Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі — презентация
logo
Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі
  • Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі
  • Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі
  • Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі
  • Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі
  • Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі
  • Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі
  • Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі
  • Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі
  • Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі
  • Назарларыңызға рахмет!
1/10

Орындаған: Халиоллаева Саяжан ПҚ221

Изображение слайда

Слайд 2

XIX ғ-ң ІІ- жартысы – XX ғ-ң басында   Қазақстанның   әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды. П атша өкіметінін   кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады.  Отаршыл билік   қазақ халқының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде орын алған құбылыстар қазақ қоғамының санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Бұл өзгерістер ұлттық сана- сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялар мен көзқарастардың қалыптасуын анықтады.  Дәуірдің жаңалықтарын, еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдері, адамдардын шағын тобы меңгерді.

Изображение слайда

Слайд 3

Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының да, аграрлық қозғалыстың да, өлкедегі азаттық күресінің дамуында ХІХ – ХХ ғасырлар шебінде туындаған зиялылар айтарлықтай рөл атқарды. Құрамы, бағыты, қызметінің сипаты жағынан зиялылар әртүрлі болды. Зиялылардың үш тобын көрсетуге болады : отаршылдық-әкімшілік өкілдері : дәрігерлер, мұғалімдер, адвокаттар т.б., яғни үкіметті жақтған империялық позициядағылар. Олар дворяндардан, қоғамның төменгі топтарының әртекті ортасынан шыққандар еді ; социал- революционерлер, социал- демократтар, революцияшыл элементтер, саяси айдауда жүргендер ; олар еңбекшілердің бой көрсетулеріне белсене қатысты. 3) либерал- демократтар ( кадеттер, октябристер т.б.) және ХХ ғ. басында « Алаш » қозғалысының өкілдері болған либерал- демократиялық бағыттағы зиялылар.

Изображение слайда

Слайд 4

Қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселені әділ шешу жолындағы күресімен тығыз астасып кеткен ұлт-азаттық қозғалысындағы қазақ зиялыларының маңызын атап өту қажет. Қазақ зиялыларының   либерал- демократиялық   позицияны ұстанған « Алаш » қозғалысының өкілдері 1905 жылдың желтоқсанында Оралда 5 облыстың қазақ халқы депутаттарының съезін өткізіп, өз партиясын – Ресей конституциялық-демократиялық партиясының бөлімшесін құруға тырысты. Бөлімше 17 қазандағы патша манифесімен берілген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тырысты. 1906 ж. ақпанында Семейде қазақтардың 2-съезі болды, ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады, сонымен қатар оған өлкеге шаруалардың қоныс аударылуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, т.б. талаптар енгізді. Бұл саяси ағымды Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқай, М.Дулатов, Б.Қаратаев және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері басқарды. Олар дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы актілеріне қарсылық білдірді. Ұлттық мәдениетті дамытуды, сондай-ақ Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды жақтады.

Изображение слайда

Слайд 5

Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында   білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жоюдың қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. « Қазақ », « Қазақстан » газеттері, « Айқап », « Сарыарқа », «Абай» журналдарының беттерінде олар тек білім ғана өркениетке жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен әдебиетті дамыту мәселелері бөліп көрсетілді. ХХ ғ. басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық, жер мәселелері елеулі орын алды.

Изображение слайда

Слайд 6

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан Алашорда автономиялы үкіметінің   төрағасы

Изображение слайда

Слайд 7

Ахмет Байтұрсынұлы

Изображение слайда

Слайд 8

Міржақып Дулатұлы

Изображение слайда

Слайд 9

« Алаш » партиясының басшылары, сол жағында   Ахмет Байтұрсынұлы, ортасында   Әлихан Бөкейхан, оң жағында Міржақып Дулатұлы, 1917 жылғы сурет

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі: Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации