Слайд 2
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын,философиядағы дана-лық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.
Слайд 3
Елге жаны ашып, берісі «қазаққа күзетші болу» мақсатында, әрісі «адамзаттың бәрін бауырым» деп сүю үшін, әуелі шынайы иман керек екен. Кәміл иманға жету жолын пендеге жеткізу туралы баяндалған қара сөз - «38 қара сөз»
Слайд 4
Адам бұл өмірге не үшін келді? Қандай мақсатпен келді? Ғылым, ғибадат жолымен жүру керек пе? Әлде ғылымсыз, қамсыз өмір ме?
Слайд 5: Қара сөздің негізгі идеясы
Адамның адамдығының көрсеткіші – ақыл мен ғылым. Ақыл мен ғылым жету жолы – махаббат. Махаббат арқылы ғылым мен ақыл қуған адам сол кезде ғана адам болмақ. Ал махаббат Аллаһты толық тануға, құлшылық жасауға апарады. Ғылымсыз адам өмірге келу, өмір сүру мәнін түсінбек емес.
Слайд 7
Құдай тағала дүниені кәмалатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды - әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық шақырады. Ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.
Слайд 8
Адамның бұл өмірдегі досы – ғылым. Ғылым Аллаһты тануға арналу керек. Ғылымның бастауы – құран. Құранды оқыған Қ.А.Яссауи, А.Йүгінеки, әл-Фараби, Ж.Баласағұн сынды білім қуған адамдардың барлығы құраннан сусындап, құранды жетік білген. Яғни, ғылымның шыңы – құран.
Слайд 9
Ғылымды білген адам бұл өмірдің хикметі –ғибадат екенін бірден аңғарады. Ғибадат – намаз, ораза, зекет, қажылық. Ғибадаттарды жасаған адам кәміл мұсылман болмақ. Намаз ишараты ниет, жуыну, құбыла, қиям, рукуғ, сәжде, салауат, дұға. Ғибадатты ниеттеніп істеген адам Аллаһ алдына барған кезде рахатқа бөленеді.
Слайд 10
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші – залымдық.
Слайд 11
Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.