Не білемін ? Нені білгім келеді ?
Слайд 5: ҚБ негізгі түсініктер
Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы ( нәтижесі баға ретінде тіркелмейді ). Оқу мақсаты - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым. Бағалау критерийі - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым. Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін ( пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай. Кері байланыс – қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір. ҚБ негізгі түсініктер
Слайд 6: Бағалау қағидаттары
Тапсырма : Б ағалау дегеніміз не және бағалау үдерісіндегі қандай негізгі қағидаттарды білесіздер ? Топта талқылау жасаңыздар. Әр топ өз талқылауларының нәтижесімен таныстырады Бағалау қағидаттары
Слайд 7: Бағалау
Оқу жетістігін бағалау - бұл білім алушының кері байланыс арқылы білім беру үдерісін реттейтін және түзететін оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған нақты қол жеткізген нәтижесінің дәрежесін белгілейтін үдеріс. Бағалау
Слайд 8: Бағалаудың қағидаттары
оқыту үдерісінің бөлінбейтін бөлігі ; әр түрлі әдістерді пайдалану ; оқытудың сапасы жөнінде ақпараты бар үдеріс ; оқушылардың өзін - өзі дұрыс бағалау қабілеттерін және оқу нәтижелерін үнемі жақсартуды дамытады ; әр оқушының кемшілігін емес, мүмкіндіктерін анықтайды ; оқыту үдерісіне қатысы бар тұлғаларды оқытуды қалай өзгертуге болатыны туралы ақпарат тандырады ; тиімді кері байланыс арқылы м ұғалімдер мен оқушылар арасында ынтымақтастық орнатады ; оқытудың маңыздылығын айқындайды ; оқу үдерісін ықпалдандыру туралы және жетістіктері туралы мәлімет береді. Бағалаудың қағидаттары
Слайд 9
Критериалды бағалау Тапсырма : берілген кілт сөздер арқылы критериалды бағалаудың анықтамасын құрастырыңыздар. Топта талқылаңыздар және өз жауаптарыңызды дұрыс жауаппен салыстырыңыздар.
Слайд 10
Критериалды бағалау, негізделген мазмұнына ұжым ішінде, сәйкес анықталған критерийлерге үдеріс. – о қушылардың өңделген, оқу жетістіктерін, оқушыға, білім беру мақсаттары, мен, ата-анаға және мұғалімге түсінікті, нақты,
Слайд 11
Критериалды бағалау – о қушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Слайд 12
Критериалды бағалау моделі Тапсырма : 2-сабақта естіген ақпаратқа сүйене отырып, кестені толтырыңыздар Критериалды бағалау
Слайд 13
Критериалды бағалау моделі Критериалды бағалау Қалыптастырушы бағалау Бөлім бойынша жиынтық бағалау Тоқсандық жиынтық бағалау Жиынтық бағалау Білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалау
Слайд 14: Қалыптастырушы бағалау
Тапсырма : сұрақтарды топта талқылаңыздар және жауаптарыңызды флипчартқа жазыңыздар. 1. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не? 2. Мақсаты мен принципі қандай ? 3. Қашан өткізіледі ? 4. Ақпарат кімдерге беріледі ? 5. Мұғалімнің рөлі қандай ? 6. Оқушының рөлі қандай ? 7. Қандай формада өтеді ? Қалыптастырушы бағалау
Слайд 15
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады. ҚБ принциптері : оқытудың бір бөлігі (« оқыту үшін бағалау »); барлық оқу мақсаттары қамтылады ( оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген ); бағалау белгіленбейді ; оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады ; әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі ; ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады. Қалыптастырушы бағалау
Слайд 16: ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Өткізіледі Ақпараттандырады Оқушының рөлі мұғалім тоқсан барысында өткізеді материалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат алады ; оқушының ілгерілеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады. оқытуға белсене қатысады ; күтілетін нәтижені түсінеді ; өзін-өзі бағалайды / бірін-бірі бағалайды. Мұғалімнің рөлі оқу жоспарына сәйкес ба ғалау критерийлерін анық жазады ; б ағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады ; тапсырмаға дескриптор құрастырады ; оқушыларға тиімді кері байланыс береді ; оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді ; Өткізілу формасы жеке жұппен топпен ауысатын топтар құрамында
Слайд 18: Қалыптастырушы бағалау
1-тапсырма: 1 минуттың ішінде сандар мен сәйкес символдарды естеріңізде сақтаңыздар. 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Слайд 19
2-тапсырма: символдарды пайдалана отырып 1, 8, 7, 2, 5 сандарын жазыңыздар. Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар туындады ? Неге?
Слайд 20: Қалыптастырушы бағалау
тиімді болуы үшін: Қалыптастырушы бағалау Нәтиже Нәтижеге жету алгоритмі (тапсырманы орындау қадамдары) Қолжетімді Нақты Анық
Слайд 21: Рубрика
Рубрика – өтілген тақырып бойынша оқушылар білімін бағалау критерийлері жиынтығы. Ол қандай да бір тақырыпты зерттеу мақсаттарымен анықталады және мазмұндық жағынан сол рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
Слайд 22: Критерий
Критерии оқыту міндеттерімен анықталады және оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрееттерінің тізімін құрайды.
Слайд 23: Дескриптор
Дескрипторлар оқушының әр критерий бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белгілі бір ұпайлармен бағалайды: жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпай да жоғары болады.
Слайд 24: Рубрика – Критерий - Дескриптор
Рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетеді Критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады Дескрипторлар оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді
Слайд 25: Қалыптастырушы бағалау
Тақырып «Менің отбасым және достарым» Оқу мақсаты Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды. Тыңдаушыны қызықтыру үшін көркем-бейнелі сөздерді (сипаттау, т.б.) қолдану. Бағалау критерийі Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. Т ыңдалған ақпараттың негізгі ойын түсінеді. Мәтіннің негізгі мазмұнын эмоционалды көркемдегіш сөздерді қолдана отырып айтады. Тапсырма Мәтінді тыңдаңыз, тірек сөздерді теріп жазыңыз. Тақырыбын, негізгі ойын анықтаңыз. Жұпта эмоционалды көркемдегіш сөздерді қолдана отырып мәтінді мазмұндаңыз. Айсұлу мен Күнсұлу Ерте, ерте, ертеде бір байдың Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: Сенен мен сұлумын!-дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын!-деп таласады. Ақыр соңында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлудың тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана далаға шығады екен. Ал бейбастығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу бірін-бірі көре алмайды екен. Бағалау критерийі Дескрипторлар Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді тыңдалған мәтіннің тақырыбын анықтайды. тірек сөздерді теріп жазады Тыңдалған ақпараттағы негізгі ойды анықтайды. мәтіннің негізгі ойын жеткізеді. Көркемдегіш сөздерді біледі мәтіннің мазмұнын жүйелеп айтады ; мазмұндауда көркемдегіш сөздерді қолданып айтады Қалыптастырушы бағалау
Слайд 26: ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
26 ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ Тапсырма: тапсырмаларға бағалау критерийлеріне сәйкес дескрипторлар құрастырыңыздар.
Слайд 27: Математика пәні бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты 2.4.1.8 Екі амал арқылы шығарылатын есептерді түрлі тәсілдермен шешу және өзара кері есептер құрастыру Бағалау критерийлері Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады ; Кері есептер құрастырады. Тапсырма Есепті шығарыңыз. Екі түлкінің арасы 100 қадам. Егер әрқайсысы алға қарай 35 қадам жасайтын болса, тоқтаған уақытта екеуінің арасы қанша қадам болады? 2. Кері есептер құрастырыңыз. Бағалау критерийлері Дескрипторлар Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады ; Кері есептер құрастырады. Математика пәні бойынша қалыптастырушы бағалау
Слайд 28: Математика пәні бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты 2.4.1.8 Екі амал арқылы шығарылатын есептерді түрлі тәсілдермен шешу және өзара кері есептер құрастыру Бағалау критерийлері Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады ; Кері есептер құрастырады. Тапсырма Есепті шығарыңыз. Екі түлкінің арасы 100 қадам. Егер әрқайсысы алға қарай 35 қадам жасайтын болса, тоқтаған уақытта екеуінің арасы қанша қадам болады? 2. Кері есептер құрастырыңыз. Бағалау критерийлері Дескрипторлар Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады ; есептің шартын құрастырады; есептің шартына сәйкес өрнек құрастырады ; амалдардың ретін сақтайды ; қосу және азайту, азайту және азайту амалдарын орындайды ; Кері есептер құрастырады. кері есептің шартын құрастырады ; есептің сұрағын қояды ; амалдардың ретін сақтай отырып, өрнек құрастырады ; Математика пәні бойынша қалыптастырушы бағалау
Слайд 29: Математика пәніндегі қалыптастырушы бағалау
Тапсырма : Оқу мақсаттарын қарап шығыңыздар ; Бағалау критерийлерін анықтаңыздар ; Ұсынылған тапсырма нұсқаларын қарап шығыңыздар ; Тапсырмаға дескриптор құрастырыңыздар. орындау уақыты – 30 минут Топтық таныстырылым Математика пәніндегі қалыптастырушы бағалау
Слайд 30
Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс Тиімді кері байланыс оқушының үш сұрағына жауап береді : Оқудың қай кезеңіндемін ? Нәтижеге қалай жете аламын ? Кемшіліктерді болдырмау үшін қандай жұмыстар істеймін ?
Слайд 32
Тамаша сурет. Үлкен және көркем салынған. Шеттері айқын болу үшін қарындашыңды ұштап ал.