Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы — презентация
logo
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы
  • Кәсіпкерліктін дамуы
  • Кәсіпкерлік дегеніміз?
  • Міндеттері :
  • Экономиканың   бұл секторына мемлекеттің мүдделі болуында экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттар бар. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды
  • ,
  • ,
  • ,
  • ,
  • ,
  • ,
1/11

Абдығұл.Ж 221ққ

Изображение слайда

Өндірістің дамуымен қатар, адамзат белгілі бір экономикалық мәселелерге Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырдан басталады. Сол уақыттың өзінде-ақ Кәсіпкерліктің даму тарихы бір уақытта айырбас, қоғамдық еңбек Кәсіпкерлік (бизнес) адамдар, дәлірек айтқанда іске қатысушылар арасындағы Бизнес шаруашылық іс-әрекетті білдіреді, іс-әрекет нәтижесінде материалды игілік Біз бизнесті материалды игілік өндіру және белгілі бір Нарықтық жүйенің негізгі ерекшеліктерінің бірі кәсіпкерлік болып табылады.

Изображение слайда

Изображение слайда

Слайд 4: Міндеттері :

—       шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу ; —      оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру ; —      шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу ; —      Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау ; —      шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу ; —      қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету ; —      шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.

Изображение слайда

Слайд 5: Экономиканың   бұл секторына мемлекеттің мүдделі болуында экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттар бар. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды

- ел  экономикасының   құрамдас   бөлігі болып, экономиканың дамуы мен тиімділігі деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді, мұның өзінде орталықсыздандырылған қаржы көздерін пайдаланады ; - бюджетке салық   төлеуші болып саналады, мұның өзінде экономиканың басқа секторынан өзгешелігі – оның салық төлеу мүмкіндігі оңтайлылық деңгейге жеткен жоқ ; - орташа және ірі бизнестер үшін қай жерде кадрлар мен капитал жинақталса, экономиканың сол секторы болып шығады ; - қай   жерде мемлекет әрекеті немесе ірі және орташа бизнес тиімсіз болса, нарықтың сол секторындағы тауарға, жұмысқа және қызметке деген сұранымдарды қанағаттандырады ; - қай   жерде бәсекелі орта тұрақты сақталса және негізгі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың бәсекелі бөлшек сауда бағасының деңгейі қалыптасса, экономиканың сол секторы болып саналады ; - еңбектің   қоғамдық   бөлінуін   тереңдетеді   және   болымсыз шығынмен нарықтық инфрақұрылымды жасауға мүмкіндік туғызады. Шағын кәсіпкерліктің саяси мүддесі мынаған саяды : - болашақтағы   саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі ретінде, орташа топты қалыптастыратын көздердің бірі болып саналады ; - көрсеткен   қолдауынан   бүгінгі   күні   бір нәтижеге жетіп, оны болашақта ұлғайтуға үміттенетін әлеуметтік топ секілді, нарықтық экономикаға қолдауды қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі   мынаған   саяды : - еңбекке   жарамды халықтың айтарлықтай бөлігін жұмысқа тартады және олардың экономикалық дағдарыс жағдайында тіршілік етуіне қол ұшын береді ; - халықтың   ең   белсенді бөлігінің ділін өзгертіп, олардың өз бизнестерін жасайды және олардың табысқа жетулеріне мүмкіндік туғызады.

Изображение слайда

Слайд 6: ,

Қазақстанның кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарының қалыптасуы ХХ ғасырдың 80 жылдарындағы кеңес заманында-ақ, кооперациялық қозғалыстың және сыртқы экономикалық қызметтің пайда болуына жеткізген «қайта құру» деп аталатын кезеңде басталған. КСРО-ның 1986 жылы қарашаның 19-ында қабылданған  «Жеке еңбек қызметі туралы» заңы және 1988 ж. мамырдың 26-сында қабылданған «КСРО-дағы кооперация туралы»  Заңы шаруашылық  қызметтің субъектілері ретіндегі азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке еңбек қызметін іске асырудың құқықтық негіздерін айқындап берді. КСРО Министрлер Кеңесінің 1988 жылы желтоқсанның 2-індегі № 1405-ші «Мемлекеттік, кооперациялық және басқадай қоғамдық кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың  сыртқы экономикалық қызметін ары қарай дамыту туралы» Қаулысы ең маңызды міндет ретінде кәсіпорындардың, бірлестіктердің, өндірістік кооперативтердің және басқадай ұйымдардың валюталық өзін-өзі ақтау, социалистік іскерлікті дамыту ұстанымдарында сыртқы экономикалық қызметтің әртүрлі нысандарына белсенді қатынасуы үшін қажетті шарттар құру міндетін белгіледі.

Изображение слайда

Слайд 7: ,

Шаруашылық қызметің қалыптасқан қауырт дамыған жағдайында Қазақ КСР-інің 1990 жылғы желтоқсанның 11-інде «Қазақ КСР-інде шарушылық қызметті және кәсіпкерлікті дамыту еркіндігі туралы» Заңының қабылдануы алдын ала шешіліп қойды. Аталған заң алғаш рет кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі ұстанымын жариялады және Қазақ КСР-і азаматтарының кәсіпкерлік қызметіне азаматтығы жоқ тұлғалардың, ҚР заңды тұлғаларының, шетелдік жеке және заңды тұлғалардың араласуына рұқсат берді. Қазақ КСР-нің 1990 жылғы желтоқсанның 7-індегі «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңы Республикада ашық тұрпатты экономиканы қалыптастыруға бағытталды және ол елді тезірек әлемдік практикада жалпы қабылданған шаруашылық жүргізу ұстанымдарына көшіруге септігін тигізуге тиіс болды.

Изображение слайда

Слайд 8: ,

Кәсіпкерлік заңдар дамуының бірінші кезеңі осы уақыттарда кәсіпкерлік субъектілері қызметінің құқықтық негізі қаланғанымен сипатталды. Оған сол кезде қабылданған : 1991 жылғы маусымның 11-індегі  ҚР-ның   « ҚР-дағы бағалы қағаздар айналысы және қор биржалары туралы » заңы ; 1991 жылғы маусымның 21-індегі « Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы » ҚР Заңы ; 1991 жылғы желтоқсанның 23-індегі « ҚР-дағы концессиялар туралы » Қр Заңы ; 1991 жылғы желтоқсанның 25-індегі « ҚР-дағы салық жүйесі туралы » ҚР Заңы және т.б. сияқты заң актілері дәлел бола алады. Бұл кезеңде кәсіпкерлік қызметтің өркендеуі үшін 1992 жылғы. шілденің 4-інде шыққан, жеке кәсіпкерліктің негізгі нысандарын және оны қорғау, қолдау тәсілдерін айқындаған, сонымен бірге жеке кәсіпкерлікке мемлекеттің тікелей араласудан бас тарту саясатын, жеке   кәсіпкерліктің барынша бостандығын, коммерциялық құпияны сақтауды және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жеке кәсіпкерлердің құқыларын бұзуға жауапты болуын бекіткен ҚР-ның « Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы » Заңы аса маңызды құжат болды. Кәсіпкерлік заңдардың дамуындағы екінші кезеңнің басталуына ҚР-ның 1997 жылғы маусымның 19-ындағы №131-І «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және 1997 жылғы маусымның 1-індегі №135-І «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарының қолданысқа енгізілуі себепші болды. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заң шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың төмендегідей: ҚР-да шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдық ұстанымы; шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау кешенділігі үстанымы; шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін іске асырылатын шаралардың қолжетерлік болуы ұстанымы; шағын кәсіпкерлікті қолдау және өркендету саласында халықаралық ынтымақтастық ұстанымын бекітті.

Изображение слайда

Слайд 9: ,

Бастауын 2006 жылғы қаңтардың 31-індегі ҚР-ның кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормаларды жүйелеген және оларды біртұтас заң актісіне біріктірген  «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының қолданысқа енген мерзімінен алады. Кәсіпкерлік құқық қатынастарын реттейтін саны көп актілердің орнына ҚР-да кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жалпыға ортақ бастауын белгілеген бір ғана заң актісі қабылданды Қазіргі кезде Кәсіпкерлік салада да реформалар жүріп жатыр. Үстіміздегі жылы, 2013 жылы   ҚР Парламентіндегі бесінші шақырылымның үшінші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа ғаламдық дағдарыстың болу ықтималдығына қатысты еліміздің барлық ішкі мүмкіндігі мен даму көздерін іске қосу, бизнестің сенімділігін арттыратын   құқықтық   ортаны қалыптастырудың   маңыздылығына   байланысты Үкіметке Кәсіпкерлік кодексінің жобасын әзірлеуге тапсырма берді және ол жақын арада аяқталмақ. Елбасымыз Кәсіпкерлік кодекс Қазақстан бизнесінің конституциясы болуға тиіс екенін баса айтты. «Кәсіпкерлік туралы» Кодекс қабылданған соң жүздеген заң актілерінің күші жойылады. Өйткені ол заң актілері Кодекске енгізіледі « Кәсіпкерлік - ел экономикасының негізі » деген Елбасымыз. Сондықтан, барлығымыз да еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына өз ықпалымызды тигізуіміз керек, сол арқылы ел экономикасының дамуына, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына, жұмысссыздықтың азаюына өз үлесімізді қосар едік.

Изображение слайда

Слайд 10: ,

«1994-1996 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының » негізгі мақсаты жеке кәсіпкерліктің инфраструктурасын дамытуға, экономиканың күшті жеке секторын қалыптастыруға қажетті тиімді құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдық жағдайларды құру болып табылады 1995 – 1996 жылдардағығы шағын кәсіпорындар санының түбегейлі баяулауына бұрынғы КСРО заңдары бойынша құрылған шағын кәсіпорындардың кайта тіркеуінің тоқтатылуы әсер еткен болатын. Кайта тіркеу барысында жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар жаңа ұйымдық формаларға көшіп отырды, ал жұмысын тоқтатқандар – жай жойылып отырды 1998 жылдың желтоқсанында үшінші «1999-2000 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы » қабылданылды, негізгі мақсаттары шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың негізгі салаларында шағын кәсіпкерліктің үлес салмағын өсіру, нақты бәсекелестік ортаны құру болып табылады 1999 жылы шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 203 пайызға тез өсуіне алып келді «2001-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасыда » өзінің өзгерістерін алып келді,2002 жылдың мамырында мемлекеттік тіркеу жүйесін реформалау шараларының жоспары енгізілді және кәсіпкерлік іс-әрекеттердің түрлерінің тиімділігін қарастыратын кәсіпкерлік әрекеттерді лицензиялау жүзеге асты

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы: ,

«2003-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын » қабылдаудың механизмі және негізгі бағыттары шағын және орта бизнес үшін салық салу жүйесін жетілдіру, инвестициялық қолдаудың және қаржылық-несиелік жүйелерді дамыту, инфраструктураны дамытуды одан ары қарай жалғастыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық базасын жүйелеу және жүйелендіру болып табылады 2005 жылдың 12 мамырында өкіметтің №450 жарлығына сәйкес 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті жедел дамытуына бағдарлама бекітілді, оның негізгі мақсаттары және міндеттері институционалдық шарттарды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсеке қабілеттілігін көтеруге бағытталынған, шағын және орта бизнестің субъектілерінің іс-әрекеттерінің аясын максималды кеңейтуге және олардың әрекеттерін жетілдіруге бағытталынған болып табылады. Бұл 2005 жылы шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 138 пайызды құрады

Изображение слайда

Похожие презентации