Первый слайд презентации: Тұмаудың алдын алу
Слайд 2: Мақсаты:
Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру; Салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулау; Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;
Слайд 3: Тұмау немесе грипп лат grіppus, фр. grіpper, ағылшын. influenza – “ бас салу, шап беру ”
Аурудың қоздырғышы – ортомикровирустар, олардың үш типі : А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді ) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді ) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйсін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар ( микробтар ) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады
Слайд 4: Емделу жолы
Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады
Слайд 5
Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен ( шүберекпен ) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.
Слайд 6
Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер ( оксолин, аманталин, ремантадин,интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі дәрмектер беріледі.
Слайд 7: Тұмаудың алдын алу шаралары
1. Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинасы. 2. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз ( қоғамдық көліктермен исрек жүріп, қонаққа барудан бас тартыңыз ). 3. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз. 4. Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз.
Слайд 8
5. Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында Сдәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ,қара қарақат. 6. төрт қабатты дәкелі таңғыштықолданыңыз. 7. Толық тамақтаныңыз 8. Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз. 9. Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан алшақтауды ұмытпаңыз.
Слайд 9: таралуы
Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады.
Слайд 10: Covid-19
COVID-19 коронавирустік жұқпасы – бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирустен туындаған жұқпалы ауру. Аталған вирустың әсері жөтел, қызу көтерілу, күрделі жағдайларда өкпе қабынуы секілді белгілерімен респираторлық тұмау ауруларының дамуына әкеледі.
Слайд 11: Індеттің таралуы
Жаңа коронавирус ең алдымен індетті жұқтырған адаммен жақын байланыс орнату, яғни, келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ сілекей тамшылары арқылы тарайды.
Слайд 12: КОРОНАВИРУСТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?
Коронавирус адамның өкпе жолдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жөтелу, тыныс алудың қиындауынан басталады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аурудың белгілері шамамен 5 күннен кейін біліне бастайды. Кей адамдарда бұл кезең одан ұзақ болуы мүмкін. БДҰ мәлімдемесі бойынша, инкубациялық кезең 14 күнге дейін созылады. Өзге де дәрігерлердің анықтамасы бойынша бұл кезең 24 күнге дейін созылуы мүмкін.
Слайд 13
КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ ҚАЖЕТ? Қолды өте жиі 20 секунд бойы сабындап жуу ( микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі ); Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз; Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың " кіріс қақпасы" саналады ; Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз ; Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, тойлар мен жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз ; Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн; Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз; Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн; Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз ; Бөлмені жиі желдетіңіз; Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз ; Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз ; Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз ; Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.
Последний слайд презентации: Тұмаудың алдын алу: қорытынды
Тұмаудан кейін иммунитет тұрақсыз, 1-3 жылдай сақталады. Әдетте тұмау вирусы өзгеріп отырады. Сол себепті жыл сайын тұмау вирусы әртүрлі болып отырады, түзілген иммунитеттің шамасы келмейді. Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вир у ондық вакцина. Алдын ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.