Первый слайд презентации: 12- Д әріс: Грам теріс коктар. Менингококтар. Гонококтар
Д әріскер аға оқытушысы Бармакова Алма Мансуровна
Слайд 2: Нейссериялар
Нейссериялар – грам теріс аэробты коктар - Gracilicutes бөліміне, Neisseriaceae тұқымдастығына, Niesseria туыстастығына жатады, бірнеше түрлер кіреді: Neisseria meningitides, N.gonorrhoeae, N.flava, N.subflava, N.perflava, N.sicca, N.mucosa, N.flavescens. Олардың 6 түрі адамның жоғары тыныс алу жолдарындағы қалыпты микрофлора құрамына кіреді
Слайд 3: Менингококтар
Менингококты инфекция – Neisseria meningitidis тудыратын жұқпалы ауру, олардың көрінісі белгісіз тасымалдаушыдан ауыр түрдегі менингиалды формаға дейін болуы мүмкін. Қоздырғышты алғаш ашып және зерттеген А.Ваксельбаум (1887 ж). Таксономиясы. Gracilicutes бөліміне, Neisseriaceae тұқымдасына, Neisseria туыстастығына жатады. Морфологиялық және тинкториалды қасиеттері. Менингококтар – ұсақ диплококтар. Ерекшелігі: бір-біріне ойыс беткейлермен қараған кофе дәні тәрізді, жұпты түрде орналасады. Менингококтар қозғалмайды, спора түзбейді, грам теріс, капсуласы тұрақсыз, пилиі бар.
Слайд 4: Менингококтар
Дақылды өсіру. Аэробтарды құрамында қой немесе жылқының дефибринделген (фибринсіз) қалыпты сарысуы бар ортасында, сонымен қатар ристомицин қосылған селективті ортада өсіреді. Нессериялар колониялары домалақ, түссіз, нәзік, консистенциясы майлы, диаметрі 0,5-1,5мм колониялар түзеді, пигмент түзбейді, қанды агарда гемолиз бермейді. Шартты-патогенді нейссериялардан менингококтардың айырмашылығы: 37 ˚ С сарысуы жоқ ортада, 20 ˚ С сарысулы агарда және 5% өт қосылған ортада өспеуі.
Слайд 5: Менингококтар
Ферменттік белсенділігі төмен. Глюкоза мен мальтозаны ыдырату дифференциалды-диагностикалық белгісі болып табылады. Барлық аэробтар тәрізді менингококтар каталаза мен цитохромоксидаза ферменттерін түзеді, сондықтан олар пневмококтар мен гемофилдерден ажыратылады. Антигендік құрылымы. Капсулалы антигендері бойынша менингококтарды А, В, С, Д негізгі серологиялық топтарға және қосымша Х, Y, Z, W-1356 29E бөледі. Жасуша қабырғасының антигені бойынша менингококтарды серологиялық варианттарға бөлуге болады (1, 2, 3 т.б.). Эпидемиялық менингиттің күрт көбеюі болған кезде көбінесе менингококтардың А және С топтары айналымда болады.
Слайд 6: Менингококтар
Патогенді факторлары. Менингококтың токсині жасуша қабырғасының липополисахариды болып табылады. Оның мөлшері аурудың ағымының ауырлығын анықтайды. Вируленттік факторлары: Эндотоксин Пили ақуызы (пилин) Капсула Ig A протеаза
Слайд 7: Менингококтар
Резистенттілігі. Менингококтар қоршаған ортада тұрақсыз, кептіру мен суыққа сезімтал болып келеді. 50ºС-тан жоғары және 22ºС–тан төмен температурада бірнеше минутта жойылып кетеді; пенициллинге, тетрацик-линге, эритромицинге сезімтал; ристомицинге және сульфанидамидтерге тұрақты; 1% фенол, 0,2% хлорлы әкке, 1% хлорамин ерітіндіоеріне сезімтал болып келеді. Менингококтар.
Слайд 8: Менингококтар
Эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық белгілері. Адам – менингококтардың жалғыз табиғи иесі. Инфекцияның көзі – науқас адам және тасымалдаушылар. Жұқтыру механизмі – аэрогенді, таралу жолы – ауа-тамшылы. Басқа респираторлы инфекциялардан айырмашылығы – жұқтыру ұзақ және тікелей қарым-қатынаста болғанда дамиды. Ауру жыл мезгіліне байланысты, күз-қыс айларында көтеріледі. Инфекцияның ену қақпасы мұрын жұтқыншақ. Жұтқыншақтан қанға түсіп (менингококкемия), қызба және геморрагиялық бөртпенің дамуына әкеледі, ауыр асқынулары - менингит немесе менингоэнцефалит. Менингококтар.
Слайд 9: Менингококтар
Иммунитеті. Аурудың жайылымды түрінде инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақты, қарқынды. Дегенмен, иммунитет гуморалды топспецификалық болып келеді. Микробиологиялық диагностикасы. Зертханалық диагноз қою үшін қан, жұлын сұйықтығы, мұрын қуысының шырышын зерттейді. Жұлын миы сұйықтығының центрифугаланған тұнбасын және көмейден алынған жағындыны микроскопта зерттегенде нейтрофилдың ішінде немесе жасушадан тыс тиісті нейссериялар көрінеді. Материал-ды алғаннан кейін бірден қанды агарға (шоколад тәрізді агар), құрамында ристомицины бар агарға (немесе линкомицин), құрамында антибиотигі бар (ВКН – ванкомицин, колистин, нистатин) Мартен ортасына себеді. Инку-бацияны - құрамында 5% көмірқышқыл газы бар атмосферада өткізеді. Менингококтар.
Слайд 10: Менингококтар
Бөлінген дақылдың идентификациясы келесі қасиеттерге негізделген: Колониялары оң нәтижелі болса, Neisseria туыстығына жатқызуға мүмкіндік береді. Дақылдың құрамында Neisseria meningitidis-тің болуын глюкоза және мальтоза ыдырауы нәтижесінде сірке қышқылдың пайда болуы дәлелдейді (тек лактоза, сахароза, фруктоза емес). Серологиялық топтарын агглютинациялық реакция арқылы анықтайды. Бөлінген дақылды менингит тудыратын басқа бактериялардан ажыратады. Серологиялық топтарын агглютинациялық реакция арқылы анықтайды. Бөлінген дақылды менингит тудыратын басқа бактериялардан ажыратады. Бактериялық менингит қоздырғыштарының негізгі қасиеттері 24 сағаттан кейін анықталады Менингококтар.
Слайд 11: Менингококтар
Серологиялық әдіс : менингококтық эритроцитарлы диагностикумның көмегімен сарысуды ГАБР, КБР және ИФР (жанама әдіс) реакцияларында зерттеу. Менингококтық инфекциямен науқастанған адамнан аурудың бірінші аптасынан кейін қан сарысуында антиденелер (бактерицидтер, агглютининдер, гемагглютининдер) анықталады, олардың мөлшері (титры) 2-3 аптадан кейін ең жоғарғы деңгейге жетеді, содан кейін төмендей бастайды. Емдеуі. Этиотропты терапия: пенициллин, левомицетин, рифампицин антибиотиктері қолданылады. Сақтандыруы. Эпидемиялық көрсеткіштері бойынша А, В, С серологиялық топтарынан (штамдарының айналуына байланысты) тұратын менингококты химиялық полисахаридті вакцина қолданылады. Менингококтар.
Слайд 12: Гонококтар
Гонорея (соз) – Neisseria gonorrhoeae туғызатын жыныстық (венерологиялық) жұқпалы ауру, несеп-жыныс жүйесінің шырышты қабығының іріңді қабынуымен сипатталады. Соз қоздырғышы – гонококк, А.Нейссер 1879 жылы ашты, Neisseriaceae тұқымдастығына, Gracilicutes бөліміне жатады: гонококтар көздің шырышты қабықшасының жедел іріңді қабынуын - бленнореяны тудырады.
Слайд 13: Гонококтар
Морфологиясы. Гонококк – бұршақ тәрізді грам теріс диплококк, қозғалмайды, спора түзбейді, пили, микрокапсуласы бар. Анилин бояуларымен жақсы боялады (метилен сия көгімен, бриллиант жасылы және т.б.). Іріңді бөліндіде гонококтар лейкоциттер ішінде орналасады (аяқталмаған фагоцитоз). Пенициллин әсерінен L-пішіндері пайда болады, химиотерапиялық препараттар әсерінен қасиеттерін жылдам өзгертіп, грам оңға айналады.
Слайд 14: Гонококтар
Дақылды өсіру. Гонококк аэроб, хемоорганотрофтар, құрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарда, 37 С температурада, көмірқышқыл газының мөлшері жоғары болғанда өседі. Қанды агарда гемолиз бермейді, құрамында сүт, желатин және картоп қосылған қоректік ортада өспейді. Тығыз ортада колониялары түссіз шық тамшысына ұқсас келеді. Сұйық қоректік орта бетінде нәзік қабықша пайда болады, сорпаны лайландырады. Гонококтар
Антигендік құрылымы күрделі, толығымен зерттелмеген. Вируленттік факторлары : Пили ақуызы (пилин) Капсула Сыртқы мембрананың ақуызы: Протеин I (Por - ақуызы) Протеин II (Opacity – «лайлану»), яғни «лайлану» протеині; Протеин III LOS (Lipooligosaccharide) IgA 1-протеаза Бетта-лактамаза
Слайд 16: Гонококтар
Резистенттілігі. Гонококк кептіруге, дезинфекциялық заттарға, температураға жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді; бензилпенициллинге, эритромицинге, тетрациклинге, доксициклинге, цефалоспориндерге, бисептолға сезімтал. Эпидемиологиясы. « Гонорея» терминін жаңа дәуірдің ІІ ғасырында Талон ұсынды. Гонококк антропонозды инфекция. Табиғи және тәжірибелік жағдайда гонококтарға бір де бір жануар сезімтал емес. Инфекцияның жалғыз көзі-ауру адам. Қоздырғыштың негізгі таралу жолы – жыныстық қатынас. Бленнорея кезінде қоздырғыш (гонококк) ананың туу жолы арқылы жұғады. Тұрмыстық заттар арқылы сирек таралуы мүмкін. Гонококтар
Слайд 17: Гонококтар
Патогенезі, клиникалық белгілері. Гонококтар ағзаға ене отырып, несеп жолының эпителиіне және жыныс жолдарының шырышты қабығына жабысып жасуша ішіне өтеді. Шырышты қабаттарда көбейіп, жасушалары бұзылғаннан кейін эндотоксин бөлінеді, лейкоциттердің көптеп көшуімен белгіленетін қабыну үрдістерін (цервицит, уретрит, қынап манайында орналасқан бездердің абсцестері, эндометрит, эпидидимит, проктит, бленнорея т.б) тудырады. Гонококтар лейкоциттермен қоршалады, олардың ішінде қарқынды түрде көбейіп жойылмайды. Жасырын кезеңі 2-4 күн. Содан кейін несеп шығаратын жолдардан іріңнің ағуымен және кіші дәрет кезінде ауырсынумен сипатталады. Иммунитеті. Ауырғаннан кейін иммунитет жеткілікті деңгейде қалыптаспайды, сондықтан қайта ауыруы мүмкін. Гонококтар
Слайд 18: Гонококтар
Микробиологиялық диагностикасы. Диагноз қоюдың негізгі әдісі – Грам бойынша, метилен көгінің 1% ерітіндісімен және эозиннің 1% спиртті ерітіндісімен мен боялған іріңді бөліндінің жағындысын бактериоскопиялық зерттеу. Нәтижесі теріс болса бактериологиялық әдісті қолданады. Бактериологиялық әдіс : құрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарға себеді; асцитсіз ортада қолданылады (мысалы, казеині, ашытқылы аутолизат, сарысуы бар КДС-1); өсу оптимумы-ауада 10-20% көмірқышқыл газының болуы, рН 7,2-7,4 және 37 С температура. Серологиялық әдіс : науқастың қан сарысуымен қойылған КБР (Борде-Жангу реакциясы) немесе ПГАР. Молекулярлы-генетикалық әдіс – ДНҚ зонд арқылы тест. Гонококтар
Слайд 19: Гонококтар
Емдеуі. Антибиотиктер мен химиопрепараттар қолданылады. Иммунды терапия мақсатында созылмалы гонорея кезінде өлі гонококтық вакцинаны енгізеді. Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ. Негізгі сақтандыру әдісі әйелдерді де, еркектерді де жұғудан сақтайтын презерватив. Гонореямен күрес инфекция көзі болып табылатын адамдарды табу және емдеуге негізделген. Гонококтар