Первый слайд презентации
Мұстафа Шоқай: «Батыс тәрбиесін алған туыстарымыз басқа жақтан алған білімдерін өз халқының өмірімен бітістіре алмады»
Слайд 2
Әл-Фараби : - «Адам мақсатына өзін-өзін жетілдіру арқылы жетеді »; «Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс » (топтық жұмыстарға қатысты); «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені аса қаталдық шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады»
Слайд 3
Жүсіп Баласағұн: «Біліктінің ісі байыпты, білік бағасын білікті білер ». Қожа Ахмет Иассауи: « Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды »; « Жақсыдан ғибрат ала білгеннің ісі оңға басады » (тәлімгерлік). «Ақылдыға білім керек, шешендерге мінбе керек», « Кітап аш та мәнін ұқ ».
Слайд 4
Құтып: «Біреудің бойынан кемшілік іздеме, өнер ізде »; - «Біліктіні білгені үшін сыйлайды ». Ахмет Игунеки: « Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады »; «Білімсізге білікті сөз де парықсыз көрінеді »; «Біліксізге бәрі жөн » (бағалау модулі); «Білікті - баға жетпес алтын, біліксіз қара бақыр»,
Слайд 5
Саиф Сарайи (Алтын орда ақыны): - « Біліктінің орны төр »; Асан қайғы: Қолбасы білікті болса, сарбазы азбайды ». Шалгиіз: « Алға сап жауап бермеңіз, арғы түбін ойламай » (талқылау). Саққұлақ би Бапанұлы : «Ғылым шала ақылдыны бүтін қылады, Бүтін ақылдыны дана қылады»,
Слайд 6
Абай : «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» (ЖАДА); «Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады » (Үстірт, белсенді, терең тындалым, диалогтік тәсіл); «Көңілсіз құлақ, ойға олақ» (үстірт, терең тыңдалым ); « Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек » (Шульман ілімі); «Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, біріңнің бірің сөйле сөзің тосып » (диалогтік оқыту, дебат т.б.); «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» (регламент сақтау) ;
Слайд 7
Абай: « Жүрекке де айна керек» (рефлексия ); « Ой артынан ой туар, желге мінсең жеткізбес » (пікірталас); « Жапырақ та өзді-өзді сыбырласады » (топтық жұмыс); « Ішсем, жесем, ұйықтасам – тән құмары, білсем, көрсем, үйренсем – жан құмары » (Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы); «Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек» (мотивация); Күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің ? (Рефлексия )
Слайд 8
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ( ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ) : « Әркім білген ғылымымен ғұмыр қылғаны жөн »; « Ғылым-білімнің бірінші пайдасы – мінез түзету » ( ынтымақтастық атмосферасы ); «Білмек – парыз, істемек – парыз, мөлшер – парыз, иланбақ – парыз, ықылас - парыз » (теория – практика – критерий – дәлелдеме - рефлексия).
Слайд 9
Шәкәрім: « Жан құмары – іс істемек, білім алмақ » (қажеттіліктер иерархиясы); «Қазаққа сыншылық керек » (рефлексия) «Көргенін, естігенін есепке алса, сонда оңай әрбір істі ойлап білмек » (рефлексия); «Ғылымға қанағатсыз болу керек » (үздіксіз оқу); « Ақылға еркін ой керек » (әр пікір құнды); « Анық бақ: кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек » (бақ туралы критерийлер); «Өнерлі елдерден өнеге алмақ керек » ( Кембридж бағдарламасының түйінді идеялары дүние жүзінің тәжірибесінен жинақталған); « білу, нану, ұнату – ақыл ісі», «алдымен ақылыңа сынатып ал » (рефлексия); « тегіс тексер, сөз көрсең сыр мен сынын, түзетуге именбе тапсаң мінін » (есепті негізгі үш критерий бойынша бағалау).
Слайд 10
Ахмет Байтұрсынұлы: « Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім »; «Мектептің жаны мұғалім »; « Мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай болмақ »; « Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болу керек » (рефлексия); « білімі көп адам құралы сай ұста секілді: не істесе де келістіріп істейді » (ресурстары көп мұғалім).
Слайд 11
Міржақып Дулатов: « Оян қазақ !»; «Артықтан тағылым ал, кемге үйрет »; «Ғылым үйрен көзің ашылады »; Жүсіпбек Аймауытов: « Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да оқығаны »; «Жанның тәрбиеленетін үш түрлі сипаты бар: ақыл, сезім, қайрат » (танымдық, эмоционалдық, ынталандырушылық).
Слайд 12
Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Ел болудың бірінші тірегі – білім»; «Түзу ғылымнан, түзу ұстаздан тәлім алған тәліп неге түзелмесін » (Тәлімгерлік); Мағжан Жұмабаев: «Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады» (топтық жұмыс, бірін-бірі толықтыру, айналы нейрон).
Слайд 13
Мұхтар Әуезов: « Алдынғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы ?!» (тәлімгерлік); «Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес » (инклюзивті білім беру, саралап оқыту). «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім » (мотивация).
Слайд 14
Ғабит Мүсірепов: « Адам дегеніміз – миллиондаған ғасырлардың туындысы көрінеді. Солай бола тұрған күннің өзінде де ол кісініңіздің ой-өрісі, сезім тереңдігі, адалдық, ар-ұят, мінез-құлық жақтары әлі де біраз сүргілеуді керек ететін сияқты » ( формативті бағалау); «Сөзшеңдік – уақыт трагедиясы»; «Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды, күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек », (жақсыны іздеу керек, жақсыны көру керек); « Төлбасы атанудың жауапкершілігі ылғи ізденуді, алды-артын шолып отыруды керек етеді» (көшбасшылық ); « Есту бар, білу бар, түсіну бар, қорыту бар (рефлексия )»; « Білу және істей алу – екі мәселе » (теория мен практика сабақтастығы).
Слайд 15
Дінмұхамед Қонаев: « Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау мен үйретуден аянбау »; « Адам айнасы - адам »; Мұзафар Әлімбай: «Шәкіртке ұстаз болу ірілік, ұстазға ұстаз болу ұлылық »; «Көршілестерім – рухани еншілестерім » (ЖАДА); « Айта білген, тыңдай да білсе - ғанибет » (топтық жұмыс); «Талант – табиғаттан, талап өзіңнен » (Дарындылық); « Ұстаз ұқтыра алмағанды өмір ұқтырады » (практиканың маңыздылығы).
Слайд 16
Қадыр Мырзалиев: «Баланың тентектігін қойдырам деп, қайсарлығын өлтіріп ала көрме » (Сыртқы реттелу мен өзіндік реттелу); Әбіш Кекілбаев: « Өнерде шәкірттік сезімін ұмытқан адам ұстаз бола алмайды ».
Слайд 17
Олжас Сүлейменов: «Кез келген халықтың өмір графигі кардиограмма іспеттес»; «Кемталант мүмкіндігінше, шын талант қалағанынша жазады» (дарындылық); «Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ сауалдың аясына сияды: 1) не біле аламын, 2) не істеуім керек, 3) үміт артарым не?» (теория – практика - рефлексия).
Последний слайд презентации: Мұстафа Шоқай: «Батыс тәрбиесін алған туыстарымыз басқа жақтан алған білімдерін
А. Байтұрсыновтың «Әліпби», «Тіл құрал», «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Әліппе астары», Ж. Аймауытовтың «Жан жүйесі һәм кәсіп таңдау», «Тәрбиеге жетекші», М. Жұмабаевтың «Педагогика», М. Дулатовтың «Есеп құралы», Х. Досмухамедовтың «Табиғаттану», «Жануарлар» атты төл оқулықтары мен Ә. Бөкейхановтың, Е. Омаровтың, Ә. Байділдиннің, М. Мурзиннің биология, химия, физика, астрономия пәндерінен жасалған тәржіма оқу құралдары 20-30 жылдары бірнеше қайтара басылым көрді. Осы оқулықтардың біразы туысқан халықтар тілдеріне де аударылды.