Слайд 2: Тамыр
Тамыр өсімдіктің өстік, көп симметриалы жер асты органы. Ол ұзақ уақыт бойы ұзындыққа өсіп отырады. Тамыр әртүрлі қызмет атқарады: суда және онда еріген минералды тұздарды топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады.
Слайд 3
Тамырдың қызметі: Суды және онда еріген минералды тұздарды,органикалық заттарды да өз бойына сіңіреді. Артық қор заттарын жинайды. Өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді. Өсімдікті жерге бекітіп тұрады. Органикалық заттарды синтездейді.
Слайд 6: Тамырдың өсуі
Тұқымнан өсіп келе жатқан тамырға белгі салып, 24 сағаттан соң қарасаңыз белгілер жылжиды. Демек, тамыр өзінің төменгі бөлігімен, яғни өсу аймағымен өседі.
Слайд 10
Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады: 1. Суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап, оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады. 2. Өсімдіктердің топыраққа бекініп, өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді. 3. Тамырда кейбір органи - калық заттардың синтезделенетіні белгілі. 4. Тамырда қор заттары жина лады. 5. Топырақта тіршілік ететін ағзалар саңырауқұлақтар,бактериялар-мен џйлесіп селбеседі. 6. Вегетативтік жолмен көбею қызметін де атқарады.
Слайд 12: 1-кіндік тамырлар 2-шашақ тамырлар
Слайд 13: ҚОР ЖИНАЙТЫН ТАМЫРЛАР
Көптеген өсімдіктердіңтамырлары қор жинайды. Екіжылдық сәбіз, қызылша, шалқан сияқты өсімдіктер бірінші жылы тамырларын жуандатып,көп қор жинайды. Екінші жылы осы заттарды гүл, жеміс және тұқым түзу үшін жұмсайды.
Слайд 15: АУА ТАМЫРЛАР
Ауа тамырлар әдетте өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерінде - жапырақтарынан, бүршіктерінен, бұтақтарынан шығады. Батпақты жерде өсетін өсімдіктерде тамырлары судан жоғары шығып жатады, олар өсімдікті бекіту қызметімен бірге тынысалу қызметін де атқарады. Мұндай тамырлар –пневматофорлар деп аталады.
Слайд 20: Саңырауқұлақтар мен тамырлар
Кейбір саңырау-құлақтар белгілі бір ағаштардың тамырларын ауырлатады. Саңырауқұлақтардың көмегімен ағаштар топырақтан азотты қосылыстарды сіңірсе, ағаштардан саңырауқұлаққа органикалық заттар түседі.
Слайд 21: СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Бір ғана қара бидай өсімдігінде 4 айда 40 шаршы метр аумақты алып жататын 14 млрд. жуық тамыр шашақтары болады. Топыраққа 53,3 м тереңдікке дейін еніп, ең тереңге кеткен тамыр жүйесі 1960 жылы Аризона штатындағы бұтақта байқалған. 30 м шамасындағы ұзын тамыр жүйесі Мысырда Суец каналын салған кезде табылған.