Первый слайд презентации: Тақырыбы: Ми мен жұлын құрылымын зерттеу
КМ 02 «Тірі торшаның құрылысы және жануарлар мүшесі жүйесінің топографиялық ерекшеліктері» № 53 дәріс 11.11. 2020 жыл Оқытушы: ветеринария ғылымдарының магистрі, Булат Кабланович Балабаев
Слайд 2
Ми (дұрыс айтылуы - мый) – латын тілінен encephalon деп аталады. С үтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты Орталық нерв жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары. Ми құрылысы және қызметі
Слайд 5
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Салмағы шамамен 1300-1400г. Ақ зат пен сұр заттан құралған.мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Мидың ішінде ми сұйықтығымен толтырылған куыстар болады. Оларды ми қарыншалары дейді,себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады. Мидың құрылысы
Слайд 6
Жұлының жоғарғы шетінің жалғасы. Төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Ұзындығы 2,5-3 см. Бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы орналасқан. Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын,ас қортуды реттейтін орталықтар бар. Егер сопақша ми зақымданса тыныс алу мен жүректің тоқтауынан жануар тез өліп кетеді. Сопақша ми
Слайд 7
Мишық пен ми копірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша ми аралығында орналасқан. Өткізгіш доғасы үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен жіне мишықтың қыртысымен жалғастырады. Бет терісінен, ауыз қуысынан, тілден, есту, тепе теңдікті сақтаудан келетін хабаларды қабылдайды. Артқы ми
Слайд 8
Сопақша ми мен көпірдің артқы жағына жатады. Сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады. Сол сұр заты астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Дене бұлщықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Мишық жарақатанса адамның қол аяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-тендігі, сөзі бұзылады. Мишық
Слайд 9
Артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір-бірімен жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді. Кенеттен шықан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Ортаңғы ми
Слайд 10
Ортаңғы мидың алдыңғы жағына жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан тұрады. Аралық мида да да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т.б. Рецепторлардан келетін қозу аралқ миарқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Зат алмасу, жүрек қан-тамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, уйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы,дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты. Аралық ми
Слайд 11
Үлкен ми сыңарлары сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі. Ми сыңарларының беті тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы болады. Әсіресе, терең жүлгелер ми сыңарларын жеке бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарларында іші ми сұйықтығына толы 2 қуыс ( ми қарыншалары ) болады. Ол сұйықтық ұсақ қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді, жүйке жасушаларын қорғайды.
Слайд 12: Жүйке жүйесінің эмбриогенезі
Омыртқалы жануарлар жүйке жасушалары негізінен орталық Жүйке жүйесіне біріккен жұлын мен мидан тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында Жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы - эктодермадан (алғашқы жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, ал одан әрі қауыса келіп түтікке айналады.
Слайд 13
Құрылысы: 5 бөлімі бар: мойындық, кеуде,бел, сегізкөз, құйымшақ Ұзындығы ерлерде 45,әйелдерде 41-43 см Салмағы 30 г Диаметрі 1 см 3 қабықпен қапталған Қатты қабық Торлықабық Жұмсақ қабық Жұлын Екі буылтығы бар:: мойындық, қолды нервтендіруге байланысты, және бел-сегізкөз, аяқты нервтендіруге қатысты.
Слайд 15: Жұлынның ішкі құрылысы
1 – ОРТАЛЫҚ ӨЗЕК; 2 – ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ НЕРВІ ТҮБІРШІГІ; 3 – ЖҰЛЫННЫҢ АЛДЫҢҒЫ НЕРВ ТҮБІРШІГІ; 4 – АРТЫ ТҮБІРШІК; 5 – ЖҰЛЫН НЕРВІ; 6 – СҰР ЗАТ 7 – АҚ ЗАТ; 8 – АЛДЫҢҒЫ ОРТАҢҒЫ ЖҮЛГЕ.
Слайд 16
Жұлынның қызметі Рефлекстік қызметі : жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі.
Слайд 17
Жұлынның нейрондық құрылымы Адам жұлыны құрамына 13,5 млн. жуық нейрондар енеді, 3% эфферентті нейрондар, 97% интернейрондар (ендірме) құрайды, ал сезімтал нейрондар денесі жұлыннан тыс жұлындық немесе интрамуралдық ганглийларда орналасады. Жұлын нейрондары топтары: Мотонейрондар немесе қозғалтқыш – алдыңғы түбір; Интернейрондар – жұлын ганглийлерінен ақпарат алатын артқы түбір; Симпатикалық және парасимпатикалық бүйір түбір; олардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбірлер арқылы шығады. Ассоциативті жасушалар – жұлынның меншікті нейрондары, сегменттер арасында байланыс қамтамасыз етеді.
Слайд 18: Жұлынның сегменті
Жұлын сегменті бұл –жұлыннан екі түбіршікпен шығатын (екі алдыңғы,екі артқы) нервтер 31 -33 СЕГМЕНТТІ АЖЫРАТАМЫЗ: 8 мойын; ( СІ-СҮІІІ), 12 кеуде; (ТІ-ТХІІ 5 бел; ( J І- J Ү 5 сегізкөз; S І- S Ү 1-3 құйымшақ. ( СоІ-СоІІІ .. Жұлынның әрбір сегментінен жұптасқан алдыңғы және артқы түбірлер шығады. Әрбір сегментіне дененің белгілі бір бөлігі сәйкес келеді, ол метамер деп аталады.
Слайд 19: Рефлекстік доға
Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен атап айтқанда: 1)қабылдаушы құрылым – рецептордан; 2) қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3) афференттік, аралық, эфференттік нейрондардан тұратын орталықтан; 4) қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5) жауап беруші құрылым – эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады.
Слайд 20
Рефлекстік қызметті жұлынның сұр заты атқарады. Жұлынның сезгіш нейрондарына афференттік жүйелер тері, ет сіңір ішкі ағзалар рецепторларынан (экстеро, проприо, интеро) серпіністер әкеледі. Сезгіш қозғалтқыш аралық нейрондар арқылы. Немесе бір-бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға құрады.Мысалыға дене тұлғасын түзету рефлексі мойын бұлшық етттері мен буын байламдары проприорецепторлары және тұлға терісі рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде атқарады. Алдымен басты қалыпты кейпіне келтіреді. Осыдан кейін дене бір бүйірінде жатқан күйінде мойын бұрылады. Соның нәтижесінде мойын еттерінің проприорецепторлары тітіркеніп, дене тұлғасын өзгертуге бағытталатын қимыл-әрекеттер басталады. Бұл тұлға түзеудің мойындық рефлексі деп атайды.
Слайд 22
Адам организмінде болатын барлық физиологиялық қимыл іс-әрекеттер ми мен жұлынға байланысты.Нақтылай кетсек,жұлындағы сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды атқарады. Жұлынның сезгіш нейрондарына афференттік жүйелер тері, ет сіңір ішкі ағзалар рецепторларынан (экстеро, проприо, интеро) серпіністер әкеледі. Сезгіш қозғалтқыш аралық нейрондар арқылы. Немесе бір-бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға құрады. Бұл рефлекстік доғалар арқылы түрлі органдардың қызметі мен олардың байланысын реттеле отырып, ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етуде, оны сыртқы орта жағдайларына бейімдеуде маңызы зор. Қорытынды