Первый слайд презентации
1848 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯЛАР ЕУРОПАДА ҚАНДАЙ САЯСИ ИДЕЯЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ?
Слайд 2
Б үгінгі сабақта: Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттайсыз; экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтайсыз; К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсінесіз; тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолданасыз.
Слайд 3
Тірек сөздер: Либерализм- Либерализм (лат. liberalis -- еркін ) - кең саяси және экономикалық еркіндіктерді заңды әдістермен қорғайтын ілім әрі қоғамдық-саяси ағым. Либерализмнің басты мақсаты - тұлғаның еркіндігін және индивидтің басқа да азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің қызметін шектеу. Консерватизм- ( фр. соnservatisme, лат. conservo - сақтаймын, қорғаймын ) - саяси және әлеуметтік философиялық ұстаным ретінде дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды. https ://kk.wikipedia.org/wiki / Социализм- ( латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. https://kk.wikipedia.org/wiki/ Марксизм - қазіргі материалистік талдау мен болашақты социалистік тұрғыда елестетуге негізделген К.Маркс пен оның ізбасарларының көзқарастарының жиынтығы.
Слайд 5
XIX ғасырдың басында Германия экономикалық тоқырауда болды. Басты себеп- елдің саяси бытыраңқылығы. Гамбург Бремен Любек Майндағы Франкфурт
Слайд 6
Майндағы Франкфуртта мәжіліс құрған одақтың өкілдік органы бундестаг мемлекеттердің толық өкілетті өкілдерінен құралды. Герман одағы берік бірлестік болған жоқ. Австрия өкілінің төрағалық етуімен тұрақты жұмыс істеді.
Слайд 7
. Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссия бастамасымен 18 мемлекетті біріктірген Неміс кедендік одағы құрылды. ортақ экономикалық кеңістік қалыптаса бастады. Феодалдық міндеткерліктер экономикалық тәуелділіктің әртүрлі түрлеріне ауыстырылды. Батрактар еңбегін пайдаланған және ішкі нарыққа тауарлар жеткізіп отырған ауқатты шаруалар гроссбауэрлер пайда бола бастады. Кедей шаруалар жұмыс іздеу мақсатында қалаларға көшті.
Слайд 9
1870-1880 жылдары «Темір канцлер» Отто фон Бисмарк тұсындағы капитализмнің германдық нұсқасы толығымен орнады. Неміс мемлекеттерінің ішіндегі ең қуаттысы – Пруссияның билігінде біріккен болатын. Өнеркәсіп дамуы үшін тиімді жағдайлар жасалынғанымен, буржуазия саяси билікке шығуға мүмкіндік ала алмады.
Слайд 11
1858 жылы Тяньцзиньға таяу жердегі Дагу бекінісін ағылшын-француз әскерлері басып алды.
Слайд 15
Вена конгресінің шешімі бойынша Италия бірнеше мемлекеттерге бөлініп кетті. Неаполитандық корольдық Папа облысы Тоскана Модена Парма Лукка және Сардин корольдығы Италия аумағын өз аралар-ында бөліп алды. Елдің солтүстік-шығысы – Ломбардо-Венециандық корольдықты Австрияға қосты.
Слайд 16
Италия XIX ғасырдың соңғы ширегінде капитализмнің «алғашқы буын» елдерімен салыстырғанда экономикасы артта қалған ел болып саналды.