Первый слайд презентации: Антивирустық бағдарламалар
Слайд 2: Компьютерлік Вирустар
Компьютерлік вирустар дегеніміз-өзінен өзі көбейіп, компьютерлік жүйедегі және желідегі әртүрлі объектілерге залалын тигізуге бейім программалар. Ол өзінен өзі басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды " бүлдіруге " кіріседі, осындай-ақ компьютерде келеңсіз тағы да басқа әрекеттерді істеуі мүмкін.Ішінен осындай вирус табылған программа"ауру жұққан " немесе " бүлінген " деп аталады.Вирус іске қосылған жұмыс істеуге тиіс басқа программаларға да кері әсер етіп, оларға да және де жалпы басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды.
Слайд 3
Компьютерлік вирустардың ерекше өзгешеліктері кіші көлем өздігінен жіберу вирусты көп рет көшіру компьютер дұрыс жасауына тосқауыл қою
Слайд 4
Вирустар зақым келтіру масштабына қарай мынадай түрлерге бөлінеді : Зиянсыз – компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді, бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы бос орындарды кемейтуі мүмкін. Қауіпсіз – диск жадын графикалық, дауыстық, ішкі эффекттер арқылы азайтады. Қауіпті – компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді. Аса қауіпті – бағдарламалар, ақпараттар жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттар жоқ болуына алып келеді.
Файлдық вирустар Программалық вирустар Жүктелетін вирустар Макровирустар Желілік вирустар
Слайд 6: Файлдық вирустар
Файлдық вирустар – . com,.exe,.sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді
Слайд 7: Программалық вирустар
Программалық вирустар – басқа қолданбалы программаның ішіне мақсатты түрде ендірілетін программалық кодтардың блогы вирус бар программа жұмыс атқарғанда ондағы вирустық код іске қосылады. Бұл код қатты дискіде және басқа программаның файлдық жүйесінде пайдаланушыға көрінбейтін өзгерістер жасайды. Мысалы, вирустық код басқа программалар денесінде өзін - өзі қайталайды. Бұл процесті көбейу деп атайды. Белгілі бір уақыт өткенне соң көшірмелердің белгілі бір санын құрған соң, программалық вирусты бүлдіру әрекетіне көшеді : - программамен ОЖ – ның жұмысын бұзады, қатты дискідегі ақпаратты жояды. Бұл процесті вирустік шабуыл деп атайды.
Слайд 8: Жүктелетін вирустар
Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші программалық кодына емес, вирус кодына береді.
Слайд 9: Макровирустар
Макровирустар – Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан ( макростардан ) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді. Word, Excel құжаттарды ашқанда, онда макрос бар екендігі туралы хабар келеді. Егер макростардың жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз, макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен де мақрұм боласыз.
Слайд 10: Желілік вирустар
Желілік вирустар – компьютердегі желі арқылы таралады. Пошта жәшігіңіздегі хабарламаны ашқанда кірген файлдарға мән берген жөн !
Слайд 11: Антивирус
"Антивирус"- бұл екі латын сөзінен құралған халықаралық термин Anti - қарсы,virus -вирус) " вирусқа қарсы " дегенді білдіреді. Антивирус аты айтып тұрғандай компьютерге енген қауіпті нұсқауларды яғни вирустардан, қауіпті тудырғыш бағдарламалардан қорғап, операциялық жүйе мен файлдардың ластануынан және қайсібір кедергісі көп кодтардан қорғайды. Ол вирустардың таралуы мен көбеюін болдырма у ға арналған программа.
Слайд 12
Antivirusтың негізгі міндеттері : қандайда бір зиянын тигізуі мүмкін программаларды жүйеге енгізбеу ; компьютерге сырттан қосылатын құрылғылар (флэш карта,ұялы телефон,қатты диск) арқылы еніп кетуі мүмкін программа- вирустарды анықтап, жою ; вирус зақымдаған файл- программаны қажетті файлдарға зиян келмейтіндей етіп залалсыздандыру ; вирус-программа әлдебір себептермен жойылмаған жағдайда оның мүмкіншіліктерін барынша шектеу.
Слайд 13: Вирустарға қ арсы қолданылатын негізгі технологиялар
Scanning ( шолу ) Signature ( қолтаңба ) Monitoring : ( қадағалау ) Checksum ( бақылау суммасы ) Sonar : эвристикалық ( Evrica -" таптым ")
Слайд 14
Scanning ( шолу -лат.) технологиясы : толық жүйені, почта файлдарын, сырттан алынған файлдарды, таңдалған жекелеген файлдарды арнаулы шолу жасау арқылы " зиянкес " файлды немесе процессті анықтау және тиісті шара қолдану ; Scanning ( шолу )
Слайд 15: Signature ( қолтаңба )
Signature ( қолтаңба -лат.) анализі : әрбір файлдан вирустар " қолтаңбаларын "( сигнатураларын, яғни программалық кодтарын ) іздеу. Antivirusтың мәлімет базасында барлық белгілі вирустардың программалық кодтары жайлы ақпарат (сигнатура) сақталып және жаңартылып отырады. Анализ кезінде осындай сигнатура әлдебір файлдан табыла қалған жағдайда дереу тиісті шара қолданылады. Біршама артықшылықтарымен қатар кемшіліктерініңде барлығына қарамастан осы заманғы барлық Antivirus программалары қолданатын негізгі технология осы.
Слайд 16: Monitoring : ( қадағалау )
Monitoring : ( қадағалау -лат.) жүйелік процесстердегі, мәліметтер ағымындағы, интернет трафигіндегі, почтадағы т.б. пайдаланушы құқықтарын қадағалау технологиясы ;
Слайд 17: Checksum ( бақылау суммасы )
Checksum ( бақылау суммасы -лат.) анализі : файл құрылымындағы " санкцияланбаған " өзгерістерді анықтайды. Арнаулы алгоритм әрбір кезекті тексеріс кезінде файлдан оқылған " бақылау суммасын " сол файлдан алғашқы рет оқылып алынған " бақылау суммасымен " салыстырады. " Бақылау суммалары " алғашқысы мен кейінгілері бірдей болған жағдайда файлдың " денсаулығы жақсы " болғаны.
Слайд 18: Sonar : эвристикалық ( Evrica -" таптым ")
Sonar : эвристикалық ( Evrica -" таптым "- грек,лат.) анализ әдісіне негізделген. " Күдікті ", " сезікті ", " бөтен " процесстер мен файлдарды тоқтатып, " құжаттарын тексеру " арқылы " файлдар қоғамындағы болашақ тәртіп бұзушылықтың " алдын алуды көздейтін технология. Реалды уақытта жұмыс істейтін Sonar вирустардың жаңа модификацияларын ( мысалы сигнатурасы әзірге белгісіз ) анықтайтын теңдесі жоқ құрал болып табылады.
Слайд 19: Антивирустын мүмкіндіктері
Жіберілген файлдардағы вирустарды анықтайды Архивтелінген файлдарды тексереді Антивирустық бағдарлама вирустардың жаңа базасына қарсы жаңартылып отырылады Реалды уақытта ашылған файлдармен орындалған операцияларды тексерип отырады Букіл жүйені тексерістен өткізеді ( сканирование )
Слайд 20
Аталған технологиялар қазіргі заманғы Antivirus программаларының барлығында дерлік жүзеге асырылған. Дегенмен белгілі бір Antivirusты таңдап алып " осыменен мәселе шешілді " деп есептеу үлкен қателік болар еді.
Слайд 21
Қазіргі вирустардың әрекет тактикасы " заман талабына сай " қатты өзгерген. Antivirusты " айналып өту ", " ағытып " тастау, немесе мүлде істен шығару кейбір вирустар үшін соншалықты қиын шаруа емес. Ең қауіптісі - жүйелік драйвер деңгейінде жұмыс жасай алатын вирустар. Бұл деңгейдегі ( жүйелік драйверлер деңгейі ) кейбір процесстерге Antivirus программаларының араласуына Операциялық Жүйе тарапынан тиым салынатынын ескеріңіз. Басқаша айтсақ бұл түрдегі вирустар Antivirus программаларының назарларынан тыс қалады, " көздеріне түспейді ", яғни "не істеседе өз еріктерінде "...
Последний слайд презентации: Антивирустық бағдарламалар: Антивирустардың т ізімі
Aladdin Knowledge Systems eSafe Command AntiVirus Computer Associates InoculatelT Doctor Web Eset NOD 32 F-Secure Anti-Virus Kaspersky Antivirus Network Associates McAfee VirusScan Norman Virus Control Panda Antivirus Platinum Symantec Norton AntiVirus Антивирустардың т ізімі