Первый слайд презентации
Тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы
Слайд 2: Жоспар:
Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы -сабақ.
Слайд 3
Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді. Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады. Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді. Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды. Оларға: Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы.
Слайд 5
Жекелеп оқыту Жекелеп оқыту қазір де қолданылады. Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан. Жекелеп оқытудың жақсы жақтары: • Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды. • Оқушының қатесін уақытында түзетеді. • Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. Кемшіліктері: • Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі. • Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.
Слайд 6
Жеке, жеке-топтық оқыту Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский.Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда.
Слайд 7
Сынып сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды. XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.
Слайд 9
Трамп жоспары АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді.Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде жоспардың кейбір жерлері қолданылады. Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.
Слайд 10
Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мұғалімі Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп беріп отырды. Бірақ көптеген оқушылар мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады. Сондықтан дальтон жоспарымен оқыту мүмкін болмады. Оқушының әр түрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші пән бойынша 5-сыныпта оқиды. Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не екі пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар. Дальтон жоспары
Слайд 12
« Тұлғаның өзін – өзі бағалауы » Оқушының аты-жөні:____________________________________________ Жасы:__________________________________________________________ Мерзімі:________________________________________________________ № Жеке тұлғаның бағалау қасиеттері Вербальды шкала ия жоқ кейде білмеймін 1 Жақсымын 2 Ақкөңілмін 3 Ақылдымын 4 Ұқыптымын 5 Тіл алғышпын 6 Әдептімін 7 Іскермін 8 Еңекқормын 9 Батылмын 10 Шыншылмын 11 Сезімталмын 12 Ұялшақпын 13 Шапшаңмын 14 Ұйымшылмын 15 Ашуланшақпын 16 Жауапкершіліктімін 17 Тұйықпын 18 Білуге құштармын 19 Мақтаншақпын 20 Атаққа құмармын
Слайд 13
Нәтижені өңдеу: « ия » жауабына «1» ұпай. « жоқ » жауабна «0» ұпай. « кейде » жауабна «0,5» ұпай. « білмеймін » жауабына «0,5» ұпай. « 20 » ұпайға өте жоғары « 18 - 16 » ұпайға жоғар « 15 – 8 » ұпайға орташа « 7 – 4 » ұпайға төмен « 3 – 0 » өте төмен
Слайд 18
2. Сынып-сабақ ұғымының пайда болуына неше жылдай уақыт болды ? ( 350ж )
Слайд 19
3. ХІІІ- ХІХ ғ өзара оқыту жүйесін қолданған кімдер? ( дін қызмеркері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер )