Слайд 2: Айшықтау түрлері
Слайд 3: Қайталау
Слайд 4
Жай қайталау- сөзді не тіркесті жай ғана бір рет қайталау Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде, Еңіреп жүрген ер едім. (Махамбет ) Жалғанда табынатын тәңірім — табым, Табы жоқтың тәңірі жоқ, күні жарым. Табым десем, бұлақтай таудан аққан, Өн бойымды шымырлап, билейді ағын. Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып, Табым десем, қозады аруағым. Түпсіз қара тұңғиық суды кешсем, Тап қолыма медеу ғып ұстар талым. Көзсіз көрдей басыма күндер туса, Табым қолда жарық қып ұстар шамым. Менің табым — еңбекші, еқбек ері, Онсыз менде көрген күн — бұлдыр сағым. (С. Мұқанов.) “ Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” ( Махамбет );
Слайд 5
Еспе Қайталау – алдыңғы пікірдің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады Бір тауы бар сымбатты. Сол таудан сен сыр тауып ал, Сыр тауып ал, қымбаттым. Құзды шаттар қалың ну; Сарқырайды мұз бұлақтар, Мұз бұлақтар у да шу. (С. Сейфуллин.) Ау, қызғыш құс, қызғыш құс ! Ел қорыған мен едім, Мен де айрылдым елімнен. Көл қорыған сен едің, Сен де айрылдың көліңнен. (Махамбет ) Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі Ай, тақсыр – ау, ай, тақсыр, Боз орданы тіктім деп, Боз ағашты жықтым деп, « Ханым, ханым » дегенге Көтере берме бұтыңды, Көптіре берме ұртыңды. Ай, тақсыр – ау, ай, тақсыр, Бойың жетпес биікпін, Бұлтқа жетпей, шарт сынбан.
Слайд 6
Анафора ( әдепкі қайталау ) - шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар. Дәлірек айтқанда, өлеңдегі әр жол немесе әр тармақ ылғи бір сөзбен басталып қайталана береді. Эпифора ( кезекті қайталау )- өлең тармақтарынның соңында бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады Тағыдай таңдап су іекен, Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген Тағы сынды мырза едік, Тағы да келдік тар жерге. ( Махамабет ) Ақ тауға асылғанда ақ таң келіп, Ашылған ак, шымылдық мақпал дерлік. Ақ сәуле үяма кеп үйығанда, Ақ таңға қанатымды қаққам келіп. Анау үй мен мынау үй қатынаған, Қара жолдың қақ төсі қақыраған. Қара суға қақ тұрған майысқақ мұз, Шертіп қалсаң, быт- шыт боп шатынаған. ( Мұқағали ) Күншілдер өледі Көңілін от қарып ; Батырлар өледі Борышын атқарып. Бұзықтар өледі Пышаққа құлшынып Сұлулар өледі Құшақта тұншығып Пышаққа құлшынып ; Арғымақ өледі Артында шаң қалып, Ақындар өледі Бәріне таң қалып ! ( Қадір Мырза Әлі ) Беу, менің есіл күндерім, Білмедім есім кіргенін … Қош енді, ескі күндерім ! Келе ғой, есті күндерім !!! ( Мұқағали )
Слайд 7
Жарлай арнау Сұрай арнау Зарлай арнау Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. ( Ыбырай ) Желі толған сары түйе, Аға жан кімге тапсырдың ? Қора толған ақты қой, Ай көке кімге тапсырдың ? Тоғай толған мың жылқы, Күн көке кімге тапсырдың ? Қобыланды батыр жырынан Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім, Күйленіп, бұрынғыдай керне, көңілім ! Қамығып, жабырқадың неге мұндай ? Талпынып көкке құлаш серме, көңілім ! ( Сәкен ) Не жазып ем, Құдай -ау, мен қазаққа ? Мүбтәла қып салғандай мұнша азапқа. Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегеніміз бе азатқа ? Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным ? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым ? Аштан өлген аталарың бар ма еді ? Тамақ үшін сатқан иттер иманын. ( Маса ) Күндер қайда басқандай ?! Еттім қайрат мен жаста. Хан қарадан жасқанбай............................................ Құдірет Алла, не жаздым ? Бір сағатта тосқандай ! ( Жүсіпбек пен Ақыметбек Өмір шіркін, алдадың мен алдандым, Алдады өмір, себеп не? Мен таң қалдым ! Жеміс піспей ауызға түспейтінін Білдім, білдім, түсіндім, енді аңғардым. ( Сәбит Мұқанов ) Ойпырым -ай, Алла-ай, жасаған ! Қысылды ғой шыбын жан. Қуат кеміп барады. Көп болды мынау аққан қан, Тәңірі, өзіңе жылайын ! Хал жоқ, қалай тұрайын ?! Жүректі жара жеп барад, Жасаған -ау, қалай шыдайын ?! ( Мағжан )
Слайд 8: Антитеза-шендестіру
Мағына жағынан біріне-бірі қарама-қарсы,аралары алшақ жатқан екі нәрсені бетпе-бет қою Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды хасса сұлу шомылғанға. Қара шашын көтеріп екі шынтақ, О да бүлк-бүлк етпей ме сипанғанда, Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып, Және ұқсар тар төсекте жолғасқанға. Абай Құнанбайұлы Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де, бетім көр ( Ер Тарғын жырынан ) Шашың - қара, денең ақ бұлт, жүзің – Ай, Тісің – меруерт, көзің, сәулем, құралай. Ләззат, рақат, бақыт – бәрі қойныңда, Сұрамаймын енді ұжмақ – жақсы жай ! ( Мағжан )
Слайд 9: Инверсия
С өйлем мүшелерінің орнын ауыстырып қолдану “Сен құрметте оны. Түсіндің бе, қарағым. Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын ” ( Ә.Сәрсенбаев ). Келдік талай жерге енді, Кіруге-ақ қалдық көрге енді. Қызыл тілім буынсыз, Сөзімде жаз бар шыбынсыз, Тыңдаушымды ұғымсыз Қылып тәңірім берген-ді. ( Абай ) Сен оларға айт : « Ақын тасыды де, Тасытқан коммунизм ғасыры де, Ақындықтың бұлағы алып шықты Жүректің түбіндегі асылын де ». ( Сәбит Мұқанов )
Слайд 10: эллипсис
Сөйлемдегі айтылуға тиісті кейбір сөздерді қалдыру Қарағай шаптым шаңдоздап Қарағай шаптым шаңдоздап, Хан қарасын жоям деп, Жолбарысша жорыттым, Етіне құлан тоям деп... ( бірақ ойым орындалмады.) - деген өлеңінде арманшыл Махамбеттің орындалмай қалған істері туралы айтқысы келеді. Ақ көбігің … ақ жүзіңСол майдандар … қатты айқас Айнам еді бір қарар.Есіңде ме, ер Айдар? Өткізген түнім … күндізім … Өшкен құрбан … аққан жас … Тербетер мені, ой салар.Өтті жылдар … көп айлар. (Ж. Саин ). Бозғылт кеште демалыңыз... Биік, жіңішке ағаш... Түн нәзік келеді Мен сияқты қара. ( Хьюз )
Слайд 11: градация
Алдыңғы ойдан соңғы ойды,алдыңғы уақиғадан соңғы уақиғаны күшейтіп жеткізу Бүгінгі күн тән құшпадым, Ж ан құшпадым, жанды құштым, Т аңда құштым, көкке ұштым ( Мағжан ) ... Толғауы тоқсан күйдің бір-ақ күй бар — Сылқылдат ! Бастыр ! Бастыр ! Қадалт ! Қадалт ! Соқ жігіт ! Соқ ! Соқ жігіт ! Күйіңді тарт ! Лапылдат ! Жандыр ! Күйдір ! Құмарт ! Құмарт ! Безілдет ! Сарнат ! Зарлат ! Үздіктірші ! Керек жоқ ! Лақтыр әрі ! Қысқарт ! Қысқарт !... ( І.Жансүгіров. Күйші поэмасынан ) Әлде мен бабың тауып бақпадым ба? Болмаса жемнен қысып сақтадым ба ? Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе ? Жібектен тізгініңді тақпадым ба ? Малдырып сап алтынға үзеңгіңді, Тағаңды шын күмістен қақпадым ба? (« Маса » )
Последний слайд презентации: Айшы қтау: ПАРАЛЛЕЛИЗМ
Синтаксистік параллелизм Психологиялық параллелизм Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен. Тағдыр қылды деулерді Шығарамын сөзімнен. Сұлтанмахмұ т Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным ? Сексен асып таянғанда тоқсанға, Тұра алмастай үзілді ме, жұлыным Адасқанын жолға салдық бұл Ноғайлы ұлының ! Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың, Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным ! Шалқисың кейде шадыман шалқар көлім боп. Көңіліңде терең көлі бар жандар бақытты, Көңіліңде терең көлі бар жанға өлім жоқ. Тереңім сенсің, еңселім, Өлеңім сенсің, еңселім !( Мұхтар Шаханов ) Көк ала бұлт сөгіліп, Күн жауады кей шақта. Өне бойы егіліп, Жас ағады аулақта. Жауған күнмен жаңғырып, Жер көгеріп күш алар. Аққан жасқа қаңғырып, Бас ауырып, іш жанар.Абай Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын, Қайдан білсін өмірдің көбін азын. Бәйтеректі күндейді жетемін деп, Жылы күнге мас болып, көрсе жазын. Күз келген соң тамырынтүсік шалып, Бетегеге жете алмай болар жазым. ( Абай ) Ай туады дөңгелек, Айға жұлдыз не керек. Айдай сұлу болмаса, Қыз да болып не керек. ( Қазақ ауыз әдебиетінен ).