Первый слайд презентации: Бөлім тақырыбы: Ежелгі Грекия Сабақ тақырыбы: Грекиялық қала мемлекеттер
Дүниежүзі тарихы 5-сынып
Слайд 2
Оқу мақсаты: 5.3.1.1 – ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау; 5.3.1.2 – Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру; 5.1.2.1 – ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау Бағалау критерийлері: демократияның пайда болуын түсіндіреді; Ежелгі Грекияның қоғамдық құрылысына сипаттама береді.
Слайд 3: Тірек сөздер
Полис – Ежелгі Грекиядағы өз алдына дербес шағын қала-мемлекеттер. Демократия – мемлекетті халық (демос) басқаратын биліктің түрі. Азамат – ата-анасының екеуі де афинылықтар болып саналатын Афины тұрғындары. Халық жиналысы – Б.з.д. V–IV ғғ. Афиныда жоғарғы өкімет билігі. Ареопаг – Афиныдағы биліктің ежелгі органы.
Слайд 4: Б.з.б. VIII–VI ғасырлардағы өзгерісте р
Б.з.б. VIII–VI ғасырларда Грекияда үлкен өзгерістер орын алды. Ру-тайпалық қатынастар ыдырады. Оның орнына жекеменшікке негізделген жүйе қалыптаса бастады. Ауыл шаруашылығында жүзім мен зәйтүн, жеміс ағаштары мен көкөніс өсіру дамыды. Ал оларды өсіру үшін күтім және қаржы қажет болды. Бұл ұсақ және орташа шаруалар үшін тиімсіз еді. Олар жерін сатуға мәжбүр болды. Соның барысында шаруашылыққа қолайлы жерлер біртіндеп ақсүйектердің қолына жинала берді. Мұның барлығы мүліктік және әлеуметтік жіктелісті тереңдетті. Шағын топ ірі жер иелеріне, ал көпшілік шаруалар жерсіз кедейлерге айналды.
Слайд 5: Қолөнер
Қолөнер өндірісінде де маңызды өзгерістер орын алды. Олар енді қалаларда шоғырлана түсті. Темірден құрал-саймандар, қару-жарақ жасау ісі жақсы жетілдірілді. Шаруалар қажетті қолөнер бұйымдарын қалалардағы шеберлерден сатып алатын болды. Гректер үшін әсіресе астық жетіспеді. Дамып келе жатқан қолөнер өндірісіне темір мен мыс, қола қажет еді. Қалалардағы құрылыс үшін ағаш жетіспеді. Ал бұларды тек теңіз арқылы ғана жеткізу мүмкін болатын. Сондықтан да сауда мен кеме жасау ісі дамыды. Грекияда ежелгі Шығыстағыдай кең ауқымды ірі егін шаруашылығы қалыптаспады. Гректерде бір орталыққа бағынған ірі мемлекет болмады.
Слайд 6: Қала-мемлекеттер
Қалалар мен олардың айналасындағы елді мекендер ғана бірігіп, жеке мемлекет ретінде өмір сүрді. Мұндай қала-мемлекеттерді полистер деп атады. Аристотель полис туралы былай дейді: «Қала барлық жаққа көмек жібере алатындай орталықта орналасуы қажет. Қалаға егін шаруашылығы өнімдері, ағаш материалдар және басқа қажетті жабдықтар оңай жеткізілетіндей болуы керек. Қала мен полистің бүкіл аумағының теңізбен байланысы мемлекеттің қауіпсіздігі тұрғысынан да үлкен артықшылық болып табылады». Біріншісі – аграрлық полистер. Оларда қолөнер мен сауда нашар дамыды. Полисті шағын ғана байлар тобы басқарды. Оның айқын мысалы – Спарта. Екінші түрі – қолөнер мен сауда, ақша-тауар қатынасы басым полистер. Бұларда құл еңбегі кең пайдаланылды. Қоғамдық өмірде азаматтар белсенділік танытты. Басқару жүйесі демократиялық еді. Мұның айқын мысалы – Афины полисі.
Слайд 8
Е желгі гректердің биік төбе басына салынатын бекінісі. Акрополь — өзге үйлерден шоқтығы биік, қабырғасы қалың, қала халқының жаулардан қорғаныс табатын бекінісі, қасиетті орны болған. Агора - жиналыс өткізілетін жер ( қаланың орталықтары, базар).
Слайд 9: Афины мемлекетінің қалыптасуы
Афины Аттикадағы басқа елді мекендерден ерекшеленді. Ол егіншілікке қолайлы жазықтың ортасында тұрды. Теңізден сәл қашықтау болғандықтан, қалаға теңіз қарақшыларынан қауіп туа қоймайтын. Ал жартасты орталық бөлігінің бекінісі де мықты болды. Мұның барлығы Аттикадағы елді мекендердің Афины төңірегіне бірігуіне алып келді. Көптеген ру көсемдері мен ақсүйектер Афиныға көшіп келе бастады. Аттика Афиныдағы ру көсемдері кеңесі арқылы басқарылды. Біртіндеп афинылық ақсүйектер билікті қолдарына алды. Архонт атты жаңа қызмет пайда болды. Оның билігі ру көсемдерінен жоғары болды. Ру ақсақалдары кеңесінің орнына Ареопаг атты жаңа кеңес қалыптасты. Оған қызмет мерзімі біткен архонттар мүше болды.
Слайд 10: Афины мемлекеті
Афины қаласының реконструкциясы. Афины қаласының қазіргі бейнесі. Биіктіктен көрініс. Парфенон храмы.
Слайд 11
Афины халқы Еркін азаматтар Тәуелді адамдар Аристократтар Демос -халық Ақсүйектер Шаруа Саудагер Қолөнерші Құлдар
Слайд 12
АФИНЫДАҒЫ ӨМІР ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ? Ареопаг – Афиныдағы биліктің ежелгі органы Б.з.д. V–IV ғғ. Афиныда жоғарғы өкімет билігі Халық жиналысы қолына көшті. Халық жиналысына тек азаматтар ғана қатысты.
Слайд 13
Солон Б.з.д. VI ғ. Афиныда демократия орнатылды. Солон – ежелгі грек данышпаны, атақты саясаткер, реформатор. Архонт ( басқарушы ) ретінде сайланған Солон борышқорлық құлдықты жойды. Ол мемлекеттік қаражаттың есебінен басқа елдерге құлдыққа сатылған шаруаларды қайта сатып алды. Солон жер иеліктерінің көлемін шектеуді талап етті.
Слайд 14: Солон реформасы
Б.з.б. 594 жылы архонт болып сайланған Солон ел өміріне үлкен өзгерістер енгізді. Ол арғы бабалары Аттикада тұрған ер адамдардың барлығын Афины азаматтары деп жариялады.Азамат деп есептелгендер әскерде қызмет атқара алды, халық жиналысына қатысты, барлық қызметке сайлана алды. Барлық қызметкер сайланған мерзімі біткен соң халық жиналысында есеп беретін болды. Солон 400 адамнан құралған жаңа Кеңесті енгізді. Онда халық жиналысында қаралатын мәселелер алдын ала дайындалып, талқыланды. Мұның барлығы халықтың қалың көпшілігінің, демостың басқару жұмысына араласуына мүмкіндік берді. Басқарудың бұл түрі демократия – демос билігі деп аталды. Ал сырттан келгендерге азаматтық берілмеді. Олар әскерге алынбады, қызметтерге сайланбады. Тіпті Афиныда тұрғаны үшін арнайы салық төледі. Бұл Афиныда азамат ұғымының жоғары бағаланғанын көрсетеді.
Слайд 15: Клисфен өзгерістері
Афины демократиясының дамуында Клисфен енгізген өзгерістердің де маңызы зор болды. Ол Аттиканы 10 облысқа бөлді. Олардың әрқайсысынан 50 адам Кеңеске сайланатын болды. Бұрынғы 400-дер Кеңесі енді 500-дер Кеңесі болып шықты. Клисфен сенімді әрі адал адамдардан Халық сотын құрды. Ол ең жоғары сот саналды. Ол жергілікті соттардың үкімдерін қайта қарап, әділ шешім шығара алды.
Слайд 16: Ежелгі Спарта мемлекетінің қалыптасуы
Пелопоннестің оңтүстік-шығыс аймағы Лаконика деп аталады. Онда шағындау болса да құнарлы жазық арқылы Еврот өзені ағып жатыр. Б.з.б. XII ғасырда дорийліктер осы аймақты жаулап алып, Спарта мемлекетінің негізін қалады. Спарталықтар жергілікті халықты олар мекендеген жерлерімен қоса бөлісіп алды. Қарсылық көрсеткендерді илоттар деп атап, езгіге салды. Илоттар – егін шаруашылығынан алған өнімінің жартысын қожасына беруге тиісті басыбайлы бағыныштылар. Спартада екі патша болды. Бірақ ежелгі Шығыс билеушілерімен салыстырғанда олардың билігі шектеулі еді. Спарта патшалары соғыс кезінде бас қолбасшы қызметін атқарды. Ал бейбіт уақытта сот және дін істерімен айналысты. Елдің барлық басты мәселелері ақсақалдар кеңесінде қаралып, шешілді. Ақсақалдар кеңесі екі патшадан және 28 ақсүйек спарталықтан құралды. Барлық спарталықтар қатысатын халық жиналысы да болды. Бірақ онда негізінен патшалар мен ақсақалдардың бірлескен мәжілістерінде қабылданған шешімдер бекітіліп отырды.
Слайд 17
2 – тапсырма Суреттерде грекияның қандай қоғамдық басқару жүйелері көрсетілген?