ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері — презентация
logo
ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • Мемлекеттің қызметтері
  • 1. Мемлекеттің қызметтерінің қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөлінеді:
  • 2. Мемлекеттердің көпшілігінде қызметті бағыты бойынша:
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • 3. Қызметтік әрекеттердің ұзақтығы бойынша:
  • Мемлекеттік қызметтерді іске асыру тәсілдері:
  • Мемлекет нысаны
  • Мемлекеттің нысаны
  • Мемлекет нысаны оны ұйымдастыру жағынан алып қарағанда түрлі аспектілерде көрінеді:
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • Мемлекеттің басқару нысаны
  • Монархия
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • Республика
  • Республиканың негізгі түрлері :
  • Мемлекеттік құрылым нысаны
  • Мемлекет құрылымына байланысты барлық мемлекеттер
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
  • Мемлекеттік құқықтық (саяси) режим
  • Саяси режим түрлері:
1/28

Первый слайд презентации

ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері

Изображение слайда

– қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары.

Изображение слайда

Таптық қайшылықтарды реттеу қызметі Жалпы қоғамды реттеп-басқару қызметі.

Изображение слайда

ішкі сыртқы деп бөледі

Изображение слайда

Слайд 5

Ішкі қызметтері: 1 Экономикалық қызмет мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. 2 Әлеуметтік қызмет халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. 3 Қаржы реттеу қызметі қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп-басқарып отыру. 4 Мәдениет бағытындағы қызмет адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. 5 Экологиялық қызмет табиғатты, адамды қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін міндет. 6 Құқықтық тәртіпті қорғау қызметі қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті, инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек.

Изображение слайда

Слайд 6

Мемлекеттің сыртқы қызметтері: 1 Өзін-өзі қорғау қызметі өзінің тәуелсіздігін, егемендігін, аумағының тұтастығын басқа елдердің қол сұғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды. Ол өзінің шекарасын бекітеді, күзетеді. Сол үшін қажетті қарулы күштер құралы, басқа мемлекеттермен осыған байланысты шарттар жасасады. 2 Басқа елдермен қатынас жасау қызметі мемлекеттер арасындағы экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми, саяси, құқықтық, т.б. түрлі қатынастар тең негізде қалыптасатын болса, әр елдің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады. 3 Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамыту барлық мәселені бейбіт жолмен шешу. Бұл тұрғыдан мысалға еуропалық одақ пен тәуелсіз мемлекеттердің достастығын келтіруге болады.

Изображение слайда

Слайд 7: 3. Қызметтік әрекеттердің ұзақтығы бойынша:

тұрақты – мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылатын тұрақты қызметтері; уақытша – мемлекеттің алдына қойылған белгілі бір міндеттердің орындалуына байланысты тоқтатылатын қызметтер.

Изображение слайда

1) Құқық шығармашылық – жаңа норманы өмірдің талабына қарай уақытында қабылдау. 2) Құқықты іске асыру – бұл істі орындау мемлекеттің үкіметінің міндеті. Үкімет тиісті нормативтік актілер қабылдайды. 3) Құқықты қорғау – бұл қызметті атқаратын органдар: сот, прокуратура, ІІМ, ҰҚК, т.б. олардың қызметтерінің бағыттары: заңдылықты, тәртіпті, адамдардың және заңды тұлғалардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, азаматтық, қылмыстық істерді уақытында қарап, кінәлі субъектілерді жауапқа тарту.

Изображение слайда

Слайд 9: Мемлекет нысаны

Изображение слайда

Слайд 10: Мемлекеттің нысаны

– мемлекеттің басқару нысанын, мемлекеттің құрылыс нысанын, мемлекеттік құқықтық режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың жиынтық түрі.

Изображение слайда

Слайд 11: Мемлекет нысаны оны ұйымдастыру жағынан алып қарағанда түрлі аспектілерде көрінеді:

1) бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру және ұйымдастырудың белгіленген тәртібі; 2) мемлекеттің аумақтық құрылысын жасау тәсілі, яғни орталық, аймақтық және жергілікті биліктің өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі; 3) мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары.

Изображение слайда

Слайд 12

Мемлекет нысанының элементтері Мемлекетті басқару нысаны Мемлекеттің құрылым нысаны Мемлекеттік саяси тәртіп нысаны

Изображение слайда

Слайд 13: Мемлекеттің басқару нысаны

– мемлекеттік жоғары биліктің ұйымдастырылуын, оның органдарын құрудың тәртібін және олардың азаматтармен болатын өзара қатынастарын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі. Қазір мемлекетті басқарудың екі нысаны: монархия және республика болып бөлінетін болды.

Изображение слайда

Слайд 14: Монархия

– мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балаға мұра ретінде беріледі. Монарх ешкімнің алдында жауапты болмайды. Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархия болған, мұнда мемлекетті қаған, хан басқарған. Бірақ ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған.

Изображение слайда

Слайд 15

Монархияның түрлері 1 Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх мем/ң бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару және сот биліктері шоғырланған. Қазір БАӘ-да бар. 2 Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия басқарудың мұндай нысанында билік монарх пен басқа органдар арасында бөлінген болып келеді. Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция елдерінде бар. 3 Дуалистік монархия мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді. Өткен кездегі Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей елдерінде монарх қолында атқарушы билік болған.

Изображение слайда

Слайд 16: Республика

Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Бұл органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады және олар сайлаушылар алдында жауапты болады.

Изображение слайда

Слайд 17: Республиканың негізгі түрлері :

Президенттік Парламенттік, сондай-ақ Парламенттік-Президенттік аралас республикалар да кездеседі (мысалы, Қырғызстан Республикасы, Португалия, онда Үкіметті Президент пен Парламент бірлесе отырып жасақтайды, құрайды).

Изображение слайда

Слайд 18: Мемлекеттік құрылым нысаны

мемлекеттің ішкі құрылысын, оның саяси және жер аймағындағы өзіндік бөлінісін сипаттайтын, мемлекеттің бүкіл органдарының өзінің құрамдас бөлігіндегі органдармен белгілі бір өзара қатынастарын қамтамасыз ететін мемлекет нысанының элементі.

Изображение слайда

Слайд 19: Мемлекет құрылымына байланысты барлық мемлекеттер

біртұтас (унитарлы) күрделі болып екіге бөлінеді.

Изображение слайда

Слайд 20

Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтық құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Унитарлық мемлекет – тұтас орталықтандырылған мемлекет, олар әдетте тек әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінеді, оларға ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекетте тек бір ғана Конституция, заң шығаратын орган, жоғары басқару органы, бір азаматтық, бірыңғай салық жүйесі, сот жүйесі болады (Қазақстан).

Изображение слайда

Слайд 21

Күрделі мемлекет – мұндай мемлекеттердің құрамдас бөліктерінің белігілі бір дәрежеде дербестігі болады. Оларға империя, конфедерация, федерация, достастық бірлестіктер құрған мемлекеттер жатады.

Изображение слайда

Слайд 22

Империя – күш жұмсаудың нәтижесінде құрылған мем. оның құрамдық бөліктері жоғары билік орындарына тәуелді болып келеді. Олардың ерекшелігі, олардың құрамдық бөліктерінде ешқашан да бірыңғай мем/к-құқықтық мәртебе болған емес. Мысалы, Рим, Британия империялары.

Изображение слайда

Слайд 23

Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрған одағы. Конфедерация түрлері олардың құрылу мақсаттарына байланысты болады: саяси, экономикалық, әскери, т.б. Мысалы, АҚШ-тағы 1776-1787 жж. әскери одақ, ТМД. Олардың сот, басқару жүйесі бұрынғыдай дербес өз қызметтерін жалғастыра береді.

Изображение слайда

Слайд 24

Федерация – құрамдас бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі мемлекет. Олардың белгілі бір шамада егемендігі болады. Федерациялық одақ жекелену қағидатына негізделеді. Федерацияда жоғары федералдық органдар және федералдық заң қабылдау жүйелерімен қатар федерация субъектілерінің (бөліктерінің) жоғары органдары мен заң қабылдау жүйелері қатарласа өмір сүреді. Қосарланған азаматтық болады. Олар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағидат бойынша құрылуы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 25

Достастық – белгілі бір дәрежеде тектес болып келетін ортақ белгілерімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдасқан түрдегі бірлестігі. Мұндай бірлестікті біріктіретін белгі (нышандары) экономикаға, құқық жүйесіне, тіл, мәдениет, дін салаларына қатысты болып келеді. Мысалы, Еуропа Одағы. Оның мүшелері толығымен дербес, егеменді болады.

Изображение слайда

Слайд 26

Мемлекеттер бірлестігі – қоғамның мемлекеттік болып ұйымдасуының өтпелі кезеңдеріне тән нысан. Мемлекеттер бірлестігін құрудың негізінде әдетте, мемлекетаралық келісім-шарт жатады, оның өзі көп жағдайда бірлестікке кірген мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланыстарды нығайта түседі.

Изображение слайда

Слайд 27: Мемлекеттік құқықтық (саяси) режим

Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы. Саяси режим – саяси билікті және азамат пен мемлекеттің өзара байланысын ұйымдастырушы, сонымен қатар өзара әрекетте болатын нормалар мен идеялардың, осыларға негізделген саяси институттардың, мекемелер мен әрекеттердің жиынтығы.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: ТАҚЫРЫП 2 Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері: Саяси режим түрлері:

демократиялық формалды-демократиялық, шынайы-демократиялық, либералды-демократиялық; антидемократиялық авторитарлық, тоталитарлық, фашистік режимдер.

Изображение слайда

Похожие презентации