Первый слайд презентации: Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні мен кұрылымы
Жоспары: Педагогикалық үдерістің біртұтастығы. ТПҮ компоненттерінің құрылымы мен сипаттамасы, қызметтері. Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер).
Кәсіби іс-әрекеттің кез келген саласы сияқты педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі – мұғалім. Мұғалімнің құралдары («еңбек құралдары») – оның білімі, іскерлігі, тұлғалық сапасы, Н.Д.Хмель: «... мектептің педагогикалық оқу-тәрбие процесінде іс-әрекет субъектісі мұғалім мен оқушылар; мұғалім іс-әрекетінің нысаны – оқушы емес, педагогикалық процесс» – деп атап өтті. «Процесс» ( «processus» латын сөзінен шыққан; тікелей аудармасы ілгерілеу) ұғымына шетел сөздігінде төмендегідей анықтама береді: күйдің реттілікпен ауысуы, қандай да бір нәрсенің даму жүрісі; қандай да бір нәтижеге жетудің реттелген әрекеттер жиынтығы.
Слайд 3: Педагогикалық процесс» ұғымының мәні
№ Анықтама Автор 1 Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні әлеуметтік құнды тәрбие адамның қалыптасқан сапасына айналатындығы М.А. Данилов 2 Педагогикалық процесс – үлкендердің мақсатты, мазмұнды, ұйымдасқан педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің басым рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі Б.Т. Лихачев 3 Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы И.П. Подласый 4 Педагогикалық процесс – тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтары негізінде қойылған мақсатқа сәйкес баланың өмірлік іс-әрекетін мақсат-бағыттылыққа ұйымдастыру С.А. Пуйман 5 Педагогикалық процесс тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттері мен сапалық түрленуіне алып келетін, қойылған мақсаттың нәтижесіне бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, уақыт пен кеңістікке қатысты нақты тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті В.И. Смирнов 6 Педагогикалық процесс - өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын жеке қоғамдық тұлғаның жан-жақты жетілуі П.Ф. Каптерев 7 Педагогикалық процесс - ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеру, әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыруға бағытталған Педагогика /Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің авторлар ұжымы
Слайд 4
Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады : педагогикалық, әдістемелік, психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы : мақсат – принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма. Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер – мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процесс Мұғалім мен оқушының өзара тығыз байланысы Мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан процесс Екі жақты процесс Іс-әрекет, әдістер, формалар, құралдар Педагогикалық процестің құрылымы Субьективті құрам: Мұғалім Оқушы Мұғалім Процессуалды (іс-әрекеттік) құрам: мақсаттылық, мазмұндық, іс-әрекеттік, эмоционалдық, мотивациялық, бақылаушылық, бағалаушылық, нәтижелік
Слайд 6: Педагогикалық процестің қызметтері
Педагогикалық процестің атқаратын қызметтері Ақпараттық Дамытушылық Тәрбиелік Аксиологиялық Әлеуметтік бейімдеу
Слайд 7: Педагогикалық процестің компоненттері
Мұғалім – арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық процесті жүргізетін маман; Оқушы - тыңдаушы – объект және субъект ретінде қарастырады. Педагогикалық процестің мазмұны ол адамның әлеуметтік қатынасынан туындайды. Оның мазмұнына идеология, өндіріс, еңбек, ғылым, мәдениет және т.б. жатады. Педагогикалық процесті ұйымдастыру және басқару комплексі. Оған педагогикалық процестің мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, әдісі, құралы жатады. Педагогикалық диагностика. Ұстаз бен шәкірттің тәрбие, оқу, үйрену процесін жүргізу барысында істің нәтижесін білуі. Педагогикалық процестің нәтижесін бағалау. Оқушының іс-әрекетінің нәтижесінің қорытындысын, бағасын, сол баланы қоршаған орта, қауым береді. Педагогикалық процестің қоршаған ортамен байланысында.
Последний слайд презентации: Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні мен кұрылымы
С.Қ.Мұхамбетова педагогикалық заң мен заңдылыққа төмендегідей анықтама береді: «Педагогикалық заң – педагогикалық құбылыстардың дамуына жағдай туғызатын олардың объективтік негізі, маңызды тұрақты байланыстары, ал педагогикалық заңдылық – нақты педагогикалық заңның көрінісі » Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарының айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік даму және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін, мұғалімнің тікелей басшылыққа алатын қағидаларын принциптер деп атайды.