Первый слайд презентации: Әлемнің жаңа саяси картасы
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті Орындаған: Мұқан Гүлдана 306 топ
Слайд 2: Жоспар:
Кіріспе : Саяси картаның мазмұны Негізгі бөлім Саяси картаның қалыптасу кезеңдері Қорытынды бөлім Пайдаланылған әдебиеттер:
Слайд 3: Саяси картаның мазмұны
Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді.
Слайд 4: Саяси картаның қалыптасу кезеңдері
Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа ( XVII ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ) және Ең жаңа кезең ( Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін ) деп аталатын екі дәуірге топтастырады. Еуропалық отарлау кезеңі Жаңа Дүние мен Ескі Дүниенің көптеген аумақтарын қамтыды. Еупадағы жетекші мемлекеттердің жаңа жерлерді бөлісуі және ықпал ету аумақтарын экономикалық, саяси жағынан басқару сипаты дүние жүзінің саяси картасының едәуір өзгеріске түсінуі алып келді. Осы өзгерістерге сәйкес, мемлекет құрылымы мен оны басқарудың жаңа формалары пайда болды. Біраз уақыт аса ірі отар иеленуші мемлекетттер - метрополиялар ( грекше metropolis – қала ) болып есептеліп келген Испания мен Португалияның қатарына кейіннен Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, Германия келіп қосылды. Осылайша Америкада, Африка мен Азияда отарлық аумақтар пайда болды. Мысалы, XX ғасырдың басына қарай отарлық иеліктер Африка жерінің 90% - ын, Азия аумағының 56% - ынан астамын, Америка жерінің 27% - ын алып жатты. XIX ғасырдың басында Латын Америкасында бсталған ұлт – азаттық қозғалыс нәтижесінде Эквадор (1809 ж.), Колумбия (1810 ж.), Венесуэла, Парагвай (1811 ж.), Аргентина (1816 ж.), және т.б. жаңа тәуелсіз мемлекеттер қалыптасты.
Слайд 5
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында дүние жүзіндегі жетекші метрополиялар арасында ықпал ету аймақтары үшін күрес шиеленісе түсті. Соның салдарынан әлемді Бірінші дүниежүзілік соғыстың өрті шарпыды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң болған ірі оқиғалар қатарына 1917 жылғы Қазан революциясы нәтижесінде Ресейде мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесінің түбегейлі өзгеруі, Аустрия – Венгрия монархиясы мен Осман империясының ыдырауы, Германияда монархияның құлатылуы және үкімет басына фашистердің келуі, Еуропада мемлекеттік шекаралардың өзгеруі жатады. Дүние жүзінің саяси картасында КСРО, Чехословакия, Ирландия, Исландия, Ватикан сияқты жаңа мемлекеттер пайда болып, Финляндия, Польша, Балтық бойы елдері тәуелсіздігін жариялады. Бұл кезеңде Африкада тәуелсіз мемлекттер қатары (Египет, Эфиопия, Либерия, ОАР) санаулы ғана болды. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуында Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерістер, XX ғасырдың 50 – 60 - жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80 – 90 жылдарындағы социалистік жүйенің ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды.
Слайд 6
1939 – 1940 жылдары Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып алу есебінен КСРО аумағы кеңейе түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Польша, Югославия, Грекия аумақтары бөліске түсіп, Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның, сондай – ақ Италияның, Югослаияның Польша мен КСРО – ның мемлекеттік шекаралары өзгеріп, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндияның соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді. Шығыс Еуропада пайда болған социалистік мемлекеттер біртұтас блокқа бірікті. Еуропада осы жылдары басталған шекараларды қалпына келтіру жұмысы қазірге дейін жалғасын табуда. Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.
Слайд 7: О бъектілері
Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.
Батыстың әйгілі әлеуметтанушысы Зигмунт Бауман біздің қазіргі уақытты ақпараттардың тым көптігімен және тығыздығымен ерекшеленеді деп айтқан болатын. Расында да, адамзаттың өмір сүру дағдысы лезде-ақ өзгеріп жатыр. Кеше ғана бізге маңызды болып көрінген жайттар бүгін түкке алғысыз болып қалуда. Осы орайда, әлемнің әр елінен жиналған зияткерлер элитасы тыңғылықты зерттеу жүргізіп, мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты. 2050 жылға дейін адамзат баласы қандай проблемалармен бетпе -бет келеді ? Бұл мәселелер шешімін табады ма ? Шешімін тапса, қаншалықты сапалы және қандай ресурстардың көмегімен шешіледі ? Қай елдердің үміті басым және қай мемлекеттер сәтсіздікке ұрынады ? Осы аталған сауалдардың барлығы ұсынылып отырған зерттеу жұмысында толықтай қарастырылған. Осынау халықаралық зерттеу барысында әлемнің 63 елінен 300-ден астам белсенді сарапшылары сұрақ-жауапқа тартылды. Олар кәсібіне және еліне байланысты екі топқа бөлінген болатын. Сарапшылар қатарында экономика және қаржы мамандары, компаниялардың иелері мен топ- менеджерлері, журналистер, ғалымдар, саясаткерлер мен шенеуніктер де бар.
Слайд 9: Әлемнің саяси картасы өзгеріп жатыр
Өткен аптаның соңында әлем картасында тағы бір мемлекет пайда болды. Судан Республикасының үкіметі Оңтүстік Судан аймағының тәуелсіздігін мойындайтынын жариялады. Оңтүстік Судан өзінің тәуелсіздік декларациясын жария етіп үлгерді. Бұл – ХХІ ғасырда әлем картасында пайда болған бесінші мемлекет. Жаңа мемлекеттің астанасы – Джубадағы мерекелік шараларға БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, АҚШ- тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл, Судан Президенті Омар әл-Башир және тағы басқа ресми өкілдер қатысты. Тәуелсіздік үшін күресуші 50 аймақ бар
Слайд 10
Жалпы, жаңа мыңжылдықтың табалдырығында тұрып тәуелсіздік алған елдердің қай-қайсысына болса да оңай тиген жоқ. Тіпті қарулы айқасқа бармай, істі заң жүзінде жүзеге асырған елдердің өзінде дау- дамайлар, күрделі саяси тартыстар орын алды. Әрине, мұндай құбылыстарды баз бір елдің ішкі шаруасы деп қана келте қайыра алмаймыз. Бұлардың қай-қайсысы болса да геосаяси құбылыстарға жатады. Мәселен, күні кеше тәуелсіздік алған Оңтүстік Суданның өзі мұсылман және христиандық әлемінде, Азия және Еуропа деңгейінде талқыланды. Себебі тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған Оңтүстік Судан тұрғындары, негізінен, христиандық және өзге діндердің өкілдері болса, солтүстікті, негізінен, мұсылмандар құрайды. Сол секілді идеология және минералды ресурстар бойынша талан- таражға түсіп отырған Африка құрлығы үшін мұсылман әлемі, Еуропа және Қытай сынды алып күштер күрес жүргізуде.
Слайд 11: Әлем картасы бес мемлекетпен толықты
Жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығында әлем картасында жаңа бес мемлекет пайда болған екен. 1975 жылы Португалиядан тәуелсіздік алып шыққан Шығыс Тимор тоғыз-ақ күн өмір сүріп, Индонезия оккупациясына ұшырады. Ширек ғасырдан кейін, 2002 жылы референдум арқылы тәуелсіз ел атанды. Шығыс Тимор xxi ғасырда ең алғаш болып тәуелсіздік алған аймақ болып табылады. Бір кездері Югославияның қол астынан шығып, Сербиямен селбескен Черногория 2006 жылы жеке -дара ел ретінде бөлініп шықты. Сол Сербия 2008 жылы Косовосын жоғалтты. Косовоны Сербиядан ажырату Еуропа үшін аса қажетті шара болғаны анық. Абхазия және Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін 2008 жылы алғаш мойындаған Ресей болатын. Әлемдік қауымдастық тарапынан кең қолдау таппағанына қарамастан, бұл аймақ қазір тәуелсіз құрылым ретінде жұмыс жасауда. Маусымның 9-ы күні пайда болған Оңтүстік Судан да – бұған мысал. Сепаратистік қозғалыстардың заңдық жолмен, референдум арқылы жеңіске жетуі – сирек кездесетін құбылыс. Дегенмен мұндай мүмкіндікке ие болып отырған аймақтар да бар. Мәселен, Шотландияда Британиядан бөліну үшін арнайы заңды шаралар жасалуда. Жақын болашақта өтетін референдум барысында жергілікті халық белсенділік танытса, олар үшін тәуелсіздіктің ауылы алыс емес.
Последний слайд презентации: Әлемнің жаңа саяси картасы: Қорытынды
Қазақстанның қос алып көршісі – Ресей мен Қытай елінде де түрлі сарындағы сепаратистік ошақтар жетіп-артылады. Ұйғыр және Тибет сепаратистері Бейжіңнің ұйқысын қашырса, азаттыққа сұранып тұрған татарлар, башқұрт сынды түркі текті халықтар, шешендер, ингуштар Кремльді алаңдатуда. Аймақта сепаратистік тұрақсыздықтардың көп болуы еліміз үшін тиімді яки тиімсіз деп кесіп айту мүмкін емес. Әдетте ішкі тұрақсыздықтардың себебінен сыртқа ағылатын босқындар өзге бір елдің іргесін шайқалтып та жатады. Дегенмен отаршылдықтың зардабын әлі шегіп келе жатқан түркітектес халықтардың тағдыры түркі мәдениетінің өкілі болып отырған Қазақстанды алаңдатпай қоймасы анық.