Первый слайд презентации: Жұмсақ дәрілік формалар
Слайд 2: Жоспар :
Жақпа майлар. Линименттер, пасталар. Ботқалар, болюстер. Суппозиторилер, пластырлер.
Слайд 3
Жақпа майлар ( unguentum ) – жақпа май негізінде біртегіс таралған, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, тұтқыр консистенциялы жұмсақ мөлшерленбеген дәрілік форма. Құрамында қабынуға қарсы, антисептикалық, жансыздандыратын және т.б. заттар болады. Жақпа майлар теріге, кілегей қабықшалардың, жарақаттың беткейлеріне жағу үшін қолданады.
Слайд 4: Жақпа майлар жіктелуі:
Әртүрлі белгілеріне бойынша жіктеледі. белгіленуі бойынша қолданатын жері бойынша дәрілік заттың дисперстік дәрежесі және оның таралуы бойынша Белгіленуі бойынша Қорғаныш жақпа майлар. Оларды проф. мақсатта теріге және кілегей қабатқа жағу үшін, оларды улы заттардың органикалық еріткіш микроорганизмдердің әсерінен қорғау үшін қолданады. Жақпа майлар бұл түрлерін мамандық зияндылығы бар әртүрлі өндірістерде қолданудың маңызы зор. Қосметикалық жағар майлар. Оларды теріні жұмсарту, коректендіру үшін. Пигментті дақты кептіру емдеу немесе шаштарды түсіру үшін қолданады. Емдік жағар майлар, медициналық жағар майлар. Ең маңызды болып табылады. Терінің зақымданған жеріне, кілегей қабатын бағытталған түрде жергілікті локальды әсер көрсетеді. Күкірті шырыш тағы басқа. Резарвтивті әсер ететін жағар майлар. Резервция – сіңу, тері немесе кілегей қабатқа терең қабатына өтіп қан тамыр немесе лимфаға жетіп бүкіл ағзаға немесе жеке мүшеге әсер көрсетеді. Нитрон жағар майы – 2% нитроглицирин майлы ерітіндісін стенокардия ұстамасында қолданады.
Слайд 5
Қолданатын жері бойынша жақпа майдың өзі Unguenta. Дерматологиялық жақпа майлар мұрынға арналған жақпа майлар. Unguenta rinalis, nosalis көзге арналған жақпа майлар Unguenta ophthalmica вагинальды жақпа майлар Unguenta vaginalis уретральды жақпа майлар Unguenta uretralis ректальды жақпа майлар Unguenta rectalis Дәрілік заттардың дисперсті дәрежесіне қарай 4 топқа бөлінеді : Гомогенді жақпа майлар - онда дәрілік заттар ерітінді түрі бойынша таралған, яғни дисперстілігі олардың молекулалық формасына ұсқас; Суспензиялық немесе тритурациялы жақпа майы - май негізінде ерімейтін микроскопиялық қатты ұсақ бөлшектерден тұратын дәрілік заттар. Олар суспензия түрі бойынша таралған. Эмульсиялық жақпа майлар – майлар негізінде ерімейтін сұйық дәрілік заттар, оның бөлшектері жақпа май негізінде эмульсияланған түрде таралған. Аралас (комбинированный) жақпа майлар физико-химиялық қасиетттері әртүрлі заттардан тұрады.
Слайд 6
Жақпа майлар күрделі дәрілік түрлер болып саналады. Құрамында дәрілік заттар және негіз бар. Негіздер жақпа майларға керекті салмақты, дәрілік заттардың сәйкес концентрациясын керекті консистенция тұрақты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар негіздер дәрілік заттардың резорвциялық деңгейін жылдамдығын басқарады. Яғни, фармокодинамикада маңызды роль атқарады. Фармакодинамика жақпа майлардың активті құрамы болып табылады. Қазіргі кезде жақпа майлар дайындау үшін колданады. 100-ге тарта негіздер белгілі. Олар химиялық бойынша сыртқы түрі, алыну көзі бойынша ажыратады. Жақпа майлардың негізді таңдау ауру түріне дәрілік заттардың физикохимиялық қасиетіне байланысты.
Слайд 7
Негізге қойылатын талаптар : жағылатын қабілеті яғни керекті құрамдас механикалық қасиеті болуы керек. дәрілік заттар жақсы қабылдауы яғни, дисорбирлеуші қабаты болуы керек. Ауаның, жарықтың әсерінен бұзылмауы, оған енгізген дәрілік заттарға түспеуі керек. Химиялық тұрақты болуы керек. Фармакологиялық индеферентті немесе өзіндік емдік қасиеті болмауы керек. Жақпа майлардың негіздер тітіркендіргіш, сенсибилизациялық әсер көрсетпеуі керек. Микроорганизмдердің көбеюіне жол бермеуі керек. өзінің емдік қасиетіне сай болуы керек. Киімді бүлдірмеуі, өте жабысқақ болмауы, сабын мен сабынсыз өте оңай жуылуы керек. рН мәні терінің рН мәніне жақын яғни рН – 3.4 болуы керек. Тиімді арзан болуы керек. Жақпа майлар негізінің жіктелуі : гидрофобты немесе липофильді гидрофильді гидрофобты – гифрофильді ( дифильді )
Слайд 8
Жақпа май негізі ретінде қолданады : әртүрлі липофильді қосылыстар – майлы негіздер (шошқа, жануарлар, гидрогенделген майлар және олардың өсімдік майларымен ерітіндісі, вазелин, вазелин майындағы парафиндік қоспа және т.б.), сонымен қатар, көмірсутекті негіздер (вазелин, вазелин майымен парафин қоспасы ) де кіреді. гидрофильдік заттар – полисахаридтер, полиэтиленгликоль ерітінділері, шіріген минералдардың гельдері, ақуыз ерітінділері мен гельдері және т.б. гидрофильді-липофильді майлар – эмульгатор, эмульсия типтес және т.б. липофильді негізіндегі сусыз құймалар. Осы негіздегі жақпа майлар ұлпаға терең сіңіріліп, ұзақ сақталады.
Слайд 9
Табиғи май негізінде дайындалған жақпа майлар ұлпаларға терең енге-німен, тұрақтылығы ұзақ сақталмайды. Май тәрізді заттар терең сіңірушілік және жоғарғы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Вазелин мен парафин негізіндегі жақпа майлар үстіртін ғана әсер еткенмен, бірақ сақталуы тұрақ-ты. Осыған байланысты, жақпа май негіздері тері қабатына енуімен қатар, препараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Кейбір жақпа майлары майларды : вазелин, қатты парафин, вазелин майы, шошқаның тазаланған майы, ланолин дайындауда қолданады.
Слайд 10
Ланолин Lanolinum Тазартылған ланолин қою сары түсті, тұтқыр жақпа май тәрізді консистенциялы, өзіне тән әлсіз иісі бар. Балқу температурасы 36-42 0 С. ланолин суда ерімейді. Сумен араласып оның өзінің салмағынан 150% мөлшердей суды бойына сіңіреді, бұл кезде өзінің консистенциясы жоғарлайды. Сусыз ланолин қолданады. Lanolinum anhydricum Сондықтан жақпа майлар құрамына ланолинді қолдана отырып сулы ерітінді үлкен мөлшерде енгізуге болады. Ланолин спиртте қиын ериді, бірақ спирт өзінің салмағының 10 бөлігін сіңіреді. Глицериннің 120 140 бөлігін қабылдайды. Эфирде және хлоформда жақсы ериді. Ланолин теріге жақсы сіңеді. Теріні және кілегей қабатты тітіркендірмейді. Ланолин тұтқыржәне жабысқақ масса болған өзінше негіз ретінде қолданбайды. Тек қана негізге қоспалар қолданады. Егер рецепте тек қана “ ланолин” деп көрсетілсе, онда сулы ланолин қолданады. Сулы ланолин 70 бөлік сусыз ланолин, 30 бөлік судан тұрады.
Слайд 11
Спермацет Cefaceum Цитил спирттінің майлы қышқылының қүрделі эфирі. Қатты, ұстағанда майлы крит.масса б.тем. 42-54 0 С. майлармен, көмірсутектермен оңай балқиды. Жұмсақ жақпа майлар тығыздау үшін қолданады. Ара балауызы Cera Қатты, сынғыш. Сары түсті масса Cera, ақ сары түсті – Cera alba. Б.тем. 63-65 0 С. Негізгі тығыздау үшін қолданады. Бойына суды аз сіңіреді.
Слайд 12
Көмісутек негіздер Көмірсутектер өңдірілген мұнай өнімдері: вазелин парафин, озокерит, церизин, вазелин майы қолданады. Тұрақтылығы жоғарғы, химиялық инертті. Осы сапасы, тиімділігі арзандылына байланысты. Жақпа май технологиясында кеңінен қолданады. Артықшылығы: сақтағанда тұрақты химиялық индеферентті майлы балауызын оңай балқиды. Оңай жағылады. Көптеген дәрілік заттын сиымдылығы Тиімді Кемшілігі : сұйық дәрілік заттар нашар араласады. Теріге нашар сіңеді. Сондықтан резарвтивтік жақпа майлар дайындау үшін жарамсыз. Терінің газ және жылу алмасуын бұзады. Кейбір жақпа май вазелин аллергиялық, сенсибилирлік әсер көрсетеді. Қиын жуылады.
Слайд 13
Вазелин Vaselinum Атом саны – С 17 – С 35 болатын қатты және сұйық көмірсутек қоспасы. Тұтқыр, мөлдір, ақ немесе сары түсті масса. Б.тем. 37-50 0 С. Егер рецептте негіз көрсетілмесе, онда вазелин қолданады. Қатты парафин Paraffinum solidum Қиын еритін вазелин аналогы б.тем. 60 0 С Озокерит Ozoceritum Балауыз тәрізді табиғи минерал қоңыр немесе қара түсті мұнай иісі бар. Б.тем.-50-65 0 С тетралатпен озокерит негіз тығыздатқыш ретінде қолданады.
Слайд 14
Гидрофильді негіздер Құрамына майлы немесе май тәрізді компоненттер болмайды. Сондықтан сумен шексіз араласады немесе суда ериді. Олар майда, көмірсутекте ерімейді. Гидрофобты тобына жататындар : жоғарғы молекулалық көмірсулар немесе ақуыздың сілбісі синтетикалық жоғарғы молекулалық қосылыстардың сілбісі неорганикалық қосылыстарының сілбісі Артықшылығы: дәрілік заттардың жақсы сіңірілуін қамтамасыз етеді. Фармакологиялық индеферентті Сұйық дәрілік түрлерін араласады. Теріден, киімнен оңай жуылады. Кемшілігі : микробтық тұрақтылығы аз сақтағанда кеуіп кетеді.
Последний слайд презентации: Жұмсақ дәрілік формалар
Желатин сілбісі Gelotosa Желатин сілбісі желатин глицеринді негіз қолданады. Құрамы: желатин – 1-3 %, глицерин – 10-30 %, су – 70-80%. Бұл мөлдір, ашық сары түсті, жараға оңай жағылатын сілбі. Оны тері желімі жеп атайды. Желатин сілбісінің микроорганизмге тұрақсыз, сақталу мерзімі өте төмен. Коллаген Collagenum Ірі қара малдың терісінің сілтілі тұзлы өңдеу арқылы алынатын ақуыз. Негізгі қарағанда коллагеннің емдік және регенерация әсері бар. Коллаген – 2-5 % қолданады.