Первый слайд презентации: Тақырыбы: Нашар көретін балаларды оқытуды ұйымдастыру
Орындаған: Тлемісов Жалғас Манасұлы Тексерген: Бозғұланова Назгүл Ерболқызы
Слайд 2: Жоспары:
Кіріспе Көрмейтін және нашар көретін балалардың ерекшеліктері. Көру қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайы. Көру қабілеті бұзылған оқушылардың арнайы сынып жағдайындағы мектептегі білім беру ұзақтығы. Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. Ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру. Түзету курстары. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 30.09.2022
Слайд 3: Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы желтоқсанның 12-ндегі №524 бұйрығымен бекітілген. “Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру” бойынша әдістемелік ұсынымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық қызметінің тұтас жүйесін білдіреді, даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін – ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т.б.). 30.09.2022
30.09.2022 Көрмейтін және нашар көретін балалардың ерекшеліктері
Слайд 5
Арнайы педагогика — көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін 30.09.2022 Тифлопедагогика Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын педагогиканы ң бір саласы. Көру қабілетінің бұзылу деңгейіне қарай олар көрмейтін және нашар көретіндер болып бөлінеді.
Слайд 6
З ағип балаларда қоршаған ортаны тануға негізделген қызмет жасайтын есту және сезу рецепторы сақталады. Естуді еріксіз пайдаланатын зағип балалар айналасындағы адамдармен қарым-қатынас барысында ауызша байланыстырып сөйлеуді үйренеді. Сөйлеу арқылы олар ақиқат шындығы, адамдардың іс-әрекеті мен амалы т.б. туралы ақпарат алады. Зағиптардың естуіне қарағанда сезімі нашар, сылбыр дамыған. Қоршаған ортадағы заттарды өз бетімен дұрыс бақылау әдістерін қолдана алмайды. Тәжірибе көрсетіп жүргендей, мектепке келген оқушылар сезгіштік қабілеті мен қолының ұсақ моторикасының дамуының төмен деңгейін байқатады. Бұл өз кезегінде, олардың жалпы психофизикалық дамуына қарсы әсер етеді, яғни қоршаған шынайы ақиқатпен дербес танысуына және Брайл жүйесі бойынша оқып және жазып үйренуін тежейді. Нашар көретін балалардың көруінің төмендеуі танымдық іс-әрекетіне кері әсер етеді, қабылдау процесінде көзбен шолуының тарлығы, нақтылығының төмендеуі байқалады. Нашар көретін балалардың көру елестері нақты емес, бұрмаланып қалыптасқан. Оларда үнемі кеңстікте бағдарлауының қиындығын байқауға болады. Көру жұмыстары барысында оларды дамыту мен сақтау шаралары болмаса олардың жылдам шаршайтынын көрсетеді және көруінің нашарлауына әкеледі. Көруден шаршауы ақыл-ойы мен.физикалық жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады. 30.09.2022
Дамуында басқа бұзылуы жоқ зағип және нашар көретін балалар МЖБС талаптарына сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жалпы білім беретін мектептерде білім алады. Көру қабілеті бұзылған балалар жалпы білім беретін мектептердің арнайы немесе жалпы сыныптарында оқи алады(психологтік-педагогикалық мамандардың түзету қолдауымен және қамқор педагогикалық тәртіптемеде). 30.09.2022
Слайд 8: Көру қабілеті бұзылған оқушылардың арнайы сынып жағдайындағы мектептегі білім беру ұзақтығы
30.09.2022 Көру қабілеті бұзылған оқушылардың арнайы сынып жағдайындағы мектептегі білім беру ұзақтығы Әрбір білім беру деңгейінде білім алушыларды жалпы сыныптарға ауыстыру мүмкіндігі бар.
Слайд 9
30.09.2022 Бірінші деңгейдегі мектеп бала тұлғасының қалыптасуына, потенциалдық мүмкіндіктерінің тұтастай дамуына, дамудағы кемшілікті коррекциялауға, емдеуге, көру қабілетін сақтауға бағытталады. Бастауыш мектепте көру қабілетін дамыту, соқырлардың сипап-сезу қабілетін дамыту, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, ритмика, дене тәрбиесі сабақтары жүргізіледі. Бастауыш мектептің оқушылары көрнекі-образды ойлау, теориялық ойлау қабілеттерін, оқу әрекетін, есептеу, оқу, жазу дағдыларын, өз-өзіне қызмет етудің қарапайым тәсілдерін игереді. Оқыту мен білім беру арнайы оқу жоспарына сай оқу бағдарламасымен жүзеге асады. Екінші деңгейдегі мектеп білім алуды жалғастырушы түлек үшін қажетті еңбек дағдыларын игертуге, білімін жалғастыруға жағдай жасауға, қоғамға араласуына көмек көрсетуге бағытталады. Денсаулықты нығайту мен танымдық, тұлғалық, қимылдық сфераны түзетуге арналған жұмыстары жалғасады. Мектеп баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, дүниетанымын қалыптастыруға, еңбекке араласуына, көру қабілеті бойынша мүгедектік арқылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне бағытталған шараларды жүзеге асырады. Оқушылар арнаулы енгізілген және кейбір пәндерге байланысты (бейнелеу, сызу, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен білім алады. Үшінші деңгейдегі о рта мектеп еңбекке баулуды қамтамасыз етеді. Мектеп оқушының қызығушылығын, әлеуметтік-психологиялық бейімделуін, қоғамдық өмірге араласуын қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы мақсаттарға сәйкес оқу жоспарына міндетті пәндермен қатар оқушының таңдауы бойынша пәндері енгізіледі. Жоғары кластарда кейбір пәндерге байланысты өзгертулер енгізілген (информатика, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен ұйымдастырылады.
Слайд 10
30.09.2022 Соқыр және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері:
Слайд 11: Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Зағип және нашар көретін оқушыларды оқыту түзету кешендері енгізілген арнайы Типтік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар жалпы білім беретін бағдарламалармен және түзету кезеңді бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін бағдарламаларға білім алушылардың даму ерекшелігіне байланысты өзгеріс енгізіледі (бейнелеу өнері, сызу, деншынықтыру, еңбек). Негізгі орта білім беру деңгейіндегі жалпы білім беретін бағдарламаның мазмұны оқудың 1 жылға ұзартылуына байланысты қайта бөлінеді, оқушылардың ерекшелігін ескере отырып өңделеді. 30.09.2022
Слайд 12
Зағип оқушылар үшін оқу процесінде жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын Брайлдің рельефті-нүкте шрифтісімен басылып шыққан оқулықтар, оқу құралдары және әдебиеттер қолданылады. Нашар көретін оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын ірі шрифтімен басылған және арнайы жаңартылған суреттермен, көріп қабылдауға қолжетімді оқулықтармен оқытылады. 30.09.2022
Слайд 13
30.09.2022 Ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру офтальмологпен тағайындалғанкөруді түзету құралдары (көзілдірік, жанаспалы линза, лупа, телескоптық көзілдірік ); табиғи жарықты реттейтін құрылғы (тетік); оқығанда, жазғанда, сурет салғанда сурет көргенде дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар; балаларға арналған қосымша құрылғылар (Брайл жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқитын машиналар, Брайл шрифтісімен жазылған машинкалар, рельефті суретке арналған «Школьник», оптикалық құралдары – лупа, линзалар, телескоптік құралдар–офтальмологтің ұсынымдамасы бойынша және басқалар ); Нашар көретін оқушыларға сыныптағы көру жұмыстарына анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет:
Слайд 14
30.09.2022 тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электронды құралдар, тактильді және брайлді дисплей, сөйлеу синтездеуші); көруді қорғау талаптарына жауап беретін арнайы оқу құралдары (рельефті-көрнекі құралдар, географиялық карталар, схемалар және т.б.); арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер. аудио-және бейнеаппаратуралар;
Слайд 15
Көру қ a білеті бұзылғ a н б a л a л a рдың a йн a л a сын ж a қсы б a ғд a рл a уы үшін мектепке кіретін б a сп a лд a қт a рды a шық кереғ a р түстерге бояп қою қ a жет ж ə не міндетті түрде т a яныш орн a тылуы керек. Т a яныш б a сп a лд a қтың екі ж a ғынд a 70 ж ə не 90 см биіктікте, a л төменгі сыныпт a р үшін 50 см кем болм a уы қ a жет. Есіктер де ж a ғымды a шық кереғ a р түске боялуы керек. Егер есіктер шыныд a н болс a, оның a шыл a тын тұсын a шық түсті бояумен бояп қою қ a жет. Көру қ a білеті бұзылғ a н оқушының тұтқ a д a н ұст a п б a ғд a рл a нуы үшін мектептің д ə лізі бойын a б a рлық периметр бойынш a тұтқ a л a р ж a с a луы керек. Ол a р үшін п a рт a ның жұмыс ж a с a йтын бетін, б a сп a лд a қты, д ə ліздерді, денешынықтыру з a лд a рын ж a рықт a ндыру жоғ a ры болуы керек. Н a ш a р көретін б a л a л a р үшін a рн a йы көрнекі құр a лд a р, сызықт a ры a нық д ə птерлер, a ртық бөлшектерсіз суреттер, ірі ə ріптермен ж a зылғ a н кіт a пт a р, көріп қ a былд a уғ a қолжетімді оқулықт a р қ a жет. 30.09.2022
Слайд 16: Түзету курстары
Жалпы білім беретін пәндерді арнайы оқыту әдістемесін қолдану арқылы, түзету кезеңінің пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу, сонымен қатар, техникалық құралдар және арнайы көрнекіліктер пайдаланылып дербес және топтық сабақтар өткізу түзетуге бағытталады. Түзету курстары төмендегідей берілген: «Көруді қабылдау және қалдық көруді сақтау және дамыту». Сабақ көру мүшесі ауруының сипатына, көру қызметінің негізгі жағдайына, жалпы психикалық дамуына, көру қабылдауының қалыптасу деңгейіне байланысты толымдалатын топта (2-4 адам) өткізіледі.Сабақ ұзақтығы 30 минуттан артық болмау керек.. Сабақ жиілігі – аптасына 2-3 рет. Үздіксіз көру жүктемесі 5-10 минуттан аспау қажет. «Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)». Сабақта емдік –сауықтыру міндеттері шешіледі задачи (бөгеліп қалушылықты жою, қозғалыстың шектеулілігі және қозғалыстың жетімсіздігі, бұлшық еттің сезімі, байланыссыздық) және емдеу- қалпына келтіру (қозғалыс біліктілігін жетілдіру.). Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі. Сабақ ұзақтығы 30-45 минут.Әр оқушыны офтальмологтік, психофизикалық, соматикалық мұқият кешенді тексеруден кейін емдік дене тәрбиесі тағайындалады. Ауруының мәліметтері есеріледі (омыртқаның қисаюы және т.б.). 30.09.2022
Слайд 17
«Түзету ритмикасы». Ритмика сабақтары оқушылардың музыканы тыңдауға, мазұнын қимыл арқылы беруге, қозғалыс біліктіліктерін қалыптастыруға және бекітуге үйрету мақсатында өткізіледі. Ырғақты сезінуін, координацияны, шыдамдылықты, физикалық жұмыс жасау қабілеттілігін дамытуына мүмкіндік жасау. Ритмика сабағы ритмикалық жаттығуларды, ритмикалық эстафета, музыкалық-ритмикалық және сөйлеу ойындарын пайдалануды ұсынады. «Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен жүргізіледі. Сабақ ұзақтығы 40-45 минут. Сабақты өткізу түрі қойылған мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог өткізеді. «Түйсіну мен ұсақ моториканы дамыту». Бұл курстың мақсаты зағиптардың түйсінуі мен ұсақ моторикасын дамыту, заттарды тануды, қоршаған ортадағы нәрселерді, кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі. «Кеңістікте бағдарлау». Оқушылар үлкен, кіші кеңістікте бағытталу тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу». Курстың негізгі мақсаты болып табылады: қоршаған әлемдегі заттар және құбылыстар туралы елесті қалыптастыру; түрлі әлеуметтік жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа үйрету. 30.09.2022
Слайд 18: Қорытынды
Қорыта келе, ж a лпы білім беретін с a б a қт a рғ a a рн a лғ a н бөлмелерден б a сқ a, мектепте логопед с a б a қт a рын, психолог өткізетін с a б a қт a рғ a ж ə не түзету ырғ a ғын өткізуге a рн a лғ a н бөлмелер болуы тиіс. Инклюзивті білім беру ұйымынд a оқыту орт a сын з a м a н a уи модельдеу ерекше білім қ a жеттіліктері б a р б a л a л a рды қ a лыпты білім кеңістігіне қосудың м a ңызды ш a рты болып т a был a ды. К өз қызметінің мүмкіндігі төмендемеуі болмас үшін шаршауы болмау керек. Дер уақытында сабақ өтетін жердегі іс-әрекет және жағдай түрлерін ауыстыру оқушылардың жұмыс жасау қабілетін көтеруге көмектеседі. Көзді сақтаудың негізінде жұмыс орнын, үй-жайды тиімді жарықтандыру жатыр. Көру қабілеті бұзылған балалар үшін партаның жұмыс жасайтын бетін, баспалдақты, дәліздерді, дене шынықтыру залдарын жарықтандыру жоғары болу керек. 30.09.2022
Слайд 19: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Оспанбаева М.П. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: оқу құралы / М.П. Оспанбаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 232 бет. 2. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі. Әдістемелік құрал 3.Арнайы педагогика: оқулық (2-ш i басылым) /құрастырушылар: п.ғ.к., доцент Абаева Г.Э., п.ғ.д., доцент Төребаева К.Ж., п.г.к., доцент Оразаева Г.С. п.ғ.к., доцент Қартбаева Ж.Ж. - Караганды. 2019. - 262 б. 4. Арнайы педагогика: Оқу құралы/ Коккозева К.Ш. - Алматы: TechSmith, 2018. - 244 бет. 5. Заркенова Л.С., Омарова Н.Н., Ильясова Б.И. Арнайы педагогика: Оқу құралы- Алматы: «Эверо», 2014. - 180 б. 30.09.2022