Первый слайд презентации: Тірек-қимыл мүшелер жүйесі
Слайд 2: ОЛ НЕ ???
Тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар(шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады.
Слайд 3: Адам қаңқасы
Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді. Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер.
Слайд 4: Сүйек құрылысы
Буындар өзекшелер борпылдак қабат қыртысты қабат жілік майы остеоциттер (сүйек жасушалары) қантамырлар
Слайд 5: Сүйектің құрамы
Сүйектің құрамында - 50% су, 12,5% нәруыз тектес ағзалық зат - оссеин (жұмсақ, серпімді ағзалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындыктан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар кебейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді.