Слайд 2
Барлық экономикалық жүйелерде мемлекет экономиканы реттеп отырады. Мұндай реттеу қазіргі рыноктік экономикада әкімгершілік-әміршілдік жүйеге қарағанда біршама тар ауқымда жүзеге асырылғанымен, онда да мемлекеттің экономикалық рөлі маңызды болып табылады. Мемлекеттің экономикаға араласуының себептері ретінде төмендегілерді атауға болады: экономика белгілі бір аумақтық кеңістікте ғана дамиды; экономикалық ортаның ұдайы өндірісте болуы мемлекеттің және халықтың негізгі мақсаттарын анықтайды, осы орайда мемлекет экономиканы дамытудың жалпы ұлттық мақсатын анықтау барысында мемлекеттің, халықтың ерекшелігін ескеруі қажет; мемлекет экономикалық мүдделердің тепе-теңдікте болуын қажет етуі керек; мемлекет сұраныс пен ұсыныс арасындағы және ұдайы өндіріс фазалары арасындағы теңсіздікті реттеп отыруы қажет; мемлекет инфрақұрылымды қалыптастырып, дамытуы қажет.
Слайд 3
Рыноктік шаруашылықтың дамуы барысында жеке меншік негізінде автоматты түрде шешіле алмайтын экономикалық және әлеуметтік мәселелер туындап, шиеленісе түседі. Инвестицияға деген қажеттілік туындайды, салалық және жалпы шаруашылықтық дағдарыстар, жұмыссыздық, ақша айналысындағы бұзылыс, әлемдік рыноктегі бәсекелестік мемлекеттік экономикалық саясатты талап етеді. Теориялық негізде мемлекеттік экономикалық саясат пен мемлекеттік экономикалық реттеу ауқымы жағынан түрлі болып келеді. Мемлекеттік экономикалық саясат мемлекеттің шаруашылық өміріне араласпау қағидасына да негізделуі мүмкін. Рыноктік шаруашылық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) дегеніміз - құқықтық, мемелекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық жүйені тұрақтандыру және оны өзгеріп жатқан жағдайларға қарай бейімдеу мақсатында жүзеге асыратын заңдық, атқарушылық және бақылаушылық нысандағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Слайд 4
Экономиканы мемлекеттік реттеу ұдайы өндіріс процесінің құрамдас бөлігі. Ол бірқатар мәселелерді шешеді, мысалы, экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық құрылымдардағы прогрессивтік өзгерістерді қолдау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты бағыттары, түрлері, ауқымдары белгілі бір елдегі нақты кезеңдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелердің нысаны және өзектілігімен анықталады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әр елде әртүрлі үлгілері қолданылады. Бірқатар себептерге байланысты экономиканы мемлекеттік реттеудің дамыған тетігі Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде, атап айтқанда Францияда, Алманияда, Нидерланды, Австралияда, Испанияда, сол сияқты Жапония, Азия және Латын Америкасының қарқынды дамып келе жатқан бірқатар елдерінде қалыптасқан. Бұл мемлекеттер орта мерзімдік макроэкономикалық жоспарлаудың барлық іс-шараларын жүзеге асырған мемлекеттер.
Слайд 5
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәнін түсіну үшін оның қызметтеріне тоқталу қажет. Олар: - заңдық-реттеушілік қызметі, меншік, кәсіпкерлік қызметті, тұтынушы құқығын қорғау туралы заңдар қабылдау арқылы құқықтық қызметті жүзеге асыру; - тұрақтандыру қызметі, дағдарыс жағдайын жеңу, ұлттық экономиканың құрылымының теңдігін қолдау; - үйлестіру қызметі. Бұл қызмет рыноктік құрылымы мен экономиканы мемлекеттік реттеу арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде қорытындыланады; - бәсекені ынталандыру мен қорғау қызметі; - әлеуметтік бағыттаушы қызметі, яғни өндірістің әлеуметтік бағытталуы, әлеуметтік стандарттарды, кепілдіктерді әзірлеу; - мақсатты бағытталған қызметі, ұлттық экономиканы дамыту стратегиясын әзірлеумен байланысты, яғни ұлттық болжау, индикативтік жоспарлау, экономикалық бағдарламалау; - бақылаушы қызметі, яғни заңдардың орындалуын бақылау; - басқарушылық қызмет мемлекеттік меншікті басқару жүйесін әзірлеумен айқындалады; - ақпараттық қызметі, барлық экономикалық субъектілерге ақпараттық ресурстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету; - экономикалық қызметтердің теріс, сыртқы әсерлерін болдырмау немесе жою.
Слайд 6
Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері- экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілеріне мемлекет, сол сияқты мемлекеттік емес одақтық бірлестіктер жатады. Бұл субъектілердің әрекетінің нысаны түрлі болып табылады. Мемлекеттің қолында экономикалық және саяси билік бар. Одақтық бірлестіктер тек өзінің экономикалық әлеуетіне негізделеді, оларда заңдық билік жоқ. Мемлекеттің билігі өндірушілердің түрлі топтары мен елдегі халықтың экономикалық мүдделерін сәйкестендіру мен олардың еңбек белсенділігін белгілі мақсаттарға жету үшін бағыттауға пайдаланылуы қажет. Экономиканың мемлекеттік билігі белгілі бір иерархиялық жүйені құрайды. Жоғарғы мемлекеттік деңгейде - парламентте экономикалық саясаттың бағыттары талқыланады, қолданады. Оны жүзеге асыруға атқарушы билік органы - үкімет жауапты болып табылады. Ол, өз кезегінде, саясатты жүзеге асыру құқығын жауапты органдарға береді.
Слайд 7
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мемлекеттік емес субъектілеріне шаруашылық мүдделерін қолданушылар, айқындаушылар және атқарушылар жатады. Шаруашылық мүдделерін қолданушылар - бұл бір-бірінен бірқатар белгілеріне қарай, атап айтқанда, мүліктік, табыстық, қызмет ету түріне, мамандығына, салалық және аймақтық қызығушылығына қарай ерекшеленетін әлеуметтік топтар. Олар: жалдамалы еңбеккерлер, кәсіпорындардың иесі, фермерлер мен жер иелері, майда және ірі кәсіпкерлер, еркін мамандықтағы тұлғалар, басқарушы мен акционерлер, мемлекеттік қызметкерлер, тоқымашылар және т.б. Бұл әлеуметтік топтардың өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, белгілі бір өңірге жататындығымен, қызмет түрімен анықталатын өз мүдделерін ақпарат құралдарында, митингтерде және де экономикалық-әлеуметтік саясатқа жауап беруші мемлекеттік мекемелерге өтініш, қарсылық тілектерін білдіру арқылы жеке бейнелей алады.
Последний слайд презентации: Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері-қазіргі кезеңде ұлттық экономика мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде бейнеленеді, сонымен бірге экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілеріне елдің шаруашылығының негізгі салалары, облыстары, аймақтары мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы жатады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты объектілеріне мыналар енеді: экономикалық цикл, шаруашылықтың секторлық, салалық, аймақтық құрылымдары; экономикалық әлеует; халықтың жұмыспен қамтылуы; ақша айналысы; төлем балансы; бағалық саясат; ғылыми - техникалық прогресс; бәсекелестік жағдайы; әлеуметтік қатынастар, оның ішінде жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қатынас, сол сияқты әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет; қоршаған орта және сыртқыэкономикалық саясат. Объектілер әр түрлі нысанда болып табылады. Олар макроэкономикалық процестерді қамтиды: шаруашылық циклі, ауқымды капиталдың қор жиналымы, жекелеген салалар, аумақтық кешендер, бәсекелестік жағдайы, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер бірлестіктері, мемлекеттік реттеуші органдар арасындағы қатынастар.