Первый слайд презентации: Адам анатомиясына кіріспе
Орындаған : Жақыпбек Сымбат Талғатқызы Тексерген : Шарипов Болат Орынбаевич
Слайд 2: ЖОСПАР:
1. Адам анатомиясы пәні, міндеттері 2. Анатомия салалары 3. Анатомияның зерттеу әдістері 4. Адам анатомиясы ғылымының қысқаша даму тарихы. 5. Жасуша, ұлпа, мүше, мүше жүйесінің және организм туралы жалпы түсінік.
Слайд 3: Адам анатомиясы :
Адам анатомиясы морфологияның, яғни жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі үлкен бір саласы. Адам анатомиясы адам денесінің сыртқы пішіні мен ішекі құрылысын зерттеумен бірге, олардың өзара байланысын және сыртқы ортамен қатынасын, біртұтастығын дәлелдейді, Тарихи даму қызметіне байланысты тексереді. Грек тілінен аударғанда анатомия- кескілеу. Адам анатомиясының міндеті - адам организмінің көзге көрінетін және көрінбейтін мүшелерінің даму заңдылықтарын ашумен бірге, мүшелердің қалыпты жағдайын патологиялық күйінен ажыратуға жәрдем ету.
Слайд 4: Анатомия салалары :
Анатомия ғылымы адам денесін жан-жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді : жүйелік, топографиялық, мүсіндік ( пластикалық ), сипаттамалы, функциональды, динамикалық және салыстырмалы анатомия.
Слайд 5
Адам анатомиясы зерттеу әдістері жалпы 2 салаға бөлінеді. Оның бөлшектеу салаларын аналитикалық, ал адам мүшелерін тұтастай тексеретін саласын эксперименталдық. Аналитикалық әдіс мәйітті кескілеу, инфекциялық, коррозиялық, мацерациялық фиксациялау, микроскопиялық әдістер жатады. Өлген адамды тексеретін саласын – морфологиялық, ал адам мүшелерін тірідей тексеретін саласын - функциональдық әдіс деп атайды. Ең негізгі ескі әдіс - кесу - осу әдісі. Құйып толтыру ( инфекциялық ) әдісі – ішіне құйғанда тез қатып қалатын бояулы заттарды пайдалану арқылы қан тамырларын, лимфа және қуыс мүшелерді зерттейді бұл әдіс кесу, бұзуде қосымша қолданылады. Бұзу (коррозия) әдісі - өте нәзік және күрделі құрылысты мүшелердің ( өкпе, бауыр ) құрылысын зерттейді. Өкпе-бауыр ішіне тез қататын сұйық заттар құйып, қатқан соң сыртындағы ұлпаларды бұзатын ерітінділермен өңдейді. Жидіту (мацерация)- шірітіп, өлікті жылы сумен шаю арқылы сүйек препаратын немесе тұтас қаңқа алуға мүмкіндік береді Фиксациялау ( бальзамдау ) әдісі - тұтас денені жеке органдарды бұзбай, ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылады.
Слайд 6: Анатомияның даму тарихы :
Атақты дәрігер, физиолог, философ Гиппократ ерекше 4 пікір атап өткен : 1) адам денесіндегі сұйықтық қан, шырыш, өт, қара өт деп 4 түрге бөлген - биохимиялық пікір 2) адамның денесіндегі әлгі 4 сұйықтықтың қайсысы басым болса, адамдардың 4 түрлі мінездері болады. 3) адам денесіндегі қан тамырлар жүйесі болатынын анықтаған. 4) өзіне дейінгі ғалымдардың еңбегін бір жүйеге келтірген.
Слайд 7: Анатомияға үлес қосқан ғалымдар :
Анатомияның дамуына үлес қосқан грек ғалымы Аристотель ( б.э.д. 384-323) нервті сіңірден ажыратып, жүректің қан айдайтын мүше екенін білді. Ол қан, бұлшықет, шеміршек, сүйек, май ұлпаларын ашты. Герофил ( б.э.д. 304ж), Эразистрат ( б.э.д. 300-250ж) өлген адамды сою арқылы мидың анатомиясын, құрылысын оған жалғасқан нервтерді анықтаған.
Слайд 8: Клетка, ұлпа, мүше
Клетка- тіршілік жүйесі бар, цитоплазма мен ядродан тұратын, белгілі пішіні бар тіршіліктің ең кіші бірлігі. Ұлпа - тарихи қалыптасқан бірыңғай клеткалардан және клеткааралық заттардың жиынтығынан тұратын морфологиялық, биохимиялық қызмет атқаратын дене бөлігі. Мүше - бірнеше ұлпалардың түзіліп белгілі бір қызмет атқаруға, эволюциялық дамуына бейімделген, белгілі пішіні, құрылысы бар дененің бір бөлігі.
Слайд 9: Мүшелер жүйесі, аппарат, организм
Мүшелер жүйесі - бірнеше бірыңғай мүшелерден түзіліп барлығының дамуы мен құрылыстары ұқсас болып, белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер тізбегі. Аппарат- 2-3 мүше жүйесінің дамуы мен құрылысы ұқсас болмаса да жалпы бір қызмет атқару. Организм- барлық мүшелер жүйесі мен аппараттардың жиынтығынан түзіліп, тіршілік қасиетін сыртқы ортамен байланысты атқаратын бір бүтін дене.