Первый слайд презентации: Тыныс алу қызметінің бұзылуы
Слайд 2: Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу жүйесі- ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газыайдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында жүреді.Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесіарқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу деп аталады;диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу деп аталады.
Слайд 4: ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ
Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы;төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы. Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан.
Слайд 5
Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады.Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді. Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм.Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы түсында кеңірдек екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы ағашын түзеді.
Тыныс алу жүйесінің жас ерекшеліктері Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4см, 10 жаста – 7 см, ересек адамдарда - 10-12 см Тыныс алу жиілігі 1 минутта: 1 ж – 44, 5 ж – 26, 15-20 ж – 20, 20-25 ж – 18, 25-30 ж – 16 рет. Жаңа туған нәрестенің кеуде қуысы конус тәрізді болады. Сондықтан бала терең дем ала алмайды. Қабырға сүйектері қиғашталғаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туады.
Слайд 9: Сыртқы тыныс алу жүйесі
Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы.Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну, патологиялық тыныс және асфиксия.Алқыну - адамда ауа жетпеу сезімімен қабаттасатын, тыныс алу қозғалыстарының тереңдігі мен жиілігінің, дем алу мен дем шығару уақытының, тыныс алу ырғағының өзгеруімен сипатталады. Ол үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады. Алқыну түрлеріне терең және жиі тыныс (гипрепноз), терең және сире тыныс (брадипноз), үстіртін жиі тыныс (полипноз немес тахипноз), инспирациялық және экспирациялық алқынулар жатады.Экспирациялық алқынуда дем шығару ұзақтығы дем алу ұзақтығынан ұзақ болады. Өкпе көпіршіктерінің жиырғыштылығы мен серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасында), тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылғанда (асфиксияның 2- сатысында), ұсақ бронхылардың тарылуы және бітелуінде (бронхы демікпесі) байқалады.Инспирациялық алқынуда дем алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығынан артық болады.Патологиялық тыныстарға - Чейн-Стокс, Биот, Кусмауль тыныстары, агониялық тыныс жатады.Асфиксияда қанға оттегінің түсуі тоқтатылады, қаннан көмір қышқыл газы шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңлаулары бөгде затпен бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда (суға тұншыққанда), кеуденің екі жағында пневматоркс (өкпеқапта ауаның немесе газдың жиналуы) дамығанда болады.
Слайд 10
Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л.,боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.Гигиеналық талаптары - ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу т.б. Киім кию де дұрыс дем алу және дем шығаруға әсер етеді, сондықтан киім жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі қажет.
Слайд 11: Тыныс алу органдары ауруларының жалпы сипаттамасы
Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ал дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады.Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе - қорғаныш- физиологиялық икемделу,оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмір қышқылының артығын шығарады.Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ал тыныс алу жилігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай –ақ үстірт және терең дем алулар түрін ажыратуға болады Ентікпенің екі түрі бар – инспираторлық және экспираторлық. Инспираторлық ентікпе узақ дем алумен сипатталады және ол дауыс саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлық ентікпе (қиналып дем алу) ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңлауы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады. Сырқат ентігі бастаған кезде мейіркеш ол жөнінде дереу дәрігерге хабарлауы және оның тыныс алуын жеңілдету үшін шұғыл шаралар қолдануы қажет: оның басын көтеріпнемесе жауырынынабірнеше жастық қойып, әйтпесе арнайы кереуеттің жоғарғы жағын көтеріп тастап қысып тұрған киімдерін ағытып шешуі, терезені немесе әйнекті ашыпкөбірек таза ауа келуінқамтамасыз етіп, сондай –ақ сырқаттқа оттегі жастығын жіберу тиіс.