Слайд 2
2 Қоспаларды бөлу Бөлу әдістері Гетерогенді қоспалар Гомогенді қоспалар Тұндыру Сүзу Буландыру Айдау (дистилдеу) Магнитпен бөлу
Слайд 3
3 1.Тұндыру – бұл әдіс жердің тартылыс күші әсерінен әртекті қоспадағы қатты заттар мен сұйық заттардың қабат түзіп бөлінуіне негізделген. Мысалы темір ұнтағын ағаш ұнтағынан бөлу үшін қоспаны суға араластырады және тұндырады. Темір ұнтағы ыдыстың түбіне шөгеді, ал ағаш ұнтағы су бетіне қалқып шығады. Гетерогенді қоспаларды бөлу
Слайд 4
4 2.Сүзу – суда еритін және ерімейтін әртекті қоспалардан заттарды бөлу. Ас тұзын құмнан бөлу үшін қоспаны суға араластырады. Ас тұзы суда ериді, ал құм түбіне тұнады. Ерітіндідегі ерімейтін бөлшектерді бөлуді тездету үшін қоспаны сүзеді. Құм сүзгі қағазыңда қалады, ал тұздың мөлдір ерітіндісі сүзгіден өтіп кетеді. Гетерогенді қоспаларды бөлу
Слайд 5
5 3.Магнитпен бөлу – бұл әдіс қоспа құрамындағы бір зат магнитке тартылатын жағдайда қолданылады. Темір және күкірттің қоспасын бөлу үшін темірді магнит көмегімен тартып алуға болады. Гетерогенді қоспаларды бөлу
Слайд 6
6 4. Буландыру. Кристалдау – еріген затты, мысалы, ас тұзын ерітіндіден бөлу үшін оны буландырады. Су буланып ұшады, ал кәрлен табақшада ас тұзы қалады. Кейде ішінара буландыруды қолданады, нәтижесінде концентрлі ерітіндіден еріген зат кристалл түрінде бөліп шығады. Гомогенді қоспаларды бөлу
Последний слайд презентации: Бөлу дәрежелері және оларды өңдеу
7 5. Дистилдеу немесе айдау – қоспаны тазартудың бұл әдісі біртекті қоспадан қайнау температуралары әртүрлі заттарды бөлуге негізделген. Дистилдеу (айдау) - ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып, содан кейін бірден салқындатып, сұйық күйге ауыстыру әдісі. Гомогенді қоспаларды бөлу