әлеуметтік әлемдегі өзгерістер мен оларды түсіну әлеуметтанулық пікірталастар — презентация
logo
әлеуметтік әлемдегі өзгерістер мен оларды түсіну әлеуметтанулық пікірталастар
  • әлеуметтік әлемдегі өзгерістер мен оларды түсіну әлеуметтанулық пікірталастар
  • . Әлеуметтік өзгерістер
  • өзгерістер
  • .
  • Конфликт -
  • Конфликтінің басталуына қажетті компоненттер :
  • Назарларыңызға рахмет.
1/7

орындаған : Серикбай асылзада Топ :102 СТоматология Тексерген : Калменова Б.т

Изображение слайда

. Әлеуметтік өзгерістер. Қоғам – барлық уақыттарда елеулі өзгерістерге ұшырап, белгілі бір бағытта дамып отырадын, ұдайы ішкі және сырқы күштердің әсерінен болатын әлеуметтік организм. Әлеуметтік өзгерістер дегеніміз қоғамның белгілі бір күйден екінші күйге ауысуы. Ол әлеуметтік институттар, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік қауымдар сияқты қоғамның жекеленген салаларын қамтуы мүмкін. Өзгеріс типтері әртүрлі және олар қоғамның қандай қырлары өзгеріп жатқандығына қарай ажыратылады. Себебі әлеуметтік жүйенің өзі бірқалыпты емес, ол көптеген құрамдас бөліктердің жинақталған жалпы нәтижелерінен тұрады.

Изображение слайда

Слайд 3: өзгерістер

Кейде өзгерістер оқшау сипатта болып, жүйенің басқа буындарына елеулі ықпал етпейді. Жүйе белгілі бір бөлігінде өтіп жатқан процестерге қарамастан, ауқымды өзгерістерге ұшырамай, тұтастығын сақтап қалады. Ал басқа жағдайларда өзгеріс жүйенің құрамдас бөліктерінің барлығын қамтып, оны түбірінен қайта құрады. Бұған ілеуметтік төңкеріс мысал бола алады. Радикалдық трансформацияның бұл типін жүйенің тұтас өзгеруі десе де болады. Социология ғылымында әлеуметтік өзгерістер эволюциялық және революциялық, прогресшіл және регресшіл, имитациялық және инновациялық түрлерге бөлінеді. Эволюциялық әлеуметтік өзгерістер – бұл біртіндеп жүзеге асатын бірқалыпты сандық өзгерістер. Әдетте мұндай өзгерістер өзінің даму процесінде төрт кезеңнен өтеді : мазасыздық кезеңі, көтерілу кезеңі, пішімдеу кезеңі және институттану кезеңі. Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар : ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой- пікірлер, наным-сенімдер, халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апаттар, тарихи оқиғалар т.б.

Изображение слайда

Слайд 4

Әлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше әлеуметтік мәселелерді басынан кешіреді. Жаңалықтар әр уақытта онай жолмен қалыптаспайды және оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы әлеуметтік қарсы тұру пайда болып тұрады. Өзгерістерге қолдаушылар мен оған қарсы шығушылар арасында қақтығыстар болуыда ықтимал. Әр өзгерістің өзінше шығыны болады. Болымды нәтижелермен қатар болымсыз нәтижелерде орын алып тұрады. Мысалы, автомобильдің пайда болуы қоғамда жылдам өзгеріске жол ашқаны белгілі : тасымалдау, сауда, өнеркәсіп т.б. сияқты бірнеше салада болымды нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ, сонымен қатар, жол апаттары, экологияның нашарлауы т.б. сияқты болымсыз нәтижелер осы әлеуметтік өзгерістің жемісі.

Изображение слайда

Слайд 5: Конфликт -

Конфликтология қоғамдық өмірдің әр сферасында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерттеп, алдын -ала ескерту мен шешу жолдарын қарастыратын, қажетті деңгейде дамыған, көпсалалы дисциплинасымен ерекшеленетін ғылым саласы. Оның зерттеу объектісі - конфликт барлық формасында, ал зерттеу пәні - кез-келген әлеуметтік конфликтінің пайда болуы, дамуы мен аяқталуы туралы ой толғау. Конфликт - күрделі және көпсалалы әлеуметтік феномен болып табылады. Мұнда бірнеше тараптан бір немесе бірнеше ортақ қызығушылықтармен біріккен қатысушылар болады : индивидтер, әлеуметтік топтар, ұлттық-этникалық топтар, мемлекеттер, мемлекеттер тобы. Конфликттер әр түрлі себептерге және мотивтерге байланысты болады, мысалы : психологиялық, экономикалық, саяси, құндылықты, діни және тағы да басқа. Онымен қоса әрбір тұлға іштей қарама-қайшылықтар мен стресстерге жақын келетінін де ескеруіміз керек. Мысалы, бірнәрсені бар ынтаңмен қалай тұра, олай жасауға болмайтын жағдайлар кімде болмайды ? немесе жаңадан бастап өз ісіңмен айналысқың келеді, бірақ, барыңнан айрылып қалмаймын ба? немесе қолымнан келмей қалмайды ма ? деген қорқыныш кімде болмайды ? Маңыздылығы бойынша екі бірдей құндылықтың біреуін таңдау керек болады т.б.

Изображение слайда

1. Конфликтінің обьектісі әсер еткен конфликтілі жүйедегі болуы мүмкін шиеленісті жағдай ; 2. конфликтінің обьектісі ; 3. болуы мүмкін шиеленісті жағдайдың шынайы шиеленіске айналуы ; 4. осының негізінде конфликтілі жағдайдын пайда болуы ; 5. қатысушы әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қарама-қайшылығын түсініп, конфликтінің субъектісін туындатуы ; 6. шынайы конфликтілі әрекеттің басталуына әсер етуші жанжалдың туындауы ; 7. конфликтілі әрекет. Адамдардың көзқарастары мен кейбір оқиғаларды қабылдаудағы және бағалаудағы айырмашылықтары даулы жағдайдың туындауына әкеліп соқтырады. Егер сол кездегі жағдай ең болмаса қатысушы бір жақтың көздеген мақсатына жетуге кедергі келтіретін болса, конфликтілі жағдай туындайды. Кез-келген конфликтінің басталуына конфликтілі жағдай алғышарт болады, бірақ, барлық конфликтілі жағдай конфликтіге айнала бермейді.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: әлеуметтік әлемдегі өзгерістер мен оларды түсіну әлеуметтанулық пікірталастар: Назарларыңызға рахмет

Изображение слайда

Похожие презентации