Слайд 2: Жасанды ұрықтандыру
Ұрықтандыру, қолдан - күйлеген аналық малдың қынабына аталықтың ұрығын қолдан жіберу, яғни қолдан ұрықтандыру. Ұрықтандыру мал шаруашылығы саласындағы ірі жетістік болып табылады. Ұрықтандыру арқылы жоғары өнімді асыл тұқымды аталық ұрығымен бір кезеңде көптеген аналық малды ұрықтандырып, бір жылда оған тартқан мыңдаған төл алып, нәтижелі тұқымдық асылдаңдыру жұмысын жолға қоюға болады.
Слайд 3
Ұрықтандыруда аталық мал ұрығының сапасын алдын ала тексеріп, түрлі жыныс ауруларына жол бермеуге жол ашылады. Ұрықтандыруды жүргізу үшін қажетті құрал - жабдықтар мен ол істі жете менгерген білікті маманы болуы керек. Ол әр мал түлігінен ұрық алып, сақтап, бөліп, онымен күйлеген малды шебер ұрықтандырура білуі керек. Мал түліктерімен қоса құс мекиендері де ұрықтандырылады.
Слайд 4: Ұрық алу әдістері
Аталықтардан ұрықты зерттеу және аналықтарды қолдан ұрықтандыру үшін уретралды және қынаптық әдістермен алуға болады. Уретралды әдістерге жасанды қынапты пайдалану ( әдіс өндірісте жиі қолданыс тапқан ) мен электрэякуляция, массаж, мастурбация, фистула мен ұрық жинағыштар қолданылуы арқылы алу тәсілдері кіреді. Қынаптық әдіске сықпа қолдану, айналық ( қынап айнасы арқылы ), сонымен қатар құстарды сойғаннан соң ұрықты құты тәріздес кеңейтілімінен сығып алу тәсілдерін жатқызуға болады.
Слайд 5: Жасанды қынап түрлері
Бұқадан ұрық алуға арналған жасанды қынап ортасында келте құбыры бар резеңке цилиндр түрінде болады.Цилиндрге ұштары қаңқасына қайырылған резеңке камерасы кигизілген.Камера резеңке шығыршықтармен бекітілген. Жасанды қынаптың бір ұшына ұстатқыш көмегімен шыны ұрыққабылдағышы бекітіледі.Ұрыққабылдағыштың сыртқы және ішкі қуысы аралығына түбінде немесе бүйіріне жасалған тесік арқылы жылы су (35... 400 С ) құйылады. Мұндай жылытылатын қос қабырғалы ұрыққабылдағыш ұрықтардың температуралық естен тануын тудырмайды. И.И.Родин құрастырған жасанды қынап ерекшелігі – ұрыққабылдағыш алдында шетіне орналастырылған баллон тәріздес кеңейген тұсы. Қазіргі уақытта көбіне қысқартылған бір реттік ұрыққабылдағышы бар жасанды қынаптар қолданылады.
Слайд 6: Жасанды қынапты пайдалануға дайындау
Резеңке камераны жылтыр беткейімен ішіне айналдырады. Камераны қаңқаға екі жағынан бірдей болып шығып тұратындай етіп салады да,қаңқасын тігінен қояды. Камера ішіне саусақтарды кигізіп жазып, алдымен бір жағын, сосын екінші жағы шеттерін тартады, яғни камераның қыртыстанып қалмауын қадағалау керек.Келесі қимыл-әрекет – камера ұштарын бекіту, бұл үшін резеңке шығыршықтарды ( бұқа, айғыр, қабанға арналған модельдерде ) кигізеді.Пайдаланар алдында жасанды қынап пен ұрыққабылдағышты залалсыздандырады. Сосын өңделген қынапты тіреуішке қояды. Егер қайнатылған болса, ішкі беткейінен таза дәке сүлгісімен не орамалмен су қалдықтарын кетіреді.Келесі қимыл-әрекет – жасанды қынапқа келте құбыр арқылы ыстық су(60... 700 С) құяды : бұқа мен қабан үшін 300...400 мл, қошқар үшін 150... 180мл, айғырға 1,5...2 л. Келте құбырды тығынмен жабады немесе оған шүмек орнатылады. Қыздырылған камераның ішкі беткейіне таза вазелин немесе арнайы майды залалсыздандырылған пластмасс немесе шыны таяқшасымен жағады.Осы кезде ұрыққабылдағыш қосылатын ұшын майламайды. Залалсызданған ұрыққабылдағышын бұқалар мен қошқарлар үшін жасанды қынап қаңқасына, айғырлар үшін мойнына, қабандарда муфтаға қосады.Қынаптың қабырғааралық қуысына бұқа, қошқар, қабан үшін құрылымның ішкі қабырғаларының тұтасуын қарастырып, ауа үрленеді.Таза термометр көмегімен қынап температурасын анықтайды (40... 420С болуы керек ) да, ыстық немесе суық су қосу арқылы сәйкестіреді.
Слайд 7
Қошқар – жыныстық қуаты жетілген еркек қой. 4 – 5 айлығында жетіледі. Осы кезден бастап ұрғашы тоқтылардан және саулықтардан бөлек, жеке бағылады. Олардың арасынан күйекке салуға жарамдылары іріктелініп, ерекше күтімге алынады да, 1,5 жасынан бастап саулықтарды ұрықтандыруға пайдаланылады. Асыл тұқымды Қошқардың тұқымдық сапасын анықтау 1 – 4 айлық немесе 1 жасар кезден бастап жүргізіледі. 1,5 – 3,5 жасар аралығындағы Қошқарды 80 – 100 саулыққа салуға болады. Ересек Қошқар күніне 2 – 3 рет ұрық береді. Саулықтарды қолдан ұрықтандыру кезінде (45 тәулікке жуық ) бір қошқардың ұрығы 400 – 500 саулықты ұрықтандыруға жетеді. Тұқымдық Қошқар 7 – 8 жасқа дейін күйекке салынады. Ісек-қошқар - 1,5-2 жас аралығындағы қошқар. Шприцы-катетеры для искусственного осеменения овец и коров:
Слайд 8: Елімізде Малды қолдан ұрықтандыру
Малды қолдан ұрықтандыру - ауылшаруашылық малдарының тұқымын зоотехникалық жолмен асылдандырудың негізі болып саналады. Қазір ауданда 9 малды қолдан ұрықтандыру пункттері ашылып, жұмыс істеуде. Атап көрсеткенде Айнабұлақта – 1, Дайырда – 1, Қараталда – 1, Көгедайда – 1, Қарабұлақта – 1, Кеңсайда – 1, Біржанда – 1, Шіліктіде – 1, Зайсанда - 1. Ірі қара малының орташа тірі салмағын арттырып және одан алынатын таза еттің салмағын көбейту мақсатында осы пункттерге облыс орталығынан асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасының ұрығы әкелініп, бүгінгі күні сиырлар қолдан ұрықтандырылуда. Бұл жұмыстар Дайыр, Көгедай, Біржан ауылдарында жақсы жолға қойылған.
Слайд 9: Қазақтың арқар -мериносы
Қазақтың арқар -мериносы – биязы жүнді қой тұқымы.1934 – 50 жылы биязы жүнді жаңа кавказдық типтегі рамбулье және прекос саулықтарын жабайы арқармен қолдан ұрықтандыру нәтижесінде алынды. Дүниежүзілік қой шаруашылығында алғаш рет түраралық будандастыру тәсілімен алынған бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарын кеңінен игеріп, өзіндік құны төмен бағалы ет, сапалы жүн өндіруге мол мүмкіндік берді. Кейінірек жүн сапасын одан әрі жақсарту мақсатында асыл тұқымды малдардың бір бөлігіне кіріспе будандастыру жолымен австралия мериностарының қаны құйылды. Осы тұқымды шығарғаны үшін бір топ ғалымдарға (Н.С. Бутарин, Ә.Есенжолов, А.Ы. Жандеркин, Е.В. Большакова, т.б.) КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1950 ). Қошқарлар мен саулықтардың тірідей салмақтары 90 – 110 кг және 55 – 65 кг, таза жүн түсімі 5,0 – 6,0 кг және 2,5 – 3,0 кг- ға жетеді. Жүнінің жіңішкелігі қошқарларында 60 – 64, саулықтарында – 64 – 70 сапалы, ұзындығы 8,0 – 10 см. 100 саулықтан 120 – 130 қозы алынады.Бұл тұқым Алматы облысы Райымбек ауданындағы асыл тұқымды “ Ұзынбұлақ ” ш- нда өсіріледі. Бұл шаруашылықта осы қой тұқымын өсіріп бағуда Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған шопандар : Б.Жақсылықов (1958), Ы.Абдығұлов (1960), Ж.Молдасанов (1973 ). Республикада тұқымның 300 – 400 мың басы бар (2002). Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын 1991 жылға дейін Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігінің Эксперименттік биология ғылыми-зертханалық институты, ал қазір Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты жүргізеді.
Слайд 10: Қолданылған әдебиеттер тізімі
И.Т.Жақыпов.Жануарларды к өбейту биотехникасы//Практикум Астана 2012-С.24-74 Красота Ф.В. Биотехнология в животноводстве.М.Колос 1990 Жатқанбаев Ж.Биотехнология //Алматы 2014 Эверо -С. 68