Слайд 3: Бірінші бөлім
Бірінші бөлімнің басы Алтайдың сұлу табиғатымен басталып, Мамырбайдың жайбарахат өмірі баяндалады. Күндердің күнінде төрт салт атты ақ әскерінің шабармандары елді шауып кетеді. Бір тайпа ауылды төңкеріп, шабуыл жасайды. Ақбілегін сасқалақтаған Мамырбайдың бәйбішесі апанға тығып қояды. Ала атты адам жасырған орнын тауып береді де, бәйбіше оққа ұшып, олар қызды зорлықпен алып қашады. Сол кезде артынан қуған қуғыншының біреуі оққа ұшады. Манағы салт атты кім? Қызды алып қашқан орыстар кім? Бұларды қуам деп оққа ұшқан кім? Олардың кім екенін біз айтайық па? Өздерін сөйлетейік пе?..
Слайд 4: Бекболат
Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуінде. Бұрын бір байдың, осы күнде орта шақты үйдің ортаншы баласымын. Ағам отау тігіп, енші алып кетті. Інім Семейде оқуда. Шешеміз аурудан қайтыс болған соң әкеміз тоқал алды. Өлеңді, домбыраны үйрендім, мылтық атуды, ит жүгіртіп, құс салуды да үйрендім. Әкем айттырған Жаманбаланың шотпақ қара қызын менсінбей, Мамырбайдың Ақбілегін елден таңдап айттырып едім. Бой жеткен қалыңдығым тұрғанда қарап жатайын ба, жасырын барам деп кісі жібертіп алып,”өзі біледі” деген соң, бүгін жолыққалы келе жатыр едім. Ақбілектің “апатайлаған” дауысын естіген соң, не болса да қолында өлейін деп қуып бердім.
Слайд 5: Офицер
Тағдыр айдамаса, осынау Қытай шегіндегі Алтай тауына, қазақ арасына біз келер ме едік? Мен Тамбов губерниясындағы бай алпауыттың кіші баласымын. Ағайынды төртеуміздің ішінде ажарсызы болсам да, ерлігіммен герман соғысында қол бастап, бір рет шен алдым. Ресейде төңкеріліс болып, патшаны тағынан түсірген соң, үкіметті қара жүмысшы мен қара солдатты жоқтаған большевиктер алып кеткен соң, біздер орыстың шын ұлдары құл-құтанға бағынбаймыз деп, соғысып, жеңіліп қашып келіп отырмыз.Тауда жатып біз қарап өлейік пе? Қара таласқан соң маңайдағы қазақ ауылына шабуылдап, азыққа мал, баспанаға киіз, төсеніш, ыдыс-сайман алып тіршілік қып жатырмыз...
Слайд 6: Мұқаш
Жасым 35-те, әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы ауызым асқа, ауым атқа жарыған емес кедеймін. Ес білгелі көрінген есікте жүрдім, Төлеубай дегеннің қозысын бақтым. Он беске келгенше Шамамбайдың қойын бақтым. Бадығұлдың жылқысын бағып жүріп қалың беріп, қатын алдым. Приходқа жұмысқа жалдандым. Орыспен араласып, орыс тілін үйренген соң кеудеме нан піскендей, өзіме өзім әлдеқендай көріндім. Сайлау кезінде болыс болайын деп тұрған кезінде, менің үстімнен жазылған қағаздарды жинап, Мамырбайдың баласы кеңеске тапсырыпты. Сол себепті мені бұзақы адам деп, болыстыққа сайламады. Елге келген соң ауыл тонап жүрген ақтардың адамына жолығып, оларға кісі болдым. Олар маған жақсы қыз тауып бер деді. Ойыма Мамырбайдың Ақбілегі сап ете түсті. Ағасынан кек алғаным –ай, ха-ха-ха...
Слайд 7
Ақбілек жирен шаш пен қара мұрттың жанында қалады. Қара мұрт соғысқа кетіп, Ақбілек айдалада жалғыз өзі қап, түнімен қасқырлармен арпалысып, таң ата жолға шығады екен, қанша жүргенін, қайда жүргенін өзі де білмейді. Далада шаршап келе жатып, Іскендір диуанаға жолығып қап, аман қалады. Диуана оны ауылына апарады.
Слайд 8: Екінші бөлім
Бекболаттың ауруханада Ақбілектің не болғанын білуге көңілі кетті. Жылтыр мен танысып хабар жайын біліп отырды.
Слайд 9: Үшінші бөлім Қайғы
Ақбілектің үйіне келгелі 15 күн болды. Ақбілектің 12 жасар Қажікен деген бауыры, 7 жасар Сара деген сіңілісі бар-ды. Ақбілек пен әкесі сөйлесуден қалды. Ақбілектің сырласы Ұрқия Әмірдің қатыны, сүйікті жеңгесі. Әмір - Мамырбайдың немере інісі. Ақбілек бастан кешкендерін жеңгесіне баяндайды. Оның Төлеген деген ағасы 12 жасында қалаға оқуға беріп, 6-7 жыл оқып міне адам болып отыр. Мамырбай Әлдекей екеуі сөйлескен соң, Ақбілекке жылы қабақ танытты. Ақбілек уайымы сейілгендей болып, күйеуін ойлайтын болды. Бір күні Бекболаттан хат келді. Ақсақал үйде жоқ кезінде қонақ асыға шақырады. Екеуі бірге болады. Ұрқия Ақбілектен жүктілік белгілерін байқайды. Мамырбай болса, Өрік есімді тоқал алған дейді.
Слайд 10
Ақбілек Көркембай кемпірдің үйінде дүниеге ұл бала әкелді. Ол « Б аланың көзін жоғалт, шеше»-деп өтініш жасайды. Бір жұмадан соң Ұрқия көңіл сұрай келеді, сонда Бекболаттың хатын береді. Онда “Қайтсем де сен мендіксің” деп жазыпты. Ақбілектің екі қабаттығын естіген екен. Енді Ақбілек жыламай қайтсін, одан сайын қайғыға батады, бұл дүниеде керексіз, артық адамдай көзінің жасы көл болып аға береді, аға береді...
Слайд 11
Арадан 15 жыл өтті. Үлкен қара ағаштың түбінде Ертістің шымырлап аққан сына көз салып, бір келіншек жападан-жалғаз отыр. Бұл Кәмила деген қыз еді. Орысша киінген әйел : Сен мұнда қайдан келдің? – деп сұрады. Кәмила бастан кешкен қорлығын айтады. Жаңағы орысша киінген әйел Ақбілек еді, ол да өз жайын айта бастады. Босанған соң әкесінің көзіне көрінбей Ұрқияның үйінде болғанын, ж азда ағасы келіп, қалаға алып келгенін айтады. Ағам қаладан Марғипа деген ақылды, білімді қызды алды. Мені адам қылған сол... Ағатайым сол жылы Семейге қызметке барды мені де ала барды. Тұрмысымыз жақсы болды. Сол кезде курс ашылды да, сонда мені оқуға берді... Төртінші бөлім Махаббат
Слайд 12
Ақбілек: Орынборда да 3 жыл оқыдым.Оқушыларға ойын қойып, мен де ойынға араластым. Бетімнің бояуын сүртіп, шығып келе жатсам: “Ақбілек сен жақсы ойнадың!” деп өзіміздің қазақ мұғалімім жолыға кетті. Көтеріліп қалдым.”Жүр, шәй ішейік “-деп үстелге алып келді. Мен осылайша Балташпен таныстым. Ақбілек Балташқа барлық жайды айтады. Балташ: - Сенің өткен күндерің маған керек емес, адамшылығың керек. Өткенге сен жазалы емессің. Сен өмірде маған жолдас болсаң, екеуіміз бас қосайық - деді. Ертеңіне ЗАГС- жазылуға барса, қара мұрт сонда отыр екен. Бұлар шыққан соң қарасам, қара мұрт аңқиып арттарынан қарап тұрып қалады. - Адам көре береді екен-ау!- деп, Кәмила да тамсанды.
Слайд 13
Ақбілек күйеуі екеуі еліне демалысқа елге келеді. Еліне келгенде Ұрқия бетінен сүйіп қарсы алды. Балташты ақсақалға таныстырады. Ақсақалдың көңілі тасып, қуанып отырды. Өріктің Ақбілекке қарауға беті шыдамады. Кешке ақсақал ірі жылқы сойып той жасады. Ұрқия мен жеңгесі Ақбілекпен көлге барады. Жанында Сара бар, Күлікен, Ескендір бар, ауылдың өңшең ұсақ балалары суға шомылып жиекте жүгіріп жүр еді. Күлікенді бір бала жүгіріп келіп қағып кетіп, Күлікен жылап қалады. Ескендір оны көре сала жүгіріп өзінің кішкентай жұдырығымен түмпіштей жөнелді. Ескендірдің мына қылығына Ақбілек сүйсініп:” Ой, бауыр болғаныңнан айналайын!”- деп бетінен сүйді де: жеңеше, Ескендір мен сияқты емес пе? – деп қалды. - Еее, сенен туған шығар, - деді жеңгесі. - Рас айтасың ба? – деп Ақбілек тұрып қалды, ал, Ұрқия шынын айтты.
Слайд 14: Топпен жұмыс
1-топ Ақбілек романының негізгі идеясы не? 2-топ Романдағы жағымсыз кейіпкерлер саған қалай әсер етті ? 3-топ Ақбілектің жан-дүниесінде қандай өзгерістер болды?
Слайд 15: Сатылай кешенді талдау
1.АВТОРЫ: Жүсіпбек Аймауытов 2.Жанры: Роман 3.Тақырыбы: Ақбілек 4.Идеясы: Қазан төңкерісі кезеңіндегі қазақ жерінен көрініс. Қазақ әйелінің тағдыры, батырлығы, төзімділігі.
Слайд 16: 5.Сюжеті мен композитциясы
1.Басталуы. А)Алтайдың сұлу табиғаты бейнеленеді. Б)Төрт салт атты елді шауып, Ақбілекті алып қашуы, қуғыншы жігіттің оққа ұшуы. С)Кейіпкерлер әңгімесі 2.Дамуы: А)Ақбілекті қара мұрт ұнатуы. Б)Ақбілекттің қасқыр мен айқасы,диуанаға кездесіп,елге жеткізуі. С)Әмірдің Ақбілекті елге алып келуі. 3.Шиеленісуі: А)Ақбілектің жүкті болуы. Б)Төлегеннің Ақбілекті қалаға алып келеді С)Кәмиламен әңгімесі. 4.Шарықтау шегі. А)Ақбаламен,Балташ Ақбілетті ұнатуы. Б)Балташтың Ақбаланың күнделігін беруі. С)Балташтың Ақбілекке айтқаны. 5.Шешімі: А)Ақбілек пен күйеуі елге келеді. Б)Мамырбайдың ризалығы. С)Ұрқияның шындықты Ақбілекке айтуы.