Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы — презентация
logo
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Дәріс мақсаты:
  • Дәріс жоспары:
  • Тыныс алу жүйесі – systema respiratorium
  • Тыныс алу жүйесінің қызметтері
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің дамуы
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Өкпелер, бронхиалды ағаш, алвеолярлы ағаш
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
  • Ацинус өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі
  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы
1/18

Изображение слайда

Слайд 2: Дәріс мақсаты:

Тыныс алу жүйесінің құрылысының ерекшеліктерін және дамуын оқу. Өкпенің бронхиалды және алвеолярлы ағашы туралы түсінік беру. Өкпенің сегментарлы құрылысының жалпы сипаттамасын беру.

Изображение слайда

Слайд 3: Дәріс жоспары:

Тыныс алу жүйесі туралы жалпы түсінік. Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің дамуы Өкпелер, бронхиалды ағаш, алвеолярлы ағаш.

Изображение слайда

Тыныс алу жүйесінің қызметі-өкпе арқылы қанға ауамен оттегіні жеткізіп, көмір қышқыл газын шығару. Тыныс алу мүшелері бөлінеді Тыныс алу жолдары (мұрын қуысы, мұрынжұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхтар) Газ алмасу өтетін мүше-өкпе.

Изображение слайда

Қорғау қызметі әдейі рефлекстер -түшкіру, жөтелу, шырыштың ағуы арқылы өтіп, зиянды заттардың сыртқа бөлінуіне әрекет етеді. Тыныс алу аппаратымен дыбыс түзу және сөйлеу қызметі байланысты Мұрын қуысында иіс сезу аймағы орналасқан, ондағы рецепторлар ауамен түскен зиянды заттар туралы ақпарат береді Мұрын қуысының шырышты қабығында көптеген шырышты және серозды бездер орналасқан, олар үнемі мұрын жолдарын ылғалдап, одан өтетін ауаны ылғалдайды. Мұрын қуысының және маңайындағы ауалы қуыстардың шырышты асты негізінде венозды өрімдер орналасқан, олар шырышты қабықтағы температураны тұрақтап тұрады.

Изображение слайда

Слайд 6

5. Газалмасу-ағзаның сыртқы ортадан оттегіні қабылдап, көмір қышқыл газын шығару. 6. Өкпелер су алмасуында қатысады, судың 15-20 % өкпе арқылы шығарылады. Тыныс алу жүйесі көмір қышқыл газын шығара қышқыл-сілтілі тепе-теңдігін де сақтайды 7. Өкпелер қан депосы болып саналады. Олар дене температурасын бір қалыпты ұстауында қатысады. 8. Тыныс алу жүйесі улы заттар-алкоголь, эфир, хлороформ, ацетон, аммиакты сыртқа шығарады. 9. Өкпелер ретикулоэндотелиалды жүйеге жататындықтан қорғау қызметін атқарады. Өкпе алвеолаларында микрорганизмдерді, шаң тозаңды жұтатын көптеген макрофагтар болады.

Изображение слайда

Слайд 7

Тыныс алу жолдары бөлінеді: Жоғарғы (мұрын қуысы және мұрынжұтқыншақ) Төменгі (көмей, кеңірдек және бронхтар).

Изображение слайда

Слайд 8

Изображение слайда

Слайд 9

Тыныс алу жолдарының ерекшеліктері : Негізі қатты (сүйек немесе шеміршек) сондықтан қабыспайды. Ішкі жағынан шырышты қабықпен жабылған. Ондағы шырышты бездер арқылы ылғалданады. Шырышты қабығы кірпікшелі эпителимен жабылған, оның кірпікшелері ауамен түскен бөгде заттардан тыныс алу жолдарын тазартады. Шырышты асты негізінде венозды өрім арқылы ауа жылынады.

Изображение слайда

Слайд 10

Мұрын қуысы тыныс алу жолының бастапқы бөлігі бұл жерде ауа жылынып, ылғалданады, шаңнан тазарады.

Изображение слайда

Слайд 11

Көмей ауаны өткізіп, ондағы дыбыс байламдары тербелісінің арқасында дыбыс түзеді. Кеңірдек көмейден жалғасып 4-5 кеуде омыртқасының деңгейінде 2 бронхқа бөлінеді. Оң және сол бронхтарды бөледі.

Изображение слайда

Слайд 12

Изображение слайда

Сыртқы мұрын және мұрын қуысының дамуы бас қаңқасының висцералды бөлігінің, ауыз қуысының және иіс сезу мүшелерінің пайда болуымен байланысты. Көмей, кеңірдек және бронхтардың дамуы ұрықтың алғашқы ішегінің өзгеруімен байланысты. Алғашқы ішектің вентралды қабырғасында жұтқыншақ және тұлғалы ішек аралығы аймағында томпаю пайда болады. Ол вентралды- каудалды бағытта көмей-кеңірдек түтікшесі түрінде өседі Түтікшенің жоғарғы ұшы жұтқыншақ бастамасымен қатысады, ал төменгі ұшы эмбриогенездің 4 аптасында оң және сол өкпенің бронхтары болатын томпаюларға бөлінеді. Көмей-кеңірдек түтікшесінің проксималды бөлігінен көмейдің эпителиі және шырышты қабығының бездері дамиды, дисталды бөлігінен кеңірдектің эпителиі және бездері дамиды. Оң және сол томпаюлардан бронхтардың және өкпелердің эпителиі және бездері дамиды. Көмейдің шеміршектері және бұлшықеттерінің бастамалары эмбриогенездің 4 аптасында пайда болады, көмей шеміршектері екінші және үшінші желбезек доғаларынан дамиды.

Изображение слайда

Слайд 14

5 аптада бөлікті бронхтардың бастамалары пайда болады, олар екіншілік бұршақ тәрізді томпаюларға -алғашқы сегментарлы бронхтарға бөлініп, бронхиалды ағаш түзеді. Кұрсақ ішінде 6 аптасында өкпелер дамиды. Оң бұршақ тәрізді томпаю өкпенің 3 бөлігіне сәйкес келеді, ал сол томпаюы өкпенің 2 бөлігіне сәйкес келеді. 4 – 6 ай аралығында бронхиолдар дамиды. 6 - 9 ай аралығында алвеолярлы жолдар және қапшықтар дамиды. Баланың туылуына қарсы алвеолярлы және бронхиалды ағаштарда 18 қатарлы тармақталуы болады. Бала туғаннан кейін 23 қатарға дейін көбейеді. Құрсақ ішінде баланың өкпелері қан плазмасына ұқсас сұйықпен толтырылған. Бұл сұйықтық құрамында липидтер бар, олар алвеоланың ішінен жауып, алғашқы тыныс алуында өкпелердің қабысуына кедергі жасайды.

Изображение слайда

Слайд 15: Өкпелер, бронхиалды ағаш, алвеолярлы ағаш

Өкпелер – pulmones кеуде қуысында орналасқан, пішін конус тәрізді. Оның ұшы және негізі бар, беттері: қабырғалы, диафрагмалды және медиастиналды. Оң өкпеде3 бөлік, сол өкпеде 2 бөлік бар, әр өкпеде 10 сегменттерден бар.

Изображение слайда

Слайд 16

Изображение слайда

Слайд 17: Ацинус өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы анатомиясы

Изображение слайда

Похожие презентации