Первый слайд презентации: Әлемдік бағалы қағаздар нарығы
Орындаған: Кабиденова Жадыра Әлемдік экономика – 21 Қабылдаған: Медуханова Л.А.
Слайд 2: Әлемдік бағалы қағаздар нарығы
көбінесе алғашқы бағалы қағаздар ретінде түсіндіріледі, себебі бұл нарық әлем бойынша өте жақсы дамыған және оның дамуы үшін қор биржаларды құру қажеті жоқ (туынды нарық). Бұл нарық тәуелсіз болып табылады. Глобальды мағынада бағалы қағаздар нарығы евровалюталардың және басқа да ұлттық бағалы қағаздардың әлемдік эмиссиясын білдіреді. Әлемдік бағалы қағаздар нарығы
Слайд 3: Бағалы қағаздар нарығы
н олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Бағалы қағаздар нарығы
Слайд 4: Бағалы қағаздар нарығы
Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды. Бағалы қағаздар нарығы
Слайд 6: Бағалы қағаздар нарығының түрлері
Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады : халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы ; ұ лттық және аймақтық (аумақтық ) нарықтар ; нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т.б.); мемлекеттік және корпоративтік ( мемлекеттік емес ) бағалы қағаздар нарығы ; алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар нарығының түрлері
Слайд 7: Алғашқы бағалы қағаздар нарығы
мемлекеттік және муниципалды облигациялар эмиссиясынан, қаржылық және қаржылық емес акционерлік компаниялар шығарған акциялар мен облигациялардан құралады. Алғашқы нарықтың негізгі инвесторлары болып коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке тұлғалар келеді. Алғашқы бағалы қағаздар нарығы
Слайд 8: Туынды бағалы қағаздар нарығы
деп - эмитеттелген бағалы қағаздардың сату -сатып алуы жүретін орталықтандырылмаған немесе орталықтандырылған (қор биржалары) жүйелерін айтады. Орталықтандырылмаған бағалы қағаздар нарығының болуы олардың сауда стихиясын білдірмейді. Кішігірім акционерлік компаниялар шартты түрде өздеріне таныс кіші ортаға бағалы қағаздарын шығарады. Мұндай компаниялардың көбі коммерциялық банктердің брокерлік – диллерлік фирмаларына жүгінеді. Туынды бағалы қағаздар нарығы
Слайд 9: Бағалы қағаздар нарығының функциялары
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады : жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады : коммерциялық — осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы ; Бағалы қағаздар нарығының функциялары
Слайд 10: Бағалы қағаздар нарығының функциялары
мақсатты — нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б.қамтамасыз етеді. ақпараттық — яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді ; реттеуші — ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді. Бағалы қағаздар нарығының функциялары
Слайд 11: Бағалы қағаздар нарығының функциялары
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады : қайта бөліну ; баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция немесе хеджирлеу ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады. Бағалы қағаздар нарығының функциялары
Слайд 12: Бағалы қағаздар нарығының функциялары
Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді: нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу; ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз ормадан өнімді формаға ауыстыру ; инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру. Бағалы қағаздар нарығының функциялары
Слайд 13: Акциялар. Облигациялар
Әлемдік бағалы қағаздар нарығы қазіргі таңда әлемдік акциялар мен облигациялар саудасы арқылы көрініс тапқан. Әлемдік облигация нарығын екі сектор қосындысы ретінде түсіндіруге болады: шетелдік облигациялар нарығы және халықаралық облигациялар нарығы немесе оларды еурооблигациялар деп атайды. Акциялар. Облигациялар.
Слайд 14: Шетелдік облигациялар нарығы
дегеніміз ұлттық облигациялық нарықта банктік консорциумдар арқылы шетелдік қарызгерлердің бағалы қағаздарды шығаруы. Шетелдік облигациялар нарығы 20 ғасырдың алғашқы екі онжылдығында дамуының шарықтауына жетті, одан кейін оның рөлі әлемдік нарықта бірден құлады, бірақ 60 жылдары қайта өсе бастады. Шетелдік облигациялар нарығы
Слайд 15: Еурооблигациялар
дегеніміз – эмиментке қатысты шетелдік валютада шығарылған облигация болып табылады. Облигациялар халықаралық андеррайтерлер синдикаты көмегімен шетелдік инвесторлар ортасына шығады. Инвесторлар үшін де валюта шетелдік болып келеді. Қаржыгерлер арасында еурооблигацияларды еуробонд деп атайды. Еурооблигациялар
Слайд 16: Еурооблигациялар
ұзақ мерзімді қарыздық міндеттеме болып табылады. Олар 1 жылдан 40 жылға дейінгі аралықта шығарылады. Еурооблигациялар белгілі бір мерзімде пайыз алуға құқық беретін купондарға ие. Облигациялармен сауда ең жақсы дамыған елдер арасына АҚШ, Германия, Швейцария, Жапония кіреді. Еурооблигациялар
Слайд 17: Акция
— акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады Акция
Слайд 18: Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері ( қатысушылары)
Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылар) инвесторлар, бағалы қағаздар рыногінің к ә сіпқой қатысушылары, өзін-өзі реттейтін ұ йымдар болып табылады. Инвесторлар - өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды т ұ лғалар; инвесторлар қ ұ рамында бағалы қағаздар қоржының қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға - инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі. Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері ( қатысушылары)
Слайд 19: Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)
Эмитенттер - қолданылып жүрген заңдарға с ә йкес бағалы қағаздар рыногінде к ә сіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды т ұ лғалар. Бағалы қағаздар рыногі к ә сіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұ йымы - бағалы қағаздар рыногінің к ә сіпқой қатысушылары қ ұ рған, олардың кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногі инфрақұрылымнын неғ ұ рлым тиімді ж ұ мысы үшін жағдайлар жасау мақсатымен, олардың ерікті қатысуы негізінде ә рекет ететін ұ йым. Бағалы қағаздар рыногінің к ә сіпқой өкілдеріне брокерлер, диллерлер, кастодиан, депозитариилер, андеррайтерлер және басқалар жатады. Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)
Слайд 20: Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)
Брокер - сыйақы үшін шарт жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен, жасалатын м ә мілелерді жүзіге асыруші делдал. Өз клиенттерін бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты үстаушы ретінде болу мүмкін. Диллер - бағалы қағаздарды кейін қайта сату немесе олармен өзге м ә мілелер жасау нәтижесінде пайда табу мақсатымен өз атынан ж ә не өз есебінен бағалы қағаздармен м ә мілелер жасайтын к ә сіпқой қатысушы. Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)
Слайд 21: Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)
Костодиан - клиенттерін сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшасын сақтау ж ә не есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын к ә сіпқой қатысушы болып табылады. Ол клиенттердің бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелердің орындалуын бақылау ж ә не осы мәмілелер жөніндегі төлем агенті міндеттемелерін орындау, бағалы қағаздардың нақтылы үстаушысы ретінде қызметі ж ә не басқа қызметтер көрсету міндеттірін жүзеге асырады. Бағалы қағаздар дипозитарийі - бағалы қағаздар мен жасалатын м ә мілелерді есепке алу ж ә не оларды орындау, сондай-ақ бағалы қағаздарды биматериаландыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым. Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)
Слайд 22: Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)
Андеррайтер - бағалы қағаздар рыногінде брокерлік және диллерлік қызметке лицензиясы бар ж ә не эмитенттің бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелеріне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге ә зірлік жүргізеді ж ә не қ ұ нды қағаздар рыногінде оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)
Слайд 23: Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
В. Голосов. Международный рынок ценных бумаг // Российский Экономичесчкий Журнал № 6 http://ru.wikipedia.org/wiki http://exsolver.narod.ru Пайдаланған әдебиеттер тізімі: