Первый слайд презентации: Тақырып: Оба,туляремия
Орындаған: Батырхан Үрия Факультет: ҚДС Тобы: 002-2 Қабылдаған : Умешова Л.А. С.Ж.Асфендияров Атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Казахский Национальный Медицинский Университет Имени С.Д.Асфендиярова Кафедра: Ж ҰҚ ПАЛЫ Ж Ә НЕ ТРОПИКАЛЫ Қ АУРУЛАР.
Слайд 2: Жоспары:
Кіріспе. Негізгі бөлім. 1. Оба ауруы. 2. Туляремия. 3. Алдын алу шаралары. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер.
Слайд 3: Кіріспе
Оба (лат. pest і s – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үе rs і n іа ре st і s, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, дуа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады.
Слайд 4: Этиологиясы
Оба таяқшасы ( Yers і n і a pest і s) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді.
Слайд 5
Эпидемиологиясы. - ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) - трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады.
Слайд 7
Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады
Слайд 8
Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизация, дезинсекция және дезинфекция, сан.ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі.
Слайд 9
Емдеуі: Науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар.
Слайд 10
Туляремия. Туляремия – аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру оба ауруының «бұршақ» түріне ұқсас болады, бірақ өзінің жеке қоздырғышы бар, бөлек ауру.
Слайд 11
Этиологиясы. Туляремия қоздырғыштары жай көзге көрінбейді, тек қана бірнеше мың есе үлкейтіп көрсететін микроскоп арқылы анықтауға болады.
Слайд 12
Эпидемиологиясы. Жұқпаның негізгі көздері: Су егеуқұйрығы, құндыз, қоян, барлық тоқалтіс және тышқан түрлері. Туляремия жұқпасын сақтауда және таратуда иксод кенелері үлкен роль атқарады. Кеміргіштер қоздырғышты нәжіс, зәр арқылы шығарып, ашық суларды, құдықтарды, тамақ өнімдерін, дәнді дақылдарды, шөпті, жемшөпті ластайды.
Слайд 14
Адамдарды жұқтыру жолдары : - Туляремиямен ауратын кеміргіштер мекендеп алған шөппен, сабанмен, дәнмен, жемшөппен, көкөністермен жұмыс істегенде, бөлмелерді тазалағанда, зарарланған шаң жұты арқылы жұқтырады. Су арқылы – кездейсоқ суқоймадан су ішкенде ; зарарланған суқоймаға шомылғанда немесе жуынғанда. - Байланыста болғанда – тері және шырышты қабық арқылы. Ауру кеміргіштерді аулағанда, терісін сыпырғанда, ауру қоянның етін бөлшектегенде, көзді кір қолмен сүреткенде,зарарланған сабан пісіп алғанда. Ас арқылы-зарарланған тамақ өнімдерін, тексерілмеген қоян етін қолданғанда және т.б. - Трансмиссиялық – суқойма маңында, өзен жағасында, аң аулап немесе шөп шауып жүргенде кене, шыбын, маса шағып алғанда.
Слайд 15: Клиникасы
Аурудың негізгі белгілері : - Жұқтырған сәтте бірінші белгілері пайда болғанша көбінесе 2-3 аптаға ауытқуымен 3-7 күн өтеді. -Ауру қатты басталып, дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, адам қалтырап, басы қатты ауырып, әлсіреп, бұлшық еттері ауырады ( жиі жағдайда бел тұсы және балтыры ). -2-3 күні ағзаға микроб кірген жердің маңайында ( мойын, құлақ тұсында, қолтық ойығында, шабында т.б. жерлерінде ) лимфа түйіндері ұлғаяды. - Баспа, көз ауруы, қыс кезінде ұзаққа созылатын өкпе қабынуы аурулары байқалады. Ауру 2-3 аптаға ( кейде ұзаққа ) созылады, сирек жағдайда қайталануы мүмкін.
Слайд 16
Туляремиямен бір ауырған адам оны екінші рет өмір бойы қабылдамайды. Ауруды анықтау: Аурудың диагнозын қанды арнайы зерттеу арқылы нақтайды... Туляремияны емдеу Туляремияны жұқпалы аурулар стационары жағдайында емдейді.
Слайд 17: Алдын алу шаралары :
1. Ең тиімді шара – туляремияға қарсы алдын алу егу жұмыстарын жүргізу. Екпе ауыртпайды, оны емдеу-алдын алу мекемелерінде жүргізеді. Туляремияға қарсы екпе жүргізіледі : • - Табиғи-ошақ маңайында тұратын тұрғындарда ; • - Жұқтыру қауіпі бар кәсіби топтардағы адамдарда ( аңшылар, балықшылар, мал бағушылар, егіншілер,дән және көкөніс сақтау қоймаларының, элеваторлардың, ет комбинаттарының қызметкерлері, ауылшаруашылық өнімдерін және мал, құс шаруашылығы шикізатын : жемшөп, дән, қант қызылшасы және т.б. өндейтін жұмысшылар ).
Слайд 18: Қорытынды
Тұрғындардың барлығы қатыспай, кең көлемді сауықтыру шараларына өткізу мүмкін емес. Тек жалпы күшпен ғана туляремияға қарсы сенімді күресуге болады.Барынша алдын алу шараларын ти імді пайдалана білуіміз керек.
Последний слайд презентации: Тақырып: Оба,туляремия: Пайдаланыл ған әдебиетттер:
А.Қ.Дүйсенова. Жұқпалы аурулар.2009 2. Шувалова Е.П. Инфекционные болезни. 2005 3. Инфекционные болезни. Учебное пособие для ВУЗ- ов. 4. www.google.kz 5. Медицинская газета № 95 — 07 декабря 2005 г. стр.8-9; 6. Домашний Доктор. Сост. В. Ф. Тулянкин, Т. И. Тулянкина. — АОЗТ «Паритет», 1997